Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 шілдедегі N 716 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1678 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бір ай мерзімде:

      1) "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов