Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1428 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 қыркүйектегі N 838 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 Қаулысымен

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының қызметiн жетiлдiру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 323-құжат; 2004 ж., N 12, 150-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң    
2006 жылғы 31 тамыздағы
N 170 Жарлығына   
ҚОСЫМША       

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
2003 жылғы 18 тамыздағы
N 1167 Жарлығымен  
БЕКIТIЛГЕН     

  Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Iшкi бақылау бөлiмi
      Ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмi
      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлiмi
      Бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлiмi
      Күрделi құрылыс және техникалық қадағалау бөлiмi
      Заң бөлiмi
      Бухгалтерлiк есеп және есептілік бөлiмi
      Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлiмi