28.12.2007

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1103 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1339 қаулысымен     
бекітілген        

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлері

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Нақты қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі - жәрдемақы) мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 136-бабының 3-тармағына сәйкес есептелген оның орташа жалақысының есебінен айқындалады.
      2. Егер еңбекке уақытша жарамсыздық алдыңғы жылы басталып, ағымдағы жылы аяқталатын болса, онда жәрдемақыны есептеу мен оның мөлшерін айлық шектеу тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіш қолданыла отырып, екі бөліп жүргізіледі.
      3. Айлық жәрдемақының мөлшері, еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты қызметкерлерге, жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада жәрдемақы алатын дипломатиялық қызмет персоналына төленетін жәрдемақылардың мөлшерлерін қоспағанда, тиісті жылдағы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспауға тиіс.
      4. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
      5. Қызметкердің еңбек жарақатына немесе кәсіби науқастануына байланысты төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.
      6. Дипломатиялық қызмет персоналына шетелде болған кезеңінде шетелдік валютада төленетін жәрдемақының мөлшері орташа жалақының жүз пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1339 қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 27, 249-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 20, 214-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 1278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 437-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 707 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 357-құжат).
      5. "Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 3, 22-құжат).


Дата вступления в силу:  28.12.2007
Дата изменения акта:  28.12.2015
Дата принятия акта:  28.12.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 618-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  36471
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1339
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003004000000 / 002000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz