Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелiк келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай
Халық Республикасы Үкiметiнiң арасындағы
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының
халықаралық орталығын құру туралы
негiздемелiк келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi,
Тараптар мемлекеттерiнiң егемендiгi мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып,
бәсекеге қабiлеттiктi арттыруға ықпал ететiн кәсiпкерлiк және инвестициялық ортаны құру қажеттiгiне сенiмдi бола отырып,
екi жақты сауданы жандандыру мақсатында өзара тиiмдiлiк қағидатын басшылыққа ала отырып,
шекара маңы саудасы мен Тараптар мемлекеттерiнiң шектес шекара маңы аумақтарындағы экономиканы дамытуға, рынокты халықтың түрлi жiктерiнiң сұранысын қанағаттандыратын тауарлармен толтыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, мына төмендегілер туралы келiстi:
1. Тараптар "Қорғас" (ҚР)- "Хоргос" (ҚХР) шекара маңы өткiзу пункттерiнде Тараптар мемлекеттерi бөлген шектес аумақтарда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын (бұдан әрi - "Қорғас" орталығы) құруға келiстi.
2. "Қорғас" орталығының қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасы әрекет ететiн Қазақстан Республикасының заңды құқығында, ал "Қорғас" орталығының қытайлық бөлiгі Қытай Халық Республикасының заңнамасы әрекет ететiн Қытай Халық Республикасының заңды құқығында болады.
"Қорғас" орталығындағы шаруашылық қызметтiң кез келген түрi олар аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттiң ұлттық заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
3. Шекара маңы аудандарының экономикасы мен саудасын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған "Қорғас" орталығындағы кеден және салық салу жөнiндегі және басқа да салалардағы қолайлы шаралар, сондай-ақ адамдардың өтуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегі тәртiп Хаттама жасасу жолымен Тараптардың мүдделi ведомстволары арасында келiсiлетiн және қосымша айқындалатын болады.
4. Осы Негiздемелiк келiсiмге сәйкес Тараптар "Қорғас" орталығының қазақстандық және қытайлық бөлiгiнiң алаңын, аумағының шекараларын, орналасу схемасын айқындайтын жеке шарт жасасады.
"Қорғас" орталығының қазақстандық және қытайлық бөлiгiн салу мен игерудi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалатын мүдделi ұйымдар жүзеге асыратын болады.
"Қорғас" орталығы аумағының шегiнде Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдардың, тауарлар мен көлiк құралдарының өтуiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн Тараптардың шекаралық, кедендiк, көлiктiк, инспекциялық-карантиндiк, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жөнiндегi тиiстi органдары және басқа да органдар әрбiр Тарап мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес "Қорғас" орталығының өз бөлігіндегi бақылауды жүзеге асырады, құқықтық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қорғауды қамтамасыз ететiн болады.
"Қорғас" орталығының аумағында үшiншi елдiң (немесе ауданның) кәсiпорындары инвестициялық және шаруашылық қызметiн жүзеге асыра алады.
"Қорғас" орталығының аумағында жасалған құқық бұзушылықтар (кедендiк, салықтық, инспекциялық-карантиндiк, санитарлық-эпидемиологиялық, әкiмшiлiк, қылмыстық және тағы басқа) олар жасалған аумақтағы мемлекеттiң заңнамасына сәйкес қаралатын болады.
Тараптар экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiнде шаралар қабылдайды, қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайтын болады, қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша талқылауларды жүзеге асыру кезiнде бiр-бiрiне жәрдем көрсететiн болады.
Осы Негiздемелiк келiсiмге сәйкес Тараптар "Қорғас" орталығын құру және оның жұмыс iстеуi жөнiнде басқа да режимдердi және нақты ережелердi келiседi және оларды екi Тарап үшiн қолайлы заңды нысанда бекiтедi.
Осы Негiздемелiк келiсiм олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Негiздемелiк келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
Қажет болған жағдайда осы Негiздемелiк келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша екi Тарап үшiн де қолайлы және осы Негiздемелiк келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын заңды нысандарда ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Негіздемелiк келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Негіздемелiк келiсiм белгіленбеген мерзiмге жасалып отыр және Тараптардың бiрi осы Негіздемелiк келiсiмнiң күшiн тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн қолданылатын болады.
2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында екi түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Негiздемелiк келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегі мәтiнге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн