Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 469 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130 және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының»Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Теміртау орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 10,414 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Қарағанды облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін техникалық су тартқыш, қызмет жолын салу және электр тарату желілерін өткізу үшін "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Теміртау орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 19 мамырдағы 
N 469 қаулысына   
қосымша        

  Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер
санатына ауыстырылатын Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Теміртау ормандар
мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы"
мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы

Р/с
N

Жер
пайдаланушының
атауы

Жалпы
алаңы,
гектар

Оның ішінде:

орман
көмкер-
ген

егіс-
тік

жайы-
лым

ша-
бын-
дық

құм

өзге
жер-
лер

1.

"Теміртау
ормандар мен
жануарлар
дүниесін қорғау
жөніндегі
шаруашылығы"
мемлекеттік
мекемесі

10,414

10,414







БАРЛЫҒЫ:

10,414

10,414