"Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 620 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 7  қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов