25.03.2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі N 372 Жарлығының 4-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2008 жылғы 25 наурыздағы  
N 283 қаулысымен     
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 335 Қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1126 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:

      1-тармақтың бірінші абзацында "қызметкердің" деген сөзден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      "көрсете отырып," деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын;
      "басшы" деген сөз "орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "мерзімін", "мерзімі" деген сөздерден кейін тиісінше "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда -", "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың үшінші абзацында "Мемлекеттік мекеменің басшысы" деген сөздер "Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтың екінші абзацында "жұмыс істейтін" деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы N 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 454-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:

      2-тармақта "және мемлекеттік органның бірінші басшысына тікелей бағынады" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-тармақтың тоғызыншы абзацында "мемлекеттік органның бірінші басшысына" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ орталық атқарушы органың жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың үшінші абзацында "мемлекеттік орган басшысының" деген сөздерден кейін "немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның)" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақта "заңнамасына сәйкес" деген сөздерден кейін "орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда -" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 № 1049 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26. N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


Дата вступления в силу:  25.03.2008
Дата изменения акта:  30.12.2015
Дата принятия акта:  25.03.2008
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 16, 149-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  38499
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  283
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  001006000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz