22.12.2003

"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "Ақтау теңiз порты" салық комитетi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 15-бабына сәйкес, сондай-ақ "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарды салықтық әкiмшiлiктендiрудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу кезеңiне "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң "Ақтау теңiз порты" салық комитеті" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Комитеттi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 134 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерi штат саны лимиттерiнiң шегiнде Комитеттiң штат санын белгiлеу жөнiндегі;
      2) Комитет туралы ереженi бекiту және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi


Дата вступления в силу:  01.01.2004
Дата изменения акта:  22.12.2003
Дата принятия акта:  22.12.2003
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1284
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006002000000 / 001006000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz