Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы N 415 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздер "Халқының саны 400 000 адамнан аз аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400 000 адамнан астам аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов