16.07.2007

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 1

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарды біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгеріспен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлға құрмаған жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғаның басшылары, сол сияқты жеке кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтерді орындайтын жұмыскерлерi аталған қызметтерді атқаруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Заңды тұлғаның басшысы деп заңды тұлғаның жеке-дара немесе алқалық атқарушы органына енетін адамды түсіну керек.";

      бесінші абзац алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Егер ӘҚБтК ерекше бөлімі бабының санкциясымен негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды қолдану қарастырылса, уәкiлеттi орган (лауазымды адам), сот негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды соңғысының іс жүзінде орындалу-орындалмауына қарамастан қолдануға міндетті.";

      3) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Тұлғаны ӘҚБтК 71-бабында қарастырылған негіздерде әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешкенде жағдайдың өзгергені деп объективті себептер мен мән-жайлардың салдарынан әрекеттің қоғамға қауіптілік белгісінің жойылуы түсінілетінін ескеру қажет.
      Әкімшілік жазаны орындауға кедергі болатын ауру деп жауаптылыққа тартылған адамның белгілі бір жазаны орындауы мүмкін еместігі тиісті медициналық қорытындымен куәландырылған жағдайын түсіну керек.
      Тұлғаны ӘҚБтК  8-тарауының негіздерінде әкімшілік жауапкершіліктен босатқан жағдайда іс өндірістен қысқартылуға жатады.
      ӘҚБтК  9-1-тарауында , сондай-ақ ӘҚБтК  131-бабында , ӘҚБтК  158-бабында , ӘҚБтК  158-1-бабында , ӘҚБтК  174-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
      Татуласу туралы келісім сотқа немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi лауазымды адамға беріледі, онда жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жерінің адрестері, аталған тұлғалардың татуласуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстi қысқарту жөніндегі өтініші, өтініш берілген күні көрсетіліп, қолдары қойылуы тиіс.
      Осындай келісім түскенде судья, уәкiлеттi органның лауазымды адамы жәбірленушіге осындай өтініш берудің салдарын түсіндіреді де ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға енгізеді.";

      4) 8-тармақта:
      үшінші абзацта "қарағаннан кейін" сөздері»"қараған кезде" сөздерімен ауыстырылсын;

      5) 11-тармақта:
      бірінші абзацта»"кәмелетке толмағанға" сөздерінің алдында»"16 жастан 18 жасқа дейінгі" сөздерімен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осындай тұлғаларға қатысты әкімшілік іс бойынша шығарылған қаулыда жасалған құқық бұзушылықтағы олардың кінәсі неде екені көрсетілуі тиіс.";

      6) 12-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атап айтқанда, ӘҚБтК қарастырылған хаттамаларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, жеке басты тексеру, заттарды тексеру хаттамасы, заттарды және құжаттарды алып қою хаттамасы және т.б.) көрсетілетін мәліметтер іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтайтын дәлелдемелер болып табылады.";

      үшінші абзацта:
      "әкімшілік құқық бұзушылықтың" сөздерінен кейін»"қасақана немесе абайсызда" сөздерімен толықтырылсын;

      "осы адамның оның жасалуына кінәлі не кінәсіз екендігі" сөздері алып тасталсын;

      7) 13-тармақта:
      үшінші абзацта»"көрсетілген істерді" сөздері»"көрсетілген іс санаттарын" сөздерімен ауыстырылсын;

      8) 17-тармақ:
      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Судьялардың бірдей мәртебесін, талаптарын және жауапкершіліктерін белгілейтін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  23,   28,   34  және  39-баптарына , әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу кезінде соттардың заң бұзушылыққа жол бермеуін көздейтін ӘҚБтК  9-бабына сәйкес, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттары әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қараған судьяның заңдылықты бұзу фактілері бойынша жеке қаулы шығаруға құқылы.";

      9) 19-тармақта:
      екінші абзац»наразылық келтірілуі мүмкін»сөздерінен кейін ",   ол ӘҚБтК  660-бабында белгіленген мерзімде шағымды, наразылықты қарауға міндетті" сөздерімен толықтырылсын;

      10) 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Салық органдары салған айыппұл туралы қаулыға шағым бойынша істерді қарау кезінде сот хабарламаның заңдылығын талқылауға және қосымша есептелген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасына өзгеріс енгізуге құқылы емес.
      Егер салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қараушы сот салық органдарының хабарламасы жоғары тұрған органға немесе сотқа тиісті тәртіппен шағымдалғанын, бірақ осындай шағым бойынша шешім қабылданбағанын анықтаса, онда ол істі қарау мерзімін шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуға құқылы (ӘҚБтК  647-бабының екінші бөлігі).
      Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша шешім салық органының хабарламасына жасалған шағымды қараудың нәтижелері ескеріле отырып қабылдануы тиіс.
      Егер салық органының хабарламасын даулау туралы берілген арыз Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)  249-бабында қарастырылған негіздер бойынша соттың заңды күшіне енген ұйғарымымен қараусыз қалдырылса, салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қараушы сот істі жалпы тәртіпте қарайды.";

      11) 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Егер жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар заң актісіне сәйкес тек мемлекеттің құзіретіне жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысса (мысалы, қару-жарақ шығару, қорғаныс, салықтық, кедендік, валюталық, монополияға қарсы реттеу және т.с.с.), онда жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде ӘҚБтК  143-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.";

      12) мынадай мазмұндағы 25-1 - 25-13-тармақтармен толықтырылсын:
      "25-1. Тұлғалардың ӘҚБтК  524-бабы бойынша әкімшілік жауаптылығы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайтын соттардың және уәкiлеттi басқа органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамағаны үшін ғана емес, сондай-ақ ӘҚБтК  520-бабында қарастырылған жағдайлардан басқа, соттардың шешімдерін немесе өзге сот актілерін орындамауы үшін орын алады.
      25-2. ӘҚБтК  462-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау кезінде көлік құралдары жүргізушілерінің көрсетілген баптың бірінші бөлігі бойынша жауаптылығы олар көлік құралының қозғалыс жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге қоса дейiнгi шамаға арттырып жібергенде орын алатынын ескеру қажет. Көлік құралының қозғалыс жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге қоса дейiнгi шамаға арттырып жіберген көлік құралдарының жүргізушілері көрсетілген баптың екінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
      25-3. ӘҚБтК  469-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық құрамы көлiк құралын жүргізуші адам жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған сәттен аяқталған болып саналады.
      25-4. Егер тұлға бір жыл ішінде екі не одан да көп рет көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн  немесе жол қозғалысы ережелерiн бұзса, ӘҚБтК  484-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
      Жылдық мерзім көрсетілген баппен қарастырылған құқық бұзушылық құрамын құрайтын бірінші әрекет жасалған күннен, ал ӘҚБтК  69-бабымен белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмiнiң өтуi - соңғы құқық бұзушылық жасалған күннен бастап есептелуі керек.
      ӘҚБтК  484-бабы бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына тұлғаның көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн  немесе жол қозғалысы ережелерiн үнемі бұзғандығын куәландыратын, тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген қаулылардың көшірмелері тіркелуі тиіс.
      25-5. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының  9-бабы 3-тармағына сәйкес, осы бапта көрсетілген адамдардың жұбайына (зайыбына) Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi салық салу объектiсi болып табылатын табыстары мен мүлкi туралы тұрғылықты жерi бойынша салық органына мәлiмдемелер беру міндетін жүктейді. Сондықтан осындай міндетті жұбайы (зайыбы) орындамаған жағдайда қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін жауаптылық құқық бұзушы жұбайына (зайыбына) жүктелуі тиіс.
      25-6. ӘҚБтК кейбір баптарында (мысалы, ӘҚБтК  400-бабы - кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу, ӘҚБтК  414-бабы - Қазақстан Республикасының кеден органына кеден декларациясын, құжаттар мен қосымша мәлiметтер беру мерзiмдерiн бұзу) қылмыс белгілері болмаса, адамның ӘҚБтК тиісті бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы нұсқау бар.
      Егер осындай құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық істі қозғауға уәкілетті лауазымды адамдар және органдар сотқа жіберсе, онда көрсетілген адамдар (органдар) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың әрекеттерінен қылмыс белгілерін таппағанын білдіреді, сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін талап етудің қажеттігі жоқ.
      25-7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарғаннан кейін сот, орган (лауазымды адам) оны өзі жоюға немесе өзгертуге құқылы емес. Сонымен қатар ол өз бастамасымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша әрекеттің саралануын, әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін өзгертпей, қаулыда жіберілген қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателерді түзете алады.
      Түзетулер енгізу туралы мәселені сот қаулыны орындау мерзімі ішінде, іске қатысушы, сотқа келуі міндетті емес адамдарды хабарландыра отырып шеше алады, ол жөнінде ұйғарым шығарады.
      25-8. Іс материалдарына құжаттар мен дәлелдемелердің түпнұсқалары тіркеледі. Егер мұндай құжаттар мен дәлелдемелердің түпнұсқаларының берілуі мүмкін болмаса (мысалы, олар қылмыстық немесе азаматтық іс материалдарында болса), онда олардың сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті орган (лауазымды адам) немесе нотариус растаған көшірмелері беріледі. Жазбаша дәлелдеменің көшірмесін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын сот растауы мүмкін.
      25-9. ӘҚБтК  6-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.
      Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарағанда және әкімшілік жаза шараларын белгілегенде "Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы  Заңының 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлген нормаларын дұрыс қолдану керек және әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнге назар аудару қажет.
      25-10. ӘҚБтК  69-бабы 4-1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот сатыларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
      Әкімшілік жаза қолдану мерзiмiнiң өту барысы тоқтатыла тұру сәті деп істі сот сатыларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына іс жүзінде жiберген күнді (поштаға тапсыру күні, курьердің алуы) түсіну керек.
      Мерзімдерді есептеуді қайтадан бастау осы іспеттес жүргізіледі.
      25-11. ӘҚБтК  80-113-баптарында қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай, құқықтары бұзылған тұлғаның арызы негізінде қарауы мүмкін. Мұндай жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тиісінше ресімделген осындай арыз түскен сәттен бастап қозғалған деп есептеледі.
      Арызда арыз беруші адам туралы (тегі, аты, әкесінің аты), арыз берушінің құқықтары бұзылғандығын және нақты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының бар екенін растайтын мән-жайлар, арыз берушінің құқықтарын бұзуға жол берген тұлға жөнінде мәліметтер көрсетілуі тиіс.
      Арызда мәлімделген мән-жайларды растайтын жазбаша дәлелдемелер арызға тіркелуі мүмкін.
      Тиісінше ресімделген арызды қабылдамауға жол берілмейді. Егер арыз тиісінше ресімделмеген болса, онда ол сот ұйғарымымен кемшілікті жою үшін арыз берушіге қайтарылады. Жазбаша дәлелдемелердің болмауы арызды қайтаруға негіз бола алмайды және істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
      Осындай іс бойынша шешім қаулы түрінде шығарылады.
      25-12. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қолданылған тұлға іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын ӘҚБтК  633-бабында қарастырылған тәртіппен шағымдануға құқылы.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (ӘҚБтК  584-бап ) сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы тиісті істі қарауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) берілгенге дейін АІЖК  27-тарауында қарастырылған тәртіппен аудандық және оған теңестірілген сотқа шағымдалуы мүмкін.
      Егер әкімшілік іс түскен сәтте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға шағым беру ісі бойынша шешім қабылданбаса, онда шағым әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қарайтын соттың, органның (лауазымды адамның) қаралуына жатады.
      25-13. ӘҚБтК  9-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары тек ӘҚБтК белгiленедi. ӘҚБтК белгiленген негiздер мен тәртiптен басқаша, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуы тиiс емес.
      Жеке тұлғаларды, жеке кәсiпкерлердi, жеке нотариустарды, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған тұлғалардың лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) қарастырылған қызметті не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.
      Лицензия, рұқсат қағаз, біліктілік аттестатымен (куәлігімен) белгіленген белгілі бір қызмет түрімен байланысты емес құқық бұзушылық жасағаны үшін аталған тұлғаларды белгілі бiр қызмет түрiне лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруға жол берілмейді.
      ӘҚБтК ерекше бөлімінің тиісті бабында осындай әкімшілік жаза шарасы көзделсе, лицензиядан айыру туралы мәселені ӘҚБтК  52-бабына сәйкес судья шешеді.
      ӘҚБтК ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында осындай әкімшілік жаза шарасы көзделсе, белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша алты айға дейiнгi мерзiмге айыру туралы мәселе уәкілетті органның (лауазымды адамның), соттың қаралуына жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы


Дата вступления в силу:  16.07.2007
Дата изменения акта:  24.12.2014
Дата принятия акта:  16.07.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 28 шілде N 218-220 (24794)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  34271
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  7
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031012000000 / 029000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz