Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемі (пайызбен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1252 Қаулысы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N  452  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1.   "Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі
N 596  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесінде:
      1-тармақтағы "Білім беру ұйымдарының" деген сөздер "Заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақ 5) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) меншікті оқу-материалдық базасының болуы";
      17, 18, 19, 20-тармақтар 4) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) меншікті оқу-материалдық базасының болуы";
      21, 22-тармақтар 7) тармақшадағы "болуы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) меншікті оқу-материалдық базасының болуы";
      23-тармақта:
      1) тармақшада:
      төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "30" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "25" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
      он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      үшінші абзацтағы "іргелі және қолданбалы" деген сөздерден кейін ", әсіресе, ғылым немесе мәдениет салаларының біреуінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "40" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "30" деген сандар "35" деген сандармен ауыстырылсын;
      он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақшада:
      төртінші абзацтағы "10", "20", "40" деген сандар тиісінше "8", "16", "32" деген сандармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "50" деген сандар "60" деген сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "35" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын;
      он бірінші абзацтағы "практикадан өткізу" деген сөздердің алдындағы "білім беру ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      23-2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі