"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 231 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 1056  қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі