07.02.2005

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 7 ақпандағы 
N 115 қаулысымен    
бекiтiлген      

Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс
операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған
жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу
қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желілері мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төтенше жағдай кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілері мен құралдарын пайдалануға басым құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдар байланыс операторларының шығыстарын осы Қағидаларға сәйкес өтейді.
      3. Төтенше жағдайлар аудандарының аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден тыс төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтерiне ақы төлеу үшiн байланыс операторлары мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттар негiзiнде өтеледі.
      Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу қызмет көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi бойынша және олардың желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен нақты шығындарын растайтын ұсынылған құжаттар негiзiнде төленедi.
      4. Төтенше жағдай аудандарының аймақтарынан, төтенше жағдай режимі енгізілген жерден байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше ахуалдардың, төтенше жағдайдың салдарын жоюға бөлiнетiн қаражаттан өтеледi.
      Көрсеткен қызметтерi үшін байланыс операторларына ақы төлеу қызметтер көрсету кезінде осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi бойынша уәкілеттi мемлекеттік органдар тиісті бюджеттерде көздейтiн бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      5. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда байланыс операторларының желiлерi мен байланыс құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстары төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталған және төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған сәттен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде өтеледi.
      6. Қажет болған жағдайларда шығыстарды өтеудiң өзге де мерзiмдерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ескертілуі мүмкiн.


Дата вступления в силу:  07.02.2005
Дата изменения акта:  12.11.2013
Дата принятия акта:  07.02.2005
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 6, 63-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  22822
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  115
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  031011000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz