Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қуандық Уәлиханұлы және сауда вице-министрі
Бөрібаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Ысмайылұлы және ақпарат вице-министрі
көрсетілген құрамнан Баталов Асқар Болатұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі