14.08.2006

Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзу және оларды мемлекеттiк теңгерiмнен шығару ережесiн бекiту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңы  58-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Z100291 қараңыз

      1. Қоса берiлiп отырған Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзу және оларды мемлекеттiк теңгерiмнен шығару ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1287  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 410-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 14 тамыздағы 
N 762 қаулысымен     
бекiтiлген        

Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзу
және оларды мемлекеттiк теңгерiмнен шығару ережесi

      1. Осы Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзу және оларды мемлекеттiк теңгерiмнен шығару ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңы  58-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзу және оларды мемлекеттiк теңгерiмнен шығару тәртiбiн белгiлейдi. Z100291 қараңыз

      2. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзудi және оларды мемлекеттiк теңгерiмнен шығаруды жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) ұйымдастырады.

      3. Мемлекеттiк теңгерiмге мыналар енгiзiледi:
      уәкiлеттi орган бекiткен және Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының (бұдан әрi - ҚР ҚМК) оң қорытындысы бар Қазақстан Республикасының жер қойнауында барланған пайдалы қазбалардың барлық түрлерiнiң қорлары;
      бұрынғы КСРО-ның пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы және пайдалы қазбалар жөнiндегi аумақтық комиссиялар бұрын бекiткен пайдалы қазбалардың қорлары; 
      кен орындарын пайдалану кезiнде жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндiру мен олардың шығындарының деректерi.

      4. Мемлекеттiк теңгерiм коммерциялық табулар бойынша пайдалы қазбалардың әрбiр түрi қорларының мөлшерi, сапасы мен зерделену дәрежесi туралы, оларды орналастыру туралы, өнеркәсiптiк игеру дәрежесi, өндiрiлуi, шығындары туралы және өнеркәсiптiң пайдалы қазбалардың барланған қорларымен қамтамасыз етiлуi туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.

      5. Пайдалы қазбалардың барланған қорларын әзiрлеудiң рентабельдiлiгi туралы ҚР ҚМК жүзеге асыратын жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындысы пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттiк теңгерiмге енгiзу үшiн негiз болып табылады.
      Жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасының нәтижелерi ҚР ҚМК-ның хаттамасымен ресiмделедi, онда пайдалы қазбалар қорларын бекiту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу туралы, қатты пайдалы қазбалардың көлемдерi мен оларды тәжiрибелiк пайдаланудың мерзiмдерi туралы, пайдалы қазбалар мен олардың компоненттерiн алудың коэффициенттерi туралы, пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару туралы, өнеркәсiптiк, ғылыми және өзге де мақсаттарда жер қойнауы туралы ақпаратты қолдану мүмкiндiгi туралы деректер көрiнiс табады.

      6. Мемлекеттiк теңгерiмге енгiзiлетiн пайдалы қазбалар қорлары:
      өндiрiлген және қайта өңдеуге жiберiлген;
      өндiру үдерiсiнде шығынға ұшыраған;
      жер қойнауында қалдырылған болып бөлiнедi.
      Кейiнгi геологиялық барлау жұмыстары мен пайдалану кезiнде пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларынан ауытқу плюс немесе минус белгiсiмен қамтылады.

      7. Өндiрiлген және қайта өңделген, сондай-ақ өндiру үдерiсiнде шығынға ұшыраған пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару оларды толық есептен алу жолымен жүргiзiледi.

      8. Одан әрi геологиялық барлау жұмыстарының үдерiсiнде не санаттардың сенiмдiлiк дәрежесiнiң нормативтiк қателiктерi шегiнде пайдалы қазбалардың теңгерiмдiк қорларының әр алуан расталмауын жер қойнауын пайдаланушы дербес ресiмдейдi, ал нормативтiк қателiктерден артып кететiн минус белгiсi бар қорлар расталмаған жағдайда жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындысы болған кезде мемлекеттiк теңгерiмге түзетулер енгiзуге жол берiледi.

      9. Жаңадан белгiленген кондицияларға сәйкес келмеуiне байланысты өнеркәсiптiк маңызын жойған, техникалық-экономикалық немесе тау-кен техникалық себептерi бойынша жұмыспен өтеуге орынсыз, кейiннен геологиялық барлау жұмыстары мен жұмыспен өтеу кезiнде нормативтiк қателiктердiң расталмауы артып кететiн пайдалы қазбалар қорларын есептен шығару жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы негiзiнде жүзеге асырылады.

      10. Пайдаланылуы бекiтiлген кондицияларға сәйкес қазiргi уақытта экономикалық орынсыз немесе техникалық әрi технологиялық жағынан мүмкiн емес, бiрақ одан әрi теңгерiмдiкке ауыстырылуы мүмкiн өндiрушi кәсiпорындарды жою немесе консервациялау кезiнде пайдалы қазбалардың жұмыспен өтелген теңгерiмдiк қорларын есептен шығару немесе оларды теңгерiмнен тыс қорлардың тобына ауыстыру жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.

      11. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалар қорларының есеп беру теңгерiмiн есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанына дейiнгi мерзiмде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық басқармаға (бұдан әрi - аумақтық басқарма) ұсынады.

      12. Жер қойнауын пайдаланушылар, аумақтық басқармалар ұсынатын есеп беру теңгерiмдерiнiң негiзiнде облыстар бойынша пайдалы қазбалар қорларының теңгерiмi жасалады және тиiстi шешiм қабылдау үшiн есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға ұсынылады.

      13. Пайдалы қазбалардың түрлерi бойынша мемлекеттiк теңгерiмдi уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi аумақтық басқармалар ұсынатын, пайдалы қазбалар қорларының теңгерiмдерi негiзiнде жасайды.


Дата вступления в силу:  14.08.2006
Дата изменения акта:  20.12.2010
Дата принятия акта:  14.08.2006
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 323-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  29311
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  762
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  012001000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz