30.06.2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бір ай мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Орталық атқарушы органдар өз регламенттерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 550 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.

      2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен , "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.

      4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

      5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      6. Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы өз

      құзыретіне енетін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық

      мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына, жауапты хатшыларға (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) олармен алдын ала келіспей-ақ орындалуға міндетті тапсырмалар бере алады.

      9. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары бойынша, сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобалары бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.

      10. Министрліктер мен Үкіметтің құрамына кірмейтін өзге орталық атқарушы органдар аппараттарының қызметін ведомствоаралық үйлестіруді Кеңсе Басшысы жауапты хатшылармен (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткізу және Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмалары жолымен жүзеге асырады.

2. Кіріс хат-хабарларын қарау

      11. Премьер-Министрге және оның орынбасарына (бұдан әрі - Үкімет басшылығы) арналған хат-хабарды Кеңсе алдын ала қарайды.

      12. Кеңсе:

      өтініш берушілердің немесе өзге де мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;

      әзірлеуші мемлекеттік органдардың мүдделі мемлекеттік органдардың немесе жұмыс органдары орталық атқарушы органдар болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың олар дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын қарау туралы тапсырма беруін сұрайтын өтініштерді;

      мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы, бірақ өтініштерде көтерілетін мәселелер құзыретіне енетін орталық атқарушы органдарда пысықталмаған өтініштерін;

      берілуі белгіленген есептілікте көзделмеген ақпаратты;

      Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты;

      салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтініштерді;

      жабық конверттердегі хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келгендерді, сондай-ақ соттар жібергендерді қоспағанда);

      осы Регламенттің және""Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (бұдан әрі - Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қайтаруға құқылы.

      13. Кеңсе:

      облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тиісінше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін;

      кейіннен авторына хабарлай отырып, мәселенің мән-жайы бойынша қарау үшін тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін жібереді.

      14. Кеңсе Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған:

      мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға, Үкімет басшылығына және Кеңсе Басшысына арналған құжаттарға қол қоюға бірінші басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға (бұдан әрі - басшы);

      өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы;

      министрліктің немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға қол қойған құжаттарды қабылдайды.

      15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына

      бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар

      мынадай жағдайларда енгізеді:

      1) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;

      2) орталық атқарушы органдардың арасында қағидатты сипаттағы және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;

      3) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.

      Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.

      16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік органның басшысының келісімі (ведомствоның хатында бұрыштамасы) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.

      17. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды.

3. Үкімет мәжілістері
3.1. Үкімет мәжілістерін жоспарлау

      18. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада

      белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.

      19. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесі жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізілетін Үкімет мүшелері мен агенттіктер төрағаларының ұсыныстары негізінде Премьер-Министрдің өкімімен бекітіледі.

      Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктердің төрағаларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.

      Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның басшысы (жауапты хатшы немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлға) немесе өзге де мүдделі органның (ұйымның) басшысы қол қойған, Премьер-Министрдің атына жазылған жазбаша өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.

      20. Кезектен тыс Үкімет мәжілістері Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша шақырылады.

3.2. Үкімет мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі

      21. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған

      мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Президент шақырады.

      22. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде

      Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.

      Мәжілістерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.

      Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.

      23. Мәжіліс, егер оған Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.

      24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен келісілген тізім бойынша агенттіктердің төрағалары (жауапты хатшылар немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар), Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.

      Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне Кеңсенің шақыруы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.

      Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.

      25. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге Үкімет мүшелеріне және Кеңсе Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу жолдайды.

      Үкімет мәжілістеріне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына (жауапты хатшыларға немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғаларға) жүктеледі.

      Премьер-Министрдің не оны алмастырушы немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмасы бойынша Үкімет мәжілісі шұғыл түрде өткізілетін айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін және Үкімет мәжілісіне қатысушыларға мәжілісте тікелей жеткізіледі.

      26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар Үкімет

      мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешімнің жобасын,

      анықтамаларды, салыстырма кестелерді, ақпараттық (талдамалық) және басқа да материалдарды қамтуға тиіс. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалатын материалдарға қойылатын талаптар Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен айқындалады.

      27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан

      Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі

      нұсқаулықтың талаптарына сәйкес енгізіледі.

      28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.

      29. Үкімет мәжілісінде қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет мәжілісінің стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде болатын кеңестердің хаттамасын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.

      30. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға Кеңсенің

      құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өздерінің құзыретіне жататын

      мәселелер бойынша), Премьер-Министр Хатшылығының меңгерушісі, Кеңсе

      Басшысының орынбасары, Премьер-Министрдің орынбасары, Кеңсе Басшысы

      бұрыштама соғады және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.

4. Үкімет қаулылары
(Премьер-Министр өкімдері)
4.1. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі

      31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.

      32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз

      бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.

      Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.

4.2. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу

      33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.

      34. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы (өкім) жобасының көшірмесін, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жібереді. Қаулының (өкімнің) жобасының көшірмесін келісуге алған кезде мемлекеттік органдар олардың басқа мемлекеттік органдардың оған алдын ала бұрыштама соғуын талап етуге және үстірт және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.

      35. Орталық атқарушы органдардың Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы жауапты хатшылар (немесе жауапты хатшының функцияларын орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар) арқылы жүзеге асырылады.

      36. Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда,

      қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті келісілуге тиіс. Әділет министрлігі және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі теріс қорытынды берген кезде, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасы Кеңсеге енгізілмейді.

      37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны әзірлеуші оны уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытындысы болған кезде Үкімет басшылығының қарауына енгізеді.

      38. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулылардың (өкімдердің) жобалары сараптамалық қорытынды алу үшін дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберіледі. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының (өкімнің) жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.

      39. Заңнамаға сәйкес Әділет министрлігінде құқықтық сараптама жасауға жататын халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою мәселелері жөніндегі қаулылардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілуге тиіс, ал құқықтық сараптамадан өткендері Сыртқы істер министрлігінде келісуге жатады. Бұл жобаларға мыналар қоса беріледі:

      1) тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық

      ұйыммен келісілген әзірлеуші органның басшысы алдын ала қол қойған

      халықаралық шарттың жобасы не Сыртқы істер министрлігі куәландырған оған сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымға кіруі немесе одан шығуы не Қазақстан Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) мәтіні;

      2) Сыртқы істер министрлігі куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері және оларға қаулының жобасында немесе халықаралық шарттың жобасында сілтемелер бар жобаны әзірлеуші куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар.

      Қол қойылған халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің дәлме-дәлдігін тиісінше Сыртқы істер министрлігі және әзірлеуші орган оларды Кеңсеге енгізгенге дейін қамтамасыз етеді.

      40. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты, импорты және транзиті мәселелері бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылардың жобаларын келісу мен енгізу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.

      41. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен

      зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың

      жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.

      42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды тұлғаларын өзгертуді (ұлғайтуды немесе қысқартуды) көздейтін қаулылардың жобалары бойынша Үкімет мұндай өзгеріске Президенттің немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігінің жазбаша келісімін алуға тиіс.

      43. Әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша келісуші

      мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау мақсатында Премьер-Министрде мәжіліс өткізілуі мүмкін.

      44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы

      жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын

      келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.

4.3. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі

      45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

      1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс күні;

      2) Премьер-Министр өкімдерінің жобалары - 5 жұмыс күні;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою,

      сондай-ақ ізгілік көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің

      жобалары - 3 жұмыс күні.

      46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе

      Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.

4.4. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер

      47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Бұл жағдайда әзірлеуші оған келісуші орган басшысының бұрыштамасын қою үшін жобаның түпнұсқасын ұсынады;

      2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте ескерту келісуші органның басшысы қол қойған хатта баяндалады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін жобаның түпнұсқасы келісуші органның бірінші басшысының бұрыштамасын соғуға ұсынылады;

      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші органның

      басшысы қол қойған келісуден бас тартуға уәждеме бар хат қоса беріледі.

      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын""ескертулермен" келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.

      48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешімді іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды. Мемлекеттік органдардың басшылары келіспеушіліктер хаттамасына қол қояды.

4.5. Қаулылардың жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі

      49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге Кеңсеге енгізеді.

      50. Мемлекеттік органдар Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізетін мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      2) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны қамтуға тиіс, онда мынадай негізгі мәліметтер қамтылуға тиіс:

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге жасалған сілтеме бар жобаны қабылдауға негіз, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ Республикалық бюджет комиссиясының шешімі қажет болған кезде (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтемелер, Республикалық бюджет комиссиясының шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайдағы болжалды салдарлар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілер қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етіледі ме екендігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

      Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулының (өкімнің) жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты дара кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) артуын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларымен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеудің дәлелденген себептерін келтіруге тиіс;

      3) егер Үкімет қаулысының енгізілетін жобасымен Үкіметтің

      қолданыстағы қаулыларына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      көзделетін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған Үкімет қаулысының бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;

      4) егер қаулының (өкімнің) жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаған жағдайда, дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары;

      5) Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау

      министрлігінің қорытындылары;

      6) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы).

      51. Жобаға ілеспе хатқа әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      52. Қаулылар (өкімдер) жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қояды.

      53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.

4.6. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару

      54. Жоба пысықтауға:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының шешімі бойынша;

      3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;

      4) жобаны әзірлеуші орган басшысының (жауапты хатшының) не оның өкілінің (ол өкілеттік берген тұлғаның) жазбаша келісімі болған кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзірлеушінің өкілі (өкілетті тұлғасы) жобаның келісу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен қайтарылуы мүмкін. Әзірлеушінің жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 7 жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.

      56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім

      көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеушілер қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші Кеңсеге пысықталған жобаны не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Қаулылардың жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.

      57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы

      әзірлеуші органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.

      58. Премьер-Министр қаулының (өкімнің) жобасын қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.

      59. Жоба:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде қабылданбауы мүмкін.

4.7. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару

      60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен Үкімет мүшелеріне жібереді. Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министр айқындайтын мерзімдерде түсу тәртібімен қаралады.

      61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім

      бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.

      62. Үкіметтің мәжілістерінде қаулының жобасы бойынша әзірлеуші

      мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша қолда бар

      ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.

      63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.

      64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік

      дауысымен қабылданады.

      65. Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша

      өткізіледі.

      66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша

      материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен

      аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы

      Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері

      қысқартылуы мүмкін.

      67. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз өткізеді.

      68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      69. Қаулының жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы

      Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      70. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.

      71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.

4.8. Үкіметтің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) тіркеу және есепке алу

      72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.

      Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:

      1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;

      2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және""қпү" кіші әріптерінен;

      3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес""аса м" -""аса маңызды", "өқ" -""өте құпия", "қ" - "құпия" кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;

      4) бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін қаулылар үшін - әліпбилік тәртіппен берілетін әріптік литері (литерлері) бар бастапқы қаулының реттік нөмірінен тұратын тіркеу нөмірлерін береді.

      Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша қаулылармен (өкімдермен) құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен беріледі.

      73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің

      түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және

      Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.

      74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің

      куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе

      жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша

      даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.

      Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте, бастапқы жіберілген даналарды алғандарға "Бұрынғы жіберілгеннің орнына" мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары жіберіледі. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс.

      Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.

      75. Үкіметтің нормативтік қаулылары қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.

      76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.

      77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.

5. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындау

      78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.

      Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі. Бұл ретте Президент актілері жобаларының түпнұсқаларына әзірлеуші органның және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары бұрыштама соғады, басқа келісуші органдардың басшылары Президент Әкімшілігі белгілеген нысанның келісу парағына қол қояды.

      Президент актілерінің жобалары Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен Президент Әкімшілігіне енгізіледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.

      79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) Президентке арналған хатының түпнұсқасы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы тұлғаның ілеспе хаты;

      2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) және Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасына әзірлеуші орган және Әділет министрлігі бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жай қағаз парақтарында ұсынылған, Үкіметке енгізілген Президент актісінің жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;

      3) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға) қол қойған көлемі 3 парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің мәні мен Президент актісін қабылдау қажеттілігінің, оның ішінде қаржы-экономикалық негіздемесі, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Президент актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны қабылдаудан күтілетін салдардың болжамы жазылады;

      4) егер Президент актісінің енгізілетін жобасымен Президенттің

      қолданыстағы актісіне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған Президент актісінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;

      5) Президент Әкімшілігі белгілеген нысан бойынша жасалған Президент актісі жобасының келісу парағы;

      6) өзге де қажетті материалдар.

6. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1. Заң шығару қызметін жоспарлау

      80. Үкіметтің заң шығару қызметі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

      81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарларын ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Жоспар заң жобаларының, оның ішінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар, нақты заң жобаларын Әділет министрлігіне, Үкіметке және Қазақстан Республикасының Парламентіне (бұдан әрі - Парламент) енгізу мерзімдері, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мен енгізу үшін жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып, қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының тізбесін білдіреді.

      82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі

      мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) ұсыныстарының негізінде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы қоса береді.

      Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға қандай да бір заң жобасын енгізу үшін міндетті шарт болып табылады.

      83. Жоспарды Президентпен келісу""Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.

      Мемлекеттік және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, Үкіметтің іс-шаралары жобаларының нормалары (ережелері) заң жобалауды қамтамасыз ету бөлігінде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледі.

      Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу перспективалы Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.

      Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен міндетті түрде келісілуге жатады.

      85. Перспективалы және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы

      бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есептіден кейінгі айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі туралы мәліметті ұсынады.

      Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.

      86. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларынан басқа, жоспардан тыс заң жобалары Ведомствоаралық комиссиямен алдын ала келісуге жатады, оның оң қорытындысы заң жобаларын белгіленген тәртіппен Үкіметке енгізу үшін негіз болады.

      87. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды тұлғалар дербес жауапкершілікте болады.

6.2. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі

      88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында , Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.

      89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою

      туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу

      "Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында

      белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша (халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда)""Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекітілген ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарларды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.

      90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде, қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).

      Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.

      Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына ілеспе хатта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      91. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін дара кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.

      Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.

6.3. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі

      92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.

      93. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке""Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктерге ұқсас.

      94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.

      95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:

      1) заң жобасын, ал қажет болғанда қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы не негізгі жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның ішінде магнитті жеткізгіштерде) және заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;

      2) осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;

      3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі, жобаны қабылдаудың ықтимал салдарының болжамы бар, қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған қаржы-экономикалық есептер мен статистикалық деректер қоса берілген заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың) жобасын, оның ішінде магниттік жеткізгіштегіні;

      4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);

      5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми сараптамасының

      нәтижелері бойынша қорытындыны (қорытындыларды);

      6) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның

      басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;

      7) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар, бұрынғы және жаңа редакциядағы баптардың салыстырмалы кестесі қоса тіркеледі;

      8) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы істер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар оларға қол қойылған өзге тілдердегі ратификациялауға енгізілетін құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі;

      9) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобалары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларын;

      10) Әділет министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау

      министрлігінің қорытындыларын;

      11) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларын (келіспеушіліктер хаттамасын);

      12) белгіленген нысандағы анықтамалық парақты қамтиды.

      96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен

      белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      97. Хабарлануы шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінің 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиісті мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келісу мерзімі олар келіп түскен күнінен бастап 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      98. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе әзірлеуші мемлекеттік органға заң жобасын пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.

6.4. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу,
сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау және заң
жобасын шұғыл қарауды жариялау тәртібі

      99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу""Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:

      1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымды деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттің заң жобаларын шұғыл немесе басымды деп, оның ішінде Үкіметтің бастамасы бойынша жариялануы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;

      2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;

      3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ

      қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және

      толықтыруға бағытталған заң жобалары;

      4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;

      5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық

      қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.

      Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Президенттің Әкімшілігін хабардар етеді.

      100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазба, оның ішінде оны басымды деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігінің негіздемесін қамтуға тиіс.

      Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді.

      Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымды деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсіндірме мен ол шешетін міндеттер қоса берілуге тиіс.

6.5. Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу тәртібі

      101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (не оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқаларымен бірге Парламент Мәжілісіне олардың магнитті жеткізгіштердегі көшірмелері енгізіледі.

      102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      103. Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет жоспарлануы шұғыл деп жарияланған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына 7 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      Президент шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына Президенттің арнайы жолдауы Парламентте жария етілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей немесе осы жолдауды Парламентке жолдағаннан кейін енгізеді.

      104. Парламентке Үкіметтің бастамасы бойынша енгізілген заң жобалары Кеңсеге Парламент Мәжілісінің қаулысы бойынша ғана қайтарылуы мүмкін.

6.6. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған
заң жобаларын қарау тәртібі

      105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.

      Қорытынды дайындауға жауапты ретінде айқындалған мемлекеттік орган Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

      Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.

      106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде магнитті жеткізгіште) Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.

      Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.

      107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының нұсқасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарылады. Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін оның түпкілікті нұсқасын Үкімет бланкісіне Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолымен шығарып ресімдейді.

      Үкімет қорытындысының жобасы бойынша ерекше жағдайларда Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс берулері жүргізілуі мүмкін.

6.7. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі

      108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.

      Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

      Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығының келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауапты болады.

      Көрсетілген тәртіптің бұзылуына білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табылмайды.

      Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайда заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.

      Үкіметтің Парламент Мәжілісі мен Сенатындағы өкілі Регламенттің осы тармағының талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асырады.

      109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын анықтау үшін Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары енгізген барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша 10 күнтізбелік күн ішінде кейіннен Үкімет мәжілісінде қаралуға жататын тиісті қорытындыны дайындайды.

      Бірлесіп атқарушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын 7 күнтізбелік күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

      110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.

      111. Үкіметтің шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттің тиісті палаталарындағы өкілдіктері (бұдан әрі - өкілдіктер) жүзеге асырады.

      Өкілдіктер Премьер-Министрді, оның орынбасарын және Кеңсе Басшысын Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі туралы және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.

      112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді.

      113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күнінен бастап бес күн мерзімде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жібереді, онда міндетті түрде мыналар:

      1) заң жобасының тұжырымдамасы;

      2) Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет;

      3) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге қарама-қайшылықтардың бар екендігі туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық салдарлар туралы ақпарат;

      4) заңның Премьер-Министрдің қолы қойылып бекітілу мүмкіндігі

      туралы қорытынды жазылады.

      Қорытындыдан басқа Кеңсеге Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, сондай-ақ мәселелері Парламент қабылдаған заң қозғайтын өзге де мемлекеттік органдардың хаттарының көшірмелері міндетті түрде енгізіледі.

      Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.

      Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.

      114. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге белгіленген тәртіппен келісілген және мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актіге негізделген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық акті күшіне енген күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімін және өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізеді.

      115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.

7. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      117. Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган 7 күнтізбелік күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Жауаптың жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген мәселелерге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде білдіруге тиіс.

      Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.

      Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі

      118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.

      119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.

      120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.

      Үкіметтің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.

      121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.

      122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.

9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
іссапарларының тәртібі

      123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қалаларына да іссапарға (оның ішінде демалыс және мейрам күндері) шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беруі туралы қолдаухатпен жазбаша өтініш жасауға тиіс.

      Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (қолдаухатында) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуі тиіс.

      Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша қолдаухат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.

      124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның жазбаша қолдаухатынсыз жіберуге құқығы бар.

      125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.

      Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.

10. Орындалуын бақылау тәртібі

      126. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру""Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына , "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы N 4097 Жарлығына , Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрге, Кеңсе Басшысына жүйелі түрде хабардар ететін Кеңсе жүзеге асырады.

      127. Бақылау:

      1) қажетті ақпаратты талап ету;

      2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      4) жергілікті жерге шығып тексеру;

      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылады.

      128. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

      1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Президент актілері;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері, Премьер-Министрдегі және Кеңсенің Басшысындағы кеңестер;

      3) орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілер бар Президенттің Үкіметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің атына, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылатындар);

      4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері.

      129. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      130. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік олар орындалуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына (жауапты хатшыларға) жүктеледі.

      131. Президент актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар үш күн мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.

      132. Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің орындалу мерзімін Премьер-Министр не нақты актінің орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттік орган басшысының белгіленген тәртіппен енгізілген жазбаша қолдаухаты негізінде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзімін қайталап ұзартуға ерекше жағдайларда жол беріледі.

      Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін және тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындалу мерзімі 5 күннен аз тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.

      133. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететін тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.

      Үкіметке және/немесе Кеңсеге тапсырмалары бар Президент актілерін бақылаудан алу және олардың орындалу мерзімін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.

      134. Егер Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жиынтықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган өзінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, бірлесіп орындаушылар орындау мерзімінің бұзылуына жауапты болады.

      135. Президенттің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырма берілген күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауы тиіс.

      136. Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бірге орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындайды.

      137. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларында және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі мәжіліс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда оның атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мәжілістен (кеңестен) кейін бірден, оларға мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

      Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, тапсырма берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал""шұғыл" немесе""жеделдетіңіз" деген белгі болған кезде 10 күн мерзімде орындалады.

      Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, сауал және заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап тиісінше 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.

      Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді.

      Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның басшысы (жауапты хатшы) кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

      Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдар орындаған кезде қатарында""(шақыру)" белгісі қойылған атауы бар орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы.

      Белгіленген орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныстар қайтадан енгізілген кезде мемлекеттік органдардың басшылары (жауапты хатшылар) бір уақытта жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпарат ұсынуға тиіс.

      138. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.

      139. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:

      1) Президенттің тапсырмалары, оның ішінде Президент актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;

      2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;

      3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің

      актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;

      4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде олар өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министр орынбасарының қарары бойынша;

      5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша жүзеге асырылады.

      140. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілері бойынша нөмірге, күні мен тапсырманың нақты тармағына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде де осындай тәртіп, бұл ретте егер тапсырма болмаса, бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.

      141. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

      2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;

      3) егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.

      142. Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының іс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының, оның ішінде Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын енгізуді көздейтін хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін тиісті қаулы немесе өкім қабылдау негіз болып табылады.

      143. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.

      144. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.

      145. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңсенің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      146. Кеңсе Басшысы Кеңсенің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкімет тапсырмаларының орындалуы мәніне тексеруді жүзеге асыруға

      тапсырма беруге құқылы.

      147. Кеңсе Басшысы оның орынбасарлары осы Регламенттің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша

      _______________________________________________

      жобаның атауы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

      ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/

с

N

Түсіндірме жазбада

көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші

мемлекеттік

органның

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші

мемлекеттік орган


2.

Жобаны қабылдау

қажеттігінің негіздеме-

сі


3.

Жоба қабылданған

жағдайда болжанатын

әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық

салдар


4.

Жобаны іске асыруға

байланысты болжанатын

қаржылық шығындар


5.

Жобаны қабылдаудың

нақты мақсаттары,

күтілетін нәтижелердің

мерзімі мен болжанатын

тиімділігі


6.

Жобада қаралатын

мәселелер бойынша

Президенттің және/немесе

Үкіметтің бұрын

қабылданған актілері

және олардың іске

асырылу нәтижелері

туралы мәліметтер


7.

Заңнаманы кейін жобаға

сәйкес келтіру қажетті-

гі


8.

Премьер-Министрдің

тапсырмасы бойынша

басқа ұйымдарда қосымша

(құқықтық, экономикалық,

экологиялық, қаржы және

басқа да) сараптама

жүргізілген жағдайда

оның нәтижелері


9.

Өзге де мәліметтер



      Мемлекеттік органның

      бірінші басшысы _____________/______________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      __________________

      күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

      бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін

      ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ

      1.__________________________________________________

      жобаның атауы

      2. Дауыс беру нәтижелері:

Р/

с

N

Үкімет

мүшесінің

лауазымы

Дауыс берді:*

Дауыс

берген

жоқ

жақта-

ғандар

қарсы

болғандар

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.
















Дауыс берген

Үкімет мүше-

лерінің

барлығы





      * Тиісті сандар қойылатын""Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың""Дауыс берді" және""Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше""+" немесе""-" белгілері қойылады.


Дата вступления в силу:  30.06.2007
Дата изменения акта:  02.06.2022
Дата принятия акта:  30.06.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 22, 255-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  33870
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  550
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001005000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / РЕГЛ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz