"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 490 қаулысы

       Ескерту. Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентiнен қайтарылып алынсын - ҚР Үкіметінің 2005.04.13.  N 341 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Заңы
 
  "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат; 2001 ж., N 8, 50-құжат; N 21-22, 285-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 6, 76-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1. Кiрiспе "оралмандар" деген сөзден кейiн "мен iшкi көшiп-қонушылар" деген сөздермен, "үшiн" деген сөзден кейiн "жаңа" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1), 6-1), 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) iшкi көшiп-қонушылар - себептерiне және уақытының ұзақтығына қарамастан, өз бетiнше немесе iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша Қазақстан Республикасының iшiнде қоныс аударушы жеке адамдар";
      "6-1) iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасы - экологиялық жағдайы тұруға ерекше қолайсыз және даму әлеуеті төмен елдi мекендерден Қазақстан Республикасының iшiнде экономикалық перспективалы өңiрлерге тұрақты тұру мақсатында қоныс аударуға тиiс, адамдардың Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейтiн шектi саны";
      "11-1) қоныс аударушылар - қоныс аударушылардың көшi-қон квотасына және село халқын экономикалық перспективалы өңiрлерге оңтайлы қоныстандыру схемасына сәйкес Қазақстан Республикасының iшiнде қоныс аударушы адамдар";
      8) тармақшада "Қазақстан Республикасының iшiнде" деген сөздерден кейiн "өз бетiнше немесе iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 4-бап мынадай мазмұндағы төртіншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасы бойынша қоныс аударған адамдар өзiнiң тұрақты тұрғылықты жерi бойынша қоныс аударған сәттен бастап үш ай iшiнде тiркелуге мiндеттi.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен және 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 баптармен толықтырылсын:
      "2-1-тарау. Iшкi көші-қон

      8-1-бап. Iшкi көшi-қонды жүзеге асыру шарттары

      1. Iшкi көшi-қон жеке адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру, тұратын жерiн және болатын жерiн таңдау еркiндiгiне құқығы негізiнде ерiктi түрде жүзеге асырылады.
      Iшкi көшiп-қонушыларды мәжбүрлеп көшiруге жол берiлмейдi.
      2. Iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына және тұрақты тұру мақсатында халықты экономикалық перспективалы өңiрлерге оңтайлы қоныстандыру схемасына сәйкес қоныс аударған жеке адамдар қоныс аударушы мәртебесiн алады.
      Қоныс аударушы мәртебесін алу отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң бiреуi берген өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қоныс аударушы мәртебесiн беру туралы өтiнiштi қарау және отбасын iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасына енгiзу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      8-2-бап. Қоныс аударушылардың iшкi көшi-қоны

      1. Қоныс аударушылардың iшкi көшi-қоны ұлттық қауiпсiздiк, халықтың денсаулығын сақтау мүдделерi ескерiле отырып, оңтайлы қоныстандыру және тұру мен еңбек қызметi үшiн жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті орган қоныс аударушыларды өңiрлер бойынша оңтайлы орналастыруды ұйымдастырады және оларды қабылдау мен жайластыру жөнiнде жағдай жасайды.
      3. Қоныс аударушылардың iшкi көшi-қоны тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      8-3-бап. Iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын
               белгiлеу

      1. Iшкi көшiп-қонушылардың алдағы жылға арналған қоныс аудару квотасын облыстар әкiмдерiнiң ұсыныстары негiзiнде халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi көшi-қон мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша алдағы жылға iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын белгiлейдi.
      3. Iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актіде iшкi көшiп-қонушыларды қабылдау үшiн белгiленген экономикалық перспективалы елдi мекендерге олар қоныс аударатын елдi мекендер көрсетiле отырып, адамдардың шектi саны және оларды қабылдау, жайластыру және олардың бейiмделуi үшiн қажеттi iс-шаралар айқындалады.

      8-4-бап. Iшкi көшiп-қонушыларға берiлетiн жеңiлдiктер,
               өтемдер және атаулы көмектiң басқа да түрлерi

      1. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн оңтайлы қоныстандыру схемасына сәйкес iшкi көшiп-қонушылар үшiн белгіленген өңiрлердiң тұрмыс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн объектiлердi дамытуды инвестициялауды жүргiзедi.
      2. Экономикалық перспективасыз өңiрлерден қоныс аударуды ынталандыру мақсатында халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      тұрақты тұратын жерiне тегiн баруды және мүлкiн (оның iшiнде малын) апаруды қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тұрғын үй, мал сатып алу және бiржолғы жәрдемақы төлеу үшiн қаражат бередi.
      3. Жергілiктi атқарушы органдар:
      жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;
      iшкi көшiп-қонушыларды жұмысқа орналастыру мүмкін болмаған жағдайда оларды жұмыссыздар ретiнде тіркейдi, бiлiктiлiгiн арттыруға және жаңа кәсiптi игеруге жәрдемдеседі, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы көмек және өзге де әлеуметтiк жәрдемақылар төлеудi қамтамасыз етеді;
      Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер учаскелерiн бередi;
      мұқтаждарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi.".
      4. 13-бапта "республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 15-баптың екiншi бөлігінде "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 24-баптың 4) тармақшасында "оралмандарды" деген сөзден кейiн "және олардың отбасы мүшелерiн" деген сөздермен толықтырылсын.
      7. 34-баптың 2-тармағында:
      3) тармақша "квотасын" деген сөзден кейiн "және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшада "квотасының" деген сөзден кейiн "және iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасының" деген сөздермен толықтырылсын.
      8. 41-бап алынып тасталсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi