25.12.2007

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.06.2015 № 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 1  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) атауындағы "Пленумның қаулысы" деген сөздер "нормативтік қаулысы" сөздерімен ауыстырылсын;

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Қылмыстардың қайталануын тану кезінде ҚК  13-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, алынып тасталған және жойылған соттылықтар, сондай-ақ адамның 18 жасқа толғанға дейінгі жасаған қылмыстары үшін соттылықтары есепке алынбайтынын соттар назарға алуы керек. Сонымен бірге, ҚК  13-бабы екінші бөлігінің а) тармағы, үшінші бөлігінің а) немесе б) тармақтары бойынша қылмыстардың қайталануын тану кезінде адамның қасақана жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға жазалануымен байланысты алынып тасталмаған немесе жойылмаған соттылықтары негіз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-бабына сәйкес, осы қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы


Дата вступления в силу:  25.12.2007
Дата изменения акта:  25.06.2015
Дата принятия акта:  25.12.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 2008 жылғы N 1 "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 7 наурыз N 61-63 (25035)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  36868
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  9
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  029002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz