Атбасар ауданы әкімінің аппараты жанындағы "Су құбырын және кәрізді басқару" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 174 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының  2-бабының 4-тармағына сәйкес, Атбасар ауданы әкімінің аппараты жанындағы "Су құбырын және кәрізді басқару" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының банкрот деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналарды:
      1) кәсіпорынның өндірістің бірыңғай технологиялық циклін қамтамасыз ететін және оның іркіліссіз жұмыс істеуін жүзеге асыру үшін қажетті мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
      банкроттау рәсімін өндірістің технологиялық циклінің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып жүргізуді;
      конкурстық басқарушыға меншік құқығы бірыңғай лоттың сатып алушысына өткен сәтке дейін тұтынушыларды сумен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін Атбасар ауданы әкімінің аппараты жанындағы "Су құбыры және кәрізді басқару" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - кәсіпорын) конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі;
      2) бірыңғай лотты сатып алушыға мыналарды:
      конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда сатып алушының бірінші және екінші кезектегі кредит берушілердің талаптарын өтеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдауды;
      кәсіпорын қызметінің бейінін сақтауды, тұтынушылармен бұрын қабылданған шарттардың талаптарын және ұсынылатын қызметтердің көлемін орындауды көздейтін қосымша талаптар белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі