Павлодар облысы Павлодар қаласының бас жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 маусымдағы N 485 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.06.2018 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Павлодар облысы Павлодар қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облыстық мәслихаты мақұлдаған Павлодар облысы Павлодар қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.

      2. "Павлодар қаласы дамуының бас жоспары туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1984 жылғы 12 шілдедегі N 295 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Жоба
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 маусымдағы
N 485 қаулысымен
бекітілді

Павлодар қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың мәні

      Павлодар облысының орталығы - Павлодар қаласының бас жоспары қала құрылысының аймақтарға бөлуді, аумақтың жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастырылуын, көліктік және инженерлік қатынастар, көгалдандыру және көріктендіру жүйесін белгілейтін кешенді жоспарлануын анықтайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

      Павлодар қаласының бас жоспары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына сәйкес әзірленді, ол кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтті (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 2-688/06 жиынтық қорытындысы).

      Бас жоспарда мынадай жобалау мерзімдері қабылданған:

      бастапқы жыл - 2004 жыл (2004 жылғы 1 қаңтар);

      есептік мерзім - 2005-2015 жылдар (бірінші кезектегі құрылысты 2005-2010 жылдарға шығарумен);

      болжамды мерзім - 2005-2030 жылдар.

      Бас жоспармен табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ функционалдық аймақтарға бөлуді, резервтік аумақтар мен табиғи және техногендік құбылыстардың, үдерістердің қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды қоса Павлодар қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

2. Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты

      Павлодар қаласы қала құрылысы дамуының басты мақсаты - қаланың тұрақты дамуы және қазіргі халқы мен болашақ ұрпақтары үшін өмір сүрудің қолайлы ортасын құру. Осы мақсатқа жету былай сипатталады:

      өмір сүру ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;

      қала құрылысы шешімдерінің мәдени мирасқорлығы, кеңістік бірлігі, эстетикалық көркемдігі, қаланың үйлесімі мен орталық сан түрлілігі;

      көлік және инженерлік инфрақұрылымдардың беріктігі мен қауіпсіздігі, тұрғын үй мәселесін шешу кешенділігі, тұрғын үй аумақтарын қайта құру мен дамыту және тұрғын үй ортасын қалыптастыру;

      өндірістік аумақтарды пайдалану тиімділігі, қоғамдық орталықтар жүйесінің дамуы мен қол жетімділігі.

      Көрсетілген мақсаттарға жету Павлодар қаласының аумағында құрылыс жүргізу, қайта ұйымдастыру және көріктендіру, құрылыс жүргізуді қайта құру, өмір сүру ортасының сапалы сипаттамаларын көтеру жолымен жүзеге асырылуы тиіс .

3. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер

      Павлодар қаласында құрылыс жүргізу Ертіс өзені жағына әлсіз еңісі бар өзен-аллювиалдық павлодарлық жазықтықпен қосылатын Ертіс өзенінің бірінші жайылма үсті ашық алаңында үзілген жолағы шегінде орналасып, 135-154 м абсолюттік белгілерімен сипатталады.

      Климаты

      Қысы қауырт құрлықтық суық, жазы қоңыржай ыстық. Құрылыс-климаттық аудандауға сәйкес Павлодар қаласы ІВ қосалқы ауданына жатады. Ең ыстық шілде айы ауасының орташа айлық температурасы 21,7 о , абсолюттік температура максимумі + 42 о . Қаңтардың күндізгі температурасының орташа айлық белгісі -17,6 о , -23 о құрайды, ал абсолюттік минимумі -47 о .

      Ылғалдылық режимі

      Павлодар ауданында жауын-шашынның орташа жылдық саны (жылына 278 мм) жасыл егістердің суарусыз өсуі үшін жеткіліксіз. Соңғы жылдары қысқы жауын-шашынның саны (орташа алғанда 10-25 мм) біршама төмендей түсті.

      Қар қабаты орнықты; оның орташа биіктігі 11-17 см-ден аспайды.

      Қатудың есептік тереңдігі 232 см-ге тең.

      Жел режимі

      Ауданда материктік сипатқа ие болып, қыста оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс желдердің және жазда солтүстік-батыс, батыс желдердің басымдылығымен сипатталады.

      Ауданның белсенді жел режимін шаңды дауыл соғатын көп күндер санымен айқындайды. Шаңды дауылдар мамыр-шілдеде аса жиі болады, олардың қайталануы айына 3-6 күнді құрайды.

      Гидрографикалық, гидрологиялық жағдайлар

      Ертіс трансшекаралық өзен болып табылады; ол өзінің бастауын Моңғолия аумағындағы Алтай тауларынан алады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне құйылады және облыстың негізгі су күретамыры болып табылады.

      Павлодарға енетін учаскеде өзеннің негізгі арнасы бастапқы оң жағаға келеді. Арнаның ені 200-500 м, тармақтарында 1100-1300 м.

      Су режимі

      Ертістің су режимі көктемгі су тасқынымен (наурыздың соңы - мамырдың басы), жаңбыр селімен және орнықты қыстағы өзеннің төменгі сабасымен үзілетін жазғы-күзгі кезеңде өзеннің төменгі сабасымен сипатталады.

      Павлодар қаласының маңындағы Ертіс өзенінің мұз режимі ұзақ мұздың қатуымен (140-160 күн) сипатталады. Оның ашылуы көктемгі сең жүрумен (3-5 күн) және күшті сең бууымен бірге жүреді.

      Өзендегі судың орташа минералдануы - 200-500 мг/л. Химиялық құрамы бойынша өзеннің суы гидрокарбонат класына жатады.

      Дала бөлігіне ағынсыз, таяз (1-2 м) суффозиялық көлдер тән, олардың көлемі, әдетте, 100-300 га-дан аспайды. Көлдердің көпшілігі жазғы кезеңде кеуіп, сорлар мен тақырларға айналады.

      Инженерлік-геологиялық жағдайлар

      Қала аумағын қала құрылысы аймақтауда анықтаушы факторлардың бірі болып табылады. Осыған байланысты қала аумағы аудандарға бөлінген:

      I аудан - солтүстік, солтүстік-батыс бағытта аккумулятивтік аллювиалдық жазықтық, жазық толқынды, әлсіз еңісті және Ертіс өзенінің жайылмасымен, екі жайылма үсті ашық алаңдарымен белгіленеді. Ауданда үш қосалқы аудан ерекшеленеді: I-1 - Ертіс өзенінің қазіргі жайылмалық ашық алаңы; жалпы қуаты 25 м-ге дейін болатын құмды-қиыршық тасты жұмыртасты топырақта (аQ іv ) жатқан қазіргі аллювиалдық аз қуатты саздақ-балшық шөгінділерінен тұрады; қаланың 5,5% аумағын алады; I-2 - I Ертіс өзенінің жайылмаүсті ашық алаңы; жалпы қуаты 10-12 м болатын қиыршық тасты топырақта (а 1 Q iii ) жатқан құмайттар, саздақтар, саз балшықтар қабатшасымен бірге жоғары төрт еселік аллювиалдық түрлі қиыршықты құмдардан тұрады; қаланың 20,7% аумағын алады; I-3 - II жайылмаүсті ашық алаңы, Ертіс өзенінің сол жақ жағалауының бойында орналасқан және неогендік топырақ шөгінділері жатқан жалпы қуаты 3 - 8 м, тереңдікте түрлі қиыршықты құмды топыраққа (а 2 Q iii ) ауысатын жоғары төрт еселік аллювиалдық аз қиыршықты және шаң-тозаңды құмдардан тұрады.

      I-1 қосалқы ауданның аумағы құрылыс үшін қолайсыз ауданға жатқызылды (құрылыстың қымбаттауы 1 га құрылыс жүргізу 23,6%-ды құрайды). Мұнда қамтамасыз етілуі 1% аумақты биік су басу (қымбаттау 6,6%), аумақтың батпақтығы (құрылыстың қымбаттауы 6%), ыза су деңгейінің 0-ден 2 м-ге дейін биік орналасуы (қымбаттау 4%), шөгу бойынша топырақ жағдайларының бірінші түрі (қымбаттау 4%) сияқты қауіпті үрдістер дамыған. Жоспарлау жұмыстарын жүргізуге қымбаттау 3%-ды құрайды.

      I-2 қосалқы аудан ыза су шөгінділерінің деңгейі бойынша төрт учаскеге бөлінеді: І-2-А - 5 м-ден аса, І-2-Б - 3-тен 5 м-ге дейін, І-2-В - 2-ден 3 м-ге дейін, I-2-Г - бедерінен 2 метрден кем. І-2-А және І-2-Б учаскелердің аумағы шөгу бойынша топырақ жағдайларының бірінші түрінің болуы (қымбаттау 4%) және жоспарлау жұмыстарын жүргізу (қымбаттау 3%) есебінен, сондай-ақ І-2-Б учаскесінде ыза судың жақын шөгуі (қымбаттау 2%) есебінен құрылыс үшін (қымбаттау 7-9%) шектеулі-қолайлыға жатады. І-2-В және 1-2-Г учаскелердің аумағы құрылыстың қымбаттауы 11%-ға дейін шектеулі-қолайсызға жатады. Мұнда I түр топырағының шөгуімен бірге аумақты су басу (құрылыстың қымбаттау 4%) сияқты үрдіс дамыған.

      I-3 қосалқы ауданның аумағы ыза су шөгінділерінің деңгейі бойынша екі учаскеге бөлінеді: І-3-А (3 м-ден аса) және І-3-Б (3 м-ден кем). І-3-А учаскесі құрылыс үшін қымбаттауы 9%-ға дейін (шөгу бойынша топырақ , жағдайларының бірінші түрі, жер бетінен УГВ 3 м-ден аса, жоспарлау жұмыстарын жүргізу) шектеулі-қолайлыға, І-3-Б учаскесі - құрылыстың қымбаттауы 11%-ға дейін шектеулі - қолайсызға (ыза су деңгейінің 3 м-ден төмен орналасуы есебінен) жатады.

      II аудан - Ертіс өзенінің алқабына қарай денудациялық көл-аллювиалдық, жазық толқынды және әлсіз еңісті. Әлсіз деңгейдегі бетінің тегістік сипаты жазық дөңгелек батпақты және сор топырақ ойпаттармен, ұсақ көл қазаншұңқырларымен бұзылады. Аудан төрт қосалқы ауданға бөлінеді: II-1 - қуаты 0,3-тен 0,5 м-ге дейін ұсақ қиыршықты құмдар мен құмайттар қабатшалары мен линзалары бар жоғары төрт еселік (I Q, iii-iv ) саздақбалшық шөгінділерінен тұратын көл-аллювиалдық қазаншұңқырлардан; ІІ-2 - жалпы қуаты 20-25 м Құлынды свитасының плиоцендік (N 2 kln) түрлі қиыршықты құмдардан тұратын жазықтық; Павлодар қаласынан шығыс жақта орналасады; ІІ-3 - қуаты 0-ден 30-50 м-ге дейін қиыршық тас пен жұмыртас бар Павлодар свитасының плиоцендік-миоцендік (N 1-2 pv) құмдардан тұратын балшық арасындағы жазықтық; қала аумағының шамамен 74%-н алады; II-4 - қуаты 15-тен 70 м-ге дейін құмдар мен құмайттың сирек линзалары бар Қалқаман свитасының миоцендік (N,klk) балшықтарынан тұратын жазықтық; шөгінділердің шығуы Ертіс өзенінің сол жақ жағалауынан болады.

      II-1 қосалқы ауданы аумақтың батпақтығы/сор топырақтығы (құрылыстың қымбаттауы 6,7%), 0-ден 2 м-ге дейін ыза су деңгейінің биік орналасуы (қымбаттау 4%), шөгу бойынша топырақ жағдайларының бірінші түрі (қымбаттау 4%), сондай-ақ жоспарлау жұмыстарын жүргізу (қымбаттау 3%) есебінен құрылыс үшін (қымбаттау 17,7%) қолайсызға жатады.

      II-2 қосалқы ауданы ыза су деңгейінің 2 м-ден аса биік орналасуына (қымбаттау 2%), шөгу бойынша топырақ жағдайларының бірінші түріне (қымбаттау 4%), сондай-ақ жоспарлау жұмыстарын жүргізуге (қымбаттау 3%) байланысты құрылыс үшін (қымбаттау 9%-ды құрайды) шектеулі-қолайлыға жатады.

      ІІ-3 қосалқы ауданында ыза судың шөгу деңгейі бойынша бес учаскеге бөлінеді: ІІ-3-А - 10 м-ден аса, ІІ-3-Б - 5-тен 10 м-ге дейін, ІІ-3-В - 3-тен 5 м-ге дейін, ІІ-3-Г - 2-ден 3 м-ге дейін, ІІ-3-Д - бетінде 2 метрден төмен. ІІ-3-А, ІІ-3-Б және ІІ-3-В учаскелерінің аумағы 1 га құрылыс жүргізудің 7-9%-ға дейін қымбаттаумен құрылыс үшін шектеулі қолайлыға жатады (шөгу бойынша топырақ жағдайларының бірінші түрі, жоспарлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ІІ-3-В учаскесінде 3-тен 5 м-ге дейін ыза судың жақын шөгуі - қымбаттау 2%). ІІ-3-Г және ІІ-3-Д учаскелерінің аумағы құрылыстың 11-15%-ға дейін қымбаттаумен шектеулі-қолайсызға жатады. Мұнда I түр топырағының шөгуімен бірге аумақты су басу (құрылыстың қымбаттауы 4%) және ылғалданғанда балшықтың ісінуі (құрылыстың қымбаттауы 4%) сияқты үрдістер дамыған.

      II қосалқы ауданында ыза судың шөгу деңгейі бойынша екі учаскеге бөлінеді: ІІ-4-А (3 м-ден аса) және ІІ-4-Б (3 м-ден кем). ІІ-4-А учаскесі аумағы 1 га құрылыс жүргізудің 9%-ға дейін қымбаттаумен құрылыс үшін шектеулі қолайлыға жатады (3-тен 5 м-ге дейін ыза су деңгейінің орналасуы - қымбаттау 2%, балшықтардың ісінуі есебінен - қымбаттау 4%, жоспарлау жұмыстарын жүргізуге - қымбаттау 3%), ІІ-4-Б учаскесі - құрылыстың 11%-ға дейін қымбаттауымен шектеулі-қолайсызға жатады (топырақты су деңгейінің 3 м-ден төмен орналасуы есебінен).

      Ыза сулар

      Жайылмаүсті ашық алаңдарының ыза сулары 1-ден 17 м-ге дейін тереңдікте жатыр (әдетте 2-5 м). Соңғы 25-30 жылда Павлодар қаласының аумағында, әсіресе қаланың өнеркәсіптік аймағында ыза су деңгейінің көтерілуі байқалуда. Ыза судың шөгу тереңдігі 3-5 м не одан да көп. Су басу үрдісінде қаланың солтүстік және шығыс жақ шетте орналасқан өнеркәсіптік ағындардың күл үйінділері мен жинаушы тоғандардан алынатын суды тазарту жетекші рөл алады (шығарылатын су көлемінен 25-30%).

      Физикалық-геологиялық үрдістер мен құбылыстар

      Қаланың аумағында жағалау баурайының бұзылуы, жыралардың пайда болуы, топырақ батпақтығы мен сортаңдануы түрінде көрінеді. Неоген жыраларының пайда болуы Ертіс өзенінің жар жағасына байланысты. Батпақталу үрдістері, негізінен, Ертіс өзенінің жайылмасында дамыған. Олар жазық рельефпен, беткі ағындылардың болмауына және осы учаскелерде су өтпейтін топырақтың - балшықтардың, саздақтардың болуына байланысты.

      Сумен қамтамасыз етілу жағдайлары

      Павлодар қаласының тұрғындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындары мен мекемелерін сумен қамтамасыз етудің басты көзі Ертіс өзенінің беткі сулары болып табылады. Өзен ағымы бойынша қаладан 3,5 шақырым жоғары орналасқан "Оңтүстік" бас тоғанының суы, негізінде, тұрғындардың, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалалық ұйымдардың, теміржол объектілерінің шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына пайдаланылады. Оңтүстік бас тоғанның өнімділігі 66795 мың м 3 /жыл (183 мың м 3 /тәулік, 2,118 м 3 /с) құрайды және қаланы сумен қамтамасыз етуге жеткілікті.

      "Солтүстік" бас тоғанының суы Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен қамту үшін пайдаланылады. Ол порт пен теміржол көпірінің арасында орналасқан. Бас тоғанның қуаты тәулігіне өзендегі судың 604,8 мың м 3 .

4. Әлеуметтік-экономикалық аспектілер

      Демография

      2030 жылға дейінгі болашақта демографиялық үрдістердің серпіні қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан бері қалыптасқан, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталатын болады.

      Павлодар қаласының демографиялық даму сипаты масштабтары мен бағыттылығы:

      қаланың экономикалық әлеуетінің дамуы;

      тұрғын үй рыногының дамуы;

      жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейі;

      мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат және басқа факторлар сияқты әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижелеріне байланысты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен белгіленеді.

      Тұрғындардың болашақтағы саны болжамының нұсқалары халық өмірі деңгейінің көтерілуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және басқа да өзара байланысты факторлардан туған өмір ұзақтығының өсуі мен көші-қон өсуінің есебінен, халықтың табиғи өсуін кезең-кезеңмен көтеру болжамдарын ескерумен есептелген. 2003 жылы көші-қон оң сальдосына қол жеткізілді және бұл болжамды кезеңге дейін болады деп көзделіп отыр.

      Павлодар әкімдігінің Павлодар қаласы тұрғындарының қазіргі саны 304,5 мың адамды құрады, оның ішінде Павлодар қаласында 286,6 мың адам, Ленин кентінде - 8,6 мың адам тұрады. Басқа ауылдық тұрғындардың саны 9,3 мың адамды құрады.

      2030 жылғы кезеңге дейін Павлодар қаласы тұрғындарының болжалды саны орнықты және инерциялық демографиялық беталыстармен белгіленеді. Павлодар қаласы тұрғындарының жобалық санын есепке алу қала құрамына Ленин кентінің, Павлодар мен Шәукен ауылдарының (2010 жылға дейін) және Кенжекөл, Байдала мен Долгое ауылдарын 2010 жылдан кейін кезең-кезеңмен қосуды ескере отырып орындалды.

      Павлодар қаласының тұрғындары санының өлшемі мынадай шектерде белгіленді:

      2010 жыл аяғында 335 мың адам; есептік кезеңнің 2015 жыл аяғында 370 мың адам.

      Экономика салалары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткіштерін 2015 жылға қарай 108,6 мың адамға дейін жеткізу көзделіп отыр, бұл экономика салаларында жұмыс істейтіндердің қазіргі санымен салыстырғанда, 34,4 мың адамға көп.

      Қаланың әлеуметтік және қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты - бұл қаралып отырған аумақта әлеуметтік-психологиялық жайлылық пен тұрғындар өмір сүруінің жоғары орташа деңгейін жасау.

      Павлодар қаласы қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары тиімділігінің экономикалық индикаторлары 2004 жылмен салыстырғанда, 2015 жылға қарай:

      жалпы аймақтық өнім өндірісі көлемдерінің 3 есе;

      салыстырмалы бағаларда күрделі салымдар көлемдерінің 2,5 есе;

      халықтың жан басына шаққандағы табыстардың 2,5 еседен аса өсіру болып табылады.

      Тұрғын үй құрылысы

      Тұрғын үй ортасын кешенді құрудың негізгі бағыттары есептік мерзімге қаланың барлық тұрғын үй қорын 8 млн. м 2 -ге дейін өсірумен, 1 адамға 20,9 м 2 -21,5 м 2 -ге дейін тұрғын үймен орташа қамтамасыз етуге жеткізуді қарастырады. Құрылыс бос және қайта құрылатын аумақтарда да жүргізілетін болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі жаңа құрылыстың жалпы көлемінен 55-60%-ды құрайды.

      Павлодар қаласы тұрғын үй аумақтарын қайта құру және дамытудың басымдық бағдарламалары:

      аумақты пайдаланудың жоғары қарқындылығы бар қаланың құрылымдық бөліктерінде (магистраль маңындағы аумақтарда, орталық ядрода, қалалық тораптарда және т. б.) қазіргі құрылыстың тығыздылығы төмен және ескі аз қабатты аудандарын қайта құру;

      ескі аз қабатты тұрғын үйді бұзу жалпы ауданы 186,8 мың м 2 құрайды, бұзудан босатылған аумақтар көше-жол жүйесін кеңейтіп, қалыптастыруға, жасыл егістері бар жалпықалалық орталықтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің құрылысына пайдаланылады;

      қайта құру аймағында және қалыптасқан құрылыс жүргізуден бос қалалық аумақтарында тұрғын үй кешендерін қалыптастыру;

      табиғи-ландшафттық қаңқаның және кенттендірілген аудандардың қатынас аймақтарында аз қабатты және тығыздылығы жоғары тұрғын үй құрылыс жүргізу кешендерін қалыптастыру;

      тарихи-мәдени мұраға жататын тұрғын үй кварталдары мен кешендерін жаңғырту, қайта құру және көркейту;

      аз қабатты жеке құрылыстың үлесі көп Орталық және Оңтүстік жоспарлау аудандарын кезең-кезеңмен қайта құру болып табылады.

      Қаланың ипотекалық тұрғын үй қоры тұрғын үй рыногын құрайтын маңызды элементтердің бірі болады. Осы жобамен ұсынылатын тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін есептік кезеңде барлығы 775 млн. долларды, соның ішінде құрылыстың бірінші кезегіне - 333,3 млн. долларды немесе 43% тарту қажет.

      Коттедждердің құрылысы есептік кезеңде 517,5 млн. долларды немесе тұрғын үй құрылысына барлық инвестициялардың 2/3, соның ішінде бірінші кезекке 216 млн. АҚШ долларын қажет етеді.

      Көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін шамамен 258 млн. АҚШ долларын тарту қажет, соның ішінде бірінші кезекке - 117 млн. доллар.

      Жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі 2015 жылға дейін салынуы қарастырылған тұрғын үйді іске қосудың жалпы ауданы 1,75 млн. м 2 немесе жылына, орташа алғанда, 175 мың м 2 -ді құрайды.

      Жаңа алаңшалар кескініндегі жеке құрылыс үшін аумақтардың қажеттілігі есеп беру кезеңіне 1056 га құрайды, оның ішінде екінші кезекке - 591 га.

      Бас жоспарда әлеуметтік-кепілді минимум қызмет көрсету мекемелерінің қамтамасыз етілуін нормативтік көрсеткіштерге және 2015 жылға қарай қалалық маңыздағы объектілер дамуының нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту қарастырылып отыр.

      Көгалдандыру жүйесін дамыту

      Индустриялық орталық жағдайларында жалпы пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтарымен төмен қамтамасыз етушілікті ескере отырып, оларды айтарлықтай дамыту көзделіп отыр. Олар негізінен Ертістің жайылма аумағында (Затон маңындағы гидропарк, "Астана" шағын гүлбағы, жағажайлар) дамытылады. Орталық демалыс саябағын біршама кеңейту, Пахомов зиратының орнында этно-мемориалдық саябақ, Ертіс жаққа жобаланған кең бағытты желекжолдар мен аллеялар жүйесін құру көзделіп отыр. Сол жақ жағалау бөлігінде арнайы және шектеулі пайдалану объектілерін: зоопарк, ипподром, гольф-парк, дендропарк қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Орман қорғау жолақтарын санитарлық-қорғау көгалдандыруға көп көңіл бөлінуде.

      Экономикалық қызмет

      Павлодар қаласы аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр, соның ішінде: ғылымның, білім берудің, мәдениет пен жоғары технологиялық өнеркәсіптің рөлін сақтау; өндірістік, іскери және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, қызмет көрсету салаларын, туризм мен рекреацияның дамуын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурстарды қажет ететін өндірістерді тарату, қайта ұйымдастыру.

      Материалдық өндіріс салаларын қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылымды қажет ететін және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдасына ұсынылып отыр.

      Павлодар қаласының облыстық маңыздағы қала мәртебесін сақтау және ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін, облыстық және республикалық маңыздағы рыноктық инфрақұрылымдар институттарының желісін қарқынды дамыту көзделіп отыр.

      Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының одан әрі тиімді үйлесімі мен өзара қатынасы жоспарланып отыр.

      Бас жоспармен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін көтеріп, қала құрылысы әлеуетін қаланы дамыту мүддесінде аса тиімді пайдалану мақсаты бар өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр.

5. Экологиялық талаптар

      Павлодар қаласы қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады:

      өмір сүру ортасын оның орнықты экологиялық жайсыздық аймақтарында түбегейлі сауықтыру;

      қолда бар табиғи кешен аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, Ертіс өзенінің шаруашылық қызметі нәтижесінде жоғалтқанды қалпына келтіру және қайта жасау, сондай-ақ резервтік аумақтарда жасыл алқаптар қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;

      өмір сүру ортасының жайлылығын арттыру, соның ішінде аумақты көгалдандыру және қаланың тұрғын үй, қоғамдық аймақтарында мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.

      Павлодар қаласы қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарын орындауға қажетті шарттар:

      тұрғындар денсаулығының қауіпсіздігіне қауіп келтіретін экологиялық қатер аймақтарын жою;

      қатты техногендік жүктемеге түскен аумақтарды (рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің, магистраль маңындағы аумақтардағы газдалған аймақтар мен шу жайсыздығы аумақтары) санациялау, қалпына келтіру, қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      жоғары экологиялық қауіп көзі болып табылатын өндірістерді жою;

      аз қалдықты және қалдықсыз таза экологиялық технологияларды, өндірістің ағынсыз циклдарын енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қалалық шаруашылық объектілерін қазіргі заманғы газ тазарту, шаң ұстағыш және су тазарту құрал-жабдығымен 100% жабдықтауға жеткізу;

      ауыз су сапа стандарттарын сақтауды және өндірістік, коммуналдық ағын сулар мен беткі ағынды тазартуды қамтамасыз ету;

      үздіксіз қозғалысты автомагистральдар құрылысын салу;

      жүккөлігінің басымдық қозғалысымен және аралас қозғалысты айналма автомагистраль құрылысын салу;

      өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтары толық өңдеу және зиянсыздандыру болып табылады.

6. Аумақты қорғау және қаланың орнықты дамуын
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

      Жобада тұрақты қызмет етуді арттыру және Павлодар қаласының тұрғындарын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен қорғау мақсатында мынадай қала құрылысы іс-шаралар қарастырылып отыр:

      қаланың аумағын неғұрлым айқын аймақтау;

      қолда бар өнеркәсіптік аймақтарды одан әрі қалыптастыру және қайта ұйымдастыру;

      құрылыс жүргізу аймағын жасыл егістердің жолақтармен жоспарлау аудандарына мүшелеу және өзеннің суқорғау жолақтарын көгалдандыру;

      көше-жол желісін одан әрі дамыту және оның негізінде тұрақты қызмет етудің қалалық желісін қалыптастыру.

7. Тарихи-мәдени мұраны сақтау және қайта өңдеу жөніндегі талаптар

      Павлодар қаласының қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қайта өңдеудің мынадай талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

      қала құрылысы және сәулет құралдарымен қаланың, қалалық және табиғи ландшафттың барлық тарихи табиғи-ландшафттық, жоспарлау, композициялық, археологиялық және орталық негізін, көшелердің, алаңдар мен кварталдардың тарихи желісін, қала құрылысы ансамбльдерін, көру доминанттарын, акценттерін және қалалық кеңістікті көріп қабылдау аймақтарын салудың тарихи жүйесін сақтау, шығару және акценттеу, мәдениеттің жылжымайтын ескерткіштері, құрылыс жүргізу мен көркейтудің тарихи сипаты;

      жылжымайтын мәдени ескерткіштер аумақтары мен оларды қорғау аймақтары үшін көрсетілген аумақтар мен аймақтардың шегінде олардың шекаралары мен қала құрылысы қызметін реттеу тәртіптерін белгілейтін құқықтық қала құрылысы регламенттерін орнату және сақтау;

      жылжымайтын мәдени ескерткіштерін жаңғырту және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың көлемдерін арттыру.

8. Табиғи кешен аумағын сақтаудың және дамытудың негізгі бағыттары

      Павлодар қаласының табиғи кешені негізінен табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафт құрайтын функцияларды орындайтын және қаланың табиғи-ландшафттық қаңқасын қалыптастыратын өсімдігі мен (немесе) суы көп аумақтардың жиынтығы болып табылады. Табиғи кешен аумақтарына: табиғи аумақтар - дендропарк, Ертіс өзенінің жайылмасы; көгалдандырылғын аумақтар - саябақтар, бақтар, желекжолдар мен шағын гүлбақтар, бақсаябақ өнері мен ландшафттық сәулет ескерткіштері, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының, қоғамдық, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы объектілердің көгалдандырылған аумақтары; резервтік аумақтар - бұл бұзылғандарды қалпына келтіру және жоғалған табиғи аумақтарды қайта жасау, жаңа көгалдандырылғын аумақтарды ұйымдастыру үшін резервтелген аумақтар жатады.

      Табиғи кешен аумағын сақтаудың және дамытудың негізгі бағыттары:

      Павлодар қаласы табиғи кешенінің бүтіндігін және оның қала маңы аймағын сақтауды;

      түрлері иерархиялық деңгейдегі рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды;

      табиғи кешеннің нақты аумақтарын жобалау және ұстауды экологияландыруды көздейді.

9. Аумақтық сәулет-жоспарлық ұйымдастыру

      Тұрғын үй және қоғамдық-іскери аумақтарын қосатын негізгі, тарихи қалыптасқан құрылыс жүргізу аймағы барлық қала құрылысы жүйесінің өзегі болып табылады. Оған Орталық және Оңтүстік екі жоспарлық аудан кіреді. Қаланың орталық өзегімен жалпы қалалық орталық осы аудандардың басты элементі болып табылады.

      Қаланың орталық және перифириялық аймақтары аймақтарға бөлу жүйесінде негізгі жоспарлық бағыттар бойынша жоспарлық аудандар ретінде ұсынылған.

      "Солтүстік" жоспарлық ауданы кешенді болып келеді және оған тұрмыстық аудандардан басқа Ескі Ертіс өзені арнасының бойында орналасқан 11-1 (Лесозавод) және 11-2 (Павлодарское, Шаукен ауылдары және Спутник 2 кенті негізінде), коммуналдық-өнеркәсіптік ауданды (өзен маңындағы өнеркәсіптік аудан) кіреді;

      "Шығыс" жоспарлық ауданы; оның құрамына тұрмыстық аудандардан басқа 4-1 (екінші Павлодар) және 4-2 (Жетекші кенті мен Павлодар гидрогеологиялық экспедициясы, Ауыл ауылы мен "Шақат" темір жол станциясы негізінде) коммуналдық кәсіпорындар ауданы кіреді;

      Оңтүстік Семей бағытындағы "Кенжекөл" жоспарлық ауданы; оның құрамына Байдала, Долгое және Кенжекөл ауылдары негізінде қалыптасатын 10-1 тұрмыстық аудан кіреді;

      сол жақ жағалаудағы "Батыс" жоспарлық ауданы қала сипатындағы Ленин кенті негізінде дамиды.

      Қала аумағында табиғаттың табиғи объектілерін қорғау қажеттілігі себебі бойынша құрылыс жүргізуге болмайтын аудандарды қоса тұрмыстық ортаны құру үшін түрлі жарамдылық деңгейімен ерекшеленетін бес аудан бөлінген. Зерттеулер нәтижелері бойынша мына аудандар бөлінген:

      1. Тұрғын үй құрылысына қолайсыз келетін аудан.

      Бұл негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың, кәсіпорындардағы санитарлық-қорғау аймақтарының, сондай-ақ дыбыстық, электр магниттік әсер ету көздерінің аумақтары. Аумақтағы ыза суларының деңгейі жоғары, батпақты, тұзды учаскелері мен жер астындағы сулардың ластану көздері бар.

      2. Тұрғын үй құрылысы үшін шекті түрде қолайсыз аудан. Оған тұрғын үй құрылысы үшін қолайлы жағдайлары бар ауданға қосылатын аумақтар жатады, бұнда ыза суларының деңгейі жоғары, батпақты, тұзды учаскелері мен жер астындағы сулардың ластану көздері бар.

      3. Тұрғын үй құрылысы үшін шекті түрде қолайлы аудан. Ауданға негізінде солтүстікке темір жолға дейін, шығысқа, жоғары деңгейлі ыза сулары бар учаскелерді қоспай, оңтүстікке "Усолка" шағын ауданына дейін созылатын қаланың аумағы кірді. Басқа аумақтар темір жолдан солтүстікке қарай, "Кастинг" ЖШС мен "Литмашкомплект" ЖШС-дан шығысқа қарай, сондай-ақ қаланың зиратынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

      4. Аумақтары құрылыс жүргізуге жатпайтын аудан.

      Аудан аумақтарының құрамына пайдалы қазбалардың орны бар учаскелер кіреді.

      5. Аумақтары шаруашылық жүргізудің құқықтық режимі қызмет ететін ерекше қорғалатын аудан.

      Ертіс өзені арнасындағы мемлекеттік табиғи қаумал.

      Бас жоспардың сәулет-жоспарлық шешімінің негізіне құрылыс жүргізу және өнеркәсіптік аумақтардың тарихи қалыптасқан жүйесі мен Ертіс өзені жайылмасының және көлік магистральдары бойында құралатын қоныстану жүйесінің құрылымы жатады.

      Қаланың аумақтық өсуі, негізінде, тұрғын үй құрылысының құрылымында негізгі көлемді құрайтын аз қабатты тұрғын үй құрылысына және Омбы, Құлынды, Семей және Астана-Екібастұз, Ленин кентімен сол жақ жағалауды қоса алғандағы бағыттарының басты ұшу көліктік магистральдары бойындағы бағытталған қоныстану жүйесін қалыптастыруға байланысты болады.

      Жеке құрылысты бұзу есебінен қайта құру, қаланың қалыптасқан құрылыс жүргізілген бөлігінде қала құрылысы қатынасындағы құнды аумақтарды неғұрлым оңтайлы пайдалану көп қабатты құрылысты дамытудың негізгі жолдарының бірі ретінде қаралып отыр.

      Қаланың солтүстік бөлігіндегі санитарлық зиянды аймақтарды қысқарту алдыңғы бас жоспарда белгіленген қаланы функционалдық аймақтауды қайта қарауға мүмкіндік береді. Санитарлық зиянды аймақтардың жаңа шекараларынан тыс Омбы магистралы бойында солтүстік аумақтар бөлігін құрылыс жүргізілетін аумақтары, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін пайдалану ұсынылып отыр.

      Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы қаланың қазіргі шекараларында жеке тұрғын үй және саяжай құрылысын дамытуға жол бермеді. Санитарлық зиянды аймақтардан тыс қалыптасқан аз қабатты тұрғын үй қорының және саяжай аумақтарының бөлігі тұрғын үй және қоғамдық құрылысын өзгертуге жатады. Өнеркәсіптік және қалалық аймақтардың дамуы қалыптасқан шекараларда қаралып отыр және одан әрі олардың аумақтарының қарқындылығымен, жаңа технологияларды пайдаланумен байланысты. Санитарлық зиянды аймақтардың шекараларында санитарлық-қорғау аймақтарын қалыптастыру және көгалдандыру маңызды іс шаралардың бірі ретінде қаралады.

      Дәстүрлі сипаттағы өнеркәсіптік аудандардың жүйесі санитарлық қорғау аймақтарымен бірге теміржол белдеуінің құрылымына бағынып, қаланың құрылыс жүргізілетін аумақтарының қалыптасқан бөлігінің айналасында жарты айналманы құрайды.

      Қаланың оңтүстік бөлігінде Семей жоспарлау бағытының құрылымында жаңа технологиялар аймағы құрылуда: әуежаймен бірыңғай технологиялық тізбектегі жаңа заманғы коммуналдық, қоймалық кешендерінің жүйесі (әуежайдан солтүстік-шығысқа әуежайдың карго-терминалымен өзара байланысқан коммуналдық-қоймалық кешендерінің және көтерме сауда рыноктарының құрылымы, әуежайдың батысына қарай технопарк пен оңтүстікке қарай резервтік аумағы бар экологиялық-индустриялық парк).

      Қаланың қоғамдық орталықтары жүйесін дамыту

      Қаланың қоғамдық орталықтарының біртұтас жүйесін құру аумағында одан әрі оның бірегей мекемелердің шоғырлануымен, қалыптасқан жалпықалалық орталықтың және оның орталық ядросының дамуымен, сонымен бірге қаланың орта және периферийлік бөліктерінде мамандандырылған орталықтардың жүйесін (медициналық, білім беру, рекреациялық) қалыптастырумен байланысты.

      Ертіс жағажайының бойында қаланың жетекші сәулет ансамбльдерін қалыптастыратын қоғамдық орталықтар жүйесіне Благовещенск соборының ауданында қалыптасқан басты әкімшілік алаңнан басқа қаланың тарихи сәулет-қорықтық аймағындағы Қалалық қоғамдық Форум енеді. Өзен сапаржайының ауданында қаланың ең қызықты аймақтарының бірі - Затон ауданындағы су-спорт паркі (гидропаркі) болып дамып келе жатқан жастар-қоғамдық орталығы көзделіп отыр.

      Қаланың негізгі диаметрлері бойындағы Кутузов көшесі - Омбы трассасы бойындағы қоғамдық орталықтардың жүйесі тораптық жүйе одан әрі дамып келеді.

      Кутузов көшесі мен Семей трассасы айналма магистралы бойындағы қоғамдық кешендердің жүйесі ерекше аймақ болып табылады. Жоғары және орта оқу орындарының аймағы ғылыми-зерттеу институттары жүйесінен, ұсақ енгізу фирмалары мен инновациялық орталықтан тұратын технопаркпен жақын орналасады. Солтүстік жақта - дарынды балаларға арналған интернат.

      Кенжекөл ауылының ауданында Семей автожолы бағытының бойындағы аймақтық рыноктардың (құрылыс материалдарының және автомобильдік) жүйесі қалалық ортамен үзілісін жойып, әуе көлігі әсерінің аймағына түсетін аумақтарды жандандыруды және функционалдық пайдалануды енгізіп отыр.

      Батыс-шығыс қоғамдық-көлік диаметрінің негізгі қала құрылысы тораптары электрленген теміржол көлігінің станцияларын құрайды, олардың негізінде қоғамдық-көлік орталықтары қалыптастыратын болады.

      Теміржол және автосапаржай аудандарында, сондай-ақ әуежай ауданында көп функционалдық қоғамдық-көлік орталықтарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

10. Көлік инфрақұрылымын дамыту

      Облыс орталығының сыртқы байланыстары теміржол, әуе, өзен, автомобиль көлігімен, автомобиль жолдарымен, сондай-ақ құбырөткізгіш көлікпен беріліп отыр.

      Павлодар қаласының бас жоспарында қаланың жоспарлау құрылымы және барлық функционалдық аймақтармен, қала маңы аймағында орналасқан объектілермен, сыртқы көлік объектілерімен және автомобиль жолдарымен жылдам әрі қауіпсіз көлік байланысын қамтамасыз ететін оның айналасындағы аумақтарымен байланыстағы көлік және көше-жол желісінің біртұтас жүйесі қарастырылып отыр.

      Қаланың көше-жол желісі көшелер мен жолдардың функционалдық мақсатын, көлік және жүргіншілер қозғалысының қарқындылығын, аумақтардың сәулет-жоспарлық ұйымдастырылуын және құрылыс жүргізу сипатын ескере отырып, жобаланды.

      Жалпықалалық орталық жүйесі, қоғамдық-көлік тораптары мен қала орталықтары бар солтүстік-оңтүстік және батыс-шығыс қоғамдық-көлік диаметрлері қаланың құрылымдық қаңқасын құрайды.

      Семей трассасы, Кутузов және Торговая көшелері, Омбы трассасы мен солтүстік-оңтүстік бағытта қала дамуының басымды осін құрайтын Сәтбаев және Айманов көшелері бойындағы қаланың орталық ядросы арқылы өтетін көлік байланысының параллель сызығы Ертіс өзені жайылмасының бойында қаланың барлық ірі жоспарлау аудандарын, қала орталығы бастысы болып табылатын еңбек етудің негізгі аймақтарын байланыстырады. Қаланың басты көлік-отырғызу тораптары: авто және теміржол сапаржайлары аудандарындағы және халықаралық "Кенжекөл" әуежайы аймағындағы көп функционалдық қоғамдық-көлік орталықтары Маңызды қала құрылысы тораптары болып табылады.

      Шығыс өнеркәсіптік аудан арқылы өтетін Торайғыров-Мир, Чкалов көшелері және оның теміржол магистралымен қатар шығысқа қарай дамуымен, сондай-ақ Жетекші кентіне дейін автомагистральдың жалғасуымен Естай-Суворов көшелері бойында магистральдардың жүйесі, теміржол магистралы мен шағын көліктік айналманың солтүстік бөлігі батыс-шығыс бағытында қаланың диаметрін құрайды.

      Қаланың диаметрлері бойында периферийлік аудандарды қаланың орталығымен байланыстыратын: батыс-шығыс бағытында, Ақсу қаласы кәсіпорындарымен байланысын қоса алғанда, оның негізін электр пойызы құрайды, ал солтүстік-оңтүстік бағытында - жылдам трамвай жылдам рельстік көліктің негізгі маршруттары қалыптасады.

      Айналмалы сақина және шағын жарты айналма автожолдарын ұйымдастырумен Павлодардың көлік құрылымы қаланың сыртқы шекарасы бойынша барлық радиальды автожолдарды қосады, қаланың өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындарын өзара байланыстырады, сондай-ақ ішкі желіден сыртқы айналмаға транзит ағындарының ауысуын қамтамасыз етеді. Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлердің құрылымы сол және оң жағалауы арасындағы үздіксіз көлік қатынасын, Павлодар, Ақсу қалаларының және т.б. негізгі кәсіпорындары арасында еңбектік хат-хабар алмасуды қамтамасыз етеді.

      Көліктік айналманың сыртқы солтүстік бөлігінің құрылысы, сондай-ақ солтүстік көпірдің құрылысы есептік мерзімге қалдырылғанға байланысты, ал толық көліктік айналманың бірінші кезекте шешілуі ағындарды шағын айналмалы автожолдың солтүстік бөлігінен теміржол алқабы мен "Надежда" саяжайлар ауданы арасынан өтетін автожол бойынша сыртқы айналмасына ауыстыру жолымен шешіледі.

      Айналманың сол жақтағы жағалау бөлігі қазір қызмет ететін республикалық маңызы бар Омбы-Семей автомагистралын пайдаланумен шешіледі.

      Магистральды көшелер мен жолдар қиылысында көлік шешімдерінің құрылысы, сондай-ақ автомобиль трассаларының аса жүктемелі учаскелерінде жерүсті және жерасты өтулерінің құрылысы қарастырылып отыр.

      Автобус қала ішіндегі қоғамдық көлігінің негізгі түрі, трамвай қосалқы, болашақта - жылдам шусыз трамвай болып қабылданды.

      Жобада автобустар паркін, трамвай вагондарын көбейту және жаңарту, жолаушыларға арналған автокөлік кәсіпорындарын (ПАКК) кеңейту, қайта құру көзделіп отыр.

      Автомобильдерді тұрақты және уақытша сақтау және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған имараттар желісі болашақта автомобильдендірудің өсуін, объектілердің қол жетімділігін қамтамасыз етуді, санитарлық-гигиеналық талаптарды есепке ала отырып, жобаланды.

      Автосервис объектілерін (автомобильге май құю станциялары, көпқабатты паркингтер, автомобильдерді және техникалық қызмет көрсету станциялар сақтауға арналған тұрақтар) дамыту қарастырылып отыр.

11. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

      Сумен қамтамасыз ету

      Бас жоспар қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың мынадай:

      қаланың қызмет ететін сумен қамтамасыз ету көздерін сақтау және дамыту ("Оңтүстік" және "Солтүстік" бас тоғандары);

      жиынтық су тұтынуды тәулігіне 2030,0 мың м 3 -ден дейін (бастапқы жыл), 445,4 мың м 3 -ге (есептік жыл) дейін көбейте отырып, қолданыстағы шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және өндірістік су құбырын сақтау және дамыту;

      қызмет ететін бас тоғандарды қайта құру, қызмет ететін су құбыры желілерін кезең-кезеңмен қайта құру және жаңа су құбырының құрылысы, су құбыры имараттарының орталықтандырылған автоматтандырылған басқару жүйесін ұйымдастыру және суды тазартудың жаңа технологиясына көшу есебінен қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесі беріктігінің деңгейін жоғарылату;

      аз қабатты құрылыс жүргізілетін аудандарында тұрақты сумен қамтамасыз етуді, қызмет ететін сумен қамтамасыз ету жүйесімен байланыста жаңа су құбырлары, магистральдық желілер құрылысы жолымен жаңа қала құрылысын игеру аудандарын ұйымдастыру бағыттарын қарастырып отыр.

      Кәріз

      Бас жоспар кәріз жүйесін дамыту бөлігінде мыналарды:

      қызмет ететін толық жасанды биологиялық тазарту, терең қайта тазарту имараттарын қайта құру және жаңарту есебінен ағынды сулар көлемдерін тәулігіне 114,7 мың м 3 -ден (бастапқы жыл) 166,6 мың м 3 -ге (есептік жыл) дейін көбейте отырып, кәріз жүйесінің қызмет ету беріктігін арттыру;

      кәріз желілерін дамыту, жаңа магистральдық коллекторлардың құрылысы, қызмет ететін ескі желілерді кезең-кезеңмен қайта құру, қаланың болашақтағы құрылыстарын кәріздендіру үшін сорғы тасымалдау станцияларының құрылысы;

      зиянды заттардың тыйым салынған концентрацияларын қалалық кәрізге жіберуді болдырмау мақсатында кәсіпорындарда технологиялық үрдістерді жетілдіру есебінен ағынды суды тазарту технологиясы мен сапасын жетілдіру қарастырып отыр.

      Жылумен қамтамасыз ету

      Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету көздерінің жалпы қуаты сағатына 2180 Гкал деңгейінде қарастырылып отыр. Бас жоспарда Павлодар қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыттары:

      неғұрлым жетілдірілген электр қуатын жинақтаушы және экологиялық тиімді технология ретіндегі жылуландыру базасында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесін сақтау, жетілдіру және одан әрі дамыту;

      аз қабатты тұрғын үй қоры аудандарында зауытта жасалған жаңа заманғы жоғары сапалы автономдық жылу беру құрал-жабдығын ендіру есебінен жекелей жылумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жаңарту және дамыту болып табылады.

      Жылуландыру жүйесінде:

      құрал-жабдықтарды кезең-кезеңмен жаңарту өзінің пайдалану мерзімі өткен Павлодар 1,2,3 ЖЭО қазандық құрал-жабдығын ауыстыру және қайта құру;

      жылу желілерінің басты учаскелеріндегі құбыр желілерін қайта құру және үлкен диаметрлерге ауыстыру;

      жаңа жылу желілерінің құрылысы, қалыптасқан жылуландыру аймақтарында жылу магистральдарының жеке учаскелерін қайта құру және нығайту;

      құрал-жабдықтарды кезең-кезеңмен жаңарту жаңа құрылыс ауданындағы жаңа сорғы станциялары мен жылу пунктерін жөндеу қарастырылып отыр.

      Электр қуатымен қамтамасыз ету

      Қызмет ететін құрылыс жүргізілетін аймақта физикалық және моральдық ескірген электр желілері объектілерін қайта құру және техникалық жарақтандыру;

      35 кВ қосалқы станцияларын 110 кВ кернеуіне ауыстыру; болашақтағы құрылыс жүргізілетін аймақтарды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жабық үлгідегі 110/10 кВ жаңа қосалқы станцияларын қалыптастыру;

      кернеуі 35 және ПО кВ электр тасымалдаушы вольты жоғары өту трассаларын тәртіпке келтіру қаланың электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыттары болып табылады.

      Газбен қамтамасыз ету

      Бас жоспар барлық санаттағы қалалық тұтынушыларды толық көлемде сұйылтылған газбен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде.

      Осы мақсаттар үшін:

      қуатын жылына 42 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, қызмет ететін газбен толтырушы станциясын қайта құру және кеңейту;

      қолданыстағы топтық ыдыстарды (70 жиынтық) жөндеу және ауыстыру;

      болашақтағы құрылыс аудандарында жаңа ыдыстардың құрылысы қарастырылады.

      Телефондандыру

      Бас жоспармен телекоммуникация желісін сандандыру базасында қалалық абоненттік сыйымдылықтарын одан әрі есеп айырысу өлшемдеріне дейін көбейту қарастырылып отыр.

      Желінің сыйымдылығын есептік мерзімнің соңына қарай 159,1 мың нөмірге жеткізу көзделіп отыр.

      Жобамен:

      қалалық АТС қатарында ұқсас коммутаторлық құрал-жабдығын сандық құрал-жабдыққа ауыстыру;

      қызмет ететін АТС сыйымдылығын кезең-кезеңмен көбейту және 7 жаңа сандық станция құрылысы;

      сандық АТС-тар арасындағы станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру үшін оптикалық-талшықтық кәбілдерді қолдана отырып, абоненттік желінің кезең-кезеңді құрылысы;

      жаңа қала құрылысын игеру аудандары бағытында телефон кәбілдік кәріздің құрылысы;

      қызмет ететін байланыстың әуе желілерін кәбілдік кәрізге кезең-кезеңмен қайта өткізу белгіленіп отыр.

      Радиоландыру

      2005 жылдың басында облыстық деңгейде Павлодар облысында эфирлік радиохабарлаудың кең желісін құру жөніндегі бағдарлама қабылданды. Тұрғындарды облыстық радио бағдарламаларымен жүз пайыздық қамту осы бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.

      Аумақты инженерлік дайындау

      Құрылыс жүргізілген аумақтан беткі суларды кетіруді қамтамасыз ету үшін бас жоспармен:

      35 шақырым нөсер және 59 шақырым біріккен нөсер-дренаж коллекторлардың кезең-кезеңмен құрылысы;

      6 сорғы тасымалдау станцияларын орнату;

      103 шақырым ашық арық желісін өткізу белгіленіп отыр.

      Ыза су деңгейін төмендету үшін 19,5 шақырым сызықтық және аралас дренаждың құрылысы мен 320 га ауданында жүйелі көлденең жабық дренаждың құрылысы қарастырылып отыр.

      Құрылыстар аумақтарынан нөсер және дренаж суларын 7 тазарту имаратына ағызуды жүзеге асыру ұсынылып отыр.

      Ертіс өзені мен Усолка өзені сумен қамтамасыз етудің суару көзі болып қабылданды. Қызмет ететіндерге қосымша суару суымен қамтамасыз етудің 7 сорғы станциясын салу көзделіп отыр.

      Ертіс өзенінің жағалау құламасын шаю мен құлаудан қорғау үшін 2,2 шақырым құлама темірбетон бекінісінің құрылысы, ал Усолка өзенінің ағындылығын қамтамасыз ету үшін - өзен арнасының 6,25 шақырымын тазарту және тереңдеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

      Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару

      Жобамен қаланың аумағын санитарлық тазалау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру қарастырылып отыр. Жинап, жоюға жататын қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) қатты және сұйық болып, ал өзінің шығу тегі бойынша тұрмыстық, құрылыс қоқысы, өнеркәсіптік қалдықтар болып бөлінеді.

      2010, 2015 жылдарға ҚТҚ-ны шығаруды жетілдірілген қоқыс орнында - полигонға - жәндіктер мен ауру таратушы микроағзаларды таратуға бөгет болатын атмосфераны, топырақты, беткі және ыза суларды ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін ҚТҚ-ны жинау және жекелеу үшін арналған табиғи қорғау имараттарының кешеніне шығаруды жүзеге асыру қарастырылып отыр.

      Полигонда имарат алаңының бірлігіне қалдықтардың жүктемесін көбейтуге мүмкіндік туғызатын ҚТҚ-ны тығыздау жүргізіледі. Жаңа полигонның құрылысынан кейін қызмет ететін полигонның аумағы жер учаскесін одан әрі пайдалану үшін бапталынады.

      Павлодар қаласының бас жоспары бойынша негізгі

      техникалық-экономикалық көрсеткіштер

N

Көрсеткіш

Өлшем

бірлігі

2004 жылғы

1 қаңтар

2010

жылы

2015 жылы

1

2

3

4

5

6

1

Қала шегіндегі

аумақтар, барлығы

га

32 688,0

53 341,9

53 341,9

1.1

А. Құрылыс жүргізу аумақтары:


Шағын аудандар,

кварталдар

Қызмет көрсету

мекемелері мен

кәсіпорындары

учаскелері(шағын ау-

дандық маңыздағы

мекемелер мен кәсіп-

орындардан басқасы)

Жалпы пайдалануды

көгалдандыру (саябақ-

тар, шағын гүлбақтар,

желекжолдар)

Магистраль желісі

(қызыл сызықтарда)

Ботаникалық бақ

Дендропарк

Гольф-парк

Зоопарк

Ипподром

Жағалаулар


Арнайы аумақтар

Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық

кәсіпорындар

га



га



га





га

га

га

га

га

га

га

га

га

1 905,0





324,2

132,2




202,9

-

-

-

-

-

10,0


79,4

430,2

2 433,6







541,9

349,5




805,3

10,0

15,0

131,1

-

36,4

10,0


79,4

663,9

3 108,8







816,7

608,8




1 259,3

35,0

65,5

131,1

16,4

36,4

10,0


79,4

663,9


Құрылыс жүргізу

аумақтарының жиыны:

га

3 083,9

5 076,1

6 831,3

1.2

Ә. Құрылыс жүргізуден тыс аумақтар

1.2.1.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс

және басқа да

ауылшаруашылық

мақсаттағы емес

жерлер

га

11 836,0

13 380,5

13 712,2


соның ішінде:


Экологиялық-

индустриялық парк

га

-

-

25,3


Технопарк

га

-

-

166,6


Логистика орталығы

га

-

77,5

118,3


Көмекші техникалық

аумақтар (өнеркәсіп-

тік қалдықтардың

қоқыс орындары,

тұндырғыштар, күл

үйінділері, карьер)

га

4 043,3

5 064,0

5 359,4


Сыртқы көліктің

га

1 305,4

1 829,2

1 865,5


Магистральдық

инженерлік желілері

мен имараттары:

- мұнай құбыры

(Шәукен)

- ЛЭП-500 (Байдала)

га



га


га

122,9



122,9


-

156,6



117,9


38,7

156,6



117,9


38,7

1.2.2.

Ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар

га

1 698,5

1 969,2

1 969,2

соның ішшде:

Мемлекеттік табиғи

қаумал

Орман қорының

жерлері

Су қорының

жерлері

га


га


га

1271,5


14,9


412,1

1479,9


14,9


474,4

1479,9


14,9


474,4

1.2.3.

Ауылшаруашылық

пайдаланудың (соның

ішінде ауылшаруашылық

кәсіпорындар, жылы-

жайлар, бау-бақша

және бақша

серіктестіктерінің

аумақтары,

ауылшаруашылық

жерлер)

га

11 955,9

15 769,3

14 755,0


соның ішінде:


- саяжайлар

- бақшалар

га

га

3 950,0

399,1

3 784,0

276,5

3 721,8

276,5

1.2.4.

Сыртқы жолдар

га

942,0

1 373,0

2 008,2

1.2.5.

Санитарлық-қорғау

орман жолақтары

га

573,7

1 322,9

3 271,2

1.2.6.

Зираттар

га

130,8

220,0

220,0

1.2.7.

Басқа жерлер

(ауылшаруашылығы

мақсатындағы арнайы

инженерлік іс-шаралар

мен қосымша

зерттеулерді талап

ететін аумақтар,

сондай-ақ құрылыс

жүргізу аумақтарына

есептік мерзімнің

шегінен тыс қаланың

дамуы үшін резервтік

аумақтар (соның

ішінде тұрғын үй және

қоғамдық), рекреация-

лық және басқа да

аймақтарды ұйымдасты-

ру үшін өнеркәсіп-

тік-өндірістік және

коммуналдық аумақтар)

га

2 467,2

14 230,9

10 574,8


Құрылыс жүргізуден

тыс аумақтардың

жиыны:

га

29 604,1

48 265,8

46 510,6

2.

Халқы

2.1.

Павлодар қалалық

әкімдігі тұрғында-

рының саны, барлығы

мың

адам

304,5

341,5

370,8


соның ішінде:


Павлодар қаласы

мың адам

286,6

335,0

370,0


Ленин кенті

мың адам

8,6

-

-


Қала маңындағы

ауылдық жерлер

мың адам

9,3

6,5

0,8

2.2

Халық тығыздылығы


Құрылыс жүргізу ау-

мақтарының шегінде

Қалалық, кент және

ауылдық құрылыс

жүргізу аумақтарының

шегінде

адам /га



адам /га

92,9



9,3

66,0



6,8

54,2




7,4

2.3.

Халықтың жас құрылымы

2.3.1.

15 жасқа дейінгі

балалар

мың адам

%

56,2

19,6

66,3

19,8

86,6

23,4

2.3.2.

Еңбекке қабілетті

жастағы тұрғындар

мыңадам

%

191,2

66,7

222,1

66,3

234,6

63,4

2.3.3.

Еңбекқе қабілетті

жасынан үлкен

тұрғындар

мыңадам

%

39,3

13,7

46,6

13,9

48,8

13,2

2.4.

Отбасылар мен

жалғыз басты

тұрғындардың саны,

барлығы

адам

104 900

119 600

127 600


соның ішінде:

2.4.1.

Отбасылар саны

адам

81 731

92 500

97 600

2.4.2.

Жалғыз бастылардың

саны

адам

23 169

27 100

30 000

2.5.

Жұмыс істейтін

тұрғындардың саны,

барлығы

мың

адам

121,8

151,8

175,4

3.

Тұрғын үй құрылысы

3.1.

Тұрғын үй қоры

жалпы

ауданы мың м 2

6 073,9

7 044,8

7 957,4

3.2.

Тұрғын үйлер

(пәтерлер),

барлығы

үй

( пәтер )

жалпы

ауданы

мың м 2

13 045,0

6 073,9

15130,0

7 044,8

17090,0

7957,4


соның ішінде:

3.2.1.

Мемлекеттік қор

-\\-

77231,4

77231,4

7731,4

3.2.2.

Жеке меншікте

-\\-

12 968,0

5 842,5

15053,0

6 694,8

17013,0

7 507,4

3.3.

Жалпы қордан:

3.3.1.

Көп пәтерлі үйлерде

-\\-

1 695,0

5 178,4

1725,0

5499,4

1750,0 5849,4

3.3.2.

Жеке үлгісіндегі

үйлерде

-\\-

11350,0

895,5

18550,0

1 545,4

23214,0

2 107,7

3.4.

70%-дан аса

тозумен тұрғын үй

қоры, барлығы

-\\-

165 64,1

11444,3

0


соның ішінде

мемлекеттік қор

-\\-

0

0

0

3.5.

Сақталатын тұрғын

үй қоры

мың м 2

6 073,9

6 285,8

6 966,2

3.6.

Тұрғын үй қорын қабаттылығы бойынша бөлу

3.6.1.

Жеке

-\\-

895,5

1 545,4

2 107,7

3.6.2.

аз қабатты

-\\-

291,1

334,1

362,7

3.6.3.

орташа қабатты

-\\-

2 506,3

2 598,3

2 754,9

3.6.4.

көп қабатты

-\\-

2 381

2 567

2 732,1

3.7.

Халықтың

пәтерлердің жалпы

ауданымен орташа

қамтылуы

м 2 /адам

21,2

21,03

21,5

3.8.

Жаңа тұрғын үй

құрылысы, барлығы

жалпы

ауданы мың м 2

-

759

991,2


соның ішінде:

3.8.1.

Мемлекеттік қаражат

-\\-

-

186

165,1

3.8.2.

Кәсіпорындар мен

ұйымдардың

-\\-

-

40

70

3.8.3.

Азаматтардың меншік

қаражаты есебінен

-\\-

-

533

756,1

3.9.

Жаңа тұрғын үй құрылысының қабаттылығы бойынша

арақатынасы

3.9.1.

Жеке

-\\-

-

432

603

3.9.2.

Азқабатты

-\\-

-

49

66,5

3.9.3.

Орташақабатты

-\\-

-

92

156,6

3.9.4.

Көпқабатты

-\\-

-

186

165,1

4.

Мәдени-сауық және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы, білім

беру, денсаулық сақтау мекемелері

4.1

Мектепке дейінгі

балалар мекемелері

мың орын

1000

адамға

6,510

23

7,421

22

12,690

37


соның ішінде:

4.1.1.

Мемлекеттік

-\\-

6510

23

7221

22

13290

36

4.1.2.

жеке меншік

-\\-

0

200

0,6

400

1,1

4.2.

Жалпы білім беретін

мектептер

мың орын

1000 адамға

41,8

0,146

54,8

0,164

64,6

0,175


соның ішінде:

4.2.1.

мемлекеттік

-\\-

40,8

0,142

52,8

0,158

61,1

0,165

4.2.2.

жеке меншік


1,0

0,004

2,0

0,06

3,5

0,09

4.3.

Емханалар

орын

1000 адамға

4702

16

7702

23

12950

35


соның ішінде:

4.3.1.

мемлекеттік

-\\-

3590

12,2

5022

15

7294

19,7

4.3.2.

жеке меншік

-\\-

1780

6

3157

9,4

5656

15,3

4.4.

Ауруханалар

төсек орын

4244

14,8

4854

14,5

6979

18,9


соның ішінде:

4.4.1.

мемлекеттік

-\\-

3890

13,6

4374

13,06

6149

16,6

4.4.2.

жеке меншік

-\\-

354

1,2

480

1,4

830

2,2

4.5.

Сауда кәсіпорындары

м 2

1000 адамға

109 883

383


126 883

379

144383

390


соның ішінде:

4.5.1.

мемлекеттік

-\\-

0

0

0

4.5.2.

жеке меншік

-\\-

109883

383

126883

379

144383

390

4.6

Тұрмыстық қызмет

көрсету кәсіпорын-

дары

жұмыс орын-

дары

1000

адамға



209

0,7



891

2,7



1850

5


соның ішінде:

4.6.1.

мемлекеттік

-\\-

0

0

0

4.6.2.

жеке меншік

-\\-

209

0,7

891

2,7

1850

5

4.7.

Қоғамдық тамақтан-

дыру кәсіпорындары

орын

1000 адамға

14956

52

15934

47,6

16824

39,2


соның ішінде:

4.7.1.

Мемлекеттік

-\\-

0

0

0

4.7.2.

жеке меншік

-\\-

14956

52

15934

47,6

16824

39,2

4.8.

Ойын-сауық-мәдени

мекемелер

орын

1000 адамға

2837

10

4118

12,3

14520

39,2


соның ішінде:

4.8.1.

Мемлекеттік

-\\-

2837

10

3018

9

4000

10,8

4.8.2.

жеке меншік

-\\-


1100

3,3

10520

28,4

4.9.

Ұзақ демалыс

мекемелері

орын

1000 адамға

350

1,2

3195

9,5

9600

26


соның ішінде:

4.9.1.

Мемлекеттік

-\\-

350

1,2

350

1,0

350

0,95

4.9.2.

жеке меншік

-\\-


2845

8,5

9250

25

4.10.

Өрт сөндіруші

депо ғимараттары

авто-

мобиль

саны

18

0,06

71

0,2

74

0,2

5.

Көліктік қамтамасыз ету

5.1.

Магистральдық

көшелер мен

жолдардың ұзақтығы

шақырым

365

561

750

5.2.

Сыртқы көлік

5.2.1.

теміржол:


жолаушыларды

тасымалдау

мың жолаушы жылына

278,2

333,8

467,4

Жүк айналымы

млн.т-кмнетто

17730

28460

30595

5.2.2.

әуе:


жолаушыларды

тасымалдау

мың адам

19,573

21,139

26,424

жүк тасымалдау

тн

62,9

78,63

98,28

5.2.3.

өзен көлігі:


жолаушыларды

тасымалдау

мың адам

40,0


50,0

70,0

жүк тасымалдау

млн. тн

0,17

0,71

0,96

5.2.4.

Қалааралық және халықаралық тасымалдарға қызмет

көрсететін автомобиль көлігі

жолаушыларды

тасымалдау

мың адам

40,0

50,0

70,0

5.2.5.

құбыр өткізгіш көлік

млн. тн

0,17

0,71

0,96

6.

Инженерлік құрал-жабдық

6.1.

Сумен қамтамасыз ету:

6.1.1.

Жиынтық тұтыну,

барлығы

мың м 3

/тәулік

230,0

405,3

445,4


соның ішінде:


шаруашылық-ауыз су

қажеттіліктеріне

мың м 3 /тәулік

134,9

147,5

181,2


өндірістік

қажеттіліктерге

мың м 3 /тәулік

95,1

257,8

264,2

6.1.2.

Оңтүстік бас тоғанның

қуаты/нақты іріктеу

мың м 3 /тәулік

423,7

170,8

423,7

301,2

423,7

341,3

6.1.3.

Солтүстік бас тоған-

ның қуаты/нақты

іріктеу

мың м 3 /тәулік

604,8

59,2

604,8

104,1

604,8

104,1

6.1.4.

Үлестік су тұтыну

л/тәулік1 тұрғынға

802

1200

1200

6.2.

Кәріз

6.2.1.

Ағынды сулардың

жалпы түсімі, барлығы

мың м 3 /тәулік

114,7

136,6

166,6


соның ішінде:


- тұрмыстық кәріз

мың м 3 /тәулік

89,5

95,3

118,6


- өндірістік кәріз

мың м 3 /тәулік

25,2

41,3

48,0

6.2.2.

Кәріз тазарту имарат-

тарының өнімділігі

мың м 3 /тәулік

200

200

200

6.3

Жылумен қамтамасыз ету

6.3.1.

Орталықтандырылған

көздердің қуаты,

барлығы

Гкал/сағ

1 890

1 915

2 180

соның ішінде:

- ЖЭО

Гкал/сағ

1 845

1 865

1 880

- оқшауланған көздер

Гкал/сағ

45

150

300

6.3.2.

Жылу берудің

автономдық

жүйелерінің қуаты

Гкал/сағ

90

360

495

6.3.3.

Тұтыну, барлығы

Гкал/сағ

1 980

2 375

2 675


соның ішінде:


- коммуналдық-тұрмыс-

тық кажеттіліктерге

Гкал/сағ

865

1070

1270


- өндірістік

қажеттіліктерге

Гкал/сағ

1115

1305

1405

6.4.

Газбен камтамасыз ету


Сұйылтылған газ қа-

жетілігі, барлығы

мың тн

/жыл

22,0

39,0

41,5


соның ішінде:






- коммуналдық-тұрмыс-

тық кажеттіліктерге

мың тн/

жыл

20,5

23,5

26,0

6.5.

Электр қуатымен қамтамасыз ету

6.5.1.

Қала бойынша жиынтық

электр жүктемесі

МВт

533,0

608,8

687,2


соның ішінде:


- коммуналдық-тұрмыс-

тық сектор

МВт

175,0

203,9

255,7


- өндірістік сектор

МВт

358,0

404,9

432,0

6.5.2.

Коммуналдық-тұрмыс-

тық қажеттіліктерге

жылына 1 адамға

электр қуатын тұтыну

кВт сағ./адам

1590

1880

2130

6.6.

Телефондандыру


Орнатылған телефон

аппараттарының саны

дана

92022

127300

159100


1000 адамға

орнатылған телефон

аппараттарының саны

дана

320

380

430

7.

Аумақтың инженерлік дайындығы


Жер жұмыстары:


- қазу

мың м 3

-

15,0

50,0


- көму

мың м 3

-

45,0

225,0

7.1

Желілердің ұзақтығы:


соның ішінде


- жабық нөсер кәрізі

шақырым

15,72

15,0

20,0


- ашық арық желісі

шақырым

1,28

64,0

39,0


- арынды суару

құбыр өткізгіштері

шақырым

-

32,0

44,0


- жабық нөсер-дренаж

коллекторлары

шақырым

-

25,0

34,0


Жүйелі көлденең

дренаж

га

-

270,0

50,0

7.2.

Имараттар:


- нөсер және дренаж

суларының сорғы

станциялары

дана

4

4

2


- суару суымен

қамтамасыз етудің

сорғы станциялары

дана

3

2

5


- нөсер суларының

тұндырғышы

дана

-

2

5

7.3.

Жағаны бекіту жұмыстары:


- Ертіс өзені

арнасын нығайту

шақырым

3,0

3,4

2,1


- өзен арнасын реттеу

шақырым

-

9,4

-