06.12.2007

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті болып қайта аталсын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1273  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.

      6. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларын, 2, 3, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1193 қаулысымен  
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы N 1017  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,   2005 ж., N 37, 524-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      3. "Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсанда N 1305  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 643-құжат):
      4-тармақтың 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтары алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен   толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 20-тармағы алынып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 142  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 67-құжат):
      5-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары алынып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 774  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 327-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 900  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 35, 385-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 6 желтоқсандағы
N 1193 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2004 жылғы 24 қарашадағы
N 1232 қаулысымен  
бекітілген      

  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі - Министрлік) болып табылады.
      Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті.

      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

      6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
      010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47.

      9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер   Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық   бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері:
      1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      4) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

      14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) көлік және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, бекітеді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және   әлеуметтік саясатты қалыптастырады және жүргізеді;
      2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді;
      3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      4) келісімдер мен шарттарды жасасу құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда республиканың мүдделерін білдіреді;
      5) Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы мүдделерін қорғауды жүзеге асырады;
      6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды;
      7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қатысады;
      8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
      9) тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекітеді;
      10) қызметтік бірыңғай нысан, нөмірлік төс белгілері, уәкілетті органның лауазымды тұлғалары автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметтік куәліктерінің үлгілерін бекітеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережелерін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеуді бақылау құрылғыларымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақты қалааралық, ішкі облыстық, қалалық, қала маңындағы және елді мекен пункттерін: аудандық немесе облыстық орталықтары бар кенттерді, ауылдарды, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) байланыстыратын - жолаушылар мен багаждың автомобиль тасымалдарына тарифтерді есептеу әдістемесін бекітеді;
      13) меншік нысанына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлейді;
      14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлейді;
      15) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқарады;
      16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындайды;
      17) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
      18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
      19) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атауы мен индекстерін бекітеді;
      20) ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді;
      21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының дамуын мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асырады;
      22) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық құралдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, құрылыс ғимараттарының, құрылыстар мен өзге   де объектілердің тізбесін бекітеді;
      23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүкбагажын және почта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесін бекітеді;
      24) жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін белгілейді;
      25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға    байланысты   қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгілейді;
      26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзеттің алып жүруіне жататын жүктердің тізбесін бекітеді;
      27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби айырым белгісімен марапаттау   тәртібін бекітеді;
      28) экспедиторлар қызметінің тәртібін белгілейді;
      29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін белгілейді;
      30) локомотивтік тартым қызметін ұсыну тәртібін белгілейді;
      31) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға қойылатын талаптарды белгілейді;
      32) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге   асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді;
      33) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді;
      34) кірме жолдардағы жұмыс ережесін бекітеді;
      35) күзет аймағындағы жерлердің өлшемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану ережесін бекітеді;
      36) тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
      37) жұмыс режиміне талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу тәртібін белгілейді;
      38) поездардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби дайындығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды белгілейді;
      39) темір жол көлігі мен жабдықты пайдалану (монтаждау және жөндеу) кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді;
      40) темір жол көлігі жұмысшылары лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейін анықтау тәртібін белгілейді;
      41) күзетілуге тиіс темір жол көлігі объектілерінің тізбесін бекітеді;
      42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін белгілейді;
      43) халықаралық әуе трассаларын ашу туралы шешім қабылдайды;
      44) аттестаттауға жататын азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персонал лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді;
      45) айырым белгісі бар нысанды киімді киюге құқығы бар азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы лауазымдарының тізбесін бекітеді;
      46) осындай киімді киюге құқылы, азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы үшін айырым белгілері бар нысанды киімді беру тәртібін бекітеді;
      47) азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      48) азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалануды бақылау ережесін бекітеді; 
      49) авиабағыттарды пайдалану шарттарын белгілейді;
      50) аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау және аса жеңіл авиацияның авиация персоналын аттестаттауды жүргізу тәртібін бекітеді;
      51) жетекші әуе тасымалдаушысын белгілеу ережесін әзірлейді;
      52) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
      53) авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламасын бекітеді;
      54) авиациялық персонал қызметінің басшысы мен мамандары лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
      55) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәуле шығаратын құралдарын мемлекеттік тіркеу және олардың жарамдылығы куәлігін беру ережесін бекітеді;
      56) өз құзыреті шегінде әуежай қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      57) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
      58) әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекітеді;
      59) азаматтық авиация қызметкерлерінің киім нысандары (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерінің нысанды киім кию тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
      60) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізеді және уақытша әкімшілікті қалыптастырады;
      61) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      62) азаматтық және экспериментальдық әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану және қосымша белгілерін салу тәртібін анықтайды;
      63) ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін белгілейді;
      64) азаматтық және экспериментальдық авиация үшін ұшуларға дайындық ережелерін және ұшуға рұқсат алу тәртібін белгілейді;
      65) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының азаматтық кемесінің шетел мемлекетінің әуе кеңістігінде ұшуға сұрау салу және рұқсат алу тәртібін белгілейтін ережелерді бекітеді;
      66) апатқа ұшырап жатқан немесе ұшыраған әуе кемелері туралы хабардар ету үшін жалпы пайдаланымдағы байланыс құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді;
      67) әуе кемесінің типіне және ұшудың ауданына байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның әуе кемелері жарақталуы тиіс борттық авариялық-құтқару құралдарының тізбесін анықтайды;
      68) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесін және рұқсат беруден бас тарту үшін негізін белгілейді;
      69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
      70) теңіз портының капитанын тағайындайды және жұмыстан босатады;
      71) Мемлекеттік кеме тізілімі мен кеме кітабының нысандарын бекітеді;
      72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекітеді;
      73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің типтері мен мөлшерінің тізбесін бекітеді;
      74) кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптарды белгілейді;
      75) оны киюге құқығы бар ішкі су көлігі қызметкерлерінің киім нысандарының (погонсыз және айырым белгілерінсіз, нысанды киімді кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларының және лауазымдарының (кәсіптерінің) үлгілерін бекітеді;
      76) порт капитаны туралы ережені бекітеді;
      77) ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын кемелермен болатын көліктік уақиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу ережелерін бекітеді;
      78) кемеде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және порттағы қызметті ұйымдастыруы және реттеу мақсатында порт капитанының кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
      79) кемелердің және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуі, арқандап байлануы және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылғыларды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу түсіру және сақтау тәртібін айқындайды;
      80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
      81) техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, салу, жөндеу және пайдалану туралы ережелерді және кемелерге орнатуға арналған материалдар мен бұйымдарды жасау ережелерін бекітеді;
      82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды белгілейді;
      83) ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      84) сатылатын жүктерді және оларға есеп айырысуларды есепке алу тәртібін белгілейді;
      85) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережелерін бекітеді;
      86) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерге кемелердің жүзуі мен тоқтап тұру ережелерін бекітеді;
      87) нысанды киім, нысанды киімді кию тәртібінің және қамтамасыз ету нормаларының нысандары мен айырым белгілерінің үлгілері берілетін теңіз көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді;
      88) кеме атауын беру және өзгерту тәртібін белгілейді;
      89) кемені дараландыру және белгі беру дабылын, сондай-ақ спутниктік байланыстағы кеме станциясының сәйкестендірілген нөмірін беру тәртібін белгілейді;
      90) кеме құжаттарының нысандарын жүргізудің тізбесін, тәртібін белгілейді;
      91) кемелермен болатын авариялық жағдайларды тергеу ережелерін бекітеді;
      92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілейді;
      93) тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілейді;
      94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды растайтын тәртіпті белгілейді.

      15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін:
      1) көлік саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
      2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) қажет болған жағдайда шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен рұқсаттық құжаттар бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу;
      4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының жүріп өтуіне және шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсаттар беру;
      6) ауыр салмақты және ірі өлшемді көлік құралдарының (шетелдікін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру;
      7) шетел автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеуді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында олармен рұқсатсыз жүру жүйесі қолданылатын мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарын беруді жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қатынаста тасымалдарды транзитпен жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүруге рұқсат беру;
      9) Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған құқықты куәландыру үшін жүруге қосымша рұқсат беру;
      10) жолаушылар мен багаждың тұрақты қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген бағыттар бойынша қозғалыс кестесін тиісті облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу;
      11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісу;
      12) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
      14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру;
      15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу;
      16) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін келісу;
      17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу;
      18) жол органдары немесе концессионерлер пайдаланбайтын халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеу жерлерінің учаскелерін қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беру;
      19) бөлінген белдеуде сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін және басқа да сервис объектілерін, сондай-ақ олардың жарнамаларын орналастыруды келісу;
      20) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
      23) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта жандандыру туралы шешім қабылдау;
      24) темір жол көлігіндегі бірыңғай есепке алу - есеп беру уақытын белгілеу;
      25) темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
      26) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттік статистикалық есебін жүргізуді жүзеге асыру;
      27) тұрақты ұшулар кестесін бекіту;
      28) ішкі авиабағыттарды бекіту;
      29) Қазақстан Республикасының аумағында іс-қимыл жасайтын шетелдік авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуді жүзеге асыру;
      30) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатын жою;
      31) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
      32) әуе кемесінің иесіне ұшуларды орындауға оның жарамдылығы туралы тиісті куәлікті (сертификатты) беру;
      33) жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесіне олар зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін үлгі сертификатын беру;
      34) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық шетелдік әуе кемелерінің бір жолғы ұшуына рұқсат беру;
      35) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке алуға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ басқа да пайдалану құқығына рұқсаттар беру;
      36) авиациялық персоналға жататын тұлғаның қажетті білімі мен дағдыларының бар болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына куәлік (сертификат) беру;
      37) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына пайдаланушы сертификатын беру;
      38) азаматтық авиация саласында инспекциялық зерттеу мен инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына, қолданыстағы куәліктері бар авиациялық персоналдың ұшуларын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіскеннен кейін халықаралық үлгідегі сәйкестендіру карточкаларын беру;
      39) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру;
      40) халықаралық қатынастарда және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргізушінің автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберілгендігі туралы куәліктер беру;
      41) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өтуі талонын беру;
      42) авиабағыттарға куәліктер беру;
      43) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеуді, оларға құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді жүзеге асыру;
      44) аса жеңіл авиация саласында әуе кемелерін жасаушылардың және тиісті федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен сертификаттауды жүзеге асыру;
      45) пайдаланушы Заң талаптарын және пайдаланушыларды сертификаттау ережесін сақтамаған кезде оған сертификат беруден бас тарту және сертификаттан бас тарту, оның сертификатын тоқтата тұру;
      46) кемеге сәйкестендіру нөмірін беру;
      47) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
      48) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін әрі аса жеңіл авиация әуе кемелерін пайдаланушылардың сертификатын, үлгі сертификатын, әуеайлақтың жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттарын және дана сертификаттарын беруді жүзеге асыру;
      49) әуежай пайдаланушысының сертификатын беру;
      50) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдік авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуден бас тарту;
      51) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке алуға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беруден бас тарту;
      52) әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын тағайындауды және қызметтен босатуды келісу;
      53) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын мойындау;
      54) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық авиация ұйымдарының басшы қызметкерлерін қызметке тағайындауды келісу;
      55) шетел мемлекеті берген пайдаланушы сертификатын мойындау;
      56) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттік борттық нөмірлерін беру;
      57) шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру;
      58) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына рұқсат беру;
      59) кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу;
      60) кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      61) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына дипломдар беруді, сондай-ақ оларға теңізші паспорттарын беруді жүзеге асыру;
      62) кемеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына және кемені шетел мемлекетінің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру құқығына рұқсаттар беру;
      63) кеменің атауына (немесе атаудан бас тартуға) рұқсат беру;
      64) шетел мемлекетінің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
      65) теңізде жасанды аралдар мен басқа да құрылыстар салуды келісу;
       66)   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен теңіз порттарын жобалауды, салуды және қайта жаңартуды келісу;
      67) кеме қозғалысын диспетчерлік реттеуді жүзеге асыру;
      68) Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы учаскелерін қоспағанда, ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу жағдайларын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      69) порттарға кіреберісте, сондай-ақ тұрақ пункттерінде жол жұмыстарын жүргізуді келісу;
      70) уақытша оттарды орнатуды келісу;
      71) жағалаулық белдеуде орналасқан объектілер құрылысының немесе қайта жаңарту жобаларын келісу;
      72) балық аулау мұқтажы үшін, егер мұндай учаскелер кеме қатынасы мақсаттары үшін пайдаланылатын жағдайда, су учаскелерін пайдалануды келісу;
      73) жағалаулық белдеу шегінде орналасқан жер учаскелерін бөлуді және ішкі   су жолдарының айдыны учаскелерін бөлуді, оларда үйлер мен құрылыстарды салуды келісу;
      74) ішкі су жолдарында салынатын жасанды құрылыстарды (көпірлер, бөгеттер, айлақтық құрылыстар, каналдар, гидроэнергетика, су үсті және су асты өткелдерінің, байланыс және электр беру желілері, құбырлар, су тартқы және басқа да гидротехникалық құрылыстардың құрылғылары) салу мен пайдалануды және оларды пайдалануға байланысты жұмыстарды, кендік емес құрылыс материалдарының өндірілуін жүргізуді келісу;
      75) ішкі су жолдарында су деңгейін реттейтін құрылыстарды пайдалануды келісу;
      76) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік беру;
      77) теңіз жолдарының навигациялық жағдайы құралдарын қолдану аймағында құрылысты келісу;
      78) халықаралық жүзуді жүзеге асыратын кемелердің техникалық куәландырылуын жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      79) кемелерді сыныптауды, порттарды, кемелерді, жағалаулық объектілерді, кеме жүзетін гидротехникалық құрылыстарды, жасанды аралдарды және басқа да теңіздегі құрылыстарды техникалық куәландыруды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      80) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті аудандарын және міндетті емес аудандарын белгілеу;
      81) кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру, оларды аттестаттауды жүргізу;
      82) ішкі су жолдары мен шлюздердің кеме жүретін жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;
      83) темір жол көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдауды;
      84) көлік қызметтерін тұтынушылар құқықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      85) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
      86) автомобиль жолдарын жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау кезінде талап етілетін сапаны қамтамасыз ету саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      87) ақылы автомобиль жолдарын құру мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
      88) автомобиль жолдарының жай-күйін, үздіксіз және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
      89) Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      90) халықаралық және облысаралық қатынаста жолаушылардың тұрақты емес автомобиль тасымалы кезінде жолаушылардың тұрақты автомобиль тасымалына рұқсаттың болуын тексеруді және жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобильдер тасымалы кезінде қозғалыс бағыты мен кестесінің сақталуын, жолаушылар тізімінің болуын бақылауды жүзеге асыру;
      91) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік тасымалдаушылардың каботаждық тасымалдарын анықтау және жолын кесуді жүзеге асыру;
      92) шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгіленбеген өткізу пункттері арқылы кіру фактілерін анықтау;
      93) халықаралық автомобиль тасымалдары кезінде рұқсаттық жүйе талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      94) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауын бақылауды жүзеге асыру;
      95) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының жасалуын бақылауды жүзеге асыру;
      96) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін, оның ішінде отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық параметрлерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      97) жолаушылар мен жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілердің белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      98) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      99) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындылардағы ластаушы заттардың құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      100) автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру;
      101) автокөлік құралын жарақтандырудың автокөлік құралында тахографтың болуы және жарамдылығы бөлігінде халықаралық шарттардың талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ орнатылған отын бактарының жасаушы зауыттың талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      102) Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шетел мемлекеттері тасымалдаушыларының автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      103) жай-күйі қозғалыс қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жауап бермейтін магистральдық желі объектілерін, темір жолдар мен жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және тоқтатуды жүзеге асыру;
      104) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктердің тасымалын орындайтын жылжымалы құрамға қойылатын талаптарды тасымалдаушылардың орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      105) тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      106) темір жол көлігіндегі, соның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      107) жылжымалы темір жол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
      108) магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыру;
      109) азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшудың басты ережелеріне сәйкес әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      110) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсіби дайындығы мен денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
      111) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларын қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асыру;
      112) азаматтық және экспериментальдық авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру;
      113) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда, тип сертификатының қолданысын уақытша тоқтатуды жүзеге асыру;
      114) әуе кеңістігін пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
      115) әуе кемесі жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылық сертификатының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      116) Ұшу қауіпсіздігі ережесінің, авиациялық қауіпсіздік ережесінің және азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      117) өздерінің құзыреттеріне сәйкес уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін заңдардың, ережелер мен рәсімдердің сақталуын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      118) авиациялық техниканың және оның жердегі қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
      119) әуеайлақ (тікұшақайлақ) объектілерінің және ұшу-қону алаңшаларының ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
      120) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектілерді таңбаланудың жүзеге асыруын бақылауды жүзеге асыру;
      121) халықаралық әуе тасымалдарына бақылауды жүзеге асыру;
      122) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;
      123) азаматтық және экспериментальдық авиация қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      124) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті бақылауды жүзеге асыру;
      125) порттардың, жағалау объектілерінің, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      126) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
      127) ішкі су жолдарында орналасқан кемелердің (соның ішінде шағын өлшемді), салдардың және өзге де жүзбе объектілер мен құрылыстардың кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
      128) кемелермен, соның ішінде шағын өлшемді кемелермен ішкі су жолдарында болған көлік оқиғаларын уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргізу;
      129) алкогольдік, есірткілік және уыт құмарлы заттармен масаң күйдегі шағын өлшемді кемелердің кеме жүргізушілерін басқарудан босату және оларды медициналық тексеруге жіберу;
      130) кемелерге, соның ішінде шағын өлшемді кемелер және шағын өлшемді кемелерге арналған база-тұрақтарға техникалық бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
      131) порттың теңіз әкімшілігі жүргізетін теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды сыныптауға, тергеуге және есепке алуға бақылауды жүзеге асыру;
      132) ішкі су көлігіндегі лоцмандық қызметтің және өзге де қызметтердің ішкі су жолдарында жүзу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      133) теңіз жолдарының, лоцмандық қызметтің және өзге де теңіз қызметтерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
      134) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, ішкі су көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      135) кемелер ішкі су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердің, нормалар мен стандарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      136) кемелерде техникалық пайдалану ережесінің, қызмет жарғысының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      137) ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      138) ішкі су көлігіндегі кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді (соның ішінде шағын өлшемді), салдар мен өзге де жүзбелі объектілерді ұстауды жүзеге асыру;
      139) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қауіп болған кезде кемелер (соның ішінде шағын өлшемді) мен өзге де жүзбелі құрылыстардың қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;
      140) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз және шағын өлшемді кемелерді әкімшілік ұстауды, теңіз және шағын өлшемді кемелерде тексеру жүргізуді жүзеге асыру;
      141) өз құзыреті шегінде заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлікті қарау, сондай-ақ тиісті құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
      142) теңіз кемелеріне техникалық қадағалау жасауды және оларды сыныптау органдарының сыныптауын бақылауды жүзеге асыру;
      143) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің пайдаланудағы, қысқы тұрақтағы, жөндеудегі, сондай-ақ жасалып жатқан теңіз кемелеріне тексеру жүргізулерін бақылауды жүзеге асыру;
      144) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      145) Қазақстан Республикасының кеме жасайтын және кеме жөндейтін ұйымдарына техникалық бақылау жасауды және куәландыру жүргізуді жүзеге асыру;
      146) кеме қатынасы су жолдарының және навигациялық жабдық құралдарының тиісті ұсталуын бақылауды жүзеге асыру;
      147) Мемлекеттік кеме тізілімінің, бербоут-чартер тізілімінің және кеме кітабының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      148) Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдық иелігіндегі тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейінгі қатынастағы тасымалдарды және тіркеп сүйреуді бақылауды жүзеге асыру;
      149) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердің командалық құрамы тұлғаларын дипломдауды бақылауды жүзеге асыру;
      150) теңіз кемелерін және олардың сыныпталуын техникалық бақылауды жүзеге асыру;
      151) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланатын кемелердің мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;
      152) теңіз көлігінің жұмыс істеу тәртібін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жеке және заңды тұлғалардың орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      153) тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің қызмет ету тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларын айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізу;
      154) кемеде кеме құжаттарының бар болуын тексеруді жүзеге асыру;
      155) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
      156) ішкі су жолдарында ішкі суда жүзудің өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелерінің, жолаушы, серуендеу, спорт және құймалы кемелердің, сал өткелдерінің және қозғағыш түріне, бас қозғалтқыш қуатына және осындай кемелердің, соның ішінде шағын өлшемді флоттың сыйымдылығына қарамастан ішкі су жолдарында пайдаланылатын басқа да жүзбелі объектілердің қауіпсіз пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
      157) ішкі су жолдарындағы табиғат қорғау маңызы бар объектілердің олардың қызмет ету аймағында орналасуын және қызмет етуін бақылауды жүзеге асыру;
      158) порттың теңіз әкімшілігі арқылы жүзеге асырылатын теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру.

  3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікке басшылық жасауды, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болатын Министр жүзеге асырады.

      17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Министр:
      1) заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
      3) өз қызметінде оның бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) жауапты хатшымен келісім бойынша комитеттер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
      6) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      19. Министрлік аппаратына басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.

      20. Үкіметтің, Министрдің қызметтен кетуі жауапты хатшы өкілеттіктерінің тоқталуына әкеп соқпайды.

      21. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министріне және Министрге есеп береді.

      22. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын көлік және коммуникация саласындағы саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық органдардың құрылымы мен штат санын бекітеді;
      5) Министрмен келісім бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
      8) Министрмен келісім бойынша Министрліктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, комитеттердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) комитеттердің басшылары етіп тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
      10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін Министрмен келісім бойынша шешеді;
      13) Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есебін әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрмен келісім бойынша бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылардың дайындалуын ұйымдастырады;
      20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Министрлікті білдіреді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      23. Жауапты хатшыға жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ол:
      1) орталық атқарушы орган аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
      3) жеке қолданымдағы құқықтық актілер қабылдауға құқылы.

      24. Жауапты хатшы оған жүктелген міндеттердің орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      25. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.

  4. Министрліктің мүлкі

      26. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.

      27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Дата вступления в силу:  06.12.2007
Дата изменения акта:  19.09.2014
Дата принятия акта:  06.12.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 46, 551-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  36038
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1193
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  009000000000 / 001006000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ПОЛ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz