Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 қаулысы

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес және елдің балық шаруашылығын одан әрi дамыту, балықтың құнды түрлерiн сақтау әрi дамыту және балық қорларын тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн (бұдан әрi - Бағдарлама).

      2. Мемлекеттiк органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1344 қаулысымен   
бекітілген     

  Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығын
дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасы

Астана қаласы,
2003 жыл

  1. Бағдарлама паспорты

Атауы             Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын
                  дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
                  бағдарламасы

Әзiрлеу үшін      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5
негiздеме         қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген
                  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006
                  жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру
                  жөнiндегi iс-шаралар жоспары (7.5.18-тармағы)

Негiзгi әзiрлеуші Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
                  министрлігі

Бағдарламаны      2004-2006 жылдар
іске асыру
мерзiмi

Бағдарламаның     Басты мақсаты - елдiң балық шаруашылығын дамыту,
мақсаты           балықтың құнды түрлерiн сақтау әрi дамыту және
                  балық қорларын ұтымды пайдалану үшiн жағдай
                  жасау

Бағдарламаның     Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның бiрiншi
мiндеттepi        кезектегi мiндеттерi - қазiргi заман жағдайында
                  балық шаруашылығын тиiмдi дамыту үшiн нормативтiк
                  құқықтық базаны жетiлдiру;
                  балық шаруашылығы саласын басқарудың тиiмдi
                  жүйесiн құру;
                  Қазақстан Республикасы су айдындарының балық
                  қорларын қорғаудың, ұдайы молайтудың тиiмдi
                  жүйесiн қалыптастыру;
                  балық шаруашылығы су айдындарындағы балықтардың
                  құнды түрлерiнiң кәсiпшілік қорларын қалыптастыру
                  әрi толықтыру және көл-тауар шаруашылықтарын
                  дамыту үшiн жағдай жасау;
                  балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.

Бағдарламаны      Бағдарламаны iске асыруға 2004-2006 жылдары
қаржыландыру      республикалық бюджет есебiнен 1 302,8 млн.теңге
көлемі мен        қаражат көзделедi, оның iшiнде 2004 ж.- 630,4
көздері           млн.теңге; 2005 ж. - 330,2 млн.теңге; 2006 ж.
                  - 342,2 млн.теңге. Сондай-ақ Бағдарламаны
                  жергiлiктi бюджеттер, табиғат пайдаланушылар,
                  халықаралық қаржы институттары қаражаттары
                  есебiнен қаржыландыру көзделеді.

Күтілетін түпкі   Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су
нәтижелер         айдындарының балық қорларын молайтуды;
                  Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су
                  айдындарында балық өндiру көлемiн 1998-2001
                  жылдардағы 36,1 мың тоннадан 2006 жылы 51,7 млн.
                  тоннаға дейiн ұлғайтуды;
                  балық шаруашылығы саласын мемлекеттiк басқарудың
                  тиiмдi жүйесiн құруды қамтамасыз ету көзделеді.

  2. Кiрiспе

      "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарламасы" "Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысына сәйкес әзiрлендi.
      Соңғы жылдары қаржыландырудың жетiспеуiмен және ел экономикасын реформалаумен байланысты басқа да бiрқатар себептермен байланысты және осыған байланысты республика балық шаруашылығының күрт құлдырауына байланысты, сондай-ақ балық өнiмдерiне сұраныстың өсуiне байланысты балық шаруашылығын дамыту перспективаларын айқындау үшiн балық ресурстарын қалпына келтiру, оларды тұрақты пайдалану жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қабылдау қажеттiлiгi туындайды.
      Балық шаруашылығы су айдындарының едәуір қоры, ұдайы молайту мақсатындағы қазiргi кәсiпорындар, балық аулаумен және балық өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар бұл үшiн база болып табылады.
      2004-2006 жылдар кезеңiнде Бағдарламада балықтардың негiзгi кәсіпшілік түрлерiн өндіру түрлерін ұлғайту және балықтардың сирек кездесетiн түрлерінің тектік қорын сақтау, Қазақстан Республикасы су айдындарының балық қорларын сақтау әрі тұрақты пайдалану жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, балық шаруашылығын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру және саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдiру көзделедi.

  3. Балық шаруашылығы саласының қазiргi жай-күйiн талдау

      Жоспарлы экономика кезiнде Қазақстанда балық шаруашылығы халық шаруашылығының ең жоғары дамыған салаларының бiрi едi. 1991 жылы балық аулау мен балық өнiмдерi өндiрiсiнiң жалпы көлемi 80 мың тоннадан астамды, оның iшiнде тоғандық - 8,8 мың тоннаны құрады. Барлық облыстарда балық зауыттары мен балық комбинаттары, ал Жайық-Каспий бассейнінде, Балқаш және Алакөл көл жүйелерiнде өндiрiстік бiрлестiктерi құрылды.
      Елдiң балық шаруашылығы негiзiн құрамына Каспий мен Арал теңiзiнiң, Балқаш-Iле балық кәсiпшiлiгi бассейнiнiң, Бұқтарма, Қапшағай, Шардара су қоймаларының, Алакөл көлдер жүйесiнiң едәуiр акваториясын және жалпы алаңы 3 млн. гектардан астам басқа да су айдындары енетiн су айдындарының балық шаруашылығы қоры құрайды.
      Нарық экономикасына көшудің бастапқы кезеңiнде елде қалыптасқан ауыр экономикалық жағдай балық шаруашылығы саласына да әсер еттi. Балық шаруашылығы министрлiгi одан кейiн тиiстi комитет таратылғаннан кейiн саланы қаржыландыру, әсiресе балық қорларын ұдайы молайту әрі қорғау жөнiндегi көлемi қысқартылды. 90-жылдардың басымен салыстырғанда балық аулау көлемi үш есе азайды (1-кecтe). Сонымен бiр мезгілде бекiре балықтарының қорлары 9 есе азайды. Оның бiр түрi - шип өзiнiң кәсiпшілiк маңызынан айрылды. Бұрын жоғары кәсiпшiлiк маңызы болған басқа түрлерi жойылу қаупi төнгендiктен, Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлдi.
      Балық шаруашылығының тұтас бiр бағыты - тауарлық балық шаруашылығы өмiр сүруден қалды.
      Мұндай жағдай белгiлi бiр дәрежеде балық шаруашылығы саласында нысаналы мемлекеттiк саясаттың болмауынан, балық шаруашылығын мемлекеттiк басқарудың ыдыраңқылығынан туындады.
      Мысалы, балық шаруашылығын ұдайы молайту және реттеумен Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi, балық қорларын мемлекеттiк бақылаумен және оларды қорғаумен бұрынғы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi айналысса, ал балық ресурстарын қайта өңдеу бұрынғы Экономика және сауда министрлiгiнiң қарауында болды.
      Мұның өзi балықты заңсыз аулау әрі оның контрабандасына ықпал еттi. Осыған байланысты халықты балық өнiмдерiмен қамтамасыз ету көлемi едәуiр азайды. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тағам институты ұсынған халықтың жан басына шаққанда балық тұтынудың жылына 14 кг нормасы кезiнде осы көрсеткiш бұрын 10 кг-ға жетсе, қазiргi уақытта жылына 4,3 кг-ға дейiн жеттi. Өнiмнiң бұл түрiн толықтыру үшiн соңғы жылдары республикаға балық пен балық өнiмдерiнiң едәуiр саны импортталуда, ал республикада балық өндiру мен молайтудың қолда бар мүмкiндiктерi толық пайдаланылмауда.
      Бұл ретте импортталатын балық өнiмiнiң көлемi өсу үрдiсiне ие. 1995-2001 жылдар кезеңiнде балық өнiмдерiнiң импорты экспорттық беруден 9,3 мың тоннаға асып түстi, ал ақшалай түрде 11 млн. АҚШ доллары, ал 1995-2000 жылдар кезеңiнде балық өнiмдерiнiң экспорты жылына 15,9 - 18,2 мың тонна құрады. 2001 жылы балық өнiмдерi экспорты 25,5 мың тоннаға жетiп, өстi, бұл ақшалай түрде 19,8 млн. АҚШ долларын құрайды, ал республикадағы балық аулау мен өндiрудi ұлғайту мүмкiндiктерi толық пайдаланылмауда.

1-кесте

Қазақстанда балық аулаудың жылдар бойынша серпiнi

_________________________________________________________________
N    Негізгі балық шаруашылығы  |  Жылдар
Р/с  су айдындары               |  (мың тонна)
                                |________________________________
                                |1975  1980  1986 1990 1995  2000
________________________________________________________________
1    Жайық-Каспий бассейнi,      
     барлығы,                    59,4  50,3  39,3 43,8 26,7  21,6
     соның iшiнде бекiре
     балықтары                   8,2   8,1   5,9  1,9  0,57  0,25
_________________________________________________________________
2    Балқаш-Iле бассейнi         12,6  12,4  11,8 11,0 6,6   3,3
_________________________________________________________________
3    Қапшағай су қоймасы         0,6   0,8   1,3  1,1  0,54  0,7
_________________________________________________________________
4    Алакөл көл жүйесi           4,7   3,0   2,5  2,1  1,4   0,9
_________________________________________________________________
5    Бұқтарма су қоймасы         12,7  8,5   7,5  7,9  6,0   9,3
_________________________________________________________________
6    Шульба су қоймасы            -     -    0,01 0,01 0,06  0,15
_________________________________________________________________
7    Шардара су қоймасы          1,8   1,7   1,8  2,5  1,6   0,36
_________________________________________________________________
8    Арал теңiзi                 8,2   9,0   8,6  0,2   -    0,3
_________________________________________________________________
     Жиыны                       100,0 85,7  72,8 68,6 42,8  36,7
_________________________________________________________________

      Балық шаруашылығы су айдындарының көпшiлiгiнде коммерциялық тұрғыдан неғұрлым құнды балық түрлерiн (сазан, ақ амур, көксерке, жерех) iрiктеп алып қою жүруде. Нарық құны неғұрлым төмен түрлерi (плотва, вобла және т.б.) орташа есеппен оларды аулауға бекiткен лимиттердің 30-50% дейiн игеріледi.
      90 жылдар басына дейiн бөлiнген лимиттердiң 70-80% дейiн игерiлетiн, соңғы жылдары орташа есеппен бекiтiлген лимиттердiң 50% аспайтыны игерiледi, ал кейбiр су айдындары бойынша тек 30% ғана (2-кесте).
      Кәсiпшілiк балықтардың табиғи түрде ұдайы молаюы үшiн жағдайларды қамтамасыз еткен ағындар мен балық жүретiн арналардың тиiстi жай-күйi болмағандықтан, iрi балық шаруашылығы су айдындарының қолайсыз жағдайын ескере отырып, оларда балық шаруашылығы мелиорация iс-шаралары кешенiн жүргiзу қажеттiлiгi туындады, бұл республикалық бюджеттен едәуiр қаржы қаражатын бөлудi ұйғарады.
      1992 жылдан бастап Жайық-Каспий бассейнiн қоспағанда, республиканың iрi су айдындарында балық шаруашылығы мелиорациясы жүргiзiлмедi (2002 жылы республикалық бюджеттен 111,2 млн.теңге бөлiндi).
      80 жылдардан бастап республикада орташа және шағын көлдер базасында оларға балық жiберудi дайындау жөнiндегi жұмыстар кешенiн жүзеге асырумен бiрге көл-тауар балық шаруашылықтарын (КТБШ) құру жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiлдi. 1986 жылға қарай құрылған жалпы ауданы 41,8 мың гектар 11 КТБШ-ның 10 жұмыс iстеп тұрғандар қатарына қосылды.
      Келесi кезеңде балық шаруашылықтарын және шабақ өндiру көлемiнiң қысқартылуына байланысты КТБШ өмiр сүруден қалды. Қазiргi уақытта балық шаруашылықтарында балық салу материалдары өндiрiсiн ұлғайту жөнiнде iс-шаралар көзделуiне байланысты КТБШ қызметiн қалпына келтiруге мүмкiндiк туды.
      Келесi кезеңде балық шаруашылығын мемлекеттiк басқару функцияларын жүзеге асыру үшiн "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi N 714  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi құрылды.
      Саладағы табиғи су айдындарына балық жiберу үшiн 10 балық питомнигi мен уылдырық шашу-балық өсiру шаруашылықтары құрылды әрi жұмыс iстеуде. Барлық балық шаруашылықтарының шабақтар өсiру жөніндегі жобалық қуаты 140,86 млн. дана құрады. Бір жасқа жетпеген шабақтарды су айдындарына жiберу 60 млн. данаға дейін жетті, ал сиг балықтарының личинкаларын өндіру 70-80 млн. данаға дейін жетті.

2-кесте

Қазақстанда балық аулаудың және лимиттердi игерудiң жылдар бойынша серпiнi

_________________________________________________________________
N             |
Р/с           |  1990               1995         1998         
               __________________________________________________
              |Ли.   |Нақ. |%   |Ли.  | Нақ. |%   |Ли.  |Нақ. |%
              |мит   |ты   |    |мит  | ты   |    |мит  |ты   | 
_________________________________________________________________
1 Жайык-Каспий 50,4   43,8  86,9 51,2  26,6   51,9 49,4  27,2  55,0
  бассейні
_________________________________________________________________
2 Балқаш-Іле   11,2   11,0  98,2 12,0  6,6    55,0 10,7  3,5   32,7 
  бассейнi
_________________________________________________________________
3 Қапшағай     1,2    1,1   91,6 1,28  0,54   42,1 1,1   0,55  50,0 
  су қоймасы
_________________________________________________________________
4 Алакөл       1,5    2,1   140,0 3,1  1,4    45,1 4,4   0,53  12,0
  көл жүйeci
_________________________________________________________________
5 Бұқтарма     6,8    7,9   116,1 14,3 6,0     41,9 13,6 5,6   41,0
  су қоймасы
_________________________________________________________________
6 Шульба        -     0,01   -    0,2  0,006   30,0 0,33  0,09  27,1
  су қоймасы
_________________________________________________________________
7 Шардара      1,7    2,5   147,0 2,8  1,6     57,1 0,6    0,4  66,6
  су қоймасы
_________________________________________________________________
8 Арал теңізі   -      -     -    0,54  -       -   0,86   0,15 17,4
_________________________________________________________________
  Жиыны        72,8   68,6   94,2 85,4 42,8    50,1 81,4   38,0 46,6
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
_________________________________________________________________
N             |
Р/с           |  1999                       2000        
               __________________________________________________
              |Ли.      |Нақ.    |%     |Ли.    | Нақ.    |%   
              |мит      |ты      |      |мит    | ты      |    
_________________________________________________________________
1 Жайық-Каспий 48,1      24,9     51,7   46,4    21,6      46,5 
  бассейні
_________________________________________________________________
2 Балқаш-Іле   11,3      4,5      39,8   10,0    3,3       33,0
  бассейнi
_________________________________________________________________
3 Қапшағай     0,97      0,45     46,0   0,8     0,7       87,5
  су қоймасы
_________________________________________________________________
4 Алакөл       1,68      0,76     47,5   4,8     0,9       18,7
  көл жүйeci
_________________________________________________________________
5 Бұқтарма     11,4      7,7      67,5   10,0    9,3       93,0
  су қоймасы
_________________________________________________________________
6 Шульба       0,3       0,15     50,0   0,33    0,15      45,4
  су қоймасы
_________________________________________________________________
7 Шардара      0,47      0,2      42,5   0,3     0,36      120
  су қоймасы
_________________________________________________________________
8 Арал теңізі  0,94      0,2      21,2   1,1     0,3       27,0
_________________________________________________________________
  Жиыны        75,1      38,8     51,6   73,8    36,7      49,7
_________________________________________________________________

      1998 жылы Жайық өзенiнiң сағасында әрқайсысының қуаты бекіре балықтарының 3 млн. шабақ болатын екі бекіре балық зауыты iске қосылды.
      Жұмыс істеп тұрған ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар күрделi жөндеудi, қайта жаңартуды және жаңғыртуды талап етедi, өйткені мемлекеттік бюджеттен бөлiнетiн қаражат балық шабақтарын өсiру жөнiндегі технологиялық процестерді ғана қамтамасыз етті.
      Балық шаруашылығы жұмыстары Бұқтарма, Қапшағай, Шардара су қоймаларында, Жайық-Каспий бассейнiнде, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында жүргізілуде.
      Бағдарламада балық шаруашылығы жұмыстарына арналған қаржылық қаражатты 1,5 есе арттыру көзделеді, бұл 247 млн.теңге құрайды, сондай-ақ ұдайы молайту мақсатындағы кәсіпорындарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 91 млн. теңге мөлшерiнде.
      Қазіргі уақытта бекiре және басқа балықтың құнды түрлерiн жерсіндіру мен тауарлық өсiру жүргiзілмейді.
      Қазiргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Қызыл Кiтаптағы балық түрлерiн қорғау, оларды зерттеу мен санын қалпына келтірудi толық қамтамасыз етпейдi. Осыған байланысты балық ресурстарын қорғау, зерттеу және қалпына келтіру жөнiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру қажет.
      Бұдан басқа сирек кездесетiн балықтар түрлерін жасанды түрде өсiру биотехнологиясын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттаpы үшін сирек кездесетін балықтар түрлерiн шектеулі алып қоюға жеңілдiкті құқық бepу тетiгiн әзірлеу әрi жетiлдiру қажет.
      Қазiргi уақытта балық қорларын пайдалану мен қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастар "Жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы  Заңымен , Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480  қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы балық аулау және басқа да су жануарларын аулау ережесіне", Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуiрдегі 414  қаулысымен бекiтiлген "Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiне" сәйкес реттеледi.
      Көрсетiлген нормативтiк құқықтық кесiмдер ескiрген және қазiргi заман талаптарына сай келмейді.
      Бағдарламада Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық кесімдеріне мынадай өзгерiстер енгiзу көзделедi:
      балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу тәртiбiне, сондай-ақ мынадай тұлғаларды жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босатуға қатысты:
      мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жануарлар дүниесiн зерттеудi және пайдалануды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарын;
      бақылаулық аулауды жүргiзу, сондай-ақ жерсiндiру әрi өсiру мақсатында жануарларды аулау мен өндiру кезінде жануарлар дүниесiн бақылау мен қорғау арнаулы уәкілеттi органдары;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң спорттық-әуесқойлық балық аулау жөнiндегi шешiмiмен ҰOC-на қатысушылар мен оларға теңестiрілген адамдар;
      тауарлық өсiруге арналған олардың иелігіндегi су айдындарында жасанды түрде өсiрілген балықты пайдалану кезiнде жеке және заңды тұлғалар;
      балық қорғау органдары қараған әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілiк жаза қолдану бөлігінде;
      балық қорғау инспекторларына балық қорғау заңнамасының бұзылуы туралы iстер бойынша анықтау iстерiн жүргiзу құқықтарын беру, сондай-ақ олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруы кезiнде, сондай-ақ олардың өмiрi мен денсаулығына қылмыстық қол сұғушылық, қарсылық көрсеткенi үшiн жауапкершілік көздеу;
      заңсыз ауланған балықты, көлiк құралдарын, сондай-ақ қылмыс жасау құралдарын тәркiлеу бөлiгiнде.
      Балық шаруашылықтары аймақтары маңында жақын орналасқан мұнай-газ кен орындарының, суға батырылған жер қойнауын пайдалану объектілерiнің, теңiздегi көлік операциялары кезiнде туындаған авариялық жағдайлардың балықтардың жай-күйiне терiс әсерiне байланысты балық шаруашылығы қызметiне қойылатын экологиялық талаптар мен көмiрсутектi шикiзатты барлау әрi өндiру, су жинау құрылыстарын пайдалану және балық шаруашылығы айдындарында кемелердi пайдалану кезiнде балық шаруашылығына тигiзбеген зиянды есептеу әдiстемесi әзiрлеу қажеттілiгi туындайды.
      Балық шаруашылығы маңызы бар су айдындары мен су ағындарының экологиялық мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу көзделеді, өйткенi қазiргi заман жағдайларында су сапасын бақылаудың және су айдындары мен су ағындарының перспективалық жай-күйiн болжаудың болмауы химиялық қана емес, гидрохимиялық та көрсеткiштер бойынша су айдындары мен су ағындарының антропогендiк факторлар әсерiнен ластануын бағалау мүмкіндiгiн қиындатады.
      Балық қорларын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы ұсыным жасаушы орган мәртебесiне ие Каспий теңiзi су биологиялық ресурстары жөніндегi комиссияда және Каспий теңiзiндегi бiрлескен ғылыми зерттеулерде жүзеге асырылады.
      БҰҰ-ның Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымымен (бұдан әрi - Азық-түлiкауылшарұйымы) ақпараттық және консультациялық байланыстар жолға қойылды. 2001 жылы Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ базасында Азық-түлiкауылшарұйымы сарапшыларының Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Иран Ислам Республикасы, Монғолия мамандарының қатысуымен Орталық және Орта Азия ирригациялық су айдындарын балық шаруашылығына пайдалану жөнiнде кеңес өткізілдi.
      Балық шаруашылығы су айдындарын жекелеген зерттеулер балық шаруашылығының тар ауқымдағы мәселелерiн басымдықпен қаржыландыратын халықаралық гранттар бойынша жүргізіледі.
      Қазiргi уақытта Атырау облысындағы балықтың құнды тұқымдары мен олардың уылдырығының контрабандасының себептерi жұмыссыздықтың жоғары деңгейi, Каспий теңiзi жағалауында және Жайық пен Қиғаш өзендерi сағасында орналасқан өндiрiстiк кооперативтердiң қолайсыз экономикалық жағдайы, салық алымдарының едәуiр cтавкалары мен "Атыраубалық" AAҚ-тың төменгi сатып алу бағалары. Уылдырық бизнесiнiң шығыны төмен табыстылығы жағалау аудандары тұрғындарының қазiргi заманғы жүрдек су көлiгiмен және теңiз навигациясының ең жаңа аспаптарымен жабдықталған, ұйымдастырылған браконьерлiк топтар құрған заңсыз балық кәсiпшілiгiн дамытуда.
      Балықты заңсыз аулаудың жолын кесу жөнiнде қабылданған шаралар лайықты нәтиже бермей отыр. Оның себептерiнiң бiрi: балық қорларының жеткiлiксiз қорғалуы, браконьерлiкпен күрестi қамтамасыз етуге бағытталған аумақтық органдардың өзара iс-қимылының нашарлығы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiнiң нашар болуы.
      Трансұлттық қылмыстық жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Атырау облысы мен Ресей Федерациясының Астрахань облысы құқық қорғау органдарының шекара бойындағы ынтымақтастығы бойынша өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастыру шекара бойындағы аумақтарда бекiре және басқа да балық өнiмдерiн заңсыз өндiру, олардың контрабандасы жолын кесуге бағытталған бiрлескен іс-шараларды жалғастыру жоспарлануда.
      Ресей мен Қазақстанның браконьерлiктің жолын кесу жөнiндегi шекара бойындағы ынтымақтастықты жолға қою, бекiре балықтары түрлерiн аулау квоталарын беру мен оларды пайдалануды бақылау шараларын күшейту көзделуде.
      Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы мен балық қорларын ұдайы молайту саласында жетекшi елдерден едәуiр артта қалуда әрi халықаралық ынтымақтастық болмағандықтаң және жаңа технологиялар сатып алмағандықтан ескiрген технологияларды пайдалануда.
      Iс жүзiнде білiм бepу, тағлымдама алу, тәжiрибе мен технологиялар алмасу саласындағы ынтымақтастық тоқтатылды.
      Осы Бағдарлама шеңберiнде балық шаруашылығын дамытудың мынадай жолдары ұсынылуда:
      нормативтiк және заңнамалық базаны жетілдiру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      балық ресурстарын қорғауды күшейту және балық шаруашылығы мелиорация жұмыстарын жүргiзу;
      республика су айдындарында балық қорларын жасанды түрде ұдайы молайту;
      балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.
      Осы Бағдарламаны республикалық және жергiлікті бюджеттер қаражаты, табиғат пайдаланушылар қаражаты, халықаралық қаржы институттары қаражаты есебiнен iске асыру көзделуде.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты:
      eлдің балық шаруашылығын дамыту, балықтың құнды түрлерiн сақтау әрi дамыту және балық қорларын ұтымды пайдалану.
      Бағдарламаның негізгі мiндеттерi:
      балық шаруашылығын тиімдi дамыту үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      балық шаруашылығы саласын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
      балық ресурстарын қорғаудың, ұдайы молайтудың тиімді жүйесiн қалыптастыру;
      балықтардың құнды түрлерінің кәсіпшілік қорларын қалыптастыру әрi толықтыру және көл-тауар шаруашылықтарын дамыту үшiн жағдай жасау;
      балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.

  5. Бағдарламаны iске асырудың негізгi бағыттары мен
тетігі

      Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

       5.1. Заңнамалық базаны жетілдіру

      Заңнамалық базаны жетілдiру мақсатында мынадай нормативтік құқықтық кесiмдер әзiрленедi:
      тұлғалардың кейбiр санаттарын жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден босату, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшін ақы төлеу тәртiбiне қатысты;
      балық қорғау органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық пен әкiмшілік жаза қолдану туралы iстердi қарауы;
      балық қорғау инспекторларына балық қорғау заңнамасының бұзылуы туралы iстер бойынша анықтау iстерiн жүргiзу құқықтарын беру, сондай-ақ олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оларға бағынбауы, сондай-ақ олардың өмiрi мен денсаулығына қылмыстық қол сұғушылық, қарсылық көрсеткенi үшін жауапкершiлiк көздеу;
      заңсыз ауланған балықты, көлiк құралдарын, сондай-ақ қылмыс жасау құралдарын тәркілеу;
      табиғат пайдаланушылар мен балық ресурстарын қорғау органдарының балық аулау лимиттерi мен квоталарын игерiлуi үшiн жауапкершiлiгiн күшейту;
      табиғат пайдаланушыға балық шаруашылығы су айдындарын немесе балық кәсiпшілігі учаскелерiн ұзақ мерзiмге (10 жылдан астам) пайдалануға беру;
      өткiзу рыноктарынан қашықтығына, олардың коммерциялық құнына, табиғат пайдалану дәстүріне, сондай-ақ ғылыми мақсаттарға балық ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақыны саралап төлеудi енгiзу;
      отандық рынокты қорғау мақсатында балық өнiмдерi импортына қатысты тарифтiк-кеден саясатын жетiлдiру;
      Каспий теңiзi биологиялық ресурстарын сақтау туралы, сондай-ақ Каспий теңiзi биологиялық ресурстары жөнiндегi комиссия құру туралы келiсiмдер қабылдау;
      Қазақстан мен Ресей балық қорғау органдарының ынтымақтастығы жөнiнде келiсiмдер жасасу;
      көл-тауар шаруашылықтарын дамыту;
      көмiрсутектi шикiзатты барлау әрi өндiру, су жинау құрылыстарын пайдалану және балық шаруашылығы айдындарында кемелердi пайдалану кезінде балық шаруашылығына тигiзiлген зиянды есептеу әдiстемесiн бекiту;
      балық шаруашылығы маңызы бар су айдындары мен су ағындарының экологиялық мониторингi бағдарламаларын бекiту;
      балық шаруашылығы қызметте қойылатын экологиялық талаптарды бекiту;
      Балық шаруашылығы су айдындарындағы мелиорация жұмыстарын жүргiзу ережесiн әзiрлеу.

5.2. Балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығы
мелиорация жұмыстары

      Екi немесе одан да көп облыс аумағында орналасқан әрi трансшекаралық сипатқа ие облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi бассейндік басқармалар өз қызметiн бассейндiк қағидат бойынша тиiмдi жүзеге асыруда. Мұндай көзқарастың қажеттiгi биоресурстардың объективтi тұтастығынан айқындалады. Қазiргi уақытта жоғарыда аталған басқармалар мемлекеттiк органдар болып табылмайды әрi мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыра алмайды. Осыған байланысты, сондай-ақ балық ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы функциялардың атқарылуының тиiмділiгiн арттыру мақсатында қазiргi мемлекеттiк мекемелер - облысаралық бассейндер басқармаларға мемлекеттiк органдар, ал олардың қызметкерлерiне мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесi берiледi.
      Балық қорларын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыру үшiн мыналар көзделедi:
      бiр облыс аумағында орналасқан әрi трансшекаралық сипаты жоқ су айдындарында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - қазiргi штат саны шегiнде төрт аймақтық балық инспекциясы балық шаруашылығы облыстық аумақтық басқармалары етiп қайта ұйымдастырылады (1-сурет);
      Арал-Сырдария балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқарма құру;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармаларының материалдық-техникалық базасын дамыту;

1-сурет

Қазақстан Республикасы су айдындарында балық ресурстарын мемлекеттiк басқару мен оларды бақылаудың ұсынылып отырған құрылымы

              __________________________________
             |    Ауыл шаруашылығы министрлiгi  |
      _______|     Балық шаруашылығы комитетi   |___________
     |       |__________________________________|           |
     |                        |                             |
_____|____________    ________|__________        ___________|_______
Облыстық аумақтық |  |Облысаралық балық  |      | Ұдайы молайту 
балық шаруашылығы |  |ресурстарын қорғау |      | мақсатындағы
басқармалары      |  |мен балық аулау    |      | республикалық 
__________________|  |жөніндегі бассейін.|      | мемлекеттiк
     |               |дік басқармалар    |      | қазыналық 
     |               |                   |      | кәсiпорындар:
     |               | Жайық-Каспий      |      | Балық 
     |               | Балқаш-Алакөл     |      | питомниктерi;
__________________   | Зайсан-Ертіс      |      | Уылдырық 
Облыстық маңызы   |  | Арал-Сырдария     |      | шашу-балық өсiру
бар су айдындары  |  |___________________|      | шаруашылықтары;
                  |           |                 | Өндірiстiк-
__________________|           |                 | жерсіндiру
                     _________|___________      | станциясы;
                    |Облысаралық бассейн.|      | Бекіре
                    |дер су айдындары    |      | балықтары
                    |____________________|      | зауыттары
                                                |___________________

      мыналар арқылы балық қорғау кадрларымен қамтамасыз етудi жақсарту:
      мемлекеттік жоғары оқу орындары базасында балық қорғау кадрларын даярлауды ұйымдастыру балық кәсiпшілiгiнің жай-күйi мен балық қорларының мониторингiн жүргiзетін ихтиологиялық қызметті күшейту.
      2004-2006 жылдар кезеңiнде балық шаруашылығы мелиорация жұмыстарының ең төменгi қажетті көлемiн, атап айтқанда Жайық және Қиғаш өзендерiнiң сағасында түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету көзделедi. Балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстары мынадай жағдайларда жүргізілуi тиiс:
      белгіленген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен биологиялық негіздеме болуы;
      бiр облыс аумағында орналасқан су айдындарында мелиорация жұмыстарының түрлерi балық ресурстарын қорғау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органмен келiсiлуi тиiс.

5.3. Республика су айдындарында балық қорларын жасанды түрде ұдайы молайту

      Бұл бағытта:
      1) республика су айдындарында балықтың құнды түрлерінiң кәсiпшілiк санын қалыптастыру, балықтың құнды түрлерiнiң уылдырық шашу санын тұрақтандыpу әрi арттыру, оның ішінде:
      өскелең балық тауар өнiмiн барынша алып қою мақсатында қазiргi балық-су нормативтерiне сәйкес су айдындарына жыл сайын балық жiберудi ұлғайту;
      оңтайлы рұқсат етiлетiн балық аулау есептеріне сәйкес су айдындары ихтиоценозында олардың үлесiн ұлғайту әрi балықты алып қою үшiн шабақтармен толықтыруды кезеңдiлiкпен жүзеге асыратын балықтың құнды түрлерiнiң өз бетiмен көбейетiн кәсiпшілік үйiрлерiн жасау;
      көлдердi оларға балық жiберуге дайындау жөнiндегi балық- су-мелиорация жұмыстарын жүргiзу;
      құнды түрлерiнің өзара қатынастарында бәсекелестiктi азайту үшiн олардың шоғырланатын жерлерiнде балықтардың құндылығы шамалы түрлерін iрiктеп аулауды жүзеге асыру;
      2) балықты ұдайы молайту мақсатындағы кәсiпорындардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру;
      3) сирек кездесетiн балықтардың мекендейтiн және көбейетiн жерлерiнде табиғи резерваттар ұйымдарының табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
      4) су айдындарына балық жiберу мен оларды жерсiндiрудiң республикалық схемасын әзiрлеу, оның iшiнде:
      шағын су айдындарына балық жiберу мен оларды жерсiндiрудiң экологиялық жай-күйiн бағалау әрi биологиялық және техникалық-экономикалық негiздемелерiн дайындау;
      жасанды түрде ұдайы молайту биотехнологиясын жетілдiру (әртүрлi су айдындары үшiн балық салу материалының оңтайлы жас мөлшерiн айқындау, шабақтар жiберу жерлерiн нақтылау);
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы ғылыми-өндірiстiк орталығында асыл тұқымды жоғары өнiмдi материал жасау әрi дамыту;
      тоған әрi индустриялық балық-су шаруашылықтарын дамытудың биологиялық және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
      тоған шаруашылықтарының қазiргi жай-күйiн және индустриялық балық шаруашылығы үшiн әлеуетiн бағалау;
      уылдырық шашу-балық өсiру шаруашылықтары мен балық питомниктерiнiң қызметiне талдау жүргiзу және балық жiберудiң қолданылатын технологияларының тиімдiлiгiн бағалау;
      биологиялық негiздемелерге сәйкес Арал (Кiшi) теңiзiнде, Балқаш, Зайсан көлдерiнде, Қапшағай су қоймасында және басқа да су қоймаларында биологиялық негiздемелерге сәйкес бекiре балықтарының түрлерiн жерсiндiру және өсiру;
      су айдындарына балық жіберу мен оларды жерсiндiрудiң республикалық схемасын әзiрлеу жөнiнде мынадай шаралар қабылданады:
      балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерiн сақтау әрi тұрақты пайдалану жөнiнде;
      балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерi таралымының қазiргi жай-күйiн айқындау жөнiнде балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерiн жасанды түрде ұдайы молайту биотехнологиясын әзiрлеу әрi жетілдiру жөнiнде;
      сирек кездесетiн балықтардың мекендейтiн және көбейетiн жерлерiнде табиғи резерваттар ұйымдарының табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу жөнiнде;
      ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) су айдындарына балық жiберу мен оларды жерсiндiру, қайта жерсiндiру жөнiнде;
      мекендейтiн жерлерiнде, табиғи резерваттарда және бейiмделген су айдындарында балық қорғауды күшейту жөнiнде;
      5) балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерi мекендейтiн жерлерiнде табиғи резерваттар ұйымдастыру жөнiнде;
      балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерi мекендейтін жерлерінде табиғи резерваттар ұйымдастыру, оның iшінде:
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген балықтың сирек кездесетiн түрлерінің тектік қорын сақтау әрi олардың санын шаруашылық маңызы бар санына дейiн ұлғайту;
      балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерiнiң қазiргi жай-күйiн талдау;
      Қызыл кiтаптағы балық түрлерiн сақтаудағы қазiргi ЕҚТА рөлiн бағалау;
      балықтың сирек кездесетiн түрлерiнің санын арттыру және оларды шектеулi түрде шаруашылық пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу;
      олардың табиғи мекендеріндегi түрлерi санын сақтау әрi ұлғайту жөнiндегi iс-шаралар ұсыну;
      6) өнеркәсiптiк өндiру үшiн жаңа oбъектiлердi (албырт балық, көксерке, бекiре балықтары) жасанды түрде өсiрудің биотехнологияларын енгiзу.

5.4. Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету

       Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында: 
      1) трансшекаралық су ағындарының гидрологиялық режимiне талдау жүргiзу және оның биоресурстардың қалыптасуына ықпалын айқындау;
      2) кәсiпшілік учаскелердiң балық өнiмдiлiгi мен балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың оңтайлы рұқсат етiлетiн мөлшерiн айқындау, оның iшiнде:
      балықтардың жай-күйiне тұрақты мониторингтi жүзеге асыру және ихтиоценозды басқару жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
      балықтар құнды түрлерiнiң жай-күйiне, олардың табиғи ұдайы молаюына, уылдырық шашатын жерлерi мен мерзiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзу;
      балық шаруашылығы мелиорациясы жұмыстарын бағалауды жүргiзу;
      балық ресурстарының нақты қорларын айқындау мақсатында балық шаруашылықтары суайдындарын паспорттауды жүргiзу;
      кәсiпшiлiк балық табындары серпiнiне тұрақты мониторингтi қамтамасыз ету;
      Қазақстанның шағын су айдындары биоресурстарының қазiргi жай-күйiн бағалауды жүргiзу;
      шағын су айдындарының жемдiк базасы мен балық өнiмдiлiгiн бағалау;
      тоған және индустриялық балық-су шаруашылықтарын дамытудың биологиялық және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу;
      3) балықтың сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген түрлерінің қазiргi жай-күйiн талдауды жүргізу және балықтың сирек кездесетін және жойылу қаупi төнген түрлерiн жасанды түрде ұдайы молайту биотехнологиясын әзiрлеу әрi жетiлдiру;
      4) балық шаруашылығын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру:
      балық шаруашылығы кәсiпорындары мен ұйымдарының статистикалық есептiлiгi нысандарын жетілдiру;
      балық шаруашылығы кәсiпорындарының қызметi мен балық өнiмдерi рыногына талдау жүргiзу;
      Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының жай-күйi жөнiндегi бiрыңғай электронды деректер банкiн жасау.

  6. Оларды қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары, табиғат пайдаланушылар қаражаттары, халықаралық қаржы институттары қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
      Бағдарламаны республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру сомалары: 2004 жылы - 630,4 млн.теңге; 2005 жылы - 330,2 млн.теңге; 2006 жылы - 342,2 млн.теңге құрайды.
      Бұл ретте Бағдарламаны қаржыландыру жыл сайынғы көлемдерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Су айдындарында балықтың құнды түрлерiнiң кәсiпшiлiк үйiрлерi қалыптастырылады, су айдындарының балық өнiмдiлiгi арттырылады, таралымның уылдырық шашу бөлiгi ұлғайтылады.
      Қазақстандық және югославтық табан, ақ дөңмаңдай желiлерiн өнеркәсiптiк байқау жүргiзiледi, тоған шаруашылықтары толық жұмыс iстей бастайды, балық өндiру өнеркәсiбiнiң жаңа объектілерiн енгiзу жөнiндегi, оларды өсiру мен тауар өнiмiн алу биотехнологияларын жетілдiру жөнiндегi эксперименттiк жұмыстар басталады.
      Балық шаруашылығының бiрыңғай ақпараттық өрiсiн құру, бүкiл балық шаруашылығы қызметiне талдау жүргiзу, балық өндiрiсiн және Қазақстан Республикасы халқын балық өнiмдерiмен жабдықтауды ұлғайту жөніндегi іс-шаралар ұсынылады.
      Елдiң балық шаруашылығын қалпына келтiру, дамытуға жәрдемдесетiн заңнамалық және басқа да нормативтік құжаттар қабылдау.
      Трансшекаралық био және су ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi халықаралық келiсiмдер, балық өнiмдерінің экспортын ұлғайту, инвестициялар есебінен қосымша қаражат ағыны құйылады.
      Бағдарламаның түпкi нәтижесi Қазақстан Республикасы су айдындарындағы балық аулаудың болжамы мен нақты аулануының сәйкес болуына қол жеткiзу (теңiзде балық аулайтын флоттың жоқтығына байланысты Жайық-Каспий бассейнiнде теңiз балықтарын аулаудың лимитi игерілмейдi әрi есепке алынбайды) болып табылады.
      Мұның өзi балық өндiру және балық өңдеу өнеркәсiбiн одан әрi дамытуды жоспарлауға мүмкіндік бередi.
      2003 жылғы балық аулау болжамы бақылау деңгейi peтіндe алынды. Қазақстан Республикасы табиғи су айдындарында 2006 жылға арналған болжам бойынша жалпы балық өндiру мен балық өнiмдерiнiң жалпы өнiмi 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте

Қазақстан Республикасы табиғи су айдындарында 2006 жылға
арналған болжам бойынша жалпы балық өндiрiсi мен балық
өнімдерiнiң жалпы өнiмi

_________________________________________________________________
Су айдындары                    |Жалпы              Жалпы
                                |өндіріс            өнім
                                |________________________________
                                |тонна             | млн.теңге
________________________________|__________________|_____________
Жайық-Каспий бассейнi             23566,59           638,9

Балқаш көлi                       8144               144,5

Алакөл көлдер жүйесі              2823               35,9

Қапшағай су қоймасы               1978               43,8

Арал (Кiшi) теңiзi                1350               40,5

Шардара су қоймасы                315                10,2

Бұқтарма су қоймасы               9065               269,8

Шульба су қоймасы                 491                20,1

Басқа да су айдындары             3993,5             83,2

        Барлығы                   51726,09           1286,9
_________________________________________________________________

      Бассейндiк қағидатқа негiзделген әрi өңiрлердiң экологиялық-биологиялық және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескеретiн Қазақстан Республикасы балық шаруашылығын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесi қалыптастырылады.
      Балық қорғау және балық-су-мелиорация жұмыстарын күшейту есебiнен болжамның ақталуы жыл сайын шамамен 33% өседі деп болжануда.
      2006 жылға дейiн нақты балық аулаудың күтiлетiн болжамы 2006 жылға қарай 2003 жылдың оңтайлы рұқсат етілетiн балық аулау (ОРБА) мөлшерiне (51,71 мың т.) қол жеткiзiлетiнi ескеріліп, 1998-2001 жылдардағы су айдындары бойынша орташа есеппен нақты балық аулаумен (36,11 мың т.) салыстырғанда балық аулау көлемiнiң ұлғаюына есептелген.

4-кесте

Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су
айдындарында балық аулаудың болжамы

_________________________________________________________________
N   Негiзгi балық   1998-    2003    |  Жылдар бойынша күтілетін
Р/с шаруашылығы     2001     жылға   |  нақты балық аулау
    су айдындары    жылдар.  арналған| 
                    дағы     бекітіл.|
                    нақты    ген     |___________________________
                    балық    лимит   |2004    | 2005     | 2006
                    аулау    (ОРБА)  |        |          |
_____________________________________|________|__________|_______
1.  Жайық-Kacпий    22,22    23,56    22,67    23,11      23,56
    бассейнi

2.  Балқаш-Iле      3,71     8,14     5,18     6,66       8,14
    бассейнi

3.  Қапшағай        0,6      1,98     1,06     1,52       1,98
    су қоймасы

4.  Алакөл көл      0,79     2,82     1,46     2,14       2,82
    жүйесi

5.  Бұқтарма су     7,54     9,06     8,05     8,55       9,06
    қоймасы

6.  Шульбa су       0,14     0,49     0,25     0,37       0,49
    қоймасы

7.  Шардара су      0,28     0,32     0,29     0,31       0,32
    қоймасы

8.  Арал теңізі     0,32     1,35     0,66     1,0        1,35

9.  Басқа су қой.   0,51     3,99     1,67     2,83       3,99
    малары

    Жиыны           36,11    51,71    41,29    46,49      51,71
_________________________________________________________________

  8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары 

       Ескерту. 8-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2004.12.03. N  1259 қаулысымен.

_________________________________________________________________
N   Iс-шара      Аяқтау   Жауапты  Орындау   Болжамды  Қаржыландыру
Р/с              нысаны   орындау. мерзімі   шығыстар    көздері
                          шылар              (млн.теңге)
_________________________________________________________________
1     2         3          4          5         6            7
_________________________________________________________________
1.Балық аулау мен балық шаруашылығы саласындағы нормативтiк және заңнамалық базаны жетiлдiру, халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
_________________________________________________________________
1  Табиғат       Норма.    АШМ     Жыл сайын Талап
   пайдалану.    тивтік            ІІІ тоқ.  етіл.
   шылар мен     құқық.            сан       мейді
   балық ресурс. тық
   тарын және    кесім.
   басқа да су   дердің
   жануарларын   жоба.
   басқару мемле.лары
   кеттiк
   органдары
   қатынастарын
   реттеу
   жөнiндегi
   нормативтiк
   құқықтық
   кесiмдер
   дайындау
_________________________________________________________________
2  Каспий теңiзi Норма.    АШМ,    2006жылдың Талап
   биоресурс.    тивтік    ҚОҚМ    ІV         етіл.
   тарын         құқық.            тоқсаны     мейді
   сақтау мен    тық
   оларды        кесім.
   басқару       дердің
   туралы        жобалары
   келiсiмдер,
   Каспий теңiзi
   су ресурстары
   жөнiндегi
   комиссия
   туралы
   келiсімдер
   әзiрлеу
_________________________________________________________________
3  Қазақстан     Келісім   АШМ     2006
   және Ресей    жобасы            жылдың
   балық қорғау                    IV
   органдарының                    тоқсаны
   ынтымақтас.
   тығы
   жөнiнде
   келiсiм
   әзiрлеу
_________________________________________________________________
4  Көл-тауар     Норма.    АШМ,    2005      Техника.  Жергілікті
   шаруашылық.   тивтік    облыс.  жылдың    лық эко.  бюджеттер,
   тарын         құқық.    тар     ІІІ       номика.   табиғат
   құру          тық       әкім.   тоқсаны   лық       пайдаланушы.
   жөніндегі     кесім.    дері,             негізде.  лар қаражат.
   шаралар       дер       табиғат           мелерге   тары, кредит
   қабылдау      жоба.     пайдала.          сәйкес  
                 лары      нушылар
_________________________________________________________________
5  Көмiрсутектi  АШМ       АШМ,    2005      2005ж.-*  Республикалық
   шикiзатты     бұйрығы   ҚОҚМ    жылдың              бюджет
   барлау және                     ІІІ
   өндiру, балық                   тоқсаны
   шаруашылығы
   су айдындарын.
   дағы су жинау
   құрылыстарын
   пайдалану
   және кемелердi
   пайдалану
   кезiнде балық
   шаруашылығына
   келтiрілген
   зиянды есептеу
   әдістемесiн
   әзірлеу
_________________________________________________________________
6  Балық         АШМ,      АШМ,    2005-2006 2005ж.-*  Республикалық
   шаруашылығы   бұйрығы.  ҚОҚМ    жж.       2006ж.-*  бюджет
   маңызы бар     
   су айдындары  
   мен су ағым.  
   дарының
   экологиялық   
   мониторингі
   бағдарламасын
   әзiрлеу
_________________________________________________________________
7  Балық         Қазақстан АШМ,    2005-2006 2005ж.-*  Республикалық
   шаруашылығы   Республи. ҚОҚМ    жж.       2006ж.-*  бюджет
   қызметiне     касының 
   қойылатын     Үкіметіне
   экологиялық   ақпарат
   талаптарды
   әзiрлеу
_________________________________________________________________
8  Қазақстан     АШМ       АШМ,   2004 жыл.  2004ж.-1,1 Республика.
   Республика.   бұйрығы   ҚОҚМ   дың ІІІ               лық бюджет
   сының су                       тоқсаны
   айдындарын.
   дағы мелио.
   рация жұмыс.
   тары туралы
   ережені
   әзірлеу
_________________________________________________________________
2. Балық ресурстарын қорғау мен балық шаруашылығы мелиорация жұмыстары
_________________________________________________________________
9  Ауыл шаруашы. Қазақстан  АШМ   2004
   лығы министр. Республика.      жылдың
   лiгi Балық    сының            І
   шаруашылығы   Үкіметіне        тоқсаны
   комитетiнің   ұсыныстар
   балық
   ресурстарын
   қорғау мен
   балық аулауды
   реттеу
   жөнiндегi
   бассейндiк
   басқармалары
   (Жайық-Каспий,
   Балқаш-Алакөл
   және
   Зайсан-Ертiс)
   қызметкерлеріне
   мемлекеттiк
   қызметшi
   мәртебесiн
   беру жөнiнде
   ұсыныстар
   дайындау
_________________________________________________________________
10 Аумақтық      Қазақстан  АШМ   2004
   облыстық      Республика       жылдың
   балық         сының            IV
   шаруашылығы   Үкіметі          тоқсаны
   басқармаларын қаулысының
  (iшкi қайта    жобасы
   бөлiс         
   есебiнен)     
   құру және     
   жете 
   жинақтау
_________________________________________________________________
11 Арал-Сырдария Қазақстан  АШМ   2004       Талап
   балық         Республика.      жылдың     етілмей.
   ресурстарын   сының            ІІ         ді
   қорғау мен    Үкіметі          тоқсаны 
   балық аулауды қаулысы.
   реттеу        ның
   жөнiндегi     жобасы
   бассейндiк
   басқармасын
   құру

_________________________________________________________________
12 Балық         Қазақстан  АШМ   Жыл       АШМ        Республикалық
   ресурстарын   Республика.      сайын     әкімшілік  бюджет
   қорғау мен    сының            ІІІ       шығыстары.
   балық аулауды Үкіметіне        тоқсан    ның
   реттеу        ақпарат                    құрамында
   жөнiндегi
   бассейндік
   басқармалар.
   дың материал.
   дық-техникалық
   базасын дамыту
_________________________________________________________________
13 Аумақтық      Қазақстан АШМ   2005      Барлығы*    Республикалық
   органдардың   Республи.       жылдың    Жылдар      бюджет
   материалдық-  касының         ІІІ       бойынша:
   техникалық    Үкіметіне       тоқсаны   2005ж.-*
   базасын       ақпарат                   2006ж.-*
   дамыту
________________________________________________________________
14 Балық қорғау  АШМ       АШМ   Жыл сайын Талап
   кадрларын     бұйрығы         І тоқсан  етілмейді
   даярлауды
   ұйымдастыру
_________________________________________________________________
15 Жайық және    Қазақстан АШМ,  Жыл       Барлығы*   Республикалық
   Қиғаш         Республи. облыс.сайын     Жылдар     бюджет
   өзендерi      касының   тар.  IV        бойынша:
   сағасында     Yкiметіне дың   тоқсан    2004ж.-*
   түбiн         ақпарат   әкім.           2005ж.-*
   тереңдету               дері            2006ж.-*
   жұмыстарын
   жүргiзу
_________________________________________________________________
3. Pecпублика су айдындарында балық қорларын жасанды түрде ұдайы
молайту
_________________________________________________________________
16 Республика    Қазақстан  АШМ  Жыл сайын Барлығы     Республикалық
   су айдындарын.Республика.     IV        777         бюджет
   да балықтың   сының           тоқсан    Жылдар
   құнды түрлерi.Үкіметіне                 бойынша:
   нің кәсіп.    ақпарат                   2004ж.-
   шілік санын                             247
   қалыптастыру,                           2005ж.-
   балықтың                                259
   құнды                                   2006ж.-
   түрлерiнiң                              271
   уылдырық
   шашатын
   таралымдары
   санын
   тұрақтандыру
   әрi арттыру
_________________________________________________________________
17 Балықты ұдайы  Қазақстан АШМ  2004      2004ж.-     Республикалық
   молайту        Республи.      жылдың    91,3        бюджет
   мақсатындағы   касының        IV
   кәсiпорындар.  Үкіметіне      тоқсаны
   дың            ақпарат
   материалдық-
   техникалық
   базасын
   дамыту
_________________________________________________________________
18 Сирек          Табиғи-  АШМ,  2005     2005ж.-*     Республикалық
   кездесетін     ғылыми   ҚОҚМ  жылдың                бюджет
   балықтардың    және           IV
   мекендейтiн    ТЭН            тоқсаны
   және
   көбейетiн
   жерлерінде
   табиғи
   резерваттар
   ұйымдарының
   табиғи-ғылыми
   және техникалық-
   экономикалық
   негіздемелерін
   әзірлеу
_________________________________________________________________
19 Су айдындарына Қазақстан АШМ  2006      Барлығы: 18 Республикалық
   балық жiберу   Республи.      жылдың    2004ж.-6;   бюджет
   мен оларды     касының        ІV        2005ж.-6;  
   жерсiндiрудiң  Үкіметіне      тоқсаны   2006ж.-6   
   республикалық  ақпарат                        
   схемасын                                      
   әзiрлеу
_________________________________________________________________
20 Сирек          Қазақстан АШМ, 2006     Техникалық-  Жергілікті
   кездесетiн     Республи. ҚОҚМ жылдың   экономика.   бюджеттер,
   балықтардың    касының        IV       лық негізде. табиғат
   мекендейтiн    Үкіметі        тоқсаны  мелерге      пайдалану.
   жерлерiнде     қаулысы.                сәйкес       шылар, халы.
   табиғи         ның                                  қаралық қаржы
   резерваттар    жобасы                               институт.
   ұйымдастыру                                         тарының
                                                       қаражаттары
_________________________________________________________________
21 Өнеркәсiптiк   Қазақстан АШМ  2006     Техникалық-  Жергілікті
   өндiру үшiн    Республи.      жылдың   экономика.   бюджеттер,
   жаңа объектi.  касының        IІ       лық негізде. табиғат
   лердi (албырт  Үкіметіне      тоқсаны  мелерге      пайдалану.
   балық, көк.    ақпарат.                сәйкес       шылар
   серке, бекiре                                       қаражаттары
   балықтары)                                          
   жасанды түрде                                       
   өсiрудiң                                            
   биотехноло.
   гияларын
   енгiзу
_________________________________________________________________
4. Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету
_________________________________________________________________
22 Трансшекаралық Қазақстан  АШМ Жыл      Барлығы:     Республикалық
   су ағындарының Республи.      сайын    51,4         бюджет
   гидрологиялық  касының        IV       2004ж.-
   режимiне       Үкіметіне      тоқсан   17
   талдау         ақпарат                 2005ж.-
   жүргiзу және                           17,2
   оның                                   2006ж.-
   биоресурстардың                        17,2
   қалыптасуына
   ықпалын айқындау
_________________________________________________________________
23 Республикалық  Қазақстан  АШМ Жыл      Барлығы:     Республикалық
   маңызы бар     Республи.      сайын    144          бюджет
   iрi балық      касының        IV       Жылдар
   шаруашы.       Үкіметі        тоқсан   бойынша:
   лығы су        қаулысы.                2004ж.-
   айдындары      ның                     48
   кәсiпшiлік     жобасы                  2005ж.-
   учаскелерiнің                          48
   балық өнiмдi.                          2006ж.-
   лігi мен                               48
   балық
   аулаудың
   оңтайлы
   рұқсат
   етiлетiн
   мөлшерiн
   айқындау
   Кәсіпшілік
   балық
   үйiрлерінің
   жай-күйi
   мен олардың
   қорларын
   бағалаудың
   негiзiнде
   облыстық су
   айдындарында
   балық аулаудың
   оңтайлы рұқсат
   етілетiн мөлшерiн
   айқындау
_________________________________________________________________
24 Сирек         Қазақстан   АШМ 2006     Техника.     Жергілікті
   кездесетiн    Республи.       жылдың   лық-экономи. бюджеттер,
   және жойылу   касының         IІ       калық негіз. табиғат
   қаупi төнген  Үкіметіне       тоқсаны  демелерге    пайдаланушы.
   балық         ақпарат                  сәйкес       лар қаражат.
   түрлерiнiң                                          тары
   қазiргi жай-                           
   күйiне талдау
   жүргізу.
   Сирек
   кездесетiн
   және жойылу
   қаупi төнген
   балық түрлерін
   жасанды түрде
   ұдайы молайту
   биотехнология.
   ларын жетiлдiру
   әрi әзiрлеу
_________________________________________________________________
22 Балық шаруа.  Қазақстан   АШМ  2005    2005ж.-*     Республикалық
   шылығын       Республи.        жылдың               бюджет
   дамытуды      касының          IV
   ақпараттық-   Үкіметіне        тоқсаны
   талдамалық    ақпарат
   қамтамасыз
   етуді
   ұйымдастыру
_________________________________________________________________
* қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық қалыптастыру кезінде нақтыланады.