Орман коры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 253 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130 және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті "Темір орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қорының жерінен алаңы 5,3 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақтөбе облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген келісім-шарттық аумақтағы жер учаскесін жер асты суларын өндіруді жүргізу үшін Қазақойл Ақтөбе  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орманды жерлерді орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 17 наурыздағы
N 253 қаулысына 
қосымша     

    Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
    қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес
  жерлер санатына ауыстырылатын Ақтөбе облысы табиғи ресурстар
    және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің "Темір
        орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі жерінің
                        экспликациясы

Жер пайдала-
нушыны ң
атауы
Жалпы
ала ң ы, га
Оны ң ішінде:
орман
көмкер-
ген
егіс-
тік
жайы-
лым
шабын-
дық
құм өзге де
жер-
лер

"Темір орман
шаруашылығы"
мемлекеттік
мекемесі

5,3





5,3


БАРЛЫ Ғ Ы:

5,3



5,3