Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне аккредитивтердiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 64 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Республикалық бюджет комиссиясының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi ашқан:
      014 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiне қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы", 207 "Саперлiк бөлiмшелердi материалдық-техникалық жарақтандыру", 104 "Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес мемлекеттiк бағдарламасы" бюджеттiк бағдарламалары бойынша "Viсtоrу LTD" ЖШС-мен жасасқан 2003 жылғы 2 желтоқсандағы NN 623, 624, 625, 626, 627, 628, 629, 635 және "OTC Netwok" ЖШС-мен жасасқан 2003 жылғы 31 қазандағы NN 573, 575, 2003 жылғы 14 қарашадағы N 589 шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне;
      014 "Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнiң өзге де көрiнiстерiне қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы" бюджеттiк бағдарламасы бойынша "Минск авиажөндеу зауыты" бiртұтас кәсiпорнымен жасасқан 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 798-96 келiсiм-шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң 3656 әскери бөлiмiне аккредитивтepдiң қолданылу мерзiмiн 2004 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі