15.12.2006

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 959 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 959 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 460-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінде :

      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Бюджеттiк сыныптама шоғырландырылған бюджет үшiн бiрыңғай және мiндеттi әрi республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң теңдестiрiлуiне қол жеткiзу мақсатында олардың көрсеткiштер жүйесiн үйлестiру құралдарының бiрi болып табылады.";

      11-тармақтың бесiншi абзацындағы "ресми" деген сөз алынып тасталсын;

      13-тармақтағы "республикада мемлекеттiк саясатты" деген сөздер "республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сай келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.";

      16-тармақтың он алтыншы абзацындағы "Ресми" деген сөз алынып тасталсын;

      17-тармақтағы "бюджет қаражатының функционалдық топ iшiнде жұмсалу бағытын" деген сөздер "ел дамуының әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер тобын функционалдық топ iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Бюджеттiк бағдарлама - мемлекеттiк басқару функцияларын, республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыру үшiн қабылданған, бюджет қаражатымен қамтамасыз етiлетiн мiндеттер. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.";

      24-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар - нәтижелерi:
      1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес тұрақты сипаты бар мемлекеттiк басқару функциялары мен мемлекет мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етуге;
      2) республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзуге, нақты мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.
      Бюджеттiк даму бағдарламалары - нәтижелері республиканың немесе өңiрдiң стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламаларының, даму жоспарларының мақсатына қол жеткiзу дәрежесiне, мiндеттерi мен iс-шараларын шешуге тiкелей ықпал ететiн, экономикалық пайда немесе әлеуметтiк-экономикалық әсер алуға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Дата вступления в силу:  15.12.2006
Дата изменения акта:  26.01.2009
Дата принятия акта:  15.12.2006
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 506-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  30703
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1214
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz