"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 213 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 618 қаулысымен енгізілген "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен кері қайтарып алынсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі