23.08.2007

Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 N 1585 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 N 1585 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тамраққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 N 1585 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2007 жылғы 23 тамыздағы 
N 732 қаулысымен   
бекітілген   

  Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.12.23 N 1585 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің       
2007 жылғы 23 тамыздағы  
N 732 қаулысымен   
бекітілген    

  Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      1. Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының;
      2) лицензиарға өнім өндіру көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін (қос тотықты көміртекпен қанықтырылғаннан басқа), лицензиар пломбылаған және белгіленген талаптарды қанағаттандыратын алкоголь өнімінің өндірілу көлемдерін есепке алу приборларының;
      3) қойма үй-жайлары - тек қана этил спирті мен алкоголь өнімін қабылдауды, сақтауды, босатуды және есепке алуды жүзеге асыруға арналған, нормативтік техникалық құжаттамаларға сәйкес келетін мамандандырылған тұрақты үй-жайлардың және (немесе) алаңдардың;
      4) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді регламенттейтін техникалық құжаттаманың (санитарлық нормалар мен ережелер, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері);
      5) тұрақты коммуникациялар - нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, бу, салқын, электр жабдықтаудың және кәріздің;
      6) қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің;
      7) өлшеу құралдарының (шикізатты қабылдау және беру үшін таразы және өлшеу шаруашылығының);
      8) өндірісті және сынақ зертханаларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтымның;
      9) нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес алкоголь өнімін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, көмекші материалдарды, ыдыстарды сақтау жағдайларының;
      10) жабдықтардың айрықшалығымен, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларымен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының;
      11) арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өнімдерін (күштілігі он екі пайызға жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) әрбір технологиялық желіге тоқсандар бойынша бір қалыпты жылына 200 мың декалитрден төмен емес көлемде өндіру және өнім шығару мүмкіндігінің;
      12) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншік құқығында тұрақты өндірістік үй-жайлар мен жабдықтардың болуын қамтиды.


Дата вступления в силу:  23.08.2007
Дата изменения акта:  29.01.2013
Дата принятия акта:  23.08.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 345-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 10 қазан N 319
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  34843
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  732
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005004002000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ / ТРЕБ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz