11.09.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      1) бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
      1 "Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ішкі сыныбында мынадай мазмұндағы 15, 16-ерекшеліктермен толықтырылсын:
      "15 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
      16 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";
      2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
      05 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" кіші функциясында:
      220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "024 "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру";
      3 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:
      01 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясында:
      201 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 016 "Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "016 Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды, нөмір белгілерін дайындау";
      110 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "110 Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің өзге де көріністеріне қарсы күрес";
      678 "Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 110 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "110 Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің өзге де көріністеріне қарсы күрес";
      09 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" кіші функциясында:
      221 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "052 Мәдениет пен діндердің халықаралық орталығы";
      4 "Білім беру" функционалдық тобында:
      04 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" кіші функциясында:
      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "077 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындардың стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "063 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындардың стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      06 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру" кіші функциясында:
      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 007 "Ауыл шаруашылық саласындағы білім беру объектілерін дамыту" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "007 Ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру объектілерін дамыту";
      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "066 Жаңа университет құрылысына қатысу үшін Астана қаласының бюджетіне дамуға арналған трансферттер";
      09 "Білім саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "080 Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу";
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасы бар бюджеттік бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      "226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      026 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау";
      5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
      09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      062 "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру
      064 Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу";
      6 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобында:
      02 "Әлеуметтік көмек" кіші функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 020 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "020 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      09 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "052 Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу";
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 052 "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға кредит беру" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "052 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кредит беру";
      02 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "054 Бейнеу - Шымкент магистральды газ құбырының желілерін дамыту
      056 Облыстық бюджеттерге шағын қалаларды үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "037 Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      062 Астана қаласының бюджетіне коммуналдық техника сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      279 "Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "005 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне шағын қалаларды үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
      009 Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер";
      371 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "010 Коммуналдық техника сатып алу";
      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "009 Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдау
      011 Шағын қалаларды үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету";
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында:
      03 "Ақпараттық кеңістік" кіші функциясында:
      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 006 "Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "006 Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету";
      09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      206 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 003 "Мемлекеттік сыйлықақылар мен стипендиялар" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "003 Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар";
      9 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      01 "Отын және энергетика" кіші функциясында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 031 "Достық Энерго" АҚ-на кредиттік ресурстарды беру" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "031 "Достық Энерго" АҚ-ға кредиттік ресурстар беру" және мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "026 Қазақстанның оңтүстік өңірі тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету
      053 "Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салуға "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ға кредиттік ресурстар беру";
      09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "057 Экономика салаларының энергетикалық тиімділігінің деңгейін арттыру
      112 Электрондық үкімет құру";
      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс" функционалдық тобында:
      01 "Өнеркәсіп" кіші функциясында:
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "019 Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері";
      12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:
      01 "Автомобиль көлігі" кіші функциясында:
      215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 012 "Облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "012 Облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 008 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "008 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 008 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      05 "Темір жол көлігі" кіші функциясында:
      215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "031 Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту";
      09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      601 "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 002 "Ғарыш қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "002 Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер";
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      01 "Экономикалық қызметтерді реттеу" кіші функциясында:
      220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 020 "Мемлекеттік басқаруының көкейтесті мәселелерін зерделеу" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "020 Мемлекеттік басқарудың көкейтесті мәселелерін зерделеу";
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 039 "Даярлау, қайта даярлау және қаржы жүйесі органдарының мамандарын біліктілігін арттыру орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "039 "Даярлау, қайта даярлау және қаржы жүйесі органдары мамандарының біліктілігін арттыру орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" және мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "005 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударуды ұйымдастыру
      054 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер":
      220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "004 Бюджеттік инвестициялық жобалар және концессиялар шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар";
      мынадай мазмұндағы бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "100 Концессиялық ұсыныстарға, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне, конкурстық құжаттамаға, концессиялық жобаларға, концессия шарттарының жобаларына, бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жасау
      101 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобаларға техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және сараптама жасау, концессиялық жобалар бойынша конкурстық құжаттама дайындау";
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "016 "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту";
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      030 "Ақпараттық жүйені дамыту" бюджеттік бағдарламасында 100 "Экспорттық бақылаудың" бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "100 Экспорттық бақылау";
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "060 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын дамыту";
      257 "Облыстың қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      005 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      012 "Облыстық жергілікті атқарушы органының резерві" бюджеттік бағдарламасында 103 "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві" кіші бағдарламасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      013 "Бюджеттер бойынша қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға арналған облыстың жергілікті атқарушы органының резерві
      019 Жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      356 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қаржы басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      012 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасы бар бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен толықтырылсын:
      "600 Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
      003 Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов


Дата вступления в силу:  11.09.2008
Дата изменения акта:  26.01.2009
Дата принятия акта:  11.09.2008
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 38, 410-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  41489
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  845
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz