Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 148 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 2.4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Орталық атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк органдардың басшылары (келiсiм бойынша) Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жыл сайын 5 қаңтардан және 5 шiлдеден кешiктiрмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi жыл сайын 25 қаңтардан және 25 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 6 ақпандағы 
N 148 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының ұлттық
стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған
Бағдарламасы

1. Паспорты (Бағдарламаның негiзгi параметрлерi)

Атауы            Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және
                 сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006
                 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзiрлеу үшін     Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы
негіздеме        5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекiтiлген
                 Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003-2006
                 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру
                 жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 2.4-тармағы
                 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы
                 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген
                 Қазақстан Республикасының индустриялық-
                 инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға
                 арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi
                 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының
                 5.3.3.11-тармағы

Негізгi          Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
әзiрлеушi        министрлiгi

Бағдарламаның    Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының
мақсаты          әлемдiк рынокқа шығуы, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда
                 ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiруiне жағдай жасау үшiн
                 өзiне стандарттау, сәйкестiгiн бағалау,
                 аккредиттеу, сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау
                 мен бақылау жөнiндегі жұмыстарды жетiлдiрудi
                 қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың
                 халықаралық практикасына Қазақстан Республикасының
                 көшуiн қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi          Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару
мiндеттер        саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзудi
                 қамтамасыз ету;
                  техникалық реттеудiң халықаралық үлгiсiне өту;
                  салаларда стандарттау жөнiндегі жұмыстарды дамыту
                  мен жетiлдiру үшiн жағдай жасау;
                  Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi үшiн жағдай жасау;
                  республикада өткiзiлген өнiмнiң сәйкестігін
                  бағалау нәтижелерiнiң әлемдiк рынокта танылуы
                  үшiн жағдай жасау;
                  отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және
                  сапасын арттыру;
                  мемлекеттік, өңiрлiк және халықаралық
                  деңгейлерде бiрыңғай ақпараттық кеңiстіктi
                  кезең-кезеңмен құру;
                  мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру;
                  халықаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды
                  жандандыру.

Iске асыру       2004-2006 жылдар
мерзiмi

Бағдарламаны     Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
орындаушылар     министрлiгi
                 Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен
                 ведомстволары

Қаржылану көзi   Республикалық бюджет

Қаржылық         Барлығы: 590 556 мың (бec жүз тоқсан миллион бес
шығындар         жүз елу алты мың) теңге, оның iшiнде:
                 - 2004 жылға - 242 683,0 мың (екi жүз қырық екi
                 миллион алты жүз сексен үш мың) теңге
                 - 2005 жылға - 170 402,0 мың (жүз жетпiс миллион
                 төрт жүз екi мың) теңге
                 - 2006 жылға - 177 471,0 мың (жүз жетпiс жетi
                 миллион төрт жүз жетпiс бiр мың) теңге

Күтiлетiн        Бағдарламаны iске асыру:
нәтижелер        - мемлекеттiк және халықаралық стандарттар
                 негiзiнде өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгін және
                 тұтынушылық қасиеттерiн көтеруге;
                 - стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру
                 негізiнде саудада техникалық кедергiлердi
                 болдырмауға;
                 - техникалық peттеу, стандарттау және сәйкестiгiн
                 бағалау саласында жұмыстардың халықаралық
                 практикасына бiртiндеп өтуге;
                 - жаңа оның iшiнде халықаралық деңгейде техникалық
                 комитеттер, сондай-ақ салаларда стандарттау
                 қызметтерiн құруға;
                 - халықаралық, өңiрлiк және ұлттық ұйымдармен
                 ынтымақтастықты жандандыруға;
                 - бiрыңғай ақпараттық кеңiстіктi құруға септiгін
                 тигiзуi тиiс.

2. Кiрiспе

      Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарғысымен   бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының 7.3.3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 2.4-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 5.3.3.11-тармағы негiзiнде әзiрлендi.
      Осы Бағдарлама iс-шаралардың орындалуымен Қазақстан Республикасының стандарттар мен сәйкестiктi бағалауды әзiрлеу мен қолданудың халықаралық практикасына көшу үшiн жағдай жасау басталған "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 4 шiлдедегi N 913 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасының жалғасы болып табылады.
      Осы Бағдарлама мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерін одан әрi дамытуға, стандарттау, сәйкестiгiн бағалау, сапаны басқару саласында жұмыстардың халықаралық практикасына бiртiндеп көшуге және көрсетiлген бағыттарда жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бағдарламаның iс-шаралары 2004-2006 жылдар кезеңiн қамтиды, ұзақ мерзiмдi сипатқа ие және келесi бағдарламаларда iске асырылатын болады.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Қазiргі уақытта республикада негізгі ережелерi Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық талаптарымен және қағидаттарымен сәйкестендірілген мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң заңнамалық негізi құрылған. Осы мақсатпен "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Республикада мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiнiң негіз құраушы стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.
      Республикада 39 мыңнан астам саналатын нормативтiк құжаттардың атаулары, оның iшiнде: 3 700 стандарттау жөніндегi мемлекеттiк нормативтiк құжаттар (шамамен 700 мемлекеттік стандарт, 3000-нан астам техникалық шарттар, ережелер мен ұсыныстар); 20 000 мемлекетаралық стандарт; 15 000-ға жуық шетелдiк стандарттар және 4 000 халықаралық стандарттар бap нормативтiк құжаттар қоры (Мемлекеттiк стандарттар қоры) құрылды. Алайда, бар қор Қазақстанда қолданыстағы нормативтiк құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестiру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн шетелдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен жеткілiктi толықтырылмаған. Алдағы кезеңде Мемлекеттiк стандарттар қорын (бұдан әрi - МСҚ) кеңейту және жаңарту қажет.
      МСҚ кеңейту және жаңарту жөнiндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөнiндегі жұмыстарды толық көлемде жүргізу үшiн МСҚ ақпараттық жүйесiнiң техникалық жабдықталуын жаңғырту және оны дамыту жөнiнде жұмыстарды жалғастыру қажет.
      Жүргізiлген талдау көрсеткендей мемлекеттiк стандарттарды жаңарту қарқыны соңғы 10 жыл iшiнде елеулi түрде қысқартылды. Осының нәтижесiнде халықаралық талаптармен үйлестiрілген мемлекеттiк стандарттардың процентi, негiзiнен негiз құраушы стандарттар есебiнен 2003 жылы тек 17%-тi құрайды.
      Салалардың стандарттарды әзiрлеуге қызығушылығының әлсiздігі, салалық бағдарламаларды қаржыландырылмау немесе қаржыландырудың жеткiлiксiздігi, стандарттауда ғылымның дамуының белсендiлiгiнiң төмендеуiнiң негізгi себебi болып табылады.
      Экономиканың түрлi салаларында стандарттау жөнiнде жұмыстар жүргiзу мақсатында қызмет саласына мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiндегі жұмыстар мен халықаралық стандарттауға қатысу кiретiн 40 стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер құрылды. Алайда стандарттау жөнiндегi балама техникалық комитеттердi басқа да қамтылмаған салаларда құру қажет.
      Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - ИСО) мүшесi болып табылады. ИСО шеңберiнде Қазақстан 6 стандарттау жөнiндегi - халықаралық техникалық комитеттiң жұмысына және мұзға төзiмдi теңiз мұнай-газ құрылғыларына стандарттар әзiрлеу жөнiндегi топтың жұмысына қатысады. Алайда, Қазақстан Халықаралық электротехникалық комиссияның (бұдан әрi - ХЭК) мүшесi болып табылмайды. Осы ұйымда мүшелiктiң болмауы XЭК халықаралық стандарттарын пайдалануға мүмкiндiк бермейдi.
      Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсiмдерi туралы ДСҰ-ға мүше мүдделі елдердi ақпараттандыру үшiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорын негiзiнде аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша ДСҰ-мен өзара iс-әрекет жөнiндегі ақпараттық орталық құрылады. Қазiргi уақытта ақпараттық орталық қажеттi бағдарламалық өнiмдермен, библиографиялық және толық мәтiндi дерекқормен жабдықталмаған.
      Мүдделi тұлғаларды рынок жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында республикада шығарылатын өнiмдi каталогтау жүйесi құрылды және жүргiзiледi. Қазiргi уақытта жүргiзiлуi мен көкейкестілігі жалғастырылуы қажет өнiмнiң 3 электронды каталогы құрылған.
      Республикада түрлі ведомстволармен әзiрленген 25 сыныптауыш қолданыста, олардың 10-ы мемлекеттік мәртебеге ие. Техника-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін құру қажет.
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қауiпсiздiгінiң қажеттi шарттары ретiнде қару айналымын тәртiпке келтiруге жағдай жасау үшiн Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетке Азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқтарының мемлекеттік кадастрын шығару тапсырылған. Осы мiндеттi iске асыру үшiн бұдан әрi Азаматтық және қызметтік қару үлгiсiнiң тiзбесiн және Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының мемлекеттiк кадастрын жүргiзу қажет.
      Отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігі өндірiсте сапа менеджментi жүйесiнiң болуына тiкелей байланысты болады. Республикада қазiргi уақытта ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесiн шамамен 116 кәсiпорын ғана сертификаттады, олардың iшiнде нақты секторда тек әрбiр салада 3-4-тен ғана. Сапа менеджментi жүйелерiн енгiзуде кәсiпорындардың қызығушылықтарының төмендiгінiң негiзгi себептерiнiң бiрi сапа саласында саясатты әлсiз насихаттау мен ғылыми-әдiстемелiк базаның болмауы болып табылады. Таяу жылдарда отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгінiң деңгейiн арттыруды қамтамасыз ету үшiн кәсiпорындарда сапа менеджментi жүйелерiн және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сертификаттау жөнiндегi жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.
      Қазiргі уақытта жалғастырылуы қажет өнеркәсiптiң басым салаларындағы кәсiпорындарда 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын енгiзу кезiнде туындайтын проблемаларды талдау жөнiнде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
      Отандық кәсiпорындарды бәсекеге қабiлетті өнiм өндiруге ынталандыру мақсатында республикада "Сапа саласындағы жетiстіктерi үшін" және "Қазақстанның ең үздік тауарлары" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйақысына iзденуге конкурстар құрылды.
      Қолда бар сертификаттау сынақтары бойынша республиканың сынақ қоры жеткiлiксiз, себебi өнiмнiң барлық номенклатурасын қамтымайды және республикада тегiс таратылмаған.
      Сынақ қорын жабдықтау үшiн өнiмнiң, шикiзаттың және материалдардың әлеуетi қауiптi түрлеріне сертификаттық сынақтар жүргiзу жөніндегі аккредиттелген сынақ орталықтары (зертханалар) желiсiн құру және жетілдiру қажет.
      Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тiзiлiмдерiнде тiркелген мамандар жоқ. Халықаралық және өңірлік ұйымдарда мамандарды даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүргiзу қажет.
      Осылайша, қазiргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерi халықаралық талаптарға, соның iшiнде Саудада техникалық кедергілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөнiндегі Дүниежүзiлiк сауда ұйымы келiсiмдерiнiң талаптарына және ТМД елдерiнiң еркiн сауда аймағындағы техникалық кедергiлер жөнiндегі келiсiмдерге сәйкес келтiрiлмеген.
      Төменде проблеманың күштi және әлсiз жақтары берiлген.
__________________________________________________________________
         Күшті жақтары         |       Әлсіз жақтары
__________________________________________________________________
- техникалық реттеу жүйесiне     - ұлттық стандарттарды
өту жөнiндегi жұмыстардың        халықаралық стандарттармен
бiрiншi кезеңiн жүргізу;         үйлестiрудiң төмен процентi;
- республика кәсiпорындарында    - техникалық реттеу саласында
сапа менеджментi мен қоршаған    бiрыңғай саясатты құруға керi әсер
ортаны қорғау жүйелерiн енгiзу   ететiн мемлекеттiк органдардың
жөнiндегi жұмыстарды насихаттау  жекелендiрiлгендігі;
мен қолдау жөнiнде жұмыстар      - халықаралық тiзiлiмде тiркелген
жүргiзу;                         сарапшылардың болмауы;
- салаларда стандарттау          - өнiмнiң жекелеген түрлерiнiң
жөнiндегі қызметтi жандандыру.   сапасын бақылау үшiн сынақ қоры
                                 мен қазiргi заманғы жабдықтардың
                                 болмауы.
__________________________________________________________________
         Мүмкіндіктер          |          Қауіптер
__________________________________________________________________
- жаңа нарықтық экономика мен    - әлемдiк жаhандандыру процесiнiң
халықаралық практикаға жауап     шегiнен тыс қалу қатерi;
беретiн, өнiмге, оның өндiрiлу   - ғылым мен техниканың қазiргi
процестерiне, жұмыстарға және    уақыттағы талаптарына жауап
қызмет көрсетулерге қойылатын    беретiн ақпараттар мен нормативтiк
мiндеттi және ұсынылатын         құжаттардың болмауы;
(ерiктi) талаптарды белгілеу     - республикалық, мемлекетаралық
мен қолдану мәселелерiне         және халықаралық деңгейлерде
көзқарасты енгiзу;               ақпаратпен және нормативтiк
- халықаралық ұйымдармен және    құжаттармен шұғыл алмасу үшiн
стандарттау мен сертификаттау    жағдайдың болмауы.
жөнiндегі ұлттық органдармен
бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi
құру;
- мемлекеттік стандарттар
қорын ұлғайту, сондай-ақ
үйлестірілген ұлттық
стандарттар процентiн арттыру.
__________________________________________________________________

      Осы Бағдарламада көзделген ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн бұдан әрi дамыту бiрқатар заңнамалық кесiмдер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және үйлестiру жолымен балама халықаралық жүйелермен жақындастыруға стандарттау нысандары мен әдiстерiн жетiлдiруге, өнiмдi сертификаттау рәсiмдерiн өзгертуге, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы қызметті жетілдiруге байланысты проблемаларды шешедi.
      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдiк рынокқа шығуына жағдай жасау үшiн өзiне стандарттау, сәйкестiктi бағалау, аккредиттеу, сапаны басқару, мемлекеттiк қадағалау мен бақылау жөнiндегі жұмыстарды жетілдiрудi қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың халықаралық практикасына Қазақстан Республикасының өтуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілiк сауда ұйымына (ДСҰ) кiру үшiн жағдай жасау болып табылады.
      Бағдарламаның мiндеттерi:
      - стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргізудi қамтамасыз ету;
      - техникалық реттеудiң халықаралық үлгісiне өту;
      - салаларда стандарттау жөнiндегi жұмыстарды дамыту мен жетiлдiру үшiн жағдай жасау;
      - Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi үшiн жағдай жасау;
      - республикада әлемдiк рынокта жүргiзiлген өнiм сәйкестігінiң бағалау нәтижелерiн тану үшiн жағдай жасау;
      - отандық өнiмнiң бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру;
      - мемлекетаралық, өңiрлiк және халықаралық деңгейде бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi кезең-кезеңмен құру;
      - халықаралық стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жандандыру.
      Қойылған мiндеттердi iске асыру отандық өнiмнiң сапасын арттыруға және iшкi және сыртқы рыноктарда бәсекелестік қабiлеттілігін арттыруға, мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiн жетiлдiруге және республиканың бiрыңғай ақпараттық кеңiстігiн құруға ықпал етедi.

5. Бағдарламаны іске асырудың негiзгi
бағыттары және тетiгі

      Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары:
      - стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнаманы жетiлдiру, оны халықаралық практикаға сәйкес келтiру;
      - мемлекеттiк стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамыту және халықаралық жүйелермен үйлестiру;
      - қолданыстағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды салалар бөлінiсiнде халықаралық талаптармен үйлестіру;
      - сапа менеджментi жүйелерiн енгізудi ынталандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
      - Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетілдiру;
      - стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
      - стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiліктілігін арттыру болып табылды.

5.1. Стандарттау және сертификаттау саласындағы
заңнаманы жетiлдiру, оны халықаралық практикаға
сәйкес келтіру

      Қалыптасқан халықаралық практиканы және ТМД елдерiнде қабылданған практиканы ескере отырып мiндетті техникалық регламенттер мен стандарттар арқылы өнiм өндiрудi нормативтiк реттеудi көздеу жоспарланатын "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу және бекiту күтiледi.

5.2 Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау
жүйелерiн дамыту және халықаралық жүйелермен
үйлестiру

      5.2.1 Мемлекеттiк стандарттау жүйесiн жетiлдiру және техникалық реттеу жүйесiн құру жөнiндегi iс-шаралар
      Мемлекеттiк стандарттау жүйесiн бұдан әрi дамыту мен жетілдiру оларды балама халықаралық жүйелермен жақындастыруды және стандарттарды epiкті қолдануға өтудi көздейдi.
      Алдағы кезеңде қолданыстағы заңнамаға және нормативтiк техникалық құжаттамаға оларды жаңадан әзiрленген заң жобасына сәйкес келтiру және техникалық реттеудi талап ететiн экономика салаларын анықтау мақсатында талдау жүргiзу қажет.
      Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - MAК) шеңберiнде кейiннен оларды МАК-қа мүше елдерде, оның iшiнде Қазақстанда да қабылдап, мемлекетаралық мүдденi бiлдiретiн секторлар бойынша техникалық регламенттердi әзiрлеу көзделедi. Осыған байланысты ұлттық техникалық регламенттердi әзiрлеу осы саладағы мемлекетаралық үрдiстердi ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
      Нормативтiк құқықтық кесiмдердi және құжаттарды:
      - техникалық регламенттерге;
      - техникалық регламенттермен үйлестірiлген стандарттарға және басқа да нормативтiк құжаттарға ажырату күтілуде.
      Мемлекеттiк стандарттау жүйесiн жетiлдiру үшiн Бағдарламада:
      - техникалық реттеу жүйесiне өту жөнiнде iс-шаралар жоспарын дайындау және бекiту;
      - негіз құраушы стандарттарды техникалық реттеу туралы заңнамамен сәйкес келтiру мақсатында оларды қайта қарау;
      - экономиканың жұмыс iстеп тұрған салаларында экономиканың басым секторлары мен оларды техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында негiз құраушы стандарттарды қайта қарауды талап ететiн өнiм түрлерiн анықтау үшiн мiндеттi нормаларды белгiлейтiн басқа нормативтiк құжаттарға талдау жүргізу;
      - халықаралық талаптармен үйлестiрiлген ұлттық стандарттар әзiрлеу;
      - жаңа техникалық комитеттер, сондай-ақ салаларда кәсiпорындардағы стандарттау қызметтерiн құруға ықпал ету;
      - теледидарда, радиода, баспада салалық және мамандандырылған басылымдарда техникалық реттеу жүйелерiн насихаттау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және iске асыру;
      - халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, өнiмнiң сапасына мемлекеттік қадағалау жүргiзу тәртiбiн жетiлдіру, сондай-ақ сату саласында сапасын анықтау үшін тауар үлгiлерiн сатып алу мен сынауды қаржыландыру;
      - аккредиттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша ДСҰ-мен өзара iс-әрекет жөнiндегi ақпараттық орталық жүйесiн дамыту мен бiрге алып жүрудi қамтамасыз ету;
      - мүдделi тұлғаларды өндiрiлетiн өнiм, нормативтiк құжаттар мен тауар өндiрушілер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн өнiмдi каталогтау жүйесiн жетiлдiру, оның электронды каталогына өзгерiстер енгiзу;
      - Азаматтық және қызметтiк қару мен оның оқтары үлгiлерiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргізу.

      5.2.2 Сертификаттау және аккредиттеу жүйелерiн жетiлдiру жөнiндегі iс-шаралар
      Сертификаттау және аккредиттеу саласында сертификаттау жөнiндегі органдар мен сынақ зертханаларын аккредиттеу нәтижелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында берiлетiн сәйкестiк сертификаттарын халықаралық деңгейде тануды қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүргiзу қажет.
      Ол үшiн:
      - сертификаттық сынаулар жүргiзу жөнiндегi сынақ орталықтарының (зертханаларының) желiлерiн құру және жетiлдiру. Оның iшiнде, Солтүстiк өңiрде ауыл шаруашылығы техникасы бойынша, Орталық өңiрде тұрмыстық электр аспаптары, газ, кабельдiк өнiмдер бойынша сынақ зертханаларын құруға; сондай-ақ бұйымдар мен материалдардың өрт қауiпсiздiгi көрсеткiштерiн тексеру бойынша сынақ зертханаларын құруға ықпал ету қажет. Осы мiндеттi орындау үшін бағдарламада өлшеу аспаптарымен және құралдарымен жабдықталған көшпелi зертханаларды сатып алу көзделген;
      - сынақ зертханалары (орталықтары) желiлерiнiң сынақ жабдықтарын жаңғыртуды және оларды халықаралық тiзiлiмдерде аккредиттеудi жүргiзу;
      - халықаралық сарапшылар тiзiлiмiне енгiзу мақсатында, аккредиттеу нәтижелерiн тануды қамтамасыз ету мақсатында стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында мамандар оқытуды жүргiзу;
      - шетелде қазақстандық сертификаттау жөнiндегi органдар беретiн сәйкестiк сертификаттарын тану мақсатында ұлттық аккредиттеу жөнiндегі органды халықаралық деңгейде аккредиттеуге дайындау;
      - сертификаттау жөнiндегi органдарды, сынақ және өлшеу зертханаларын аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

5.3 Қолданыстағы стандарттау жөнiндегi
нормативтік құжаттарды салалар бөлiнiсiнде
халықаралық талаптармен үйлестiру

      Осы кезеңде стандарттау мен сертификаттаудың басым объектiлерi ретiнде мiндетті сертификаттауға жататын өнiмдер тiзiлiмiне сәйкес өнiмдер, сондай-ақ қызметiнiң түрi әлеуетті қауіпті кәсiпорындар өндiрiсi болуы тиiс.
      Бағдарламаның негізгі iс-шаралары халықаралық стандарттар салаларына енгізуге бағытталған, ол үшiн:
      - республиканың кәсiпорындарында салаларда стандарттау қызметтерiн құру;
      - республиканың техникалық peттеу жүйесiне өтуiн ескере отырып, салада қолданыстағы стандарттау жөнiндегі нормативтік құжаттарды әзiрлеу мен оларды халықаралық талаптармен үйлестiрудiң бағдарламалары мен жоспарларын республика экономикасының түрлi секторларының мемлекеттік басқару органдарының бекiтуi;
      - Қазақстан Республикасы экономикасының басым салалары үшiн дамыған шет елдердiң халықаралық өңiрлiк және ұлттық стандарттарын сатып алу;
      - экспортқа шығарылатын отандық өнiм мен объекттерге (технологиялар, қызметтер көрсету) арналған қолданыстағы нормативтiк құжаттарды үйлестiру жүргізу болжанып отыр.

5.4 Сапа менеджментi жүйелерiн енгiзудi
ынталандыру жөнiнде жұмыстар жүргізу

      Әлемдiк рынокта өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгiне гаранттың бiреуi сапа менеджменті жүйесiн сертификаттау және халықаралық стандарттар бойынша қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
      Сапа менеджментi жүйелерiне арналған стандарттар сапа мәселелерiнде басшылар мен мамандардың жоғары құзыреттілігі мен арнайы даярлығына бағдарланған, өндiрiстi ұйымдастыру мен процестердi басқаруда жаңа бағыттарды iздестiрудi талап етедi.
      Экономиканың түрлi секторындағы кәсiпорындарды сапа менеджментi және қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгiзуге дайындау үшiн Бағдарламада:
      - өндiрiстің жергілiктi жағдайын ескере отырып, 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарына сәйкес нәтижесi сапа менеджментi мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн әзiрлеу және енгізу жөнiндегі нұсқамалар мен әдiстемелiк құралдар әзiрлеу болып табылатын сапа менеджментi және қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізу жөнiнде қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу;
      - ИСО 19011 "Сапа менеджментi және/немесе қоршаған ортаны қорғау жүйелерiнiң аудитi жөнiндегi басшылық" халықаралық стандарттың икемделiнуi жөнiнде ұсынымдар мен әдiстемелiк материалдар әзiрлеу;
      - ғылыми-техникалық журналдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында ұсынымдар мен басқа материалдарды жариялау;
      - тарифтiк емес кедергiлердi азайту және Қазақстанның ДСҰ-ға тиiмдi қатысуы үшiн Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесiн еуропа жүйесiмен үйлестіру жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу көзделген.

5.5 Мемлекеттiк стандарттар қорын
дамыту және жетiлдiру

      Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетiлдiру мақсатында:
      - МСҚ өнеркәсiбi дамыған шет елдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарымен, әсiресе электронды тасымалдаушыларда толықтыру;
      - қорда бар нормативтік құжаттарды қағаз тасымалдаушылардан электронды тасымалдаушыларға аудару;
      - қолданыстағы техникалық реттеу жүйесiн реформалау мiндеттерiмен сәйкес келтiру мақсатында қолданыстағы нормативтік құжаттар қорының тиімділігіне талдау жүргiзу және нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      - өнiмге арналған нормативтік құжаттардың библиографиялық дерекқорын құру, мысалы - мұнай және мұнай өнiмдерi, түстi металдар мен олардың қорытпалары, ауыл шаруашылығы шикiзаты және оны қайта өңдеу өнiмдерi және басқалары;
      - көрсеткiштердi, каталогтарды, стандарттарды дайындау және, сондай-ақ электронды тасымалдаушыларда шығару;
      - стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа менеджментi жүйелерi жөнiндегi баспа өнiмдерiн шығару және тарату жөнiндегi маркетингтiк қызметтi жүзеге асыру жоспарланып отыр.

5.6 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу
саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

      Халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында Бағдарлама:
      Халықаралық стандарттау жөнiндегі ұйым (ISО) жұмысына қатысуды;
      - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi өңiрлiк ұйым;
      - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi мемлекетаралық кеңес жұмысына қатысуды;
      - стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердiң жұмысына қатысуды көздейді.
      Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға алдағы өтуiн және әлемдiк экономикаға ықпалдасу қажеттілігін ескере отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде:
      - Халықаралық электротехникалық комиссияға кiру;
      - ТМД және алыс шет елдерiнiң стандарттау және сертификаттау жөнiндегi ұлттық органдарымен ынтымақтастық жоспарланып отыр.

5.7 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу
саласында кадрларды даярлау және олардың бiліктiлiгiн
арттыру

      Стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласында кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлігін арттырудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында:
      - жоғары оқу орындарында стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мамандар даярлау бағдарламаларын жетілдiру, оның iшiнде жалпы және арнайы бiлiм алу кезеңiнде оқытудың үлгілiк бағдарламаларын, оқыту және әдiстемелiк нұсқаулықтарды жасау;
      - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару мәселелерi жөнiнде бiлiм беру мекемелерi үшiн оқыту және әдiстемелiк материалды дайындауға қатысу;
      - бiлiм беру мекемелерiнiң студенттерi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнде тағылымдамадан өту қажет.
      Қазақстанда аккредиттелген сертификаттау жөнiндегі органдар берген өнiмге арналған сәйкестік сертификаттарын шет елдерде тану үшiн қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшы-аудиторлар тiзiлiмiнде тiркелуi қажет. Осы мақсатта халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласында сарапшы-аудитор бiлiктiлiгін берiп, халықаралық деңгейде Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитет орталық аппаратының және оған ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың мамандарын даярлау, сондай-ақ республикада семинарлар өткiзу және мамандарды оқыту үшiн әлемнiң өнеркәсiбi дамыған елдерiнiң халықаралық және ұлттық ұйымдарын тарту көзделiп отыр.
      Сондай-ақ, Бағдарламаның iс-шараларымен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитеттің ведомстволық бағынысты кәсiпорындарының негізiнде:
      - стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттардың мiндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік инспекторларды;
      - салаларда стандарттау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру көзделiп отыр.
      5-бөлiмде берiлген iс-шараларды iске асыру халықаралық стандарттарға өту үшiн жағдай туғызуға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттілігін арттыруды және оның әлемдiк рынокқа шығу мүмкiндігін қамтамасыз етедi.
      Осы Бағдарламаны негізгi орындаушы Қазақстан Республикасының " Стандарттау туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегі және " Сертификаттау туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңдарына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi болып табылады және Қазақстан Республикасында стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге асырады. Бағдарламаны iске асыруда, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының стандарттау және сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының атқарушы органдары мен заңды тұлғаларының қатысуы болжанып отыр.

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамытуға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу 590 566 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде 2004 жылға - 242 683,0 мың теңге, 2005 жылға - 170 402,0 мың теңге, 2006 жылға - 177 471,0 мың теңге.
      Бұл ретте жыл сайынғы қаржыландыру көлемi тиiстi, қаржы жылына арналған республикалық бюджетте қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаның іс-шараларын 2004-2006 жылдары iске асыру:
      - мемлекеттік және халықаралық стандарттар негiзiнде өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн және тұтынушылық қасиеттерiн арттыру;
      - стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестірудiң салдарынан саудада техникалық кедергiлердi жою;
      - техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестiктi бағалау саласында жұмыстардың халықаралық практикасына бiртiндеп көшу;
      - жаңа, оның iшiнде халықаралық деңгейде техникалық комитеттер, сондай-ақ салаларда стандарттау қызметтерiн құру;
      - халықаралық, өңiрлiк және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыру;
      - бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құру үшiн жағдайды қамтамасыз етедi.
      Бағдарлама іс-шараларын орындау нәтижесiнде мынадай оң өзгерiстерге қол жеткiзiледi:
      - жаңа нарықтық экономика мен халықаралық практикаға жауап беретiн, өнiмге, оның өндiрiлу процесiне және айналымына, жұмыстармен және қызмет көрсетулерге қойылатын мiндеттi және ұсынылатын (ерiктi) талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелерiне көзқарасты қамтамасыз ететiн "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзiрленетiн және қабылданатын болады;
      - қазiргi уақытта қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың санын 700-ден 2006 жылға 1100 дейiн арттыру. Осылайша, тек 2004 жылы Бағдарламаның іс-шараларымен халықаралық талаптармен үйлестірiлген 260 стандартты әзiрлеу iске асырылатын болады; кейiнгі жылдары стандарттарды әзiрлеу және оларды үйлестіру қарқыны төмендемейдi. Осылайша, 2006 жылға қарай мемлекеттік стандарттардың саны қазiргі қолданыстағыдан 57%-ке артуы, әзірленген стандарттардың үйлестіру есебiнен сапасының 17%-тен 60%-ке артуы күтіледі;
      - өнiмдердiң электронды каталогтарын енгiзу нәтижесiнде нақты ақпаратпен энергетиканың шамамен 900 мүдделi кәсiпорындары, шағын және орта бизнестiң 3000 кәсiпорындары және басқа да мүдделi тұлғалар қамтамасыз етiледi;
      - 9000 сериялы ИСО стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйелерiн енгізген нақты сектор мен машина жасау кәсіпорындарының саны 2004 жылы бір жарым есе, 2005 жылы - екі есе, 2006 жылы - екi жарым есе артады;
      - МСҚ нормативтiк қоры электронды режимде халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттармен жинақталуы есебiнен 30 000-нан 40 000-ға дейiн артады;
      - 14 автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгiзу есебiнен ДСҰ хатшылығымен шұғыл және нақты ақпаратпен алмасу қамтамасыз етіледi.

8. Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау
және сертификаттау жүйелерiн дамытудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөнiндегі іс-шаралар жоспары

__________________________________________________________________
Р/с  |    Iс-шара    | Аяқталу |Орында.|Орындалу|Болжанып|Қаржы.
  N   |               | нысаны  |луына  |(iске   |отырған |ландыру
      |               |         |(іске  |асырылу)|шығыстар|көзі
      |               |         |асыр.  |мерзімi | (мың   |
      |               |         |уына)  |        | теңге) |
      |               |         |жауап. |        |        |
      |               |         |тылар  |        |        |
__________________________________________________________________
8.1. Стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнаманы жетiлдiру, оны халықаралық практикаға сәйкес келтiру

8.1.1 "Техникалық      Қазақстан  ИСМ,   2004     Талап      -
      реттеу туралы"   Республи.  IIМ,   жылғы    етіл.
      Қазақстан Респу. касы       ҚорМ,  III      мейдi.
      бликасының Заңын Заңының    ДСМ,   тоқсан
      әзiрлеу          жобасы     СIМ,
                                  ЭMPM,
                                  ҚОҚМ,
                                  ЕХҚМ,
                                  ККМ,
                                  АШМ,
                                  Ақпа.
                                  рат.
                                  минi

8.2. Mемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерiн дамыту және халықаралық жүйелермен үйлестіру

8.2.1 Техникалық       Қазақстан  ИСМ,   2004     Талап       -
      реттеу           Республи.  IIМ,   жылғы I  етiл.
      жүйесiне         касының    ҚорМ,  тоқсан   мейдi
      көшу жөнiндегi   Үкiметi    ДСМ,
      iс-шаралар       қаулысының СIМ,
      жоспарын әзiрлеу жобасы     ЭМРМ,
      және бекiту                 ҚОҚМ,
                                  ЕХҚМ,
                                  ККМ,
                                  АШМ,
                                  Ақпа.
                                  рат.
                                  минi
8.2.2 Бұқаралық ақ.    ИСМ        ИСМ,   Жыл      Талап       -
      парат құрал.     бұйрығы    Ақпа.  сайын    етіл.
      дарымен жұмыс               рат.   I тоқсан мейдi
      жөнiндегі iс-               минi
      шаралар жос.
      парын әзірлеу
      және бекiту,
      техникалық
      реттеу жүйесін
      насихаттау
8.2.3 Өнiмдер каталог. Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      тарын жүргізу:   Республи.  ЭБЖМ,  сайын    - 3318,0 бликалық
      - ОЭК кәсiпорын. касының    ҚарМ   IV       оның     бюджет
      дары шығаратын   Үкiметiне         тоқсан   iшiнде:
      өнімдер ката.    есеп                       2004 ж.
      логы;                                       - 1054,0
      - Шағын бизнес                              2005 ж.
      кәсiпорындары                               - 1107,0
      шығаратын өнiм.                             2006 ж.
      дер каталогы;                               - 1157,0
      - Қазақстан
      Республикасының
      басқа да кәсi.
      порындары
      шығаратын өнiм.
      дер каталогы
8.2.4 Азаматтық және   Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      қызметтік қару   Республи.  IIМ,   сайын    6 000,0  бликалық
      мен оның оқ.     касының    ЭБЖМ,  IV       Оның     бюджет
      тарының мемле.   Үкiметi    ҚapM   тоқсан   iшiнде
      кеттік кадастрын қаулысының                 2004ж .
      жүргізу          жобасы                     - 2000,0
                                                  2005ж. -
                                                  2000,0
                                                  2006ж. -
                                                  2000,0
8.2.5 Сертификаттау    ҚР ИСМ     ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      жөнiндегi        Стандарт.  ЭБЖМ,  сайын    6631,0   бликалық
      органдарды,      тау, мет.  ҚарМ   IV       Оның     бюджет
      сынақ және өлшеу рология           тоқсан   iшiнде:
      зертханаларын    және сер.                  2004ж. -
      аккредиттеу      тификаттау                 2107,0
                       жөнiндегi                  2005ж. -
                       комитетi.                  2212,0
                       нiң (бұдан                 2006ж. -
                       әрi -                      2312,0
                       СМСК)
                       бұйрығы
8.2.6 Сынақ орталық.   Қазақстан  ИСМ,   2004     2004ж. - Респу.
      тарының желiле.  Республи.  ЭБЖМ,  жылғы    55908,0  бликалық
      рiн жетілдiру    касының    ҚарМ   IV                бюджет
      Аспаптармен және Үкiметiне         тоқсан
      өлшеу жабдықта.  есеп
      рымен жинақтал.
      ған жылжымалы
      зертханаларды
      сатып алу және
      Стандарттау,
      метрология және
      сертификаттау
      жөніндегі
      комитетінiң
      аумақтық
      органдарын
      қамтамасыз ету
8.2.7 Сапасына және    Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      сату саласында   Республи.  ЭБЖМ,  сайын    -62945,0 бликалық
      қауiпсiздігіне   касының    ҚарМ   IV       Оның     бюджет
      мемлекеттік      Үкiметiне         тоқсан   iшiнде:
      қадағалауды      есеп                       2004ж. -
      жүзеге асыру                                20000,0
      үшін тауар                                  2005ж. -
      үлгілерiн сатып                             21000,0
      алу жане сынау                              2006ж. -
                                                  21945,0

8.3. Қолданыстағы стандарттау жөнiндегі нормативтік құжаттарды салалар бөлінісінде халықаралық талаптармен үйлестіру

8.3.1 Стандарттау      Мемлекет.  ИСМ,   Жыл      Талап
      жөнiндегi        тiк орган. IIМ,   сайын    етіл.
      қолданыстағы     дардың     ҚорМ,  IV       мейдi
      нормативтік      норматив.  ДСМ,   тоқсан
      құжаттарды       тік және   СIМ,
      әзiрлеу және     құқықтық   ЭМРМ,
      оларды халықа.   кесiмдерi  ҚОҚМ,
      ралық талап.                ЕХҚМ,
      тармен                      ККM,
      үйлестірудiң                БҒМ,
      салалық жос.                АШМ,
      парларын құру               Ақпа.
                                  рат.
                                  минi
8.3.2 Стандарттау,     СМСК       ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      метрология және  бұйрығы    IIМ,   сайын    379432,0 бликалық
      сертификаттау               ҚорМ,  IV       Оның     бюджет
      және мұнай-газ              ДСМ,   тоқсан   iшінде:
      саласында халы.             СIМ,            2004ж. -
      қаралық өңірлік             ЭMPM,           120560,0
      және ұлттық                 ҚОҚМ,           2005ж. -
      стандарттарды               ЕХҚМ,           126588,0
      әзiрлеу және                ККM,            2006ж. -
      сатып алу                   АШМ,            132 284,0
      "Техникалық                 ҚарМ,
      реттеу туралы"              Ақпа.
      заңға сәйкес                рат.
      келтіру мақса.              мині,
      тында негiз                 ЭБЖМ
      құраушы стан.
      дарттарды қайта
      қарау

8.4 Сапа менеджменті жүйелерiн енгізудi ынталандыру жөнiнде жұмыстар жүргізу

8.4.1 Сапа және        Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      қоршаған ортаны  Республи.  БҒМ,   сайын    31473,0  бликалық
      қорғау саласында касының    ҚОҚМ,  IV       Оның     бюджет
      қолданбалы       Үкiметіне  ҚарМ   тоқсан   iшiнде:
      ғылыми зерттеу   есеп                       2004ж. -
      бойынша                                     10000,0
      ғылыми-зерттеу                              2005ж. -
      жұмыстарын жүр.                             10500,0
      гiзу, нұсқаулық.                            2006ж. -
      тар мен әдiс.                               10973,0
      темелiк құралдар
      әзірлеу

8.5 Мемлекеттік стандарттар қорын дамыту және жетілдiру

8.5.1 ҚР мемлекеттік   Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      стандарттар      Республи.  Ақпа.  сайын    13950,0  бликалық
      қорының ақпарат. касының    рат.   IV       Оның     бюджет
      тық жүйесiн      Үкiметiне  минi,  тоқсан   iшiнде:
      дамыту, оның     есеп       ЭБЖМ,           2004ж. -
      iшінде:                     ҚарМ            7591,0
      - Мемлекеттік                               2005ж. -
      стандарттар                                 3359,0
      қорын электронды                            2006ж. -
      тасымалдаушылар.                            3000,0
      да жинақтау,
      дерекқорын құру;
      - стандарттау,
      сертификаттау,
      метрология және
      сапа менеджменті
      жүйелері бойынша
      баспа өнімдерін
      шығару және
      тарату жөнiндегi
      қызметті жүзеге
      асыру
8.5.2 ҚР Мемлекеттік   Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Барлығы: Респу.
      стандарттар қоры Республи.  ЭБЖМ,  сайын    10899,0  бликалық
      ақпараттық жүйе. касының    ҚарМ   IV       Оның     бюджет
      сiн бірге алып   Үкiметiне         тоқсан   iшiнде:
      жүру (жабдық.    есеп                       2004ж. -
      тарға қызмет                                3463,0
      көрсету және                                2005ж. -
      дерекқорды                                  3636,0
      бағдарламалық                               2006ж. -
      қамтамасыз етудi                            3800,0
      жүргiзу)

8.6 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

8.6.1 Стандарттау,     Қазақстан  ИСМ,   Жыл      Талап     -
      сертификаттау    Республи.  ІІМ    сайын    етiл.
      және аккредиттеу касының           IV       мейдi
      жөнiндегі        Үкiметiне         тоқсан
      халықаралық      есеп
      ұйымдардың жұ.
      мысына қатысу,
      оның iшiнде
      стандарттау
      жөнiндегі халы.
      қаралық техни.
      калық комитет.
      тердiң жұмыс.
      тарына қатысу;
      мемлекетаралық
      стандарттау,
      сертификаттау
      және аккредит.
      теу жөнiндегі
      жұмыстарға
      қатысу

8.7 Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру

8.7.1 Мамандарды       СМСК       ИСМ,   2004     2004ж. - Респу.
      халықаралық      бұйрығы    ЭБЖМ,  жылғы    20000,0  бликалық
      деңгейдегі                  ҚарМ   IV                бюджет
      сарапшы-аудитор.                   тоқсан
      лар атағын
      алуға оқыту

      Жиыны                                       Барлығы: Респу.
                                                  590556,0 бликалық
                                                  оның     бюджет
                                                  iшiнде:
                                                  2004ж.-
                                                  242683,0
                                                  2005ж. -
                                                  170402,0
                                                  2006ж. -
                                                  177471,0
__________________________________________________________________