Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының 2010.10.18 № 01-01-31/389 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының соттарынан және атқару өндірісі органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға И.Елекеев
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитетінің Төрағасының
2008 жылғы 21 наурыздағы
N 156-П бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс
жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль
қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының соттары мен атқарушылық іс жүргізу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын ресми құжаттарды апостильдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды. Қараңыз.P100513
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы N 67 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 1536 тіркелген) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық құқықтық байланыс басқармасы (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жай бойынша жүзеге асырады: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39 үй, Жоғарғы Сот ғимараты, "Е" Блогы, 0035 кабинет. Байланыс телефоны: (87172) 747920.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны ұсынылған құжатқа апостиль қою болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, (тіркелген, талон алған сәттен, және т.б.) сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15-20 минутты құрайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрып күтудің ең көп мерзімі 15-20 минутты құрайды;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу кезінде кезекте тұрып күтудің ең ұзақ мерзімі 15-20 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Кодексіне сәйкес, мемлекеттік баждың төленетін күніне бекітілген есеп айырысудың ең төменгі көрсеткішінің 20 пайызын құрайтын мемлекеттік баж төленеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат ҚР Жоғарғы Соты Веб-сайтының (www.supcourt.kz) Комитет айдарында орналасқан.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіні қоспағанда күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін қабылданады, үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін, құжаттарды беру 16.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу жүргізілмейді.
11. Қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Ресми құжаттарға апостиль қою үшін жеке басын куәландыратын куәлік немесе паспортты, апостиль қою үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртек, сонымен қатар, өтініш беруші жеке келе алмаған жағдайда нотариалды сенімхат беруі қажет.
Заңды тұлғалардың өкілдері заңда бекітілген тәртіпте ресімделген сенімхат беруі қажет.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланк, өтініш толтыру талап етілмейді.
14. Құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 39 үй, Жоғарғы Сот ғимараты, "Е" Блогы, 0035 кабинет. Байланыс телефоны: (87172) 747920
15. Тұтынушылардың апостиль қоюға ұсынған құжаттары апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін тұтынушының өзі келуі немесе тұтынушы сеніп тапсырған өкілетті тұлға келуі тиіс.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден қателіктер табылған жағдайда (жөндеу, тазартып өшіру, т.б.) бас тартылады. Ұқсас қателіктер табылған жағдайда құжаттар өтініш берушіге жұмыс күні ішінде қайтарып беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады: көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, сыпайылық, құжаттардың мүлтіксіз сақталуы, ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету осы Стандарттың 1-Қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
5. Шағымдану тәртібі
19. Өкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы Комитет жетекшісіне жүгіне алады.
20. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе Комитет кеңсесіне, 0029 кабинетке қолма-қол беріледі.
21. Комитетке келіп түскен шағымдарды қарастыру Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген мерзім мен тәртіпте жүзеге асырылады.
Заңнамада бекітілген тәртіпте келген шағымдар міндетті қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыруға жатады.
6. Байланыс ақпараты
22. Мемлекеттік органның жетекшісі, оның орынбасарларының байланыс мәліметтері осы стандарттың 2-қосымшасында келтірілген.
23. Өзге де қажетті ақпаратты ҚР Жоғарғы Сотының (www.Supcourt.kz) веб-сайтынан табуға болады.
Қазақстан Республикасының
соттары мен атқарушылық
іс жүргізу органдарынан
шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою жөніндегі
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің |
Көрсеткіштің |
Көрсет- |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған |
|||
1.2. қызмет алуды кезекте |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдерісі- |
|||
2.2. құжаттарды лауазымды |
|||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі |
|||
3.2. тұтынушы құжаттарды |
|||
3.3. Интернет арқылы алуға |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі |
|||
4.2. белгіленген мерзімде |
|||
4.3. шағымданудың қолданыс- |
|||
4.4. шағымдану мерзіміне |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің |
Қазақстан Республикасының
соттары мен атқарушылық
іс жүргізу органдарынан
шығатын ресми құжаттарға
апостиль қою жөніндегі
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Халықаралық-құқықтық
байланыс және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының
байланыс мәліметтері:
Атауы |
Орналасқан мекен-жайы |
Байланыс |
Құқықтық қамтамасыз |
Астана қаласы, |
8(7172) 747920 |