Тарих пен мәдениет объектiлерiне қатысты кейбiр мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 379 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасы Yкiметiнің арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi бекiту туралы

      Прага қаласында 1999 жылғы 13 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Чех Республикасы Үкiметiнің арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiм

      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi,
      өзара тиiмдi саудалық және экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға жәрдем беруге ынталана отырып,
      екi ел арасында және олардың аумақтары арқылы транзитпен халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу мен дамыту талабын алға қойып,
      төмендегi жөнiнде келiстi:

Қолдану саласы
1-бап

      1. Осы Келiсiм тасымалдар орындауға жiберiлген тасымалдаушылардың және Уағдаласушы Тарап мемлекетiнің аумағында тiркелген көлiк құралдарының Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасында, олардың аумақтары арқылы транзитпен, сондай-ақ үшiншi елдерге/ден халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктердiң тасымалын реттейдi.
      2. Осы Келiсiм әрбiр Уағдаласушы Тарап қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық келiсiмдерiнен туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.

Анықтамалар
2-бап

      1. "Автобус" терминi конструкциясы және жабдығы бойынша жүргiзушiнi қоса тоғыздан аса адамды тасымалдауға арналған кез келген автомобильдi бiлдiредi.
      2. "Тұрақты жолаушылар тасымалдары" терминi соларға сәйкес жолаушылар алдын ала белгiленген аялдау мекендерiнде отыруы және түсуi мүмкін белгiлi бағыт бойынша алдын ала белгiленген және жарияланған қозғалыс кестелерiне, тасымалдау үшiн тарифтерге және тасымалдау шарттарына сай жолаушылардың автобустармен тұрақты тасымалдарын білдiредi.
      3. "Маятниктiк тасымал" терминi алдын ала жинақталған жолаушылар тобы бiр шығу мекенiнен бiр бару мекенiне тасымалданатын көп реттiк тасымалды білдiредi. Жолаушылардың осы тобы кейiннен шығу мекенiне қайтып келедi. Шығу мекенi мен бару мекенi шығу немесе келу орны, сондай-ақ жолдан 50 км қашықтықта орналасқан оның жан-жақтары деп түсiнiледi. Маятниктiк тасымалға әдеттегi автокөлiк қызмет көрсетулерiне қосымша жолаушылар тобын шығу мекенiнде жинақтау талабы кiредi. Бiрiншi керi қарай сапар мен соңғы солай қарай сапар бос қалпында жүзеге асырылады.
      4. "Оқтын-оқтын жолаушылар тасымалы" терминi осы Баптың 2 және 3-тармақтарында айтылғаннан өзге кез келген басқа тасымалды бiлдiредi.

Жолаушылар тасымалы
3-бап

      Осы Келiсiмнiң мәнiнде жолаушылар тасымалы жолаушылар мен олардың багажын автобустармен олардың есебiнен немесе үшiншi тұлғалардың есебiнен тасымалдауды бiлдiредi. Бұл осындай рейстерге байланысты жолаушыларсыз сапарға да қатысты.

4-бап

      1. Жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдауға рұқсаттар өзара келiсiм бойынша Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен берiледi. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органы өзiнiң аумағы арқылы өтетiн бағыт бөлiгiне рұқсат бередi. Рұқсат бiр күнтiзбелiк жылдан асырылмайтын мерзiмге берiледi.
      2. Тұрақты жолаушылар тасымалын ашуға өтiнiш аумағында тасымалдаушы орналасқан және оның автокөлiк құралы тiркелген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына беріледi. Бұл құзыреттi орган өтiнiштi барлық қажеттi мәлiметтермен және өз қорытындысымен екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына жiбередi.
      3. Осы Баптың 2-тармағына сай өтiнiштерге мынадай мәлiметтер кіреді:
      а) тасымалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайы немесе толық мекен-жайы көрсетiлген фирманың аты;
      б) тасымал түрi;
      в) рұқсаттың сұралатын күш мерзiмi;
      г) жұмыс ұзақтығы мен рейстер жиiлiгi (күн сайын, апта сайын және т.т.);
      д) қозғалыс кестесi;
      e) нақты бағыт (жолаушыларды отырғызып-түсiретiн барлық аялдамалар, шекаралық бақылау-өткiзу пункттерi);
      ж) бағыттың солай және керi қарай қашықтығы, километрмен;
      з) жүргізушiнiң рөлде жүруi мен демалысқа үзiлiс уақыты;
      и) тасымалдау үшiн төлемнiң сомасы және тасымалдау шарттары.

5-бап

      1. Әрбiр маятниктiк тасымалға екiнші Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органының рұқсаты талап етiледi. Маятниктiк тасымалға тапсырысты арыз берушi тiкелей екiншi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органына маятниктiк тасымалды бастағанға дейiн кемiнде 30 күн бұрын жіберуi тиiс.
      2. Осы Баптың 1-тармағына сай тапсырысқа тасымалдаушы фирмасының атауы, аты-жөнi мен жұмысының немесе үйiнiң толық мекен-жайы, сондай-ақ оның жұмыс орны, бағыт, кесте және тарифтер туралы мәлiметтер, өтiнiш жасалған маятниктік тасымалды орындайтын барлық автобустардың тiркеу нөмiрлерi және баратын орыннан сонда болған уақытын растайтын хат кіруi тиiс.
      3. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сай құрылған Бiрлескен Комиссия маятниктiк тасымалды жүзеге асыруға байланысты лицензиялық рәсiмдердiң, нысандардың, тексеру құжаттарының жеке бөлшектерi және т.б. жөнiнде келiсуi мүмкiн.

6-бап

      1. Осы Баптың 2-тармағында аталған жағдайлардан басқасында оқтын-оқтын жолаушылар тасымалы рұқсат алу негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
      2. Ең Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң тасымалдаушылары екіжақтық немесе транзиттiк қатынаста орындайтын оқтын-оқтын жолаушылар тасымалы мынадай жағдайларда рұқсат алу қажеттiлiгiнен босатылады:
      а) бiр жүрiс барысында бiр автокөлiк құралымен бiр жолаушылар тобын тасымалдау жүзеге асырылатын және бастапқы мекенде аяқталатын тасымал ("жабық есiк кезiндегi сапар");
      б) бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушысы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына жолаушылар тобын жеткiзетiн және одан бос қайтатын тасымал;
      в) тасымалдаушылар бұзылған автобусты бос келетiн жөндi автокөлiк құралымен алмастыру жүргізсе.
      3. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары екі Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жүрiп өтуіне рұқсат бланкілерiнің келiсiлген санымен алмасады.
      4. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сай құрылған Бiрлескен Комиссия сыртқы сауда мен транзиттiк қатынастың көлемiн ескере отырып, Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары тепе-теңдiк негiзде жыл сайын беретiн екi Уағдаласушы Тарап мемлекеттерінің аумақтары арқылы жүрiп өтуге рұқсат бланкiлерiнiң санын белгiлейдi.
      5. Қажет болған жағдайда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары өзара келiсiм бойынша рұқсаттар бланкілерi санын көбейтуге құқылы.
      6. Белгiленген саннан асыра жүзеге асырылатын оқтын-оқтын жолаушылар тасымалы Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес рұқсат беру негiзiнде жүзеге асырылады.
      7. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сай құрылған Бiрлескен Комиссия оқтын-оқтын жолаушылар тасымалдары үшiн құжатты тексеру туралы уағдаласуы мүмкiн.

Жүк тасымалы
7-бап

      1. Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң арасында, үшiншi елдерге немесе елдерден, сондай-ақ бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен жүктердi тасымалдау 8-бапта көрсетiлген тасымалдардан басқада рұқсат беру негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Тасымалдаушыға берiлген рұқсатты ол ғана қолданады және үшiншi тұлғаға беруге болмайды.
      3. Рұқсат әрбiр жүк автомобилiне және әрбiр тартқыш автомобильге талап етiледi. Ол бiруақта сонымен бiрге жүрген тiркемеге немесе жартылай тiркемеге де оның тiркелу орнына қарамастан қолданылады.
      4. Рұқсаттың екіжақтық және транзиттiк қатынаста көрсетiлген уақыт аралығына бiр сапар солай және керi қарай жүру үшiн күшi бар.
      5. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушыларына екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан екі мекен арасында жүктердi тасымалдауға (каботаждық тасымалдар) тыйым салынады.

8-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетiлген рұқсаттар мыналарды тасымалдауға талап етiлмейдi:
      а) тек қана жарнамаға, оқытуға, жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған заттар мен материалдарды;
      б) театр, музыка, кинематография, спорт және цирк шаралары, сондай-ақ радиобағдарламаларды жазу, кино- және теледидарға түсiру үшiн жабдық пен керек-жарақтарды;
      в) бұзылған автокөлiк құралдарын (кейiн қарай жеткiзу);
      г) қайтыс болғандардың мәйiтiн немесе сүйегiнiң күлiмен урнаны;
      д) тiркеменiң жалпы салмағын қоса барынша жол берiлетiн жалпы салмағы алты тоннадан аспайтын немесе тiркеменiң пайдалы күш түсiруiн қоса жол берiлетiн пайдалы күш түсiруi 3,5 тоннадан аспайтын автокөлiк құралдарындағы жүктердi;
      e) дәрi-дәрмектердi, медициналық жабдықты, сондай-ақ қауырт апаттық жағдайлар кезiнде (әcipece табиғи апат кезiнде) көмек көрсетуге арналған басқа заттарды;
      ж) жануарларды (спорт және цирк шаралары үшiн);
      з) қоныс аудару кезінде қозғалмалы мүлікті (үй мүлкі мен үй аспаптары);
      и) почта жiберiлiмдерiн;
      к) гуманитарлық жүктердi.
      2. Осы Баптың 1-тармағының "а", "б" және "ж" тармақшаларында көзделген айрықшалықтар соларда көрсетiлген заттарды керi шығару немесе кейiннен үшiншi елдерге тасымалдау жағдайында ғана қолданылады.
      3. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнiң заңды және жеке тұлғаларына арналған жаңа автомобильдердi жасаушы зауыттан айдап әкетуге рұқсат талап етiлмейдi.

9-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сай құрылған Бiрлескен Комиссия сыртқы сауда мен транзиттiк қатынастың көлемiн ескере отырып, Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары тепе-теңдiк негiзде жыл сайын беретiн жүктердi тасымалдауға рұқсат бланкiлерiнiң санын белгiлейдi.
      2. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары екi Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жүрiп өтуіне рұқсат бланкiлерiнiң келiсiлген санымен алмасады.
      3. Қажет болған жағдайда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары өзара келiсiм бойынша рұқсаттар бланкiлерi санын көбейтуге құқылы.
      4. Белгiленген саннан асыра жүзеге асырылатын тасымал Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес рұқсат беру негiзiнде жүзеге асырылады.

10-бап

      1. Автокөлiк құралдарының салмағы мен көлемдерiне қатысты әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарына өзiнiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарына қойылатын талаптарды қолданады.
      2. Салмағы немесе көлемi екiншi Уағдаласушы Тарап елiнің аумағында белгiленген барынша жол берiлетiннен асатын автокөлiк құралдарымен жүктердi, сондай-ақ қауiптi жүктердi тасымалдау осы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органынан арнайы рұқсат алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер
11-бап

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң тасымалдаушылары мен жүргiзушiлерi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылатын заңдарды, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар қатысушысы болып табылатын автомобиль тасымалдары саласындағы халықаралық келiсiмдердiң ережелерiн сақтауға мiндеттi.
      2. Автокөлiк құралдарын жүргiзушiлерде жүргiзетiн автокөлiк құралына тиiстi санаттағы ұлттық немесе халықаралық жүргiзушi куәлiгi және автокөлiк құралына Жол қозғалысы туралы конвенцияның талаптарына жауап беретiн тiркеу куәлiгi болуы тиiс.

12-бап

      1. Осы Келiсiмнiң негiзiнде Уағдаласушы Тараптар елдерiнiң аумағы арқылы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде осы тасымалдарды орындайтын автокөлiк құралдары ақылы жолдар мен көпiрлерден басқа жолдарды пайдалануға және ұстауға байланысты салықтар мен алымдардан және 10-баптың 2-тармағына сәйкес көлiктiк операциялардан шығатын алымдардан босатылады.
      2. Салықтарды, кедендiк баждарды және алымдарды төлеуден мыналар босатылады:
      а) осы Келiсiмнiң шеңберiнде тасымалды орындайтын автокөлiк құралын жөндеу үшiн екiншi Уағдаласушы Тарап елiнiң аумағына уақытша енгiзілетiн қосалқы бөлшектер;
      б) алмастырылған бөлшектер автокөлiк құралы тiркелген елге шығарылуға жатады немесе кеден органдарының бақылауымен жойылады;
      в) автокөлiк құралында жасаушы зауыт орнатқан бактердегi отын мен тасымалдауды орындауға қажеттi жағармай материалдары.

13-бап

      1. Осы Келiсiм бойынша талап жетiлетiн pұқсаттар, coндай-ақ бақылау және басқа тасымалдау құжаттары осы Келiсiммен реттелетiн барлық сапарлар кезiнде автокөлiк құралында болуы және құзыреттi бақылау органдары өкілдерiнiң талаптары бойынша тексеруге көрсетiлуi тиiс.
      2. Тасымалдаушы немесе оның жүргiзушiсi екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылатын заңдарды немесе осы Келiсiмнiң ережелерiн бiрнеше қайтара бұзған кезде аумағында автокөлiк құралы тiркелген Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары аумағында бұзу жасалған Уағдаласушы Тараптың өтiнiші бойынша мына шаралардың бiрiн қолданады:
      а) ескерту;
      б) осы Келiсiмге сәйкес тасымалдарды орындауға уақытша тыйым салу;
      в) бұзу жiберiлген Уағдаласушы Тараптың аумағында тасымалдарды орындау құқықтарынан уақытша, iшiнара немесе толығынан айыру.
      3. Осы Баптың 2-тармағының "б)" тармақшасына сәйкес шара аумағында бұзу жасалған Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органымен де қолданылуы мүмкiн.
      4. Екi Уағдаласушы Тараптың құзыреттi органдары қабылдаған шаралары туралы бiр бiрiне мәлiмдейдi.
      5. Осы Келiсiмнiң ережелерi аумағында ұлттық заңдары бұзылған мемлекеттiң сот органдарымен салынуы мүмкiн санкцияларды жоққа шығармайды.
      6. Мемлекеттiк шекаралар ойда жоқта жабылған жағдайда Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары арнайы келiсiммен реттелетiн болады.

14-бап

      1. Осы Келiсiмнiң орындалуы және соған байланысты мәселелердi талқылау мақсатында Уағдаласушы Тараптар өз құзыреттi органдарының өкілдерiнен Бiрлескен Комиссия құрады.
      2. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты туындауы мүмкiн барлық дау-дамайларды Уағдаласушы Тараптардың Бiрлескен Комиссиясының келiссөздер жүргiзуi және кеңесулерi жолымен шешетiн болады.
      3. Рұқсат бланкiлерiнiң мазмұны мен нысанын Бiрлескен Комиссия белгiлейдi.

15-бап

      1. Уағдаласушы Тараптар Атқару Хаттамасында осы Келiсiмнiң орындалу тәртiбiн анықтайды.
      Атқару Хаттамасына Келiсiммен бiрге қол қойылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. Осы Келiсiмнiң 14-бабына сәйкес құрылған Бiрлескен Комиссия Атқару Хаттамасына өзгерiстер мен толықтырулар ұсынуға құқылы.
      3. Осы Келiсiм мен Атқару Хаттамасына барлық өзгерiстер мен толықтыруларды Уағдаласушы Тараптар тиiстi хаттамамен ресiмдейдi.
      4. Сондай-ақ осы Келiсiм мен Атқару Хаттамасына өзгерiстер мен және толықтырулар енгiзiлген Хаттама сондай-ақ осы Келiсiмнiң 16-бабының 1-тармағына сәйкес күшiне енедi.

16-бап

      1. Осы Келiсiм мен Атқару Хаттамасы Уағдаласушы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындауы туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы мәлiмдеменi алған күннен бастап 30 күннен кейiн күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалған және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оны жазбаша түрде жойғанша күшiнде қалады. Келiсiм екiншi Уағдаласушы Тарап жою туралы мәлiмдеме алғаннан кейiн алты айдан соң күшiн жоғалтады.
      1999 жылғы 13 желтоқсанда Прага қаласында екi түпнұсқалық данада, әрбiрi қазақ, чех және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндер түпнұсқасымен бiрдей болып табылады. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасының             Чех Республикасының
      Үкiметi үшiн                          Yкіметi үшiн

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасы Үкіметінің арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi қолдану ережелерi туралы
АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасының Үкiметi (бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар) 1999 жылғы 13 желтоқсанда Прага қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Чех Республикасы Yкiметiнiң арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi қолдану ережелерiн анықтау мақсатында төмендегi жөнiнде уағдаласты:
      1. Аталған Келiсiмнiң мағынасында құзыреттi органдар мыналар деп түсiнiледi:
      Қазақстан Республикасы тарабынан:
      а) 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 14-баптар бойынша - Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы 49-үй; телефоны: (3172) 32 62 77, факсы: (3172) 32 16 96.0
      б) 10-бап бойынша - Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi, 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы 49-үй; телефоны: (3172) 33 83 77, факсы: (3172) 26 34 85 және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі, 475000, Көкшетау қаласы, К.Маркс көшесi 81-үй, тел.: (31622) 5 42 91, факсы: (31622) 5 06 20

      Чех Республикасы тарабынан:
      а) 4, 5, 6, 7, 9, 13 және 14-баптар бойынша - Чех Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi 11015, Прага қаласы, Набережная Людвика Свободы 12/22, тел.: (+4202) 514 313 75, факсы: 514 31 259
      б) 10-бап бойынша - Чех Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгi 11015, Прага қаласы, Набережная Людвика Свободы 12/22, тел.: (+4202) 514 313 75, факсы: 514 31 259.
      2. Осы Келiсiмдi орындау үшiн Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары белгiленген тәртiпте берiлген тұрақты немесе маятниктiк жолаушылар тасымалдарына рұқсаттарды бередi.
      3. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне немесе жүктердi тасымалдауға рұқсаттарды рұқсат беру негізiнде бередi:
      а) екi Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы жүрiп өтуiне рұқсаттар;
      б) бiр Уағдаласушы Тарап елiнiң аумағынан үшiншi елге немеce үшiншi елден бiр Уағдаласушы Тарап елiнiң аумағына тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат;
      в) Уағдаласушы Тараптар құзыреттi органдарының Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаты;
      г) Уағдаласушы Тараптар құзыреттi органдарының Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы қауiптi жүктердi тасымалдауға арнайы рұқсаты.
      4. Рұқсат бланкiлерiн:
      Қазақстан Тарабы: қазақ, орыс және ағылшын тілдерiнде;
      Чех Тарабы: чех, ағылшын, немiс және француз тiлдерiнде жасайды.
      Рұқсаттарды ресiмдеу рәсiмдерiн жеңілдету және олардың орындалуына бақылау жасау мақсатында Уағдаласушы Тараптар көрсетiлген рұқсаттарды қазақ, чех немесе орыс тiлiнде толтыруға келiстi.
      Тиiстi күнтiзбелiк жылы қолданылатын рұқсат бланкiлерiнде бiр жылға құрылған реттiк нөмiрлерi, сондай-ақ құзыреттi органдардың тиiстi қолдары мен мөрлерi болуы тиiс.
      5. Қазақстан Республикасы тарабынан рұқсат бланкiлерi Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiмен сендiрiлетiн болады.
      6. Чех Республикасы тарабынан рұқсат бланкiлерi Чех Республикасының Көлiк және байланыс министрлiгімен сендiрiлетiн болады.
      7. Бiрлескен Комиссия немесе Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары келесi жылға рұқсат бланкiлерiнiң қажеттi санын анықтайды, олармен өзара алмасу күнтiзбелiк жылдың 15-желтоқсанына дейiн жүргiзiледi. Осы жылға берiлген рұқсат бланкілерi келесi жылдың 1-ақпанына дейiн қолданылады.
      8. Рұқсаты болмаса бiр Уағдаласушы Тараптың автокөлiк құралдарына 6-баптың 1-тармағында және 8-бапта көрсетiлген жағдайлардан басқада екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына кiруге жол берiлмейдi.
      9. Рұқсат бланкiлерiмен алмасу кезiнде Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары бiруақта осы Келiсiм баптарының орындалуы жағдайы, мемлекеттiң халықаралық автомобиль тасымалдарына, салықтық және кедендiк алымдарға қатысты заңдарындағы өзгерiстер, алдағы жылғы тасымалдардың жағдайы, шекаралық өткелдердiң жұмыс тәртiбi, рұқсат бланкiлерiн пайдалану және тасымалдарды жетiлдiруге бағытталған басқа мәселелер туралы бiр бiрiне хабарлайтын болады.
      Осы Атқару Хаттамасы екi данада, әрбiрi қазақ, чех және орыс тілдерiнде құралған, әрi барлық мәтiндер түпнұсқасымен бiрдей болып табылады.
      Осы Келiсiмдi түсiндiру мәселелерi бойынша келiспеушілiктер туындаған кезде Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алады.
      1999 жылғы 13 желтоқсанда Прага қаласында жасалды.

      Қазақстан Республикасының         Чех Республикасының
      Yкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн