28.08.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне агроөнеркәсіптік кешендегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 4000000000 (төрт миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов


Дата вступления в силу:  28.08.2008
Дата изменения акта:  28.08.2008
Дата принятия акта:  28.08.2008
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  787
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006003000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz