28.06.2008

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден босату туралы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 949 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 маусымдағы
№ 636 қаулысына
қосымша

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде ауыл шаруашылығы жерлерін ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тізбесі

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.09.2013 № 949; жаңа редакцияда – 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      2. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      3. "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      4. "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      5. "Байқоныр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      6. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      7. "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      8. "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      9. "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      10. "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      11 "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      12. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      13. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      14. "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      15. "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.

      16. "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы.


Дата вступления в силу:  28.06.2008
Дата изменения акта:  10.12.2018
Дата принятия акта:  28.06.2008
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  636
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  005004005000 / 017001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz