"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкінің арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 175 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кейбiр өкiмдеріне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "2003-2005 жылдардың жазғы каникулы кезеңінде балалар мен жасөспірiмдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 сәуiрдегі N 70-ө өкiмiне :
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жастар ұйымдары мен мәдениет ұйымдарының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірiмдердiң жазғы демалысын өткізуге, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға қатысуына жәрдемдессiн.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгі бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысына, сауықтырылуына және жұмыспен қамтылуына дайындық пен оларды өткiзу барысының жариялануын қамтамасыз етсiн.";
      2) "Көшпендi" көркем тарихи фильмiн шығару туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 4 тамыздағы N 164-ө өкімiне :
      1 және 3-тармақтарда "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр