15.10.2005

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2)  (күші жойылды - 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қауылысымен.

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Дата вступления в силу:  15.10.2005
Дата изменения акта:  23.09.2014
Дата принятия акта:  15.10.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 37, 528-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  25551
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1032
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  024000000000 / 005004001000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz