1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 671 Қаулысы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.17. N  181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы  келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтыру енгiзуге рұқсат бере отырып, 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.17. N  181 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ЖОБА

  1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi
арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге
Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы
ХАТТАМА

(1998 жылғы 16 мамырда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
      1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасасты:

  1-бап

      1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң 2-бабында көзделген алып қоюлар мыналарға:
      1-қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға;
      2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына импортталатын тауарларға қолданылады.

  2-бап

      1. Осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда режимiнен алып қоюлар қолданылатын тауарларға қатысты Тараптар бiр-бiрiне мыналарға:
      осындай салықтар мен алымдарды алудың әдiстерiн қоса алғанда, импорт кезiнде (1 және 2-қосымшада санамаланған тауарларға қатысты) алынатын салықтар мен алымдарға;
      кедендiк ресiмдеуге, транзитке, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және осы сияқты басқа қызметтерге қатысты ережелерге;
      төлемнiң әдiстерiне және төлемдердiң аударылуына;
      импорттық лицензиялар беруге;
      iшкi рынокта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлуге және пайдалануға байланысты ережелерге қатысты ең қолайлы режим ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
      Тараптардың кез келгенiнiң Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатында не осындай одақ немесе аймақ құру нәтижесiнде үшiншi елдерге беретiн басымдықтарға;
      Тараптардың заңнамасына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн басымдықтарға;
      шекара маңындағы сауданы жеңiлдету мақсатында көршi елдерге берiлетiн басымдықтарға;
      арнаулы келiсiмдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiн басымдықтарға қатысты қолданылмайды.

  3-бап

      Тараптар өзара саудада Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына/аумақтарында тауарлардың экспорты/импорты кезiнде оларды кедендiк ресiмдеу сәтiнде қолданыстағы тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялау және квоталау туралы олардың заңнамасына сәйкес тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануды сақтайды.

  4-бап

      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы еркiн сауда режимiнен алып қоюлардың кезең-кезеңiмен күшiн жою кестесiн Тараптар 2005 жыл iшiнде өзара консультациялар негiзiнде келiсетiн болады.

  5-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi және 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмiнiң ажырамас бөлiгі болып табылады.
      2005 жылғы "__" _________ ______________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының
      Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

                                   1997 жылғы 2 маусымдағы
                               Қазақстан Республикасының Үкiметi
                              мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi
                                  арасындағы Еркiн сауда туралы
                               келiсiмге Еркiн сауда режимiнен
                                 алып қоюлар туралы хаттамаға
                                            1-қосымша

         Өзбекстан Республикасынан тауарлардың импорты
           кезiнде еркiн сауда режимiнен Қазақстан
       Республикасының алып қоюына жататын тауарлардың
                            тiзбесi

Атауы

СЭҚ ТН
коды

Денатуратталмаған, кемiнде 80 айн. % спирт концентрациясы бар этил спиртi; этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер

2207

Арақ

2208 60

Сыйымдылығы 2 л және одан кем ыдыстардағы кемiнде 80 айн. % спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi
 
  Сыйымдылығы 2 л-ден жоғары ыдыстардағы кемiнде 80 айн. %.
спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi

2208 90 910
 
 
 
 
        2208 90 990

Сигаралар, ұштары кесiлген сигаралар, темекiден немесе оны алмастырғыштар-
дан жасалған сигариллалар (жiңiшке
сигаралар) мен сигареталар

2402

                                   1997 жылғы 2 маусымдағы
                               Қазақстан Республикасының Үкiметi
                              мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi
                                  арасындағы Еркiн сауда туралы
                               келiсiмге Еркiн сауда режимiнен
                                 алып қоюлар туралы хаттамаға
                                            2-қосымша

    Қазақстан Республикасынан тауарлардың импорты кезiнде
       еркiн сауда режимiнен Өзбекстан Республикасының
           алып қоюына жататын тауарлардың тiзбесi

Атауы

СЭҚ ТН
коды

Денатуратталмаған, кемiнде 80 айн. % спирт концентрациясы бар этил спиртi; этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер

2207

Арақ

2208 60

Сыйымдылығы 2 л және одан кем ыдыстардағы кемiнде 80 айн. % спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi
 
  Сыйымдылығы 2 л-ден жоғары ыдыстардағы кемiнде 80 айн. %.
спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi

2208 90 910
 
 
 
 
        2208 90 990

Сигаралар, ұштары кесiлген сигаралар, темекiден немесе оны алмастырғыштар-
дан жасалған сигариллалар (жiңiшке
сигаралар) мен сигареталар

2402