Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 111-1 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 562-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      20, 36, 37 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Петропавл - Қызылорда;
      36. Қарағанды - Ақтоғай;
      37. Астана - Қызылту;
      45. Астана - Маңғыстау;";
      мынадай мазмұндағы 55, 56, 57-тармақтармен толықтырылсын:
      "55. Алматы - Сарыағаш;
      56. Астана - Тобыл;
      57. Астана - Жезқазған.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі