19.07.2007

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

      "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 230  Жарлығына  сәйкес және спорттағы дарынды балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы "Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары үшін спорт резервінің орталықтандырылған даярлығын қамтамасыз ететін ұйымдастыру жағдайын жасау болып белгіленсін.

      3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1)» (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      2)»"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:
      "3-1. Алматы қаласының»"Шаңырақ" шағын ауданындағы»"Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      


Дата вступления в силу:  19.07.2007
Дата изменения акта:  15.04.2008
Дата принятия акта:  19.07.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 290-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  34116
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  613
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  024008000000 / 005004001000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz