РҚАО-ның ескертпесі!
Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолданудың тетігі туралы хаттамаға Өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолданудың тетiгi туралы хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметі, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолданудың тетігі туралы хаттамаға (бұдан әрi - Хаттама) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) Хаттаманың мәтiнi бойынша тиiстi септiктегі "елеулi нұқсан, едәуiр нұқсан" деген сөздер "едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан" деген тиiстi септiктегі сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"ұлттық экономика саласына келтірiлген материалдық нұқсан - демпингтiк немесе тауарлардың субсидияланатын импорты салдарынан туындаған және атап айтқанда, қатысушы мемлекетте соған ұқсас тауарлар өндiрiсi көлемiнiң және қатысушы мемлекеттің iшкi рыногында оларды сату көлемiнiң қысқаруынан, осындай тауар өндiрiсi пайдалылығының төмендеуiнен, тауар қорына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейiне, ұлттық экономиканың осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етуiнен көрiнетiн ұлттық экономика саласы жағдайының дәлелдемелермен расталған нашарлауы;
ұлттық экономика саласына келтiрiлген елеулi нұқсан - тауардың өспелi импортының салдарынан туындаған және жалпы қатысушы мемлекетте тiкелей бәсекелес тауар өндiруде ахуалдың нашарлауынан көрiнетiн ұлттық экономика саласының өндiрiстiк, сауда және қаржылық жағдайының едәуiр нашарлауы";
3) 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қатысушы мемлекеттердiң iшкi рыноктарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Интеграциялық комитеттiң жанынан Iшкi рыноктарды қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады".
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап
Егер Тараптардың бiрi үшiншi елдерден тауар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолдануға ниеттенсе, онда бұл Тарап алдын ала, бiрақ жоспарланған шаралар енгізiлгенге дейiн 30 күннен кешiктiрмей бұл туралы басқа Тараптарды хабардар етуге және консультациялар өткiзудi ұсынуға тиiс.
Консультациялар өткiзу туралы ұсыныс жазбаша нысанда жiберiледi, оған ұлттық экономиканың саласына едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлген немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi бар фактінi растайтын материалдар қоса берiледi.
Егер Тараптардың бiрi қатысушы мемлекеттерден шығатын тауар импортына қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолдануға ниеттенсе, бұл Тарап жоспарланған тергеу аяқталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей мүдделi Тараптарға уақыты мен оларды өткiзу орнын көрсете отырып, консультацияға шақыру қағазын, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолданбай-ақ жағдайды реттеу жөніндегі ұсынысты жiбередi.
Консультацияларға қатысатын Тараптар делегацияларының басшылары атқарушы билiктiң орталық мемлекеттiк органы департаментінiң (бөлiмшесiнiң) басшысынан төмен емес лауазымда болуы тиiс. Консультациялар жүргізу қатысушылардың құрамы мен лауазымдары мiндеттi түрде көрсетiлетiн хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға делегациялардың басшылары қол қояды және оның көшiрмелерi қол қойылған күннен бастап 10 күн мерзiмде Интеграциялық Комитеттiң Хатшылығына жiберiледi.
Консультациялар барысында Тараптар арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолданбай-ақ, жағдайды реттеу бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс.
Егер жүргiзiлген консультациялардың нәтижесiнде жағдайды реттеу бойынша өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткiзiлмесе, онда iшкi рынокты қорғау шаралары туралы мәселе Комиссияның қарауына енгiзiледi";
5) мынадай редакциядағы 4a-бабымен толықтырылсын:
"4a-бап
Iшкi рынокты қорғау жөніндегі шаралар туралы мәселенi Комиссия қарау үшiн тергеу жүргізушi Тарап жоспарланған шаралар енгізiлгенге дейiн 45 күннен кешiктiрмей мынадай мәлiметтердi қамтитын материалдарды Интеграциялық Комитеттiң Хатшылығына жiбередi:
тауарлардың өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын импортының салдарынан ұлттық экономикаға едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiрiлуi немесе едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан келтiру қаупi бар негіздемесi;
оған қатысты тергеу жүргiзiлген кезеңнiң басындағы және соңындағы тауардың жиынтық импортындағы қатысушы мемлекеттердiң үлестерi;
қатысушы мемлекеттердiң тауарлар импортынан iшкi рынокты қорғау үшiн қабылдануы мүмкiн шаралар туралы ұсыныстар.
Едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсанның келуi және оның көлемi Мемлекетаралық Кеңес бекiтетiн ЕурАзЭҚ-өа мүше мемлекеттердiң өспелi, демпингтiк немесе субсидияланатын тауарлар импортының салдарынан ұлттық экономика салаларына едәуiр нұқсанның келуiн және оның көлемiн айқындаудың бiрыңғай әдiстемесiнiң негiзiнде айқындалады.
Комиссия қатысушы мемлекеттердiң iшкi рыногын қорғау туралы мәселенi материалдарды алған күнiнен бастап 14 күннiң iшiнде қарайды. Комиссия шешiмi, мүмкiндiгiнше, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтеу шараларын қолданбай-ақ, жағдайды шешу жөнiндегi, не Тараптың осындай шараларды енгізу ниетiнен ең аз шектеулi шараларды қолдану жөнiндегi ұсынылып отырған ұсынымдарын қамтуы тиiс.
Тергеу жүргізушi Тарап Комиссия шешiмiн орындау үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қабылдайды.
Егер Тараптардың қайсыбiрi Комиссияның ұсынымдарына келiспеген жағдайда тергеу жүргізушi Тарап дербес және өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес өз iшкi рыногын қорғау жөнiнде шаралар қабылдауға құқылы. Тергеу жүргізушi Тарап осындай шаралар қабылдау ниетi туралы Комиссия тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей Комиссияны хабардар етуi тиiс. Көрсетiлген шараларды қабылдау туралы шешiмге осындай шешiм қабылдаған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес шағымдануға болады.
Осы Хаттамадағы ешнәрсе Тараптарға, олардың тауар өндiрушiлерiне және қатысушы мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес мүдделi болып табылатын өзге де тұлғаларға, тергеулер жүргізу үшiн жауапты қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiгiнiң орталық мемлекеттiк органдарына түсiнiктемелер және олардың көз қарасынша, объективтiк фактiлердi белгiлеу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер ұсынуға кедергi келтiрмейдi. Өз кезегiнде, Тараптардың көрсетiлген атқарушы билiк органдары Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген рәсiмге және мерзiмдерге сәйкес бұл түсiнiктемелер мен мәлiметтердi қарауға қабылдауға мiндеттi".
2-бап
Осы Хаттама 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолданудың тетігі туралы хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады.
3-бап
Осы Хаттама депозитарий болып табылатын Интеграциялық Комитет Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
2003 жылғы 28 қазанда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасының Республикасының Республикасының
Yкiметі үшiн Yкiметі үшiн Yкiметі үшiн
Ресей Федерациясының Тәжiкстан
Yкiметі үшiн Yкiметі үшiн