Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы
конвенциясын ратификациялау туралы
2000 жылғы 13 желтоқсанда Палермода қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТРАНСҰЛТТЫҚ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА
ҚАРСЫ КОНВЕНЦИЯСЫ
1-бап
Мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың анағұрлым тиімді түрде алдын алу және оған қарсы күрес ісіндегі ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады.
2-бап
Терминдер
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
а) "ұйымдасқан қылмыстық топ" белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тіршілік ететін және тікелей немесе жанама түрде қаржылық немесе өзге де материалдық пайда табу үшін немесе бірнеше елеулі қылмыстарды немесе осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау мақсатында келісіп іс-әрекет ететін құрамында үш немесе одан да көп адамдары бар құрылымдық тұрғыда қалыптасқан топты білдіреді;
b) "елеулі қылмыс" төрт жылдан кем емес мейлінше көп мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе жазаның анағұрлым қатаң шарасымен жазаланған қылмысты білдіреді;
с) "құрылымдық қалыптасқан топ" тез арада қылмыс жасауға кездейсоқ құрылмаған және оның мүшелерінің рөлі міндетті емес түрде шарттылықпен анықталған мүшеліліктің үздіксіз сипаты ескерілген немесе дамыған құрылымы жасалынған топты білдіреді;
d) "мүлік" мейлі ол материалды немесе материалсыз, жылжымалы немесе жылжымайтын, заттай немесе құқықтық тұрғыда көрсетілген болса да кез-келген активтерді, сондай-ақ осындай активтерге арналған құқықты немесе оларға деген мүддені растайтын заңды құжаттарды немесе кесімдерді білдіреді;
е) "қылмыстан түскен табыстар" қандай да бір қылмысты жасаудың нәтижесінде тікелей немесе жанама түрде алынған я болмаса қолға түсірілген кез-келген мүлікті білдіреді;
f) "тыйым салу" немесе "алып қою" мүлікті беруге, жаңғыртуға, иеліктен алуға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлікті иемденуді уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оларға уақытша бақылау жасауды білдіреді;
g) "тәркілеу" соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысымен мүлкінен мүлдем айыруды білдіреді;
h) "негізгі құқық бұзушылық" қылмыс құрамын құрайтын осы Конвенцияның 6-бабында көрсетілген әрекеттердің жасалуы мүмкін болуына қатысты, нәтижесінде табыстар алынған кез-келген құқық бұзушылықты білдіреді;
і) "бақылау жасалатын жеткізілім" қандай да бір қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсатында олардың құзыретті органдарының рұқсат беруімен және қадағалауымен заңсыз немесе күдік туғызатын жүк партиясын бір немесе бірнеше мемлекеттердің аумағынан, әкетуге, алып өтуге немесе әкелуге жол берілетін әдісті білдіреді;
j) "экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы" қандай да бір аймақтың егеменді мемлекеттері құрған, оның мүше мемлекеттері осы Конвенция реттейтін мәселелер бойынша оған өкілеттік берген және өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, оны ратификациялауға, қабылдауға, бекітуге немесе оған қосылуға тиісті түрде уәкілеттік алған ұйымды білдіреді; осы Конвенциядағы "Қатысушы-мемлекеттерге" сілтемелер осындай ұйымдарға олардың құзыреттігі шегінде байланысты болады.
3-бап
Қолдану аясы
1. Осы Конвенция, егер онда өзгеше көрсетілмесе:
а) осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға, және
b) егер осы қылмыстардың трансұлттық сипаты болса және олар ұйымдасқан қылмыстың топтық қатысуымен жасалса, осы Конвенцияның 2-бабында белгіленгеніндей елеулі қылмыстарға байланысты алдын алуға, тергеуге және қылмыстық қудалауға қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін қылмыстар, егер:
а) ол бірнеше мемлекетте жасалса;
b) ол бір мемлекетте жасалып, бірақ оны дайындаудың, жоспарлаудың, басшылық жасаудың немесе бақылау жасаудың елеулі бөлігі басқа мемлекетте орын алса;
с) егер ол бір мемлекетте жасалып, бірақ бірнеше мемлекетте қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалса, немесе
d) ол бір мемлекетте жасалып, бірақ оның елеулі салдары басқа мемлекетте орын алатын болса, трансұлттық сипатқа ие болады.
4-бап
Егемендікті қорғау
1. Қатысушы-мемлекеттер өз міндеттемелерін мемлекеттердің егеменді теңдігі мен аумақтық тұтастығы қағидаттарына және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатына сәйкес осы Конвенцияға сай жүзеге асырады.
2. Осы Конвенциядағы ешнәрсе де Қатысушы-мемлекетке екінші мемлекеттің аумағында, оның ішкі заңнамасына сәйкес осы екінші мемлекет органдарының құзыретіне жататын заңды құқықты және функцияларды жүзеге асыру құқығын бермейді.
5-бап
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың криминализациялануы
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет мынадай әрекеттерді олар қасақана жасалғанда қылмыстық жазаланылатындар ретінде тану үшін қажет болатын заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды:
а) мынадай әрекеттердің екеуін немесе біреуін қылмыс жасауға оқталу ретінде және қылмысты әрекеттің нақты жасалуына қарамастан:
і) тікелей немесе қосымша қаржылық және өзге де материалдық пайда табумен байланысты мақсаттағы айтарлықтай қылмысты жасауға қатысты, бұл ретте, егер де ол ішкі заңнамамен ескерілсе, сондай-ақ бір немесе бірнеше адамның ымыраласуы, сондай-ақ ымыраласуға қатысушылардың біреуі оны іске асыру үшін қандай да бір әрекетті нақты жасағаны немесе ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылығы болжалынады;
іі) кез-келген адамның біле тұра жасаған әрекеті немесе ұйымдасқан қылмыстық топтың жалпы қылмыстық әрекеті немесе байланысты әрекеті немесе оның тиісті қылмыс жасауға ниет білдіруі:
а. ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеті;
b. оның қатысуы жоғарыда көрсетілген қылмысты мақсатқа жетуге жәрдем етеді деген түсінікпен ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің басқа да түрлері;
b) ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалған күрделі қылмыстарға қатысты, ұйымдастыру, басшылық ету, жәрдемдесу, арандатушылық, көмек көрсету немесе кеңес беру.
2. Осы баптың 1-тармағында айтылатын ұғыну, ой-ниет, мақсат ету немесе сөз байласу істің объективті нақты жағдайларынан белгілі болуы мүмкін.
3. Ішкі заңнамасы осы баптың j(а)(і) тармақтарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар құрамдарының элементі ретінде, ұйымдасқан топтың қатыстылығын қарастыратын, Қатысушы-мемлекеттер олардың ішкі заңнамасы, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысуымен жасалған барлық қылмыстарды олардың ішкі заңнамасының елеулі қылмыс ретінде қарастырудың қамтамасыз етеді. Осындай Қатысушы-мемлекеттер, сондай-ақ ішкі заңнамасы қылмыс құрамының элементі ретінде осы баптың 1(а)(і) тармағына сәйкес осындай деп танылған сөз байласуды жүзеге асыру жөніндегі әрекеттің іс жүзінде жасалуын қарастыратын Қатысушы-мемлекеттер бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, олар осы Конвенцияға қол қойғанда немесе ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға беру кезінде хабарлайды.
6-бап
Қылмыстан түскен табыстарды тазартудың
криминализациялануы
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі қағидаттарына сәйкес, мынадай әрекеттерді, олар қасақана жасалса, қылмысты жазалауға жататындар ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық және басқа да шараларды қабылдайды:
а) і) мүліктің айырбасталуы немесе ауыстырылуы, егер мұндай мүлік бұл мүліктің қылмыстық кезін жасыру немесе тығу мақсатында немесе ол өз әрекетіне деген жауапкершіліктен жалтара алатын негізгі қылмысты жасауға қатысушы кез келген адамға көмек көрсету мақсатында қылмыстан табыс табатындығы белгілі болса;
іі) егер мұндай мүлік қылмыстан түскен табысты білдіретіндігі белгілі болса, оның түпнұсқалық сипатын, қайнар көзін, тұрған орнын, өкім ету тәсілдерін, орын ауыстыруын, мүлікке деген құқықтарды немесе оның иелілігін жасыру немесе бүгіп қалу;
b) өз құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттарын сақтау жағдайында;
g) мүлікті алу, иелік ету немесе пайдалану егер оны алу сәтінде осындай мүлік қылмыстан түскен табысты білдіретіндігі белгілі болса;
і) осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың кез-келгенін жасау мақсатындағы сөз байласуға бару немесе қатысу, қатысты болу оның жасалуына бөгет жасау, сондай-ақ оны жасауға жәрдемдесу, арандату, көмек көрсету немесе кеңестер беру.
2. Осы баптың 1-тармағын қолдану немесе жүзеге асыру мақсаттары үшін:
а) әрбір Қатысушы-мемлекет осы баптың 1-тармағын негізгі құқық бұзушылықтардың ең үлкен шеңберінде қолдануға тырысады;
b) әрбір Қатысушы-мемлекет негізгі құқық бұзушылықтар қатарына осы Конвенцияның 2-бабында анықталған барлық елеулі қылмыстарды және осы Конвенцияның 5, 8 және 23-баптарында осындай деп танылған қылмыстарды қосады. Қатысушы-мемлекеттердің заңнамалары нақты негізгі құқық бұзушылықтардың тізімін көрсеткен жағдайда, оған аз дегенде ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетімен байланысты қылмыстардың барлығын қамтитын шеңбері қосылады;
с) негізгі құқық бұзушылықтар (b) тармақшасының мақсаттары үшін тиісті Қатысушы-мемлекеттің шегінде, сондай-ақ заң иелігінің шеңберінен тыс жерде жасалған қылмыстарды қосады. Бірақта қандай да бір Қатысушы-мемлекет заң иелігінің шеңберінен тыс жерде жасалған қылмыстар, тиісті әрекеттер, ол осы бапта қолданылатын жүзеге асырылатын немесе егер ол онда жасалған болса Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық жазалануы мүмкін, мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланылатындар болып табылғандығы шарт бойынша негізгі құқық бұзушылықты білдіреді.
d) әрбір Қатысушы-мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптағы ережелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін өз заңдарының мәтіндерін, сондай-ақ осындай заңдарға кез келген кезекті өзгерістердің мәтіндерін немесе олардың сипаттарын береді;
е) егер бұл Қатысушы-мемлекет ішкі заңнамасының негізге алатын қағидаттары талап етсе, онда осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстар негізгі құқық бұзушылықты жасаған адамдарға қатысы жоқ;
f) ұғыну ой немесе мақсат осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыс құрамының элементтері ретінде істің объективті нақты жағдайынан белгілі болуы мүмкін.
7-бап
Aқшалай қаражаттарды тазартуға қарсы күрес бойынша шаралар
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет:
а) банктерге және банктік емес қаржы мекемелеріне, сондай-ақ тиісті жағдайда ақша қаражатын тазарту тұрғысынан алғанда ерекше осал болып табылатын басқа органдарға қатысты өз құзыреттігі шеңберінде, ақша қаражаттарын тазартудың барлық түрлерін анықтау және оларға жол бермеу мақсатында реттеу мен бақылаудың барлығын қамтитын ішкі тәртібін бекітеді, бұған қоса мұндай тәртіп клиенттің жеке басын анықтауға қатысты талаптарға, есептіліктің жүргізілуіне және күмән туғызған мәселелер туралы ақпарат жеткізуге негізделеді;
b) осы Конвенцияның 18 және 27-баптарына залал келтірмей ақшалай қаражаттарды тазартуға қарсы күресті жүргізетін, реттейтін, әкімшілік, құқық қорғаушы және басқа органдар (бұған қоса, бұл ішкі заңнамаға сәйкес болғанда және сот органдары) оның ішкі заңнамасымен бекітілетін жағдайларда ұлттық және халықаралық деңгейлерде ақпарат алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыра алатындай болуын қамтамасыз етеді және осы мақсаттарда ақшалай қаражаттарды тазартудың мүмкін жағдайларына қатысты талдау мен жинау және ақпараттың таралуы үшін ұлттық орталық ретінде әрекет ететін қаржылық жедел ақпараттар бойынша бөлімшенің мекемелері туралы мәселені қарастырады.
2. Қатысушы-мемлекеттер, олардың шекаралары туралы айналым құралдарына сәйкес келетін және қолма-қол ақшалай қаражаттың орын ауыстыруда іздеп табу бойынша және ақпараттың тиісті қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған кепілдікті қадағалау шарттарында осындай орын ауыстыруға бақылау қою бойынша және заңды капиталдың орын ауыстыруына қандай да бір кедергі жасамай практикалық мүмкін шараларды қолдану туралы мәселені қарайды. Мұндай шаралар жеке адамдар мен коммерциялық ұйымдар қолма-қол ақшалай қаражаттардың айтарлықтай көлемдерінің трансшекаралық аудару және айналым құралдарының сәйкес тапсыру туралы хабарлауын талап етуді қоса алады.
3. Осы баптың ережелеріне сәйкес және осы Конвенцияның кез келген басқа баптары үшін залалсыз реттеу және бақылаудың ішкі тәртібін бекітуде Қатысушы-мемлекеттерге ақшалай қаражатты тазартуға қарсы бағытталған аумақтық, аумақ аралық және көп жақты ұйымдардың бастамаларына сәйкес басшылық ету ұсынылады.
4. Қатысушы-мемлекеттер ақшалай қаражатты тазартуға қарсы күресу мақсатында сот және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ қаржының реттеу органдары арасындағы ауқымды, аумақтық, аумақтан тыс және екі жақты ынтымақтастықты дамыту мен қолдауға тырысады.
8-бап
Жемқорлықтың криминализациялануы
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет, мынадай әрекеттерді, олар қасақана жасалғанда, қылмыстық жазаланылатындар ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды:
а) лауазымды адамның өзі немесе басқа жеке, не болмаса заңды тұлға үшін қандай да бір құқыққа жат артықшылықты осы лауазымды адам өзінің қызметтік міндеттерін орындауда қандай да бір әрекетті немесе әрекетсіздік жасаған жағдайда көпшілікті лауазымды адамға жеке өзі немесе делдал арқылы уәде ету, ұсыну немесе беру;
b) көпшілікті лауазымды адамның өзі немесе басқа жеке, не болмаса заңды тұлға үшін қандай да бір құқыққа жат артықшылықты осы лауазымды адам өзінің қызметтік міндеттерін орындауда қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаған жағдайда тікелей өзі немесе делдал арқылы бопсалауы немесе қабылдауы;
2. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді, егер де онда қандай да бір көпшілікті шетелдік лауазымды адам немесе халықаралық азаматтық қызметкер қатысып отырса, қылмыстық жазаланатындар ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық немесе басқа да шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастырады. Сонымен бірге әрбір Қатысушы-мемлекет жемқорлықтың басқа да түрлерін қылмыстық жазаланатындар ретінде тану мүмкіндігін қарастырады.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет, сондай-ақ осы бапқа сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға сыбайлас ретінде қатысуды қылмыстық жазаланылатындар ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.
4. Осы баптың 1-тармағының және осы Конвенциядағы 9-баптың мақсаттары үшін "көпшілікті лауазымды тұлға" көпшілікті лауазымды адам немесе Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасында анықталғандай, аталған адам осы Қатысушы-мемлекеттің қылмыстық заңнамасында қолданылатын немесе орындалатын қандай да бір көпшілікке қызмет ететін адам болып табылады.
9-бап
Жемқорлыққа қарсы шаралар
1. Осы Конвенцияның 8-бабында айтылғандарға қосымша, әрбір Қатысушы-мемлекет адалдыққа жәрдем ету, сондай-ақ көпшілікті лауазымды адамдар арасындағы жемқорлықты анықтау мен алдын алу және оларға жаза беру үшін талап етілетін дәрежеде оның құқықтық жүйесіне сәйкес келетін заңнамалық, әкімшілік немесе басқа да тиімді шараларды қабылдайды.
2. Әрбір Қатысушы-мемлекет көпшілікті лауазымды адамдар арасындағы жемқорлықты анықтау мен алдын алу және бұл үшін жаза беру саласында оның органдарының тиімді әрекетін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар осындай органдарға олардың әрекетіне заңға қайшы әсер етуге бөгет жасау үшін жеткілікті тәуелсіздікті беру шараларын қабылдайды.
10-бап
Заңды тұлғалардың жауапкершілігі
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет өзінің құқықтық қағидаттарын ескере отырып, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар елеулі қылмыстарға және осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысқаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттердің құқықтық қағидаттардың сақтау жағдайында заңды тұлғалардың жауапкершілігі қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшіліктік болуы мүмкін.
3. Мұндай жауапкершіліктің жүктелуі қылмыс жасаған жеке тұлғалардың қылмысты жауапкершілігіне зиян келтірмейді.
4. Әрбір Қатысушы-мемлекет, жауапқа тартылатын заңды тұлғаларға қатысты, осы бапқа сәйкес ақшалай жазалау шараларын қоса алғанда, жазалау шараларына тиімді, шамалас және қылмысты немесе қылмысты емес әсерді қолдануды қамтамасыз етеді.
11-бап
Қудалау, сот шешімін шығару және жазалау шаралары
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23- баптарына сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмыс жасалған кезде бұл қылмыстың қауіптілік дәрежесін ескеретін жазалау шараларын қолдануды алдын ала ескереді.
2. Әрбір Қатысушы-мемлекет оның ішкі заңнамасында алдын ала қарастырылған мұндай қылмыстарға қатысты барынша тиімді құқық қорғау шараларына қол жеткізу және мұндай қылмыстардың жасалуына тиісті мөлшердегі қажеттілікте бөгет жасау үшін осы Конвенцияда қамтылған қылмыстары үшін адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты кез келген дискрециялық заңды өкілеттіктің пайдаланылуын қамтамасыз етуге тырысады.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23- баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қолданылатын, өзінің ішкі заңнамасына сәйкес және қорғау құқықтарын тиісті деңгейде ескере отырып, сотқа дейін босату шешімімен байланысты бекітілетін немесе наразылық не болмаса қарсылық шағымы бойынша шешім қабылданғанға дейінгі жағдайда, келесі қылмыстық өндіріс барысында айыпталушының қатысуын қамтамасыз етудің қажеттілігін ескеріп, тиісті шаралар қабылдайды.
4. Әрбір Қатысушы-мемлекет, оның соттары немесе басқа да құзыретті органдары осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарды шартты немесе мерзімінен бұрын босату мүмкіндіктері туралы мәселені қарастыруда осы Конвенциямен қамтылатын, қылмыстардың қауіпті сипатын ескерулерін қамтамасыз етеді.
5. Тиісті жағдайларда әрбір Қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осы Конвенциямен қамтылатын кез келген қылмыс үшін қылмыстық қудалауды қозғау мақсатында өткен уақыттың ұзақ мерзімін және қылмыс жасауда сезікті адам әділдіктен жалтарған жағдайда өткен уақыттың бұдан да ұзақ мерзімін белгілейді.
6. Осы Конвенцияда еш нәрсе де осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды және қолданылатын заңды қарсылықтарды немесе әрекеттердің дұрыстығын анықтайтын басқа да құқық қағидаттарының әрбір Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасының аясына кіретіндігі туралы қағидатқа қайшы келмейді. Ал осындай қылмыстар үшін қылмыстық қудалау мен жазалаулар осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап
Тәркілеу және тыйым салу
1. Қатысушы-мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтық жүйелері мүмкіндік беретіндей, барынша кең ауқымда мынадай тәркілеу түрлерін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдайды:
а) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан түскен табыс немесе оның құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетін мүлік;
b) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жасауда пайдалануға арналған немесе пайдаланылған құрал-жабдықтар, мүлік немесе басқа да құралдар.
2. Қатысушы-мемлекеттер кезектеп тәркілеу мақсатымен осы баптың 1-тармағында тізілгендердің кез келгенін анықтау, іздеу, тыйым салу немесе алып қою мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін шаралар қабылдайды.
3. Егер қылмыстан түскен табыстар жартылай немесе толық басқа мүлікке айналдырылған немесе түрлендірілген болса, онда осы бапта көрсетілген шаралар осындай мүлікке қатысты қолданылады.
4. Егер қылмыстан түскен табыстар заңды көздерден алынған мүліктерге қосылған болса, онда тыйым салу немесе алып қою шараларына қатысты кез келген өкілеттіктерге залал келтірілмей, қылмыстардан түскен табыстардың бағасы белгіленген құнына сәйкес мүлік бөлігі тәркіленуге жатады.
5. Қылмыстардан түскен табыстардан алынған, қылмыстардан түскен табыстар айналдырылған немесе түрлендірілген мүліктен түскен немесе қылмыстан түскен мүліктен түскен пайдалар мен басқа олжаларға осы бапта көрсетілген сондай түрде және сондай дәрежеде, қылмыстан түскен табыстарға қатысты шаралар қабылданады.
6. Осы Конвенцияның осы бабымен 13-бабының мақсаттары үшін әрбір Қатысушы-мемлекет банктік, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды ұсыну және тыйым салу туралы қаулы шығаруға өзінің соттары мен құзыретті органдары уәкілеттендіреді. Қатысушы-мемлекеттер банктік құпияны сақтау қажеттілігіне сілтене отырып, осы тармақтың ережелеріне сәйкес шаралар қабылдаудан жалтармайды.
7. Қатысушы-мемлекеттер, қылмыс жасаған адам тәркілеуге жататын қылмыстан немесе басқа мүліктен түсетін болжамды табыстарын осындай талап олардың ішкі заңнамасының қағидаттарына және сотпен басқа қарау сипатына сәйкес келген мөлшерде заңды пайда болуын дәлелдеуі үшін талаптар бекіту мүмкіндігін қарастыра алады.
8. Осы баптың ережелері адал үшінші тараптың құқықтарына залал келтіретіндер ретінде қарастырылмайды.
9. Осы бапта айтылатын еш нәрсе, онда айтылатын шаралар Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес және оларды бақылау шарттарында анықталуы мен жүзеге асырылуына лайықты қағидатты қозғамайды.
13-бап
Тәркілеу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Басқа қатысушы-мемлекеттен осы Конвенциямен қамтылатын қандай да бір қылмыс заң иелігіне түсетін осы Конвенциядағы 12-баптың 1-тармағында ескерілген оның аймағындағы қылмыстардан түскен мүлік, құрал-жабдық және қылмыстар жасаудың басқа құралдары түріндегі табыстарды барынша өзінің ішкі құқықтық жүйесінің мүмкін шеңберіндегі дәрежеде тәркілеу туралы өтінішін алған қатысушы-мемлекет:
а) бұл өтінішті тәркілеу туралы қаулыны алу мақсатында өзінің құзыретті органдарына жібереді және мұндай қаулы енгізілген жағдайда, оның орындалуын жүзеге асырады; немесе
b) өз құзыретті органдарына сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттердің аумағында орын алған қылмыстардан түскен табыстарға, мүлікке, құрал-жабдыққа немесе 12-баптың 1-тармағында ескерілген қылмыстарды жасаудағы басқа да құралдарға қаншалықты қатысты болса, соншалықты мөлшерде өтініште көрсетілген көлемде орындау үшін осы Конвенциядағы 12-баптың 1-тармағына сәйкес сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің аумағында сотпен енгізілген тәркілеу туралы қаулыны жібереді.
2. Осы Конвенциямен қамтылатын қандай да бір қылмыс заң иелігіне түсетін басқа Қатысушы-мемлекет жіберген өтініш алу бойынша, сұрау салынған Қатысушы-мемлекет сұрау салушы Қатысушы-мемлекетпен не болмаса осы баптың 1-тармағына сәйкес кезекті тәркілеу мақсатында сұрау салынып отырған Қатысушы-мемлекеттің өтінішіне орай енгізілетін қаулыны осы Конвенциядағы 12-баптың 1-тармағында ескерілген қылмыстардан түскен табыстарды, мүлікті, құрал-жабдықты немесе қылмыс жасаудағы басқа құралдарды анықтау, ізін аңду, тыйым салу немесе алып қою үшін шаралар қабылдайды.
3. Осы Конвенциядағы 18-баптың ережелері арқылы осы бапқа mutatis mutandis қолданылады. 18-баптың 15-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша жіберілген осы баптың негізіндегі өтініштерде:
а) осы баптың 1 (а) тармағында қарастырылған өтінішке сәйкес мүліктің сипаты, тиісті тәркілеулер және сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сілтенетін және сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қаулы шығару үшін шаралар қабылдай алатын деректердің мазмұны бар өтініштер;
b) осы баптың 1 (b тармағында) қарастырылған өтінішке қолданылатын-сұралынып отырған қаулыны орындалуының көлеміне қатысты, сұралынып отырған ақпарат пен деректердің мазмұнына қатысты, ақпарат пен деректердің мазмұны жазылған өтінішке негізделетін тәркілеулер туралы сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке берілген қаулының жол берілген заңды көшірмесі;
с) осы баптың 2-тармағында қарастырылған өтінішке сәйкес қолданылатын - сұрау салған Қатысушы-мемлекет сілтенетін деректердің мазмұны бар өтініш және сұрау салынған шаралардың сипаты жазылады.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында алдын ала ескерілген шешімдер немесе шараларды сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелеріне және іс жүргізу кесімдеріне немесе сұрау салған Қатысушы-мемлекеттермен байланыстыратын кез келген екі жақты немесе көп жақты шарттарға, келісімдерге немесе уағдаласушылықтарға сәйкес, олар сақталған жағдайда, қабылдайды.
5. Әрбір Қатысушы-мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы баптың ережелерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін өздерінің заңдары мен ережелерінің мәтіндерін, сондай-ақ осындай заңдарға және ережелерге енгізілетін кез келген кезекті өзгерістерінің мәтіндерін немесе олардың сипаттамаларын жеткізіп береді.
6. Егер қандай да бір Қатысушы-мемлекет осы баптың 1 және 2-тармақтарында ескерілген шаралардың қабылдануын тиісті келісімнің барлығымен негіздеуді қаласа, онда бұл Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияны шартты-құқықтық жағынан жеткілікті және қажет негізде қарайды.
7. Қатысушы-мемлекет, егер өтініште айтылатын қылмыстар осы
Конвенцияда қамтылмаса, осы бапқа сәйкес ынтымақтасуға қатыса алмауы мүмкін.
8. Осы баптың ережелері адал үшінші тараптың құқықтарына залал келтірушілер ретінде қарастырылмайды.
9. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін екі жақты немесе көп жақты шарттар, келісімдер немесе уағдаласушылықтар жасау мүмкіндігін қарастырады.
14-бап
Тәркіленген қылмыстан түскен табыстарға
немесе мүліктерге иелік ету
1. Осы Конвенциядағы 12-баптың немесе 13-баптың 1-тармағының негізінде Қатысушы-мемлекет тәркілеген қылмыстан түскен табыстар мен мүлікке осы Қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңнамасы мен әкімшілік рәсімдеріне сәйкес иелік етеді.
2. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияның 13-бабына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекет жіберген өтініш бойынша әрекет ете отырып, ішкі заңнамамен жол берілген мөлшерде және осыған сәйкес сұрау алған жағдайда тәркіленген қылмыстан түскен табыстарды немесе мүлікті, ол қылмыстан зардап шеккендерге өтем ақы төлеуді немесе қылмыстан түскен мұндай табыстарды немесе мүлікті олардың заңды иелеріне қайтару мүмкіндігіне сұрау салушы Қатысушы-мемлекет ие бола алуы үшін тәркіленген қылмыстан түскен табыстар мен мүлікті оған қайтару мәселесін бірінші кезекте қарайды.
3. Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 12 және 13-баптарына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекет жіберген өтініш бойынша әрекет ете отырып:
а) мұндай табыстарды немесе мүліктерді немесе олардың жартысын таратудың нәтижесінде алынған қылмыстардан түскен табыстардың немесе мүліктердің я болмаса құралдардың құнына сәйкес келетін сомаларды осы Конвенцияның 30-бабының 2(с)-тармағына сәйкес немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы мамандандырылған үкіметаралық органдар есепшотына аудару туралы;
b) басқа қатысушы-мемлекеттерге тұрақты немесе бір негізде өзінің ішкі заңнамасына және әкімшілік рәсімдеріне сәйкес осындай табыстар мен мүліктерді тарату нәтижесінде алынған қылмыстардан түскен табыстар мен мүліктің жартысын беру туралы келісімдер немесе уағдаласушылықтар жасау мүмкіндігін ерекше қарай алады.
15-бап
Заң иелігі
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 5, 6, 8 және 23-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарға қатысты өз заң иелігін бекіту үшін қажет болуы мүмкін шараларды:
а) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттің аумағында жасалғанда; немесе
b) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттің жалауын алып жүрген кеменің бортында немесе осы Қатысушы-мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген әуе кемесінде жасалғанда қабылдайды.
2. Бұған қоса Қатысушы-мемлекет осы Конвенциядағы 4-бабының қадағалау шартында өз заң иелігін осындай кез келген қылмысқа қатысты:
а) қылмыс осы Қатысушы-мемлекеттің азаматына қарсы жасалғанда;
b) қылмысты осы Қатысушы-мемлекеттің азаматы немесе оның азаматы емес, бірақ аумағында тұратын адам жасағанда; немесе
с) қылмыстар:
і) осы Конвенцияның 5-бабындағы 1-тармаққа сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бірі болғанда және оның аумағында елеулі қылмыстар жасау мақсатымен оның аумағынан тыс жерде жасалған болып табылғанда;
іі) осы Конвенцияның 6-бабындағы 1-тармағының b(іі) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың бірі және осы Конвенцияның 6-бабының 1-тармағының (а)(і) немесе (іі) немесе b(і) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қандай да бір қылмысты оның аумағында жасау мақсатында оның аумағынан тыс жерде жасалған болып табылғанда өз заң иелігін бекіте алады.
3. Осы Конвенциядағы 16-баптың 10-тармағының мақсаттары үшін әрбір Қатысушы-мемлекет қылмыс жасаудағы сезікті адам оның аумағында тұрса және ол оның азаматтарының бірі болатындығының негізінде мұндай адамды ұстап бермей отырса, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарға қатысты өзінің заң иелігін бекіту үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.
4. Бұған қоса әрбір Қатысушы-мемлекет қылмыс жасауда сезікті адам оның аумағында тұрғанда және ол оны ұстап бермегенде, осы Конвенциямен қылмыстарға қатысты өз заң иелігін бекіту үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдай алады.
5. Егер осы баптың 1 немесе 2-тармақтарына сәйкес өз заң иелігін жүзеге асырып жатқан Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы-мемлекеттердің бірі осындай әрекеттерге байланысты тергеуді, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асырып жатқандығы туралы хабарлама алса немесе бұл жайында басқа түрде білсе, тиісті жағдайларда бұл Қатысушы-мемлекеттердің құзыретті органдары әз әрекеттерін үйлестіру мақсатында бір-бірімен кеңес берулер жүргізеді.
6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқықтар, нормалар үшін залалсыз өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қатысушы мемлекет бекіткен кез келген қылмыстық заң иелігінің жүзеге асырылуын жоймайды.
16-бап
Тапсыру
1. Осы бап Конвенциямен қамтылатын қылмыстарға немесе егер де 3-баптың 1(а) немесе (b) тармақтарында ескерілген қылмыстарды жасауға ұйымдасқан қылмыстық топ және сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің аумағында тұрған, тапсырылуы сұралынып отырған адам қатысты болған жағдайда, тапсыруды сұраумен байланысты әрекеттер, сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің, дәл сондай сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланылатындар болып табылған жағдайларда қолданылады.
2. Егер тапсыру туралы өтініш кейбіреулері осы бапта қамтылмаған бірнеше жеке елеулі қылмыстарға байланысты болса, онда сұрау салынған Қатысушы-мемлекет осы бапты осындай соңғы айтылған қылмыстарға қатысты да қолдана алады.
3. Осы бап қолданылатын қылмыстардың әрқайсысы оның тапсыруға ұрындыруы мүмкін қылмыстар ретінде тапсыру туралы Қатысушы-мемлекеттер арасында жасалған кез-келген шартқа қосылған болып есептеледі. Қатысушы-мемлекеттер осындай қылмыстарды тапсыруға ұрындыруы мүмкін қылмыстар ретінде олардың арасында жасалынатын тапсыру туралы кез келген шартқа қосуды міндетіне алады.
4. Егер шарт бойынша тапсыруды бәтуаласқан Қатысушы-мемлекет тапсыру туралы шарт жасаспаған басқа Қатысушы-мемлекеттен тапсыру туралы өтініш алса, ол осы Конвенцияны осы бап қолданылатын кез-келген қылмыспен байланысты тапсыру үшін құқықтық негіз ретінде қарай алады.
5. Тапсыруды қолда бар келісім-шартпен негіздейтін Қатысушы- мемлекеттер:
а) осы Конвенцияны бекіту немесе қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға беру кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, олар осы Конвенцияны, басқа Қатысушы-мемлекеттермен тапсыру мәселелерінде осы Конвенцияны ынтымақтасу үшін құқықтық негіз ретінде қолданатынын не қолданбайтынын хабарлайды; және
b) егер олар осы Конвенцияны тапсыру мәселелерінде ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде пайдаланбайтын болса, тиісті жағдайларда осы Конвенцияны қолдану мақсатында басқа да Қатысушы-мемлекеттермен тапсыру туралы шарттар жасауға тырысады.
6. Өз араларына қатысты белгілі шартпен тапсыруды бәтуаласпаған Қатысушы-мемлекеттер осы бап қолданылатын қылмыстарды тапсыруға ұрындыруы мүмкін қылмыстар ретінде таниды.
7. Тапсыру сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің алдын ала ескерілген ішкі заңнамасының шарттарына немесе тапсыру туралы қолданылатын, оның ішінде тапсыруға қарай жазалаулардың талаптарымен байланысты шарттарды қоса алғандағы шарттарға және сұрау салынған Қатысушы-мемлекет тапсырудан бас тартуы мүмкін негізге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Қатысушы-мемлекеттер осы бап қолданылатын кез-келген қылмысқа қатысты өз ішкі заңнамаларын қадағалау шарты бойынша тапсыру рәсімін жеделдетуге және осымен байланысты дәлелдер әкеп беру туралы талаптарды жеңілдетуге күш салады.
9. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелерін және өзінің тапсыру туралы шарттарын қадағалау бойынша жағдай осыны талап етіп, кейінге қалдыруға болмайтын сипат алғанына көз жеткізе отырып және сұрау салған Қатысушы-мемлекеттің өтініші бойынша тапсырылуы сұралынып отырған оның аумағында тұратын адамды тұтқынға алады немесе тапсыру рәсімдерінің барысында оның қатысуын қамтамасыз ету үшін басқа тиісті шаралар қабылдайды.
10. Қылмыс жасауда сезікті адам аумағында тұратын Қатысушы-мемлекет, егер ол осындай адамды осы бап қолданылатын қылмыстармен байланысты тек қана ол оның азаматтарының бірі болған соң тапсырмай отырса, тапсыруды сұраған Қатысушы-мемлекеттің өтініші бойынша, қудалау мақсаты үшін өзінің құзыретті органдарына дәлелсіз кешіктірулерсіз істі беруге міндетті. Бұл органдар, осы Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қауіпті сипаттағы кез-келген басқа да қылмыстар жағдайындағы сияқты түрде өндірісті жүргізеді және өз шешімін қабылдайды. Мүдделі Қатысушы-мемлекеттер бір-бірімен, осындай қудалауды тиімді қамтамасыз ету үшін іс жүргізу мәселелері мен дәлелдеу мәселелері бойынша ынтымақтасады.
11. Қатысушы-мемлекет оның ішкі заңнамасына сәйкес бұл адам сот қарауының немесе өндірісінің қорытындысымен тағайындалған жазасын өтеу үшін бұл мемлекетке қайтарылатын жағдай бойынша бұл адамның тапсырылуы мен берілуі сұралынғандығымен байланысты өз азаматтарының біреуін тапсыруға немесе басқа түрде беруге шешім қабылдаған барлық жағдайда және бұл Қатысушы-мемлекет пен бұл адамның тапсырылуын сұраған Қатысушы-мемлекет олар орындалуға тиістілер деп санаған осындай ереже мен басқа жағдайлармен келіссе, осындай шартты тапсыру немесе беру осы баптың 10-тармағында бекітілген міндеттердің орындалуы үшін жеткілікті деп саналады.
12. Егер үкімнің орындалуын іске асыру мақсатында сұралынған тапсыруда іздестіріліп жатқан адамды сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің азаматы болғандықтан беруден бас тарту болса, сұралынған Қатысушы, егер ол оның ішкі заңнамасымен рұқсат етілсе және егер де бұл осындай заңнаманың талаптарына сәйкес келсе, сұрап отырған Қатысушының жолдауы бойынша үкімінің орындалуын іске асыру туралы немесе сұрап отырған Қатысушының ішкі заңнамасына сәйкес енгізілген үкімнің қалған бөлігі туралы мәселені қарайды.
13. Кез-келген адамға осы бап қолданылатын кез-келген қылмыстарға байланысты өндірісті жүзеге асыратын іс бойынша өндірістің барлық сатысында әділ қарау бұған қоса аумағында осы адам тұратын Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасымен алдын ала ескерілген барлық құқықтардың және кепілдіктердің жүзеге асырылуына кепілдік береді.
14. Осы Конвенцияда еш нәрсе де, егер сұрау салынған Қатысушы-мемлекетте тапсыру туралы өтініш қандай да бір адамды, оның жынысының, нәсілінің, дін ұстануының, этникалық шығу тегінің немесе саяси сенімінің себебі бойынша қудалау немесе жазалауға құралғаны немесе осы өтінішті қанағаттандыру бұл адамның жағдайына осы себептердің кез келген біреуі бойынша залал келтіруі мүмкіндігін болжауға негіз бар болғанда тапсырудың міндеттерін бекітетіндер ретінде қарастырылмайды.
15. Қатысушы-мемлекеттер тек қана қылмыстар, сондай-ақ салықтық мәселелермен байланысты болып есептелген негізде тапсыру туралы өтініште орындаудан бас тарта алмайды.
16. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет тиісті жағдайларда тапсырудан бас тартқанға дейін сұрау салған Қатысушы-мемлекетпен, оның өтінішінде жазылған деректерге қатысты оған оның пікірлерін жеткізуге жеткілікті мүмкіндік беру және ақпарат жеткізіп беру үшін кеңес берулер жүргізеді.
17. Қатысушы-мемлекеттер тапсырудың тиімділігін арттыру немесе жүзеге асыру мақсатында екі жақтық немесе көп жақтық келісімдер немесе уағдаласушылықтар жасауға тырысады.
17-бап
Сотталған адамдарды беру
Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылған қылмыстар үшін түрмеге қамауға немесе бас бостандығынан айырудың басқа да түрлеріне сотталған адамдарды олар жазаларын өтеу мерзімін олардың аумағында өтей алуы үшін беру туралы екі жақтық немесе көп жақтық келісімдер немесе уағдаласушылықтар жасау мүмкіндігін қарай алады.
18-бап
Өзара құқықтық көмек
1. Қатысушы-мемлекеттер бір біріне осы Конвенцияда қамтылған қылмыстармен байланысты, 3-бапта алдын ала ескерілгендей тергеуде, қылмыстық қудалауда және сот Қарауында өзара ең үлкен құқықтық көмек көрсетеді және өзаралық негізде егер сұрау салған Қатысушы-мемлекет 3-баптың 1(а) немесе (b) тармағында көрсетілген қылмыстар сипаты бойынша трансұлттық болса және оның ішінде қылмыс жасаудан зардап шеккендер, куәлар, табыстар, құралдар немесе осындай қылмыстарға қатысты айғақтар сұрау салынған Қатысушы-мемлекетте болғанда, сондай-ақ осы қылмыстарды жасауға ұйымдасқан қылмыстық топ қатысты болған деген саналы негізде күдік бар болса, бір біріне басқа да осы тектес көмек көрсетеді.
2. Өзара құқықтық көмек сұрау салған Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияның 10-бабына сәйкес заңды тұлға қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін қылмыстарға байланысты тергеу қылмыстық қудалау және сот қарауына қатысты сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің сәйкес заңдарына, шарттарына, келіемдеріне және уағдаласушылықтарына орай барынша мүмкін көлемде беріледі.
3. Осы бапқа сәйкес берілген өзара құқықтық көмек, келесі мақсаттардың кез келгенінде сұралына алады:
а) жеке адамдардан куәгерлік жауаптар немесе өтініштер алу;
b) сот құжаттарын тапсыру;
с) алып қою немесе тыйым салу өндірісін және тінту жүргізу;
d) жергілікті учаскелер мен объектілерді қарау;
e) ақпаратты, заттай айғақтарды және сарапшылардың бақылауларын жеткізу;
f) тиісті қүжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшірмелерін, оған қоса өкіметтік, банктік, қаржылық корпоративтік немесе коммерциялық құжаттарды беру;
g) дәлелдеу мақсаттары үшін қылмыстан түскен табыстарды мүлікті қылмыс жасау құралдарын немесе басқа да құралдарды анықтау немесе ізіне түсу;
h) тиісті адамдардың сұрау салған Қатысушы-мемлекеттің органдарына өз еріктерімен келуіне жәрдем ету;
і) сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасына қайшы келмейтін көмектің кез келген басқа да түрін жасау.
4. Қатысушы-мемлекеттің құзыретті органдары ішкі заңнамаға залалсыз басқа қатысушы-мемлекеттің құзыретті органдарына, егер де ол осындай ақпарат осы органға тергеудің немесе қылмыстық қудалаудың аяқталуына немесе жүзеге асырылуына немесе осы Конвенцияға Қатысушы-мемлекеттің өтініш жазуына әкеп соғатын көмек көрсетуі мүмкін деп есептеген жағдайларда қылмыстық-құқықтық мәселелерге байланысты ақпаратты бере алады.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес ақпарат беру, ақпарат беретін құзыретті органдардың мемлекетіндегі тергеуге және қылмыстық өндіріске залалсыз жүзеге асырылады. Ақпаратты алатын құзыретті органдар тіпті уақытша негізде болса да, бұл ақпараттың құпия сипатын сақтау туралы өтінішін орындайды немесе оның пайдалануының шектелуін қадағалайды. Бірақта бұл, ақпаратты алатын Қатысушы-мемлекетке, онда жүргізіп жатқан өндірістің барысында айыпталушыны ақтайтын ақпаратты ашуға бөгет бола алмайды. Мұндай жағдайда ақпарат алатын Қатысушы-мемлекет ақпараттың ашылуына дейін ақпарат беруші Қатысушы-мемлекеттіхабардар етеді және егер осы жайында өтініш алса, ақпарат беруші Қатысушы-мемлекеттермен кеңес берулер жүргізеді. Егер, ерекше жағдайларда, өз уақытында хабардар ету болмаса, онда ақпарат алатын Қатысушы-мемлекет, ақпарат беруші қатысушы мемлекетке кешіктірмей хабарлайды.
6. Осы баптың ережелері, ол екі жақты немесе көп жақты болсын, өзара құқықтық көмекті жартылай немесе толық реттейтін немесе реттеуі мүмкін басқа да қандайда да бір шарт бойынша міндеттемелерді қозғамайды.
7. Осы баптың 9-29-тармақтары, егер тиісті Қатысушы-мемлекеттер өзара құқықтық көмек туралы қандай да бір шартпен байланысты болмаса, осы баптың негізінде жіберілген өтініштерге қолданылады. Егер бұл Қатысушы-мемлекеттер осындай шартпен байланысты болса, онда егер де Қатысушы-мемлекеттер олардың орнына осы баптың 9-29 тармақтарын пайдалануға келіспесе, бұл шарттың сәйкес ережелері қолданылады. Қатысушы-мемлекеттер бұл тармақтарды, егер ол ынтымақтастыққа мүмкіндік туғызатын болса, талапты түрде қолдануды ұсынады.
8. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес банктік құпияның негізінде өзара құқықтық көмек беруден бас тартпайды.
9. Қатысушы-мемлекеттер осы бапқа сәйкес әрекеттерді қылмыстар ретінде екі жақты бірдей тану болмағандағы негізде өзара құқықтық көмек беруден бас тартады. Бірақта сұрау салынған Қатысушы-мемлекет, егер де ол оны тиісті деп есептесе, көлемін ол өз көзқарасы бойынша белгілейтін тиісті әрекеттер сұрау салынған қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстар болып табылуы немесе табылмайтынына қатыссыз көмек береді.
10. Бір Қатысушы-мемлекеттің аумағында қамауға алынған немесе түрмеге қамауға алу мерзімін өтеп жүрген және басқа Қатысушы-мемлекетке осы Конвенциямен қамтылған қылмыстармен байланысты тергеу, қылмыстық қудалау немесе сот қарау үшін дәлелдер алуда, жауаптар беру немесе басқа көмек көрсету, жеке тұлғасын анықтау мақсаттары үшін қажет болып отырған адам мынадай шарттар бойынша беріле алады:
а) осы адам бұған өзінің саналы түрде ерікті келісімін береді;
b) Қатысушы-мемлекеттердің екеуінің де құзыретті органдары, осы Қатысушы-мемлекеттер тиісті деп есептеуі мүмкін жағдайларда келісімге қол жеткізеді.
11. Осы баптың 10-тармағының мақсаттары үшін:
а) адам берілетін Қатысушы-мемлекеттер бұл адамды берген Қатысушы-мемлекет басқасын сұрамаса немесе басқа нәрсені бекітпесе, берілген адамды қамауға алуға құқылы және міндетті;
b) адам берілетін Қатысушы-мемлекет Қатысушы-мемлекеттің бұрын келісілгендей немесе басқа түрде екеуінің де құзыретті органдарымен келісілгендей, осы адамды Қатысушы-мемлекеттің иелігіне беруге қайтару бойынша өзінің міндеттерін кешіктірмей орындайды;
с) адам берілетін Қатысушы-мемлекет, бұл адамды берген Қатысушы-мемлекеттен оны қайтару үшін тапсыру рәсімін қозғауды талап етпейді;
d) берілген адамның, оны берген мемлекеттегі жазасын өтеу мерзіміне ол берілген Қатысушы-мемлекеттің қамауында болу мерзімі қосылады.
12. Осы баптың 10 және 11-тармақтарына сәйкес қандай да бір адамды беруге тиіс Қатысушы-мемлекетті келісімінсіз, бұл адам, оның азаматтығына тәуелсіз, қылмыстық қудалауға, қамауға алу кесіміне, жазалауға немесе осы адамды берген мемлекеттің аумағында оны өтеу кезеңіне қатысты сотталумен немесе әрекетпен, әрекетсіздікпен байланысты қандай да бір басқа жеке еркіндігінің шектелуіне тартылмайды.
13. Әрбір Қатысушы-мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету жөніндегі өтініштерді алуға және не олардың орындалуына, не олардың орындалу үшін құзыретті органдарға өткізілуіне жауапты болатын орталық орган тағайындайды және тиісті өкілеттіктерге ие болады. Егер Қатысушы мемлекетте өзара құқықтық көмек көрсетудің жеке жүйесі бар аймақ немесe аумақ болатын болса, ол осындай аймаққа немесе аумаққа қатысты осындай функцияны орындайтын ерекше орталық орган тағайындай алады.
Орталық органдар алынған өтініштердің жедел және тиісті орындалуын немесе өткізілуін қамтамасыз етеді.
Егер де орталық орган құзыретті органға орындалуы үшін өтінішті өткізсе, ол құзыретті органның осы өтінішті жедел және тиісті орындауын жәрдем етеді. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияны қабылдау немесе бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға тапсырған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы мақсатпен тағайындалған орталық орган туралы хабардар етіледі. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштер және кез келген оларға қатысты хабарламалар Қатысушы-мемлекеттер тағайындаған орталық органдарға өткізіледі. Бұл талаптар Қатысушы-мемлекеттің, осындай өтініштер мен хабарламалар оған дипломатиялық арналары арқылы жіберілуін талап ететін құқығына және егер бұл мүмкін болса, Қатысушы-мемлекеттер бұл жөнінде халықаралық қылмыстық полиция арқылы келіскен төтенше жағдайларда болған кездегі құқығына залал келтірмейді.
14. Өтініштер жазбаша түрде немесе егер де бұл мүмкін болса, осы Қатысушы-мемлекетке түпнұсқалықты бекітуге мүмкіндік беретін жағдайларда сұрау салынған Қатысушы-мемлекетке қолайлы тілде жазбаша таспа жасауға мүмкіндік беретін кез келген басқа құралдың көмегімен жіберіледі. Осы Конвенцияны қабылдау немесе бекіту немесе оған қосылу туралы құжаттарын немесе ратификациялық грамоталарын сақтауға тапсыруда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы әрбір Қатысушы-мемлекетке қолайлы тіл немесе тілдер туралы хабардар етіледі.
Төтенше жағдайларда және бұл Қатысушы-мемлекеттермен келісілген жағдайда өтініштер ауызша түрде жіберілуі мүмкін, бірақ та ол кешіктірілмей жазбаша түрде расталады.
15. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініште:
а) өтініш жасаған органның атауы;
b) өтінішке байланысты мәселе мәні мен қылмыстық қудалаудың немесе сот қарауының, тергеудің сипаты, сондай-ақ бұл тергеуді, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асыратын органның атауы мен міндеттері;
с) сот құжаттарын тапсыруға қатысты өтініштерге байланыстылардан басқа тиісті деректердің қысқаша мазмұны;
d) сұралынған көмектің сипаты және оның қадағалануына сұрау салған Қатысушы-мемлекет қамтамасыз етуге ұмтылатын кез келген нақты рәсім туралы жан-жақты ақпарат;
е) мүмкіндік бойынша кез келген тиісті адамның жеке басы, тұратын жері, азаматтығы туралы мәліметтер; және
f) сұралынған айғақтардың, ақпараттардың немесе шаралардың мақсаты көрсетіледі.
16. Сұрау салынған Қатысушы-мемлекет, егер бұл ақпарат оның ішкі заңнамасына сәйкес өтініштің орындалуы үшін қажетті болса, немесе бұл ақпарат мұндай өтініштің орындалуын жеңілдете алса, қосымша ақпарат сұрай алады.
17. Өтініш сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес, мүмкіндік бойынша бұл өтініште көрсетілген рәсімдерге сәйкес сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасына қайшы келмейтін мөлшерде орындалады.
18. Бұл қаншалықты мүмкін болса, соншалықты мөлшерде және ішкі заңнаманың негізгі қағидаттарына сәйкес келсе, егер қандай да бір адам Қатысушы-мемлекеттің аумағында болса және басқа Қатысушы-мемлекеттің сот органдарымен куә немесе сарапшы ретінде тыңдалуы тиіс болса, бірінші Қатысушы-мемлекет басқа Қатысушы-мемлекеттік өтініші бойынша егер де тиісті адамның сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің аумағында жеке қатысуы мүмкін болмаса немесе міндетті емес болса, тыңдауды бейне байланыстың көмегімен жүргізуге рұқсат бере алады.
Қатысушы-мемлекеттер сұрау салған Қатысушы-мемлекеттердің сот органдары мен сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің сот органдары өкілдерінің қатысуымен тыңдауды жүргізу туралы келісе алады.
19. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынған Қатысушы- мемлекетпен тергеуді, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асыру үшін берілген дәлелдерді немесе ақпаратты өтініште көрсетілгендерден басқа мақсатта сұрау салынған Қатысушы-мемлекеттің алдын ала ескерілген келісімінсіз бермейді және пайдаланбайды. Осы тармақта еш нәрсе де сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке онда жүргізіліп жатқан өндірістің барысында айыпталушыны ақтайтын ақпаратты немесе дәлелді ашуға бөгет болмайды. Бұл жағдайда ақпараттары немесе дәлелдері ашылғанға дейін сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынған Қатысушы-мемлекетті хабардар етеді және егер бұл туралы өтініш алынған болса, сұрау салынған Қатысушы-мемлекетпен кеңес берулер жүргізеді. Егер, ерекше жағдайларда, өз уақытында хабардар ету мүмкін болмаса, онда сұрау салушы Қатысушы-мемлекет мұндай ашылулар туралы сұрау салынған Қатысушы-мемлекетке кешіктірмей хабарлайды.
20. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттің өтініштің өзін орындау үшін қажеттіні қоспағанда өтініштің бар-жоғының және мәнінің құпиялылығын сақтауын талап ете алады. Егер сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет құпиялылық туралы талапты орындай алмаса, ол сол туралы дереу сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке хабарлайды.
21. Өзара құқықтық көмек көрсетуден:
а) егер өтініш осы баптың ережелеріне сәйкес берілмесе;
b) егер сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет өтініштің орындалуы оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа да өмірлік маңызы бар мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін деп санаса;
с) егер сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттің ішкі заңнамасы оның органдарына кез келген ұқсас қылмысқа қатысты, егер сондай қылмыс оның заң иелігі шеңберінде тергеудің, қылмыстық қудалаудың немесе сот арқылы шешудің мәні болып табылатын болса, оған қатысты сұрау салынатын шаралар қабылдауға тыйым салса;
d) егер өтінішті орындау өзара құқықтық көмек мәселелеріне қолданылатын сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттің құқықтық жүйесіне қарама-қайшы келсе, бас тарту болуы мүмкін.
22. Қатысушы-мемлекеттер қылмыс сонымен қатар салық мәселелерімен байланысты болып есептелуінің негізінде ғана өзара құқықтық көмек туралы өтінішті орындаудан бас тарта алмайды.
23. Өзара құқықтық көмек көрсетуден кез келген бас тарту дәлелденуі тиіс.
24. Сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде орындайды және бұл қаншалықты мүмкін болса, сұрау салушы Қатысушы-мемлекет ұсынған және өтініштің өзінде дәлелденген кез-келген шектелген мерзімдерді толық ескереді. Сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттің өтінішті орындау барысына қатысты орынды сұрау салуларына жауап береді. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет сұрау салынған көмектің енді қажет емес екендігі туралы сұрау салынатын Қатысушы-мемлекетке дереу хабарлайды.
25. Сұрау салушы Қатысушы-мемлекет өзара құқықтық көмек көрсетуді, бұл жүзеге асырылып жатқан тергеуге, қылмыстық қудалауға немесе соттың қарауына кедергісін келтіреді деген негізде кейінге қалдыруы мүмкін.
26. Осы баптың 21-тармағына сәйкес өтінішті орындаудан бас тартуға дейін немесе осы баптың 25-тармағына сәйкес оны орындауды кейінге қалдыруға дейін сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет сұрау салушы Қатысушы-мемлекетпен сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет қажетті деп санайтын мерзімдерде және сондай жағдайларда көмек көрсете алатындығын анықтау үшін кеңесулер өткізеді.
27. Осы баптың 12-бабын зиянсыз қолдану үшін куәгер, сарапшы немесе сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттің өтініші бойынша өндіріс барысында жауап беруге немесе сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттің аумағында тергеуді, қылмыстық қудалауды немесе сот қарауын жүзеге асыру кезінде көмек көрсетуге келіскен басқа адам сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттің аумағынан кеткенге дейінгі кезеңде әрекет жасауына, әрекет етпеуіне не сотталуына байланысты қылмыстық қудаланбайды, қамауға алынбайды, жазаланбайды не осы аумақта оның жеке басының бостандығы шектелмейді. Егер куәгер, сарапшы немесе өзге де адам кейінгі он бес күн ішінде немесе сондай адамға сот органдарымен қатысуы енді талап етілмейтіні туралы ресми хабарланған датадан бастап кез келген Қатысушы-мемлекеттермен келісілген мерзімнің ішінде, сұрау салушы Қатысушы-мемлекеттің аумағынан кету мүмкіндігі болып, бірақ өз еркімен осы аумақта қалған немесе одан кетіп, сосын өз еркімен қайтып келген болса, жеке қауіпсіздігінің сондай кепілінің күші жойылады.
28. Егер мүдделі Қатысушы-мемлекеттер өзгедей туралы келіспесе, өтінішті орындаумен байланысты әдеттегі шығындарды сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет өтейді. Егер өтінішті орындау айтарлықтай немесе төтенше шығындарды талап етсе немесе талап етуі мүмкін болса, онда Қатысушы-мемлекеттер өтініш орындалатын жағдайларды, сондай-ақ шығындарды өтеудің тәртібін анықтау мақсатында кеңестер өткізеді.
29. Сұрау салынатын Қатысушы-мемлекет:
а) сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке өзінде бар және оның ішкі заңнамасына сәйкес жалпыға ашық үкіметтік материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттың көшірмелерін береді;
b) өз қарауы бойынша сұрау салушы Қатысушы-мемлекетке толық немесе жартылай немесе тиісті деп санайтын шарттарды сақтай отырып, өзінде бар және оның ішкі заңнамасына сәйкес жалпы үшін жабық кез келген үкіметтік материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттың көшірмелерін беруі мүмкін.
30. Қатысушы-мемлекеттер қажеттілігіне қарай осы баптың мақсаттарына жауап беретін, оның іс-жүзіндегі қолданысын қамтамасыз ететін немесе оның ережелерін бекітетін екі жақты немесе көп жақты келісімдер немесе шарттар жасасу мүмкіндігін қарастырады.
19-бап
Бірлескен тергеулер
Қатысушы-мемлекеттер бір немесе бірнеше мемлекеттердегі тергеудің, қылмыстық қудалаудың немесе сот қарауының мәні болып табылатын істерге байланысты құзыретті органдардың бірлескен тергеулер жүргізу жөніндегі органдар құра алатын екі жақты немесе көп жақты келісімдер мен уағдаласушылықтар жасасу мүмкіндігін қарастырады. Сондай келісімдер немесе уағдаласушылықтар болмаған жағдайда тергеулер әрбір бөлек жағдайда келісім бойынша жүргізіледі. Тиісті Қатысушы-мемлекеттер аумағында сондай тергеу жүргізілуі тиіс Қатысушы-мемлекет егемендігінің толық құрметтелуін қамтамасыз етеді.
20-бап
Тергеудің арнайы әдістері
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет, егер бұған оның ішкі құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттарымен жол берілсе және өз мүмкіндіктері шегінде оның ішкі заңнамасымен белгіленген шарттарда, бақылап отырып жеткізулерді тиісті пайдалануды және орынды деп санаған жағдайларда электрондық бақылау, бақылаудың басқа нысандары сияқты тергеудің арнайы әдістерін пайдалану, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу мақсатында оның құзыретті органдары оның аумағында тыңшылық операцияларын жүргізуге рұқсат етуге қажетті шараларды қабылдайды.
2. Осы Конвенция қамтитын қылмыстарды тергеу мақсаты үшін Қатысушы-мемлекеттер, қажет болғанда, тергеудің сондай әдістерін халықаралық деңгейде ынтымақтастық контекстінде пайдалану үшін тиісті екі жақты немесе көп жақты келісімдер не уағдаласушылықтар жасасуға тартылады. Сондай келісімдер немесе уағдаласушылықтар мемлекеттердің егемендік теңдік қағидаттарын толық сақтай отырып жүзеге асырылады және жасалады және сол келісімдердің немесе уағдаласаушылықтардың шарттарына қатаң сәйкестікте іске асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген келісімдер немесе уағдаласушылықтар болмаған жағдайда тергеудің сондай арнайы әдістерін халықаралық деңгейде пайдалану туралы шешімдер әрбір нақты жағдайда қабылданады және қажет болғанда, мүдделі Қатысушы-мемлекеттер заң иелігін жүзеге асыруға қатысты қаржылық уағдаласушылықтар мен өзара түсінушіліктерді ескерулері мүмкін.
4. Бақылап отырып жеткізулерді халықаралық деңгейде пайдалану туралы шешімдер, мүдделі Қатысушы-мемлекеттердің келісімімен жүктерді қағып әкету және оларға тиіспей қалдыру немесе оларды алып тастау, не толығымен немесе жартылай ауыстыру сияқты әдістерді қамтуы мүмкін.
21-бап
Қылмыстық өндірісті тапсыру
Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенция қамтитын қылмысқа байланысты қылмыстық қудалау мақсатында осындай тапсырыс әділ сот мүдделеріне жауап береді деп саналған жағдайларда, әсіресе, қылмыстық істерді біріктіруді қамтамасыз ету үшін бірнеше заң иелігі қозғалған жағдайда өндірісті өзара тапсырысу мүмкіндігін қарастырады.
22-бап
Сотты болуы туралы мәліметтер
Әрбір Қатысушы-мемлекет есепке алу үшін қажет болатын ол тиісті деп санайтын заңды немесе басқа да шараларды тергеліп жатқан қылмысты жасағанына сезікті адамға қатысты бұрын шығарылған кез келген айыптау үкімін сондай ақпаратты осы Конвенция қамтитын қылмысқа байланысты қылмыстық өндіріс барысында қабылдауы мүмкін.
23-бап
Әділдікті жүзеге асыруға бөгет жасау әрекеттерінің криминализациялануы
Әрбір Қатысушы-мемлекет мынадай әрекеттерді, олар қасақана жасалғанда, қылмыстық жазаланатындар ретінде тану үшін қажетті заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайды:
а) осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасауға байланысты өндіріс барысында жанған жауаптар беруге тарту немесе жауаптар беру процесіне араласу, не дәлелдер беру мақсатында дене күшін қолдану, қауіп-қатер төндіру немесе қорқыту не уәде беру, заңсыз басымдылық ұсыну немесе беру;
b) осы Конвенция қамтитын қылмыстарды жасаумен байланысты өндірістің барысында сот немесе құқық қорғау органдары лауазымды адамның өз лауазымдық міндеттерін орындауына араласу мақсатында дене күшін қолдану, қатер төндіру немесе қорқыту. Осы тармақшада Қатысушы-мемлекетке көпшілік лауазымды адамдардың басқа санатының қорғалуын қамтамасыз ететін заңнамаға ие болу құқығына зиян келтірмейді.
24-бап
Куәгерлерді қорғау
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет, өз мүмкіндіктері шегінде, осы Конвенция қамтитын қылмыстарға байланысты жауап беретін қылмыстық өндіріске қатысатын куәгерлерді және тиісті жағдайларда олардың туыстары мен оларға жақын адамдарды, болуы ықтимал кек алу немесе қорқытудан тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шаралар қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар айыпталушының құқықтарына, оның ішінде тиісті қарау құқығына зиян келтірмей сонымен қатар мыналарды қосулары мүмкін:
а) осындай адамдардың басын қорғау үшін рәсімдер белгілеу, мысалы - қажетті мөлшерде және іс жүзінде жүзеге асырылатындай оларды басқа жерге көшіру үшін қажетті және тиісті жағдайларда рұқсат ететін, осындай адамдардың жеке басына және тұрған жеріне қатысты ақпаратты жария етпеу немесе ақпаратты осындай жария етуге шектеулер орнататын ережелер қабылдау;
b) куәгердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, мысалы, бейнебайланыс сияқты байланыс құралдары немесе басқа да тиісті құралдар арқылы куәгерлік жауаптар беруге рұқсат беру мүмкіндігін беретін дәлелдеу ережелерін қабылдау.
3. Қатысушы-мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды көшіруге қатысты басқа мемлекеттермен келісімдер мен уағдаласушылықтар жасасу туралы мәселені қарастырады.
4. Осы баптың ережелері куәгерлер болып табылатындықтан, сондай-ақ жәбірленушілерге де қолданылады.
25-бап
Жәбірленушілерге көмек көрсету және оларды қорғау
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет өз мүмкіндіктері шегінде осы Конвенцияда қамтылған қылмыстардан жәбір көргендерге, әсіресе кек алу қаупі немесе қорқыту жағдайларында көмек беру және қорғау үшін тиісті шаралар қабылдайды.
2. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан жәбір көргендерге өтемақы төлеу және зиянын өтеуге мүмкіндік жасауды қамтамасыз ету үшін тиісті рәсімдер орнатады.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет өз ішкі заңнамасын сақтау шартымен жәбірленушілердің қылмыстық өндірісінің тиісті кезеңдерінде қылмыс жасаған адамдарға қатысты көзқарастарын және қауіптенулерін айту және қарау үшін мүмкіндіктер туғызады.
26-бап
Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты кеңейтуге
бағытталған шаралар
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысатын немесе қатысқан адамдарды:
а) мынандай мәселелермен байланысты тергеу мен дәлелдеу мақсаттарында, құзыретті органдар үшін пайдалы ақпарат жеткізгенде:
і) Ұйымдасқан қылмыстық топтардың идентификациялық деректері, сипаты, мүшелер құрамы, құрылымы, орналасқан жері немесе әрекетері;
іі) байланыстар, оның ішінде басқа ұйымдасқан қылмыстық топтармен халықаралық байланыстар;
ііі) ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған немесе жасауы мүмкін қылмыстар;
b) ұйымдасқан қылмыстық топтарды қылмыстардан түсетін қорларынан немесе табыстарынан айыруға әсер ететін құзыретті органдарға нақты көмек көрсеткенде көтермелеу үшін тиісті шаралар қабылдайды.
2. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенциямен қамтылатын қандай да болсын қылмысқа байланысты тергеуде немесе қылмыстық қудалауда маңызды ынтымақтастық жасасатын айыпталушы адамды жазалауды жеңілдету мүмкіндігін қарастыру мәселесін қарастырады.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенциямен қамтылатын қылмысқа байланысты тергеуде немесе қылмыстық қудалауда маңызды ынтымақтастық жасасатын адамға қылмыстық қудалаудан иммунитет беру мүмкіндігін өз ішкі заңнамасының негізін қалайтын қағидаттарына сәйкес қарастыру мәселесін қарастырады.
4. Осындай адамдарды қорғау осы Конвенцияның 24-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
5
.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адам бір Қатысушы-мемлекетте бола тұра, басқа Қатысушы-мемлекеттің құзыретті органдарымен маңызды ынтымақтастық жасасатын жағдайда мүдделі Қатысушы-мемлекеттер өз ішкі заңнамасына сәйкес басқа Қатысушы-мемлекеттерге осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген режимді беруі ықтимал болуына қатысты келісімдер мен уағдаласушылықтар жасасу мүмкіндігін қарастырады.
27-бап
Құқық қорғау органдарының арасындағы ынтымақтастық
1. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға қарсы күрес үшін құқық қолдану шараларының тиімділігін арттыру мақсатында өз ішкі құқықтық және әкімшілік жүйелеріне сәйкес бір-бірімен тығыз ынтымақтастық жасасады. Әрбір Қатысушы-мемлекет сонымен қатар:
а) осы Конвенцияда қамтылған қылмыстардың барлық аспектілері туралы ақпаратпен сенімді және тез алмасуды қамтамасыз ету үшін егер мүдделі Қатысушы-мемлекеттер қылмыстық қызметтің басқа түрлерімен байланыс, бұны орынды деп санаса, құзыретті органдардың, мекемелердің және қызметтердің арасында байланыс арналарын нығайтуға немесе қажет болған жерде орнатуға;
b) Қатысушы-мемлекеттермен осы Конвенцияда қамтылған қылмыстарға байланысты тергеулер жүргізуде:
і) осындай қылмысты жасауда сезікті адамдардың жеке басын, тұрған жері мен қызметін немесе басқа да қатысты адамдардың тұрған жерін;
іі) қылмыстардан түскен табыстарды немесе осындай қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүлікті жылжытуды;
ііі) осындай қылмыстар жасау кезінде пайдалану үшін арналған немесе пайдаланылған мүліктің, жабдықтардың немесе басқа да құралдардың жылжуын анықтау мақсатында басқа да Қатысушы-мемлекеттермен ынтымақтастыққа;
с) тиісті жағдайларда талдау мен тергеу мақсаттары үшін қажетті құралдарды немесе заттардың қажетті санын беруге;
d) байланыстар бойынша қызметкерлерге жолданған мүдделі Қатысушы-мемлекеттермен екі жақты келісімдерді немесе уағдаласушылықтар жасасу шартын қоса алғанда қызметкерлермен және басқа да сарапшылармен қызметкерлер алмасуды көтермелеу және олардың құзыретті органдары, мекемелері және қызметтері арасындағы тиімді үйлестіруге көмек көрсетуге;
е) басқа Қатысушы-мемлекеттермен ұйымдасқан қылмыстық топтар қолданатын нақты құралдар мен әдістер, тиісті жағдайларда бағыттар мен көліктер туралы, сондай-ақ жалған жеке куәліктерді, өзгертілген немесе қолдан жасалған құжаттарды немесе басқа да олардың қызметін жасыратын құралдарды пайдалану туралы ақпарат алмасуға;
f) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды алдын ала анықтау мақсатында ақпарат алмасуға және әкімшіліктік және басқа да қабылданатын шараларды үйлестіруге бағытталған тиімді шаралар қабылдайды.
2. Осы Конвенцияны іс жүзінде қолдану мақсатында Қатысушы- мемлекеттер олардың құқық қорғау органдарының арасындағы тікелей ынтымақтастық туралы екі жақты немесе көп жақты келісімдер немесе уағдаласушылықтар жасау, ал ондай келісімдер немесе уағдаласушылықтар бар болған жағдайда, оларға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастырады. Мүдделі Қатысушы-мемлекеттердің арасында осындай келісімдер немесе уағдаласушылықтар болмаған жағдайда Қатысушылар осы Конвенцияны, осы Конвенция қамтитын қылмыстарға қатысты құқық қорғау органдарының арасындағы өзара ынтымақтастық үшін негіз ретінде қараулары мүмкін. Тиісті жағдайларда Қатысушы-мемлекеттер өз құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін келісімдер мен уағдаласушылықтарды, оның ішінде халықаралық немесе аймақтық ұйымдардың тетіктерін толық мөлшерде пайдаланады.
3. Қатысушы-мемлекеттер, өз мүмкіндіктері шегінде, қазіргі технологияларды пайдалану арқылы жасалатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы әрекет жасау мақсатында ынтымақтасуға тырысады.
28-бап
Ұйымдасқан қылмыстың сипаты жөніндегі ақпарат жинау мен талдау
және осындай ақпаратпен алмасу
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет, ғылыми-зерттеу орталықтарымен кеңесте өз аумағындағы ұйымдасқан қылмыс саласындағы қарқындардың талдауын, ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет ететін жағдайларды, сондай-ақ осы іске тартылған кәсіби топтарды және пайдаланылатын технологияларды зерттеуді жүргізу мүмкіндігін қарастырады.
2. Қатысушы-мемлекеттер ұйымдасқан қылмыстық әрекеттерге қатысты аналитикалық білімдерін кеңейту, олармен өздерінің арасында және халықаралық және аймақтық ұйымдармен алмасу мүмкіндігін қарастырады. Осындай мақсатпен тиісті жағдайларда жалпы анықтамалар, стандарттар және әдіснамалар әзірленуі және пайдаланылуы тиіс.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі өз саясатын және практикалық шараларды іске асыру, сондай-ақ олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауды жүргізу мүмкіндігін қарастырады.
29-бап
Кадрларды даярлау және техникалық көмек
1. Әрбір Қатысушы-мемлекет қажетті шекте құқық қорғау органдарының персоналын, прокуратура қызметкерлерін, тергеушілерді және кеден органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу үшін жауапты басқа да қызметкерлерді даярлаудың нақты бағдарламасын әзірлейді, жүзеге асырады немесе жетілдіреді. Осындай бағдарламаларға қызметкерлерді іссапарға жіберу және олармен алмасу енгізіледі. Осындай бағдарламалар ішкі заңнамамен рұқсат етілетін мөлшерде, мынадай мәселелерге қатысты болады:
а) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу кезіндегі пайдаланылатын әдістер;
b) осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстарға қатысы бар сезікті адамдар пайдаланатын бағыттар мен құралдар, оның ішінде транзит мемлекеттерінде, сондай-ақ тиісті жауап беру шаралары;
с) контрабанда заттарының жылжуын бақылау;
d) қылмыстардан түскен табыстарды, мүліктерді, жабдықтарды немесе қылмыс жасаудың басқа да құралдарын және сондай табыстарды, мүліктерді, жабдықтарды немесе қылмыс жасаудың басқа да құралдарын беру, тығу немесе жасыру әдістерін, сондай-ақ ақшалай қаражаттарды тазарту мен басқа да қаржылық қылмыстарға қарсы күресте пайдаланылатын әдістерді анықтау және олардың жылжуын бақылау;
е) айғақтар жинау;
f) еркін сауда аймақтары мен еркін порттарда бақылау тәсілдері;
g) электрондық бақылауды, бақыланатын жеткізулерді және тыңшылық операцияларды қосқандағы құқық қорғау органдарының жұмысында пайдаланылатын қазіргі жабдықтар мен әдістер;
h) компьютерлерді, телекоммуникациялық желілерді және қазіргі технологиялардың басқа да түрлерін пайдалану арқылы жасалынатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күресте пайдаланылатын әдістер; және
і) жәбірленушілерді және куәгерлерді қорғау кезіндегі пайдаланылатын әдістер.
2. Қатысушы-мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген салалардағы арнайы білімдермен алмасуды қамтамасыз ету жүктелген кадрларды зерттеу және даярлау бағдарламаларын жоспарлауда және жүзеге асыруда бір біріне көмек көрсетеді және осы мақсатта, сондай-ақ тиісті жағдайларда аймақтық және халықаралық конференциялар мен семинарларды ынтымақтастықты қолдау және өзара қызығушылықты тудыратын проблемаларды, оның ішінде транзит мемлекеттерінің ерекше проблемалары мен қажеттіліктерін талқылау үшін пайдаланады.
3. Қатысушы-мемлекеттер өзара құқықтық көмекке ықпал ететін кадрларды даярлауға және техникалық көмек көрсетуге ықпал етеді. Кадрларды даярлаудағы сондай көмек және техникалық көмек шетел тілдерін оқып үйренуді, орталық аппараттың және тиісті функцияларды атқаратын мекемелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу және олармен алмасуды енгізуі мүмкін.
4. Қолданыстағы екі жақты және көп жақты келісімдер немесе уағдаласушылықтар жағдайында Қатысушы-мемлекеттер, қажеттілігіне қарай, халықаралық және аймақтық ұйымдар шегіндегі және басқа да екі жақты және көп жақты келісімдер немесе уағдаласушылықтар шегіндегі практикалық және оқу іс-шараларының тиімділігін барынша жақсартуға бағытталған күш-жігердің белсенділігін арттырады.
30-бап
Басқа да шаралар: осы Конвенцияны экономикалық даму және
техникалық көмек арқылы жүзеге асыру
1. Қатысушы-мемлекеттер ұйымдасқан қылмыстың жалпы қоғам үшін, оның ішінде тұрақты даму үшін теріс салдарын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастық арқылы мүмкіндігінше осы Конвенцияның оптималды жүзеге асырылуына ықпал ететін шаралар қабылдайды.
2. Қатысушы-мемлекеттер мүмкіндігінше және бір бірімен, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдармен үйлесе отырып:
а) трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын-алу жоне оған қарсы күрес саласында дамушы елдермен, осы елдердің мүмкіндіктерін нығайту мақсатында әртүрлі деңгейлерде өз ынтымақтастығын белсенділендіру;
b) трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарға тиімді қарсы әрекет жасау жөніндегі дамушы елдердің күш-жігерін қолдау мақсатында қаржылық және материалдық көмекті кеңейту және осы Конвенцияны табысты жүзеге асыру үшін оларға көмек көрсету;
с) дамушы елдерге және экономикасы өтпелі кезеңді елдерге осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруларын қолдау мақсатында техникалық көмек көрсету. Сол үшін Қатысушы-мемлекеттер сол мақсатқа арналған Біріккен Ұлттар Ұйым ашқан есеп-шотқа ұдайы жеткілікті еркін жарналар салуға тырысады. Қатысушы-мемлекеттер өз ішкі заңнамасына және осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес жоғарыда көрсетілген есеп шотқа қылмыстардан түскен табыстардың немесе осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес тәркіленген мүліктердің тиісті құнын немесе ақшалай қаражаттардың белгілі бір үлесін аудару мүмкіндігін ерекше қарастырулары мүмкін;
d) тиісті жағдайларда басқа да мемлекеттер мен қаржылық мекемелерді осы бапқа сәйкес қабылданатын күш-жігерлерде бірігу үшін, оның ішінде дамушы елдер үшін оларға осы Конвенцияның мақсаттарына жетуге көмектесу үшін кадрлар даярлаудың едәуір көп бағдарламасын және қазіргі жабдықтарды қамтамасыз ету арқылы көтермелеу және сөндіру үшін нақты күш салу шараларын қабылдайды.
3. Мүмкіндігінше бұл шаралар шетелдік көмекке қатысы бар міндеттемелерге немесе екі жақтық, аймақтық немесе халықаралық деңгейдегі қаржылық ынтымақтастықтар туралы басқа да уағдаласушылықтарға зиян келтірмейді.
4. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда көзделген халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстарды ескерту және анықтау мен оған қарсы күрес үшін қажетті қаржылық уағдаласушылықтарды ескере отырып, материалдық-техникалық көмек туралы екі жақты немесе көп жақты келісімдер немесе уағдаласушылықтар жасасуы мүмкін.
31-бап
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу
1. Қатысушы-мемлекеттер ұлттық жобалар әзірлеуге және олардың тиімділігін бағалауға, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алуға бағытталған практика мен саясаттың оптималды түрлерін анықтауға және енгізуге тырысады.
2. Қатысушы-мемлекеттер өз ішкі заңнамасының негізін қалаушы қағидаттарына сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтардың тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе басқа да шаралар қабылдау арқылы қылмыстардан түскен табыстарды пайдаланып, заңды рыноктарда іс-қимылдар жасаудың бар немесе болашақ мүмкіндіктерін қысқартуға тырысады. Сондай шаралар:
а) құқық қорғау органдары немесе прокуратура органдары және тиісті жекеменшік ұйымдар арасындағы, оның ішінде экономиканың әртүрлі секторларындағы ынтымақтастықты нығайтуда;
b) көпшілік және тиісті жекеменшік ұйымдардың жұмысындағы адалдықты қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кәсіптердің өкілдері үшін, атап айтқанда адвокаттардың, нотариустардың, салық салу мәселелері жөніндегі кеңесші мен бухгалтерлердің жүріп-тұру кодекстерін әзірлеуге көмек көрсетуде;
с) ұйымдасқан қылмыстық топтар жағынан көпшілік органдарымен өткізілетін сауда рәсімдерін және коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін көпшілік органдары беретін субсидиялар мен лицензияларды асыра пайдаланудың алдын алу;
d) ұйымдасқан қылмыстық топтар жағынан заңды тұлғаларды теріс пайдаланудың алдын алуда шоғырланулары тиіс. Мұндай шаралар:
і) заңды тұлғаларды демеуге, оларды басқаруға және оларды қаржыландыруға қатысатын заңды және жеке тұлғалардың көпшілік реестрін құруды;
іі) сот шешімі бойынша немесе басқа да тиісті тәсілдер арқылы осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар үшін сотталған адамдарды орынды уақыт мерзіміне олардың заң иелігі шегінде тіркелген заңды тұлғалардың басшылары лауазымын атқару құқығынан айыру мүмкіндігін;
ііі) заңды тұлғалар басшыларының лауазымын атқару құқығынан айырылған адамдардың ұлттық реестрін құруды;
іv) басқа Қатысушы-мемлекеттердің құзыретті органдарымен осы тармақтың (d)(і)(ііі) тармақшаларында көрсетілген реестрлерде қамтылған ақпаратпен алмасуды енгізуі мүмкін.
3. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар үшін сотталған адамдардың қоғамын реинтеграциялауға тырысады.
4. Қатысушы-мемлекеттер бар құқықтық құжаттарды және әкімшілік практикаларды тиісті мәселелер бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар жағынан теріс пайдалану көзқарасының осал жерлерін анықтау мақсатында ұдайы бағалауға тырысады.
5. Қатысушы-мемлекеттер қоғамға трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың бар болу фактісін, себептері мен қауіпті сипатын, ондай-ақ ол төндіретін қауіпті түсінуді тереңдетуде көмек көрсетуге тырысады. Тиісті ақпарат сондай қылмыстарды ескертуге және оған қарсы күреске тұрғындардың қатысуына жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді жинақтайды және тиісті жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралуы мүмкін.
6. Әрбір Қатысушы-мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралар әзірлеуде басқа да Қатысушы-мемлекеттерге көмек көрсете алатын органның немесе органдардың атауын және мекен-жайын хабарлайды.
7. Қатысушы-мемлекеттер, тиісті жағдайларда, осы бапта көрсетілген шараларды әзірлеуде және жүзеге асыруға көмек етуде бір бірімен және тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтасады. Бұл, мысалы, трансұлттық ұйымдасқан топтар қызметінің көзқарасынан қолайсыз әлеуметтік жағдайдағы халық топтарының осал жерлерін анықтайтын жағдайларды жақсарту арқылы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған халықаралық жобаларға қатысуды қарастырады.
32-бап
Конвенцияға Қатысушылардың Конференциясы
1. Осымен Қатысушы-мемлекеттердің трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрестегі мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыру және оның жүзеге асырылу барысының шолуын жүргізу мақсатында Конвенция қатысушыларының Конференциясы қүрылады.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушылар Конференциясына осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей шақырады. Қатысушылар Конференциясы рәсімдер ережелерін және осы баптың 3-4-тармақтарында көрсетілген қызметтің түрлерін (оның ішінде қызметтің осы түрлерін жүзеге асыру кезіндегі шығындарды төлеуге қатысты ережелерді) реттейтін рәсімдердің ережелерін қабылдайды.
3. Қатысушылар Конференциясы осы баптың 1-тармағында аталған мақсаттарға жету үшін, мыналарды:
а) осы Конвенцияның 29, 30, 31-баптарына сәйкес Қатысушы-мемлекеттердің қызметіне, оның ішінде өз еркімен берілген жарналарды жұмылдыру арқылы көмек етуді;
b) Қатысушы-мемлекеттердің арасында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың нысандары және осы саладағы үрдістер, сондай-ақ оған қарсы күрестің табысты әдістері туралы ақпаратпен алмасуға көмектесуді;
с) тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты;
d) осы Конвенцияны жүзеге асыру туралы мәселені ұдайы қарастыруды;
е) осы Конвенцияны жетілдіруге және оны жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар шығаруды қоса ала отырып, механизмдерді келіседі.
4. Осы баптың 3-(d) және (е) тармақтарындағы мақсаттар үшін Қатысушылар Конференциясы осы Конвенцияны жүзеге асыру үшін Қатысушы-мемлекеттер қабылдаған шаралар және сол берілген ақпараттың негізінде және Қатысушылар Конференциясы құрған шолу жүргізудің сондай қосымша тетіктері арқылы бұл ретте кездескен қиындықтар туралы қажетті мәліметтер алады.
5. Әрбір Қатысушы-мемлекет Қатысушылар Конференциясына осы Конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған бағдарламалары, жоспарлары және практикасы, сондай-ақ заңнамалық және әкімшілік шаралар туралы Қатысушылар Конференциясы қажет ететіндей ақпарат ұсынады.
33-бап
Хатшылық
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Конвенция Қатысушыларының Конференциясына қажетті хатшылық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
2. Хатшылық:
а) Қатысушылар Конференциясына осы Конвенцияның 32-бабында айтылған қызметті жүзеге асыруда көмек көрсетеді, сондай-ақ Қатысушылар Конференциясының сессияларын ұйымдастырады және оларды қажетті көмек көрсетумен қамтамасыз етеді;
b) өтініш бойынша Қатысушы-мемлекеттерге осы Конвенцияның 32-бабындағы 5-тармақта көзделгендей Қатысушылар Конференциясына ақпарат беруде көмек көрсетеді; және
с) басқа да тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдардың хатшылықтарымен қажетті үйлестіруді қамтамасыз етеді.
34-бап
Конвенцияны жүзеге асыру
1.
Әрбір Қатысушы-мемлекет өз ішкі заңнамасының негізін қалаушы қағидаттарына сәйкес осы Конвенцияға сәйкес өз міндеттемелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін, заңнамалық және әкімшілік шараларды қосқандағы қажетті шаралар қабылдайды.
2. Осы Конвенцияның 5, 6, 8-баптарына сәйкес осындай деп танылған қылмыстар осындай деп осы Конвенцияның 5-бабына сәйкес ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылық элементі бар-жоғы талап етілетін жағдайлардан басқа трансұлттық сипаттың элементтеріне немесе осы Конвенцияның 3-бабындағы 1-тармақта көрсетілгендей ұйымдасқан қылмыстық топтың қатыстылығына байланыссыз қатысушы-Мемлекеттің ішкі заңнамасында танылады.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет трансұлттық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу және оған қарсы күрес үшін осы Конвенцияда көзделген шаралардан көрі қатаңырақ немесе қаттырақ шаралар қабылдауы мүмкін.
35-бап
Дауларды шешу
1. Қатысушы-мемлекеттер осы Конвенцияны түсіну немесе қолдану жөніндегі дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
2. Орынды уақыт мерзімі ішінде келіссөздер арқылы шешіле алмайтын осы Конвенцияны түсіну немесе қолдану жөніндегі екі немесе одан да көп Қатысушы-мемлекеттердің арасындағы кез келген дау Қатысушы-мемлекеттердің біреуінің өтініші бойынша арбитраждық қарауға беріледі. Егер арбитраж туралы өтініш берген күннен Қатысушы-мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы бір келісімге келе алмаса, осы Қатысушы-мемлекеттердің қайсы болсын Соттың Статутына сәйкес арыз жазып, дауды халықаралық Сотқа беруі мүмкін.
3. Әрбір Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияға қол қою, оны бекіту, қабылдау немесе бекіту не оған қосылу кезінде өзін осы баптағы 2-тармақтың ережелерімен байланысты деп санамайтыны туралы айтуы мүмкін. Басқа Қатысушы-мемлекеттер сондай қосымша түсінік жасаған кез келген Қатысушы-мемлекетке қатысты осы баптағы 2-тармақтың ережелерімен байланысты емес.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша түсінік берген кез келген Қатысушы-мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлау жіберу арқылы сол қосымша түсінікті кез келген уақытта алып тастауы мүмкін.
36-бап
Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу
1. Осы Конвенция 2000 жылғы желтоқсанның 12-нен 15 дейін Палермо қаласында Италия, ал сосын Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Нью-Йорк қаласында 2002 жылдың 12 желтоқсанына дейін барлық мемлекетке қол қою үшін ашық.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес осындай ұйымның кем дегенде бір мүше-мемлекеті осы Конвенцияға қол қойған жағдайда осы Конвенция, сондай-ақ экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары үшін ашық.
3. Осы Конвенция ратификациялануға, қабылдануға немесе бекітілуге жатады. Ратификациялық грамоталар немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы егер кем дегенде оның бір мүше-мемлекеті солай жасаса, өз ратификациялық грамотасын немесе қабылдау не бекіту туралы құжатын тапсыруы мүмкін. Сол ратификациялық грамотада немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатта сондай ұйым осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыреті саласы туралы айтады. Сондай ұйым, сондай-ақ депозитарийге өз құзыреті саласындағы кез келген тиісті өзгеріс туралы хабарлайды.
4. Осы Конвенция сондай ұйымның кем дегенде бір мүше-мемлекеті осы Конвенцияға қол қойған жағдайда осы Конвенция, сондай-ақ кез-келген мемлекетке немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымына қосылу үшін ашық. Қосылу туралы құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылу кезінде аймақтық ұйым осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыреті саласы туралы айтады. Сондай ұйым, сондай-ақ депозитарийге өз құзыреті саласындағы кез келген тиісті өзгеріс туралы хабарлайды.
37-бап
Хаттамалармен өзара байланыс
1. Осы Конвенция бір немесе бірнеше хаттамалармен толықтырылуы мүмкін.
2. Хаттаманың қатысушысы болу үшін экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы немесе мемлекет, сондай-ақ осы Конвенцияның қатысушысы болуы тиіс.
3. Осы Конвенцияның Қатысушы-мемлекеті егер ол хаттама ережелеріне сәйкес оның қатысушысы болмаса, хаттамамен байланысты емес.
4. Осы Конвенцияға қатысты кез келген хаттама осы Конвенциямен бірге осы хаттаманың мақсаттарын ескере отырып, талқыланады.
38-бап
Күшіне енуі
1. Осы Конвенция қырқыншы ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекіту не қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған датасынан кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді. Осы тармақтың мақсаты үшін экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы сақтауға тапсырған кез келген сондай грамота немесе құжат сондай ұйымның мүше-мемлекеттері сақтауға тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымша ретінде қаралмайды.
2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін не қырқыншы ратификациялық грамота немесе осындай әрекет туралы құжат сақталуға тапсырылғаннан кейін оған қосылатын әрбір мемлекет немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы үшін осы Конвенция сондай мемлекет немесе ұйым тиісті грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсыру датасынан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
39-бап
Түзетулер
1. Осы Конвенция күшіне енген соң бес жылдан кейін Қатысушы-мемлекет түзету ұсынып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жолдауы мүмкін. Ол ұсынылып жатқан түзетуді сол ұсынысты қарау және ол бойынша шешім қабылдау үшін қатысушы-Мемлекеттерге және Конвенция Қатысушыларының Конференциясына жолдайды. Қатысушылар Конференциясы әрбір түзету бойынша консенсусқа жету үшін бар күш-жігерін салады. Егер консенсусқа жету бойынша барлық күш-жігерлер таусылса және келісімге қол жетпесе, онда шекті шара ретінде, түзетуді қабылдау үшін Қатысушылар Конференциясының отырысындағы дауысқа салуда болған және қатысқан Қатысушы-мемлекеттерінің үштен екі дауысы талап етіледі.
2. Құзыреті шегіне жататын мәселелерде экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы Конвенцияның қатысушылары болып табылатын мүше-мемлекеттерінің санына тең дауыстары бар болғанда өз дауыс құқын осы бапқа сәйкес жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы- мемлекеттермен ратификациялануға, қабылдануға немесе бекітілуге жатады.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Біріккен ратификациялық грамотаны немесе сондай түзетуді қабылдау не бекіту туралы құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсыру датасынан кейін тоқсан күннен кейін Қатысушы-мемлекетке қатысты күшіне енеді.
5. Түзету күшіне енгенде, ол онымен байланысты болуға келісім білдірген Қатысушы-мемлекеттер үшін міндетті болады. Басқа қатысушы-Мемлекеттер осы Конвенциялық ережелерімен және олар бұрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен кез келген түзетумен байланысты болып қала береді.
40-бап
Күшін жою
1. Қатысушы-мемлекет Біріккен Ұлттар ӨҰйымының Бас Хатшысына жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Конвенцияның күшін жоюы мүмкін. Сондай күшін жою Бас хатшы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін бір жылдан кейін күшіне енеді.
2. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы оның барлық мүше-мемлекеттері осы Конвенцияның күшін жойғанда осы Конвенцияның қатысушысы болмайды.
3. Осы Конвенцияның күшін осы баптың 1-тармағына сәйкес жою оның кез келген хаттамаларының күшін жоюға әкеліп соқтырады.
41-бап
Депозитарий және тілдер
1. Осы Конвенцияның депозитарийі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы тағайындалады.
2. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері тең түпнұсқасы болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтауға тапсырылады.
МҰНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН өз үкіметтері тиісті түрде уәкілдік берген, төменде қол қойған өкілетті өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының мәтіні аудармасының дұрыстығын куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрілігі Штабының
Халықаралық ынтымақтастық
басқармасы бастығының орынбасары
полиция капитаны