Қызылорда облысында Сырдария өзенiндегi жағалаулық қорғау бөгеттерiнiң бұзылуы салдарын жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне дүлей зiлзала салдарын жоюға Қызылорда облысының әкiмiне бөлу үшiн 2007 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен көзделген жалпы сомасы 678881000 (алты жүз жетпіс сегіз миллион сегіз жүз сексен бір мың) теңге нысаналы трансферттер бөлiнсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.24.
N 1127
Қаулысымен.
2. Көрсетiлген қаражат:
64681000 (алпыс төрт миллион алты жүз сексен бір мың) теңге - жолдарды қалпына келтiруге және жөндеуге;
71000000 (жетпiс бiр миллион) теңге - жарылыс жұмыстарын жүзеге асыру, зардап шеккен халықты көшiру, көшiру жұмыстарына қатысушыларды көлiкпен, байланыс құралдарымен, жанар-жағар май материалдарымен материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi iс-шараларға, азық-түлiкке;
543200000 (бес жүз қырық үш миллион екі жүз мың) теңге - зардап шеккендерге саяжай алабы құрылыстарының, жер учаскiлерi мен екпелердiң құнын өтеуге бөлiнедi деп белгiленсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.24.
N 1127
Қаулысымен.
3. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысына
мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
"100 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу";
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында 02 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру" iшкi функциясында 202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 100 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi есебiнен іс-шаралар өткiзу" бағдарламасы бойынша шығындар 927200000 (тоғыз жүз жиырма жетi миллион екi жүз мың) теңге сомасына көбейтiлсiн.
13 "Өзге де" функционалдық тобында, 09 "Өзге де" iшкi функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында шығындар 927200000 (тоғыз жүз жиырма жетi миллион екi жүз мың) теңге сомасына азайтылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.