Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрiнiң орынбасары, төраға
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-
министрi;
көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі