20.09.2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 және 2006 жылғы 30 маусымдағы N 626 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 маусымдағы N 808 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 22, 274-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құрамаларын және құтқарушыларды аттестаттау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. АҚҚ аттестаттау авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау мақсатында өткізіледі.";
      6-тармақтағы:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстарды және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік береді.";
      8-тармақта:
      бірінші абзацтағы»"заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздер "заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарын және өзге де авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына берілген куәлік қайтарылып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрады.";
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.08.2014 N 938 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Дата вступления в силу:  20.09.2007
Дата изменения акта:  12.10.2015
Дата принятия акта:  20.09.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 384-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  35076
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  820
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005004002000 / 031011000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz