10.12.2002

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi Премьер-Министр Кеңсесінің, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің Үкімет қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз іс жүргізу мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын реттейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен;

      3) "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Көрсетiлген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлiгiнде барлық мемлекеттiк органдар үшiн мiндеттi деп белгiленсiн.";

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеңсеге енгiзiлетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларына, сондай-ақ оларға қосымшалардың әрбiр парағына жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам алдын ала қол қоюға тиiс.";

      17-тармақта "Қаржы министрлiгiн, Экономика министрлiгiн" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кеңседе Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптама жүргiзу (соның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмдерi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.

      Сараптаманы қоса алғанда Кеңседе жобалардың өту мерзiмдерi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Yкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен, Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Жобалар мәтiнiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмдерiн Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам ұзартуы мүмкiн.";

      89-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерi жобаларын дайындау және келiсу тәртiбiне, оларды ресiмдеу (заңи техника) ережесi туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулықтың (заңдық техникасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      90-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;

      104-тармақтың үшiншi абзацындағы "министрлiктер мен ведомстволарға" деген сөздер алынып тасталсын;

      137, 140-тармақтардағы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа 12-қосымшаның 1-тармағындағы "РМК" деген аббревиатура "РМҚК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықта:

      17-тармақтың 2) тармақшасында "республикалық мемлекеттiк" деген сөздерден кейiн "қазыналық" деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:

      1-тармақта "сауал салуларының" деген сөздерден кейiн ", депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру туралы өтiнiшпен Парламент Палаталары хаттарының" деген сөздермен толықтырылсын, "(бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2-тармақта "орындалу мерзiмiн" деген сөздер "орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде (бұдан әрi - Кеңсе) бақылау жұмысын үйлестiрудi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды (бұдан әрi - бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке немесе оның басшылығына тапсырма беретiн кесiмдерiн;

      2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырмалары бар Үкiметтiң қаулыларын, Үкiмет мәжiлiстерiнiң хаттамаларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн;

      3) Президенттiң Үкiметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының, Президент Әкiмшiлiгi басшылығының және Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның орындалу мерзiмдерi көрсетiлген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгiзiлсiн" деген белгiлерi бар тапсырмалары (соның ішінде мәжілiстер хаттамалары мен iс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттiгi туындайтын тапсырмаларды;

      4) Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiметтiң қорытындысын беру өтiнiшiмен Парламент Палаталарының хаттарын.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Құрылымдық бөлiмшелер - тапсырмаларды бiрге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлiмшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзiмi өткенге дейiн бiр күннен кешiктiрмей енгiзедi.";

      12-тармақтың бiрiншi абзацында:

      "Сараптама жүргiзудiң" деген сөздер "Жауаптардың (есептердiң) сараптамасын жүргізудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Кеңседе тiркелген күнiнен бастап" деген сөздер және ", ал заң жобалары үшін - он күннен" деген сөздер алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Бақылаудағы құжаттарды бақылаудан алу, орындалу мерзiмдерiн ұзарту мен орындалуы туралы жауаптарды (есептердi) ұсыну Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне сәйкес жүзеге асырылады.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың өтiнiштерiн қарау және олардың орындалуын бақылау тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау және оларға Басшылық тапсырмаларының орындалуы мерзiмдерiн бақылауды Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.";

      17, 18, 19, 20, 22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 974 қаулысына сәйкес орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тiкелей өздерi басқаратын органдарда жүргiзедi".

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.09.16 N 1067; 29.12.2016 N 904 қаулыларымен.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
РЕГЛАМEHTI
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 550 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.

      2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерімен және осы Регламентпен реттеледі.

      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - Премьер-Министр) мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.

      4. Құпия және құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргізуді, Премьер-Министрге, оның орынбасарларына және Кеңсе Басшысына арналған хат-хабарларды, оның ішінде әр түрлі байланыс және деректер беру арналары арқылы келіп түсетін хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды Кеңсе Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      4-1. Қазақстан Республикасының Парламентінде Үкіметтің мүддесін білдіруді және биліктің заң шығарушы тармағымен оның ұдайы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етуді Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілдігі жүзеге асырады.

      Ескерту. Регламент 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіруді және қорғауды, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша конституциялық іс жүргізуге қатысуды талқылау мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қатысуымен шетелде өткізілетін талқылауларға бастамашылық жасалған кезде талқылау нысанасы болып табылатын мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган халықаралық төреліктер мен шетелдік соттардағы талқылаулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін хабардар етеді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсініктеме беруді Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      7. Үкіметтің құзыретіне енетін кадр мәселелерін шешу Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      8. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшыларына олармен алдын ала келіспей-ақ орындау үшін міндетті тапсырмалар бере алады.

      Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) көтеріліп отырған мәселелердің пысықталғандығы;

      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі;

      3) нәтижелілігі мен тиімділігі (нақты түпкі нәтижесі көрсетіледі);

      4) орындалу мерзімдерінің шынайылығы;

      5) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      6) өзге тапсырмалармен қайталанудың жоқтығы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1335; 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      8-1. Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) және Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі – Ассамблея) орындау мерзімі алты айдан асатын кешенді және ведомствоаралық сипаты бар актілері мен тапсырмаларын орындау екі және одан да көп мемлекеттік органға құзыреті шеңберінде жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдердің, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда орындаушы мемлекеттік орган құжат келіп түскеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) жауапты құрылымдық бөлімшесімен келіседі.

      Тапсырмалар ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған кезде міндетті түрде ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) әзірленеді.

      Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылған тапсырмалар бойынша ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту тәртібі осы Регламенттің 8-2-тармағында белгіленген тәртіпке ұқсас.

      Үкімет құзыретіне кіретін және Президент атына жіберілетін бастамалар болған кезде орталық атқарушы органдар оларды Кеңсенің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Регламент 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-2. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспарында (жол картасында) орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Президенттің актілерін немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, орындаушы мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылардың іс-қимыл жасасу тәртібі қамтылады.

      Әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық мемлекеттік орган болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) оның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), сондай-ақ егер ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) Үкіметтің өкілеттіктерін қозғайтын жағдайларда, Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін бекітеді.

      Әзірлеушісі өзге мемлекеттік орган (ұйым) болып табылатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Премьер-Министр (оның міндеттерін атқарушы адам) немесе ол уәкілеттік берген Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.

      Бір орындаушы мемлекеттік орган және қажет болған кезде оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысатын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) осы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      Ескерту. Регламент 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 13.05.2021 № 318; 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8-3. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) қабылданған жағдайда мемлекеттік органдардың осы Регламенттің 8-4-тармағында көзделген Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекітуі талап етілмейді.

      Ескерту. Регламент 8-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      8-4. Ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) болмаған жағдайда қажет болғанда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысының шешімімен Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

      Ескерту. Регламент 8-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      8-5. Орындаушысы Үкімет болып табылатын Президент актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының олардың орындалуын үйлестіруі көзделеді.

      Ескерту. Регламент 8-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен; орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-6. Орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдары өздеріне берілген тапсырмалардың сапасыз орындалғаны және уақтылы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұйымдар) тапсырмаларды бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады. Бұл ретте орындауды үйлестіру жауапкершілігі мемлекеттік басқару органына немесе жалғыз құрылтайшы атынан Үкіметке жүктеледі. Мемлекеттік емес ұйымдарға қатысты ұсынымдық сипаттағы тапсырмалар беріледі, бұл ретте орындауды үйлестіру тиісті мемлекеттік басқару саласының мемлекеттік органына жүктеледі.

      Ескерту. Регламент 8-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      8-7. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес беріледі.

      Ескерту. Регламент 8-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-8. Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкімет ақпараты Президент Әкімшілігіне енгізіледі, оған Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министр, Премьер-Министрдің тиісті орынбасары немесе Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қояды.

      Ескерту. Регламент 8-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.
      8-9. Регламент 8-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      8-10. Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйі көрсетіліп, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігінің дәлелді негіздемесімен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

      Ескерту. Регламент 8-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-11. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзартуға Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде қабылданған шаралар туралы Президент Әкімшілігін хабардар ете отырып жол беріледі.

      Президенттің орындау мерзімі үш айдан асатын актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындау мерзімдерін қайта ұзарту туралы ұсынысты Президент Әкімшілігіне орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

      Ескерту. Регламент 8-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8-12. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Үкімет отырыстарында, мемлекеттік органдардың алқа мәжілістерінде және ұйымдардың кеңестерінде қаралады.

      Ескерту. Регламент 8-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      8-13. Актілер мен тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Үкімет Басшылығының барлық тапсырмаларына қойылатын талаптарға сәйкестігіне түгендеу (аудит) жүргізеді.

      Ескерту. Регламент 8-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8-14. Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі осы Регламенттің 8-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ актілерді немесе тапсырмаларды дайындауға және келісуге жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. Регламент 8-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      8-15. Мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың уақтылы орындалуы мен сапасы үшін жауапкершілік осы Регламенттің 128-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларына жүктеледі.

      Ескерту. Регламент 8-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      8-16. Үкімет басшылығының тапсырмалары бойынша ақпараттың дұрыстығы және мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МОИП) уақтылы орналастырылуы үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      Ескерту. Регламент 8-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 185 қаулысымен.

      8-17. Тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және артық құжат айналымын қысқарту жөнінде шоғырландырылған ұсыныстар тұжырымдау мақсатында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі аясында мерзімді есептер мен баяндамалар және жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының атына ақпарат, баяндамалар мен есептер беру кестелері арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің сақталуы үшін жауапкершілік тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      Ескерту. Регламент 8-17-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 22.06.2021 № 429 қаулысымен.

      9. Үкіметтің қаулысы оның ұжымдық заңды пікірін білдіруі тиістілігіне байланысты қаулылардың жобалары бойынша, сондай-ақ заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларына Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.

      Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына Парламент депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындылары бойынша да Үкімет мүшелерінің дауыс беруі жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      10. Министрлiктер аппараттарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi Кеңсе Басшысы аппарат басшыларымен (аппарат басшысының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын лауазымды тұлғалармен) кеңестер өткiзу және Кеңсе Басшысының тиiстi тапсырмалары арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

2-тарау. Кіріс хат-хабарды қарау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      11. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының (бұдан әрі – Үкімет басшылығы) және Кеңсе Басшысының атына жазылған, электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік тілде ресімделген (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) хат-хабарды (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырыла отырып түсетін электрондық құжаттарды) Кеңсе алдын ала қарайды.

      Кіріс, шығыс (ішкі) хат-хабарды және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және олардың өтуі 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, осы Регламентке, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына ЭҚАБЖ арқылы немесе қағаз жеткізгіштерде жіберілген Кеңсенің қызметтік құжаттарын ашық баспасөзде жариялауға, радио немесе телевизия, Интернет желісі арқылы таратуға жол берілмейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - 04.12.2018 № 804; 11.04.2019 № 185; 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1155 қаулысымен.

      13. Кеңсе:

      облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне тиісінше аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аудандары әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың аудандары әкімдерінің, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштерін;

      кейіннен авторына хабар бере отырып, тиісті мемлекеттік органға орталық және жергілікті атқарушы немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша Үкімет немесе Премьер-Министр шешімдерінің қабылдануын талап етпейтін мәселелер бойынша Үкімет басшылығына арналған заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, өтініштерін және сұрау салуларын мән-жайы бойынша қарау үшін жібереді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 05.06.2019 № 371 қаулысымен.

      14. Кеңсе Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жазылған, мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе тиісті бұйрық болған кезде бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.

      Премьер-Министрдің атына жазылған, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша хаттар бірінші басшының қолымен ғана қабылданады.

      Бірінші басшының іссапарға кетуіне, науқастануына, демалыста болуына байланысты мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған, Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарды енгізуге жол беріледі.

      Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушының қолтаңбасымен енгізілген хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге жатады.

      Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтерді және құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді:

      1) егер мәселені шешу Қазақстан Республикасының Президентімен келісуді талап етсе;

      2) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне кіретін болса, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;

      3) орталық атқарушы органдардың арасында тұжырымдамалық сипаттағы (бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келіспеушіліктерді жою жөніндегі хаттаманы қоса бере отырып) және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;

      4) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.

      Мұндай жағдайларда хат-хабар шешім қабылдау үшін мәселенің мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның орынбасары және Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Премьер-Министрге немесе оның орынбасарына жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491; 23.06.2020 № 385 қаулыларымен.

      15-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 N 45 қаулысымен.

      16. Ведомстволар тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі (ЭЦҚ арқылы келісу) болған кезде ғана, сондай-ақ Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының олардың атына берген тікелей тапсырмаларына жауап жіберген кезде өз бетінше Үкіметтің атына өтініш білдіре алады. Мемлекеттік органдардың өзге құрылымдық бөлімшелерінің Үкіметтің атына өз бетінше өтініш білдіруге құқығы жоқ.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      17. Орталық атқарушы органдар мен олардың ведомстволары өздеріне келіп түсетін хаттарды, өтініштерді және өзге де құжаттарды қарайды әрі өздерінің ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың құзыретіне енетін барлық мәселелер бойынша өз бетінше шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар олардың бірлескен құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажет болған кезде белгіленген тәртіппен олардың басшылары қол қойған бірлескен бұйрықтар түрінде шешімдер қабылдайды.

      Орталық атқарушы органдар өз бетінше шешуі тиіс мәселелер бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдері қабылданбайды.

3-тарау. Үкімет отырыстары
3.1-бөлім. Үкімет отырыстарын жоспарлау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      18. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелер заңнамада

      белгіленген Үкімет өкілеттіктерін ескере отырып анықталады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      19-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      19. Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жоспарланатын тоқсанның алдындағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізілетін Үкімет мүшелерінің ұсыныстары негізінде Премьер-Министрмен және оның орынбасарларымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітеді.

      Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне және қажет болған кезде басқа да мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына жөнелтіледі.

      Жоспарланған мәселені қараудан алу немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде ресімделген және отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей енгізілген, Премьер-Министрдің атына жазылған өтініш негізінде Премьер-Министр не онымен келісу бойынша Кеңсе Басшысы қабылдайды. Көрсетілген шешім туралы өзінің құзыретіне орай мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етіледі.

      Осы тармақта белгіленген тәртіп кезектен тыс тәртіппен жоспарланған Үкімет мәжілістеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535; 27.03.2014 N 270; 11.08.2014 № 910; 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 05.06.2019 № 371 қаулыларымен.

      20. Кезектен тыс Үкімет мәжілістері Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі - Президент) не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша шақырылады.

3.2-бөлім. Үкімет отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі

      Ескерту. 3.2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      21. Үкімет мәжілістері Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесіне сәйкес немесе қажет болған кезде, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және оны Премьер-Министр не Президент шақырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      22. Үкімет мәжілістеріне Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде

      Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етеді.

      Мәжілістерге Қазақстан Республикасының Президенті қатысқан кезде Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр төрағалық етеді.

      Үкімет мәжілістері ашық болып табылады әрі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша Үкіметтің жабық мәжілістері өткізілуі мүмкін.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      23. Мәжіліс, егер оған Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Үкімет мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.

      Үкімет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда тиісті орынбасарларының қатысуы отырыс басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен алдын ала келісіледі.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 19.08.2017 № 491; 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      24-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      24. Үкімет мәжілістеріне, әдетте, Премьер-Министрмен не Кеңсе Басшысымен келісілген тізім бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысады.

      Үкімет мәжілістеріне Мемлекет басшысының актілерімен осындай құқық берілген лауазымды тұлғалар да қатыса алады.

      Үкімет отырыстарына Кеңсенің шақыртуы бойынша Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, Кеңсе қызметкерлері мен өзге де адамдар қатыса алады.

      Үкімет мәжілістеріне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсынысты мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай мәжіліске дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізеді.

      Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізіміне Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Үкімет мәжілісіне қатысуын Кеңсе қамтамасыз етеді.

      Үкіметтің мәжілістеріне қатысатын шақырылған адамдарды Кеңсе тіркейді.

      Жабық мәжілістерді өткізу және құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және мәжіліске кіруді шектеумен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2012.04.27 № 540; 11.08.2014 № 910; 31.12.2015 № 1155; өзгеріс енгізілді - 05.06.2019 № 371 қаулыларымен.

      25. Үкімет отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде отырысқа дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей енгізіледі.

      Кеңсе Басшысымен келісілген жағдайларды қоспағанда, Үкімет отырысы өткізілетін күнге дейін бір күн бұрын және тікелей сол күні таныстырылатын материалды ауыстыруға тыйым салынады.

      Кеңсе Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқаратын адаммен келісу бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін отырыстың күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібі мен Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға ашық байланыс арналары арқылы жіберуге тыйым салынбаған тиісті материалдарды Үкімет мүшелеріне және Кеңсесінің Басшысы қол қойған отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес басқа да лауазымды адамдарға дереу таратады.

      Үкімет мәжілісіне материалдар уақтылы және толық берілмеген, сондай-ақ сапасыз болған жағдайда, Премьер-Министр не онымен келісім бойынша Кеңсе Басшысы жоспарланған мәселені қараудан алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

      Үкімет мәжілісіне материалдардың уақтылы ұсынылмағаны үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      Үкімет мәжілістері Премьер-Министрдің не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адамның тапсырмасы бойынша шұғыл тәртіппен өткізілетін ерекше жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткізілетін күні енгізіліп, Үкімет мәжілісіне қатысушылардың назарына тікелей мәжілісте жеткізіле алады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 ; 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      26. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдардың тізбесі мен ресімделуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Үкімет мәжілісін өткізуге және оларға материалдарды дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі ол өткізілетін күні ЭҚАБЖ дерекқоры әкімшілік жұмыс орнының (ӘЖО) "Инфопанель" қосымша парағында міндетті түрде материалдар топтамасын (хаттамалық шешімнің жобасы, анықтамалар, салыстырма кестелер, слайдтар, ақпараттық (талдамалық) және отырыста қаралатын мәселелер бойынша басқа да материалдар, қатысушылардың тізімі) орналастырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      27. Үкімет мәжілісіне құпия материалдар Кеңсеге Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын орындай отырып, (Кеңсе Басшысымен келісілген тарату (таныстыру) есептері бойынша) енгізіледі, тіркеледі, баяндалады, қаралады, Үкімет мәжілісіне шығару үшін дайындалады, сондай-ақ жабық мәжілістерде, кеңестерде пайдаланылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      28. Мәжіліске қатысып отырғандар өздерінің атына немесе өздері білдіріп отырған органдардың (ұйымдардың) атына тапсырмалар мен олардың орындалу мерзімінің деректер жазбасын жүргізуі тиіс.

      Атына тапсырма берілген, өкілдері мәжіліске қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздеріне мәжілістің қол қойылған хаттамасының келіп түсуін күтпей, тапсырмаларды орындауға мәжілістен кейін бірден кірісуге міндетті.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      29. Үкімет отырысында қабылданған шешімдер Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде хаттамамен ресімделеді. Хаттамалар Үкімет отырысының стенограммасы негізінде және оған сәйкес дайындалады. Премьер-Министрде өтетін кеңес хаттамаларын дайындау кезінде осындай тәртіп қолданылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      30. Орындаушы дайындаған хаттаманы Үкімет отырысынан кейін бес күн мерзімде Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасары (міндеттерді бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы ЭЦҚ арқылы келіседі және ол Премьер-Министрге қол қоюға жіберіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

4-тарау. Үкімет қаулылары (Премьер-Министр өкімдері)
4.1-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын дайындау тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      31. Мемлекеттік органдар Үкімет қаулыларының жобаларын (бұдан әрі - қаулылардың жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының , заңнамалық актілердің, Президент актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындау үшін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдар қаулы жобаларының мемлекеттік тілде дайындалу сапасы, мемлекеттік және орыс тілдері қағидаларының сақталуы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін жауапты болады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      32. Қаулылардың жобаларын уәкілетті мемлекеттік органдар өз

      бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша әзірлейді. Қаулылардың, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - өкімдердің жобаларын), сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе әзірлеуі мүмкін.

      Өкімдерінің жобаларын дайындау әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады.

      Қаулы (өкім) жобасында тапсырмалық сипаттағы ережелер бар болған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Регламенттің 8-тармағының екінші абзацын басшылыққа алады.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1335 Қаулысымен.

4.2-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу

      Ескерту. 4.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне орай МОИП-та электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 185 қаулысымен.

      34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МОИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының немесе мемлекеттік органның аппарат басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады және МОИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалар қағаз түрінде келісіледі.

      Қаулы (өкім) жобасын заң қызметімен келісу бөлігіндегі осы талаптар әзірлеушісі Әділет министрлігі болып табылатын жобаларға қолданылмайды.

      Қаулы (өкім) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдардың оны алдын ала келісуін талап етуге, формальды және өзге де негізсіз себептермен жобаны, осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, келісуден бас тартуға тиісті емес.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 804; 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа да құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестерінің (бұдан әрі – сараптама кеңестері) сараптамалық қорытындылары түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар қаулы жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда – өзге де тілдерде баспасөз релизін жариялайды.

      Әлеуметтік мәні бар қаулы жобасы деп тікелей немесе жанама түрде адамның және тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын қаулы жобасын түсіну қажет.

      Ескерту. Регламент 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 04.12.2018 № 804 қаулысымен.
      34-2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Орталық атқарушы органдардың қаулылардың (өкімдердің) жобаларын дайындау және келісу кезіндегі өзара іс-қимылы аппарат басшылары арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      36. Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.

      Кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау және босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссияларды құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағы қаулыларды қоспағанда, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне қатысты қаулылардың жобалары Ұлттық экономика министрлігімен міндетті түрде келісуге жатады.

      Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуге болмайды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2014 № 910 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      37-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      37. Оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдар болжанып отырған қаулылардың жобалары уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізетін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады.

      Соңғы жағдайда ғылыми сараптама халықаралық шарттардың жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Міндетті лингвистикалық сараптама:

      1) заңнамалық актілердің жобалары бойынша – Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісілгеннен кейін олар Үкіметке енгізілгенге дейін;

      2) ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін;

      3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген, ратификациялауға жататын халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе ратификациялау жолымен оларға қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі.

      Бұл ретте олар Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіледі.

      Қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, Әділет министрлігіне келісуге енгізілгенге дейін жүргізіледі.

      Президент Әкімшілігінің және (немесе) Кеңсенің ескертулері мен ұсыныстары бойынша қаулы жобасына тұжырымдамалық өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қаулы жобасына қайталама сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізіледі.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198; 27.03.2014 N 270; 11.08.2014 № 910; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2020 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      38. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде сараптама кеңестеріне және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті қаулы жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және қаулының жобасы қабылданғанға дейін оған міндетті қосымша болып табылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулысымен.

      39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.

      Әділет министрлігіне енгізілгенге дейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісіледі.

      Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:

      1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттардың жобалары бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенген халықаралық шарттар бойынша ғылыми сараптама қорытындысы;

      3) халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары енгізілген жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар;

      4) оларды жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;

      5) оларға сілтеме болған жағдайда - халықаралық ұйымдар шешімдерінің және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған көшірмелері;

      6) бұрын қол қойылған шарттарға ноталар (СІМ растаған ноталардың көшірмелері);

      7) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігiн анықтауды қоса алғанда, оларға қол қоюдың, оларды ратификациялаудың, бекiтудің, қабылдаудың және оларға қосылудың орындылығының негіздемесі;

      8) халықаралық шарттарды жасасудың ықтимал саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарын бағалау қоса беріледі.

      Жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен тиісті ұсыныстар жобаға түсіндірме жазбада көрсетіледі.

      Қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың түпнұсқа мәтіндерінің біріне сәйкестігін қаулы жобасын әзірлеуге жауапты орталық мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

      Қарыз туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыз туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс. Мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен келісілгеннен кейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісілуге тиіс.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2014 N 270; 18.07.2014 № 797 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2020 № 668 қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      39-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      39-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге халықаралық шарттарға қол қою туралы Үкімет қаулыларының жобаларын:

      1) Үкімет атынан – оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей;

      2) Қазақстан Республикасының атынан – оларға қол қою күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. Регламент 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198; 27.03.2014 N 270 қаулыларымен.
      40. (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.05 N 1161 Қаулысымен).

      41. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру мен

      зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөніндегі қаулылардың

      жобаларын келісу мен енгізу мәселелері Үкімет бекіткен тиісті нұсқаулыққа сәйкес айқындалады.

      41-1. Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау мәселелері Үкімет бекіткен тиісті қағидалармен айқындалады.

      Ескерту. Регламент 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 N 838 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      42. Ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Үкімет Президентпен немесе оның уәкілеттігі бойынша Президент Әкімшілігімен келіседі.

      Мемлекеттік органдар ведомстволардың санын, министрліктердің, олардың басшы лауазымды адамдарының штат санының лимиттерін ұлғайтуды көздейтін қаулылардың жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде енгізеді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2014 № 910 қаулысымен.

      43. Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінішхаты бойынша келісуші мемлекеттік органдарда туындаған келіспеушіліктерді қарау мақсатында Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Премьер-Министрде және оның орынбасарларында кеңестер өткізілуі мүмкін.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер Кеңсенің Басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Премьер-Министрге баяндалады.

      Тиісті хат түріндегі кеңес өткізу туралы өтінішхат Кеңсеге:

      1) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын;

      2) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келiспеушiлiктер хаттамасын;

      3) мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын қоса бере отырып, Үкімет басшылығында немесе Кеңсе Басшысында кеңес өткізу қажеттілігінің негіздемелерімен бірге енгізіледі.

      Хатты алғаннан кейін Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі тиісті қорытынды мен Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының аталған кеңесті өткізудің орындылығы туралы қарарының жобасын дайындайды.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      43-1. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде қаулылардың (өкімдердің), сондай-ақ Президент пен Парламенттің қарауына тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулылардың жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар мүдделі мемлекеттік органдармен міндетті түрде қайта келісілуге тиіс. Кеңседе және Президент Әкімшілігінде қарау процесінде халықаралық шарттың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгерген жағдайда, Әділет министрлігімен қайта келісілуге тиіс.

      Ескерту. Регламент 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      43-2. Жоба мәтініне республикалық бюджетке кірістердің қысқаруына немесе шығыстардың ұлғаюына әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда, жоба Қаржы министрлігімен қайта келісуді және Республикалық бюджет комиссиясының оң хаттамалық шешімін қажет етеді.

      Ескерту. Регламент 43-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1155 қаулысымен.

      44. Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Кеңсе Басшысы

      жедел мәселелерді шешу жөніндегі қаулылардың (өкімдердің) жобаларын

      келісудің өзге де рәсімін белгілей алады.

4.3-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын мемлекеттік органдарда келісу мерзімі

      Ескерту. 4.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      45. Қаулылардың (өкімдердің) жобаларын мемлекеттік органдарда қарау және келісу олар түскен күнінен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:

      1) осы Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, оның ішінде Президенттің және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары – 10 жұмыс күні;

      1-1) қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде карантинге байланысты уақытша шектеу іс-шараларына қатысты қаулылардың жобалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің қарауына енгізу туралы тиісінше Президент актілерінің жобалары мен заң жобалары – 1 (бір) жұмыс күні;

      2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Премьер-Министр өкімдерінің жобалары – 5 (бес) жұмыс күні;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, гуманитарлық көмек мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру үшін қабылданатын қаулылар мен өкімдердің жобалары – 1 (бір) жұмыс күні;

      4) Кодекс жобалары бастапқы енгізілген жағдайда – 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде – 10 жұмыс күні ішінде қаралады;

      5) ресми сапарларға қатысты Премьер-Министр өкімдерінің жобалары мемлекеттік органдармен бір күн мерзімде келісіледі;

      6) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары – 5 жұмыс күні.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.03.2020 № 136 қаулысымен; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 668 қаулысымен.

      45-1. Мемлекеттік органдармен бұрын келісілген қаулы (өкім) жобаларын қайта келісу (мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін бөлігінде жобаның мәтіні өзгерген жағдайда) мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен, ал осы Регламенттің 45-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жобалар бойынша 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 45-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.03.2020 № 136 қаулысымен.

      46. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе

      Басшысының тапсырмалары бойынша Үкіметтің қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкімдерін жедел қабылдау қажет болған кезде нақты жобаларды мемлекеттік органдарда келісудің неғұрлым қысқа мерзімі белгіленуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулының (өкімнің) жобасына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет мәжілісінде, Үкімет басшылығында немесе Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысында болған кеңесте бұрыштама соғуы мүмкін.

      Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

4.4-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын келісу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер

      Ескерту. 4.4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      47. Жобаны қараудың қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының немесе аппарат басшысының, облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімінің (олардың міндетін атқаратын адамдардың) ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, МОИП-та электрондық құжат немесе белгі нысанында мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) ескертулерсіз келісілді;

      2) ескертулерді жою үшін пысықтауға жіберілді. Бұл ретте келісуші орган ескертулерді орналастырады, онда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс.

      Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау МОИП-та жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және оны мемлекеттік органдарға қайта келісуге жібереді;

      3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган келісуден бас тарту уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды.

      Келісуші мемлекеттік органдарға жобаларды "ескертулермен" келісуге тыйым салынады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны МО ИП-та жобаға орналастырады. Электрондық құжат нысанындағы келіспеушіліктер хаттамасы МО ИП-та мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4.5-бөлім. Қаулы жобаларын Үкіметтің қарауына енгізу тәртібі

      Ескерту. 4.5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының (не олардың міндетін атқарушы адамдардың) ЭЦҚ-сымен қолбелгі қою үшін қаулы (өкім) жобасын МОИП арқылы түпкілікті келісуге жіберуді қамтамасыз етеді және келісуші мемлекеттік органдардың бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған қорытындыларымен (келіспеушілік хаттамаларымен) және тиісті қосымшаларымен бірге электрондық құжат нысанында МОИП арқылы Кеңсеге енгізеді. Бұл ретте жобаны келісудің түпкілікті мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Заң жобалары, Үкімет қорытындыларының жобалары қағаз және электронды түрде Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы, әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы қағаз және электронды түрде, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электронды түрде келіскен Президент актілерінің жобалары МОИП арқылы енгізіледі.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалар тек қағаз түрінде енгізіледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 22.06.2021 № 429 қаулыларымен.

      50. Мемлекеттік органдар Кеңсеге енгізетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      2) көлемі 3 (үш) беттен, ал күрделі мәселелер бойынша 5 (бес) беттен аспайтын, Премьер-Министрдің атына ресімделген және мемлекеттік органның бірінші басшысы (оның міндетін атқарушы адам) немесе облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі (оның міндетін атқарушы адам) қол қойған түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудан күтілетін салдар болжамы толық баяндалады, бұдан басқа түсіндірме жазба мынадай негізгі мәліметтерді қамтуға тиіс:

      әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;

      ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;

      мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;

      қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны);

      тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;

      қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулы жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада аталған ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс;

      3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасы бойынша осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісті түрде дәлелді негіздейтін қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесін қамтуға тиіс;

      заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасының әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;

      жобаның әрбір абзацына қатысты дәлелді негіздеме, оның ішінде нормативтік құқықтық акт болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуге тиіс;

      Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де жаңа редакциядағы қаулының әрбір абзацын тиісті түрде дәлелді негіздей отырып (оның ішінде нормативтік құқықтық акт болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып), туынды нормативтік құқықтық актілердің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;

      4) жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін жағдайда, жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын анықтама;

      заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасы бойынша анықтаманың әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;

      5) қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындылары.

      Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптама кеңестерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, олар қоса берілмейді;

      6) қаулы жобасы "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайлардан басқа, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары;

      Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қоса берілмейді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;

      7-1) жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жататын болса, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Үкімет қаулысының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп;

      7-2) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы.

      Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүзеге асыратын адамның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді;

      8) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісуші мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара тиімді шешім іздеу мақсатында өткізілген кеңестің хаттамасы);

      9) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;

      10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің қарауына заң жобалары енгізілетін жағдайларда келісу парағын қамтуға тиіс. Бұл ретте келісу парағына мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қағаз жеткізгіште және электронды түрде қолбелгі қояды.

      Президент актілерінің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы – қағаз және электронды түрде, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электрондық келісу парағында келіседі;

      11) қаулы жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.

      Рdf форматындағы келісу парақтарынан, ғылыми сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылардан, өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларынан, тапсырмалардан, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамдарға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтан басқа, Президент актілері, заң, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының мазмұндық бөлігі docх форматында ғана қалыптастырылады және алты файлдан тұрады. Өзге форматтарды пайдалануға, сондай-ақ құжаттың ұсынылатын электрондық нұсқаларын архивтеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – 04.12.2018 № 804; 11.04.2019 № 185; 05.06.2019 № 371; 26.09.2019 № 707; 16.07.2020 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      50-1. Мемлекеттік органдар Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Кеңсе Басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бар жобаларды, сондай-ақ қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға, оның ішінде карантинге байланысты уақытша шектеу іс-шараларына қатысты жобаларды қоспағанда, жобаларды Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.

      Ескерту. Регламент 50-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.13 № 34 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      51. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      52. Қаулы жобасының және оның заң жобасын, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қамтитын, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қосымшаларының әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі дәйектейді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 05.06.2019 № 371 қаулысымен.

      53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.

      53-1. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын БҚҚБ күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін МОИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды.

      Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобаларын, Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) ЭҚАБЖ арқылы қабылдайды.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық тасығыштарда қабылдайды.

      Ескерту. 53-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2019 № 371 қаулысымен.

      53-2. Тіркелген қаулылар жобаларының түпнұсқалары жобаны қарауға жауапты құрылымдық бөлімшеге беріледі.

      Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен жобалар МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы жобаны қарауға жауапты, жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқалары), сондай-ақ бірлесіп орындаушы бөлімдерге және Заң бөліміне (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелері) жіберіледі.

      Ескерту. 53-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 185 қаулысымен.

      53-3. Нөмірге қайта келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің орындаушы құрылымдық бөлімшесіне (олардың құзыретіне сәйкес) жіберіледі.

      Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) Заң бөлімінің қабылдау бөлмесіне беріледі.

      Ескерту. 53-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 185 қаулысымен.
      53-4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 185 қаулысымен.

      53-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде ескертулер болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің жобасын жұмыс тәртібімен пысықтайды.

      Ескерту. 53-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

4.6-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару

      Ескерту. 4.6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      54-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      54. Жоба пысықтауға:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның шешімі бойынша;

      3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;

      3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;

      3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;

      4) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;

      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      6) әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға бөлінген 3 (үш) жұмыс күні мерзімі бұзылған жағдайда қайтарылуы мүмкін.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2012.01.13 № 34, 2012.04.27 № 540, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2014 N 270; 19.08.2017 № 491 қаулыларымен.

      54-1. Осы Регламенттің 49-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда жоба қабылдамау мүмкін. Бұл жағдайда жоба тиісті талаптарды сақтамаған мемлекеттік органмен ғана қайта келісуге жатады.

      Ескерту. Регламент 54-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 804 қаулысымен.

      55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.

      56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (мүдделі мемлекеттік органдардың хаттарын қоса бере отырып, Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын қоса беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы

      әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      58. Премьер-Министр, оның орынбасарлары не Кеңсе Басшысы қаулының (өкімнің) жобасын қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      59. Жоба:

      1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;

      2) Үкімет отырысы хаттамасының негізінде;

      3) Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысының шешімі бойынша қараудан алынуы мүмкін.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

4.7-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару

      Ескерту. 4.7-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      60. Үкімет отырысына шығарар алдында қаулы жобасы электрондық құжат нысанында ресімделеді, оны БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) МОИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келіседі және МОИП арқылы жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолданады.

      Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы жобаны дауыс беру үшін Үкімет отырысына шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді.

      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге байланысты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы Үкімет қаулыларының жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, қаулы жобалары Үкімет отырысына Кеңсеге түскен күнінен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.03.2020 № 136 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      62. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы осы Регламентке 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес баяндайды.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.

      64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік

      дауысымен қабылданады.

      65. Дауыс беру қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобаларды қоспағанда, сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша электрондық түрде өткізіледі.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.

      67. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар бойынша, сондай-ақ Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік іссапармен болған жағдайда) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.

      Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.06.2019 № 371 қаулысымен.

      68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      69. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      70. Үкімет отырысында қабылданған қаулы жобалары Премьер-Министрдің қол қоюына жіберіледі.

      Елтаңбалық бланкідегі электрондық және қағаз құжат нысанындағы Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр электрондық келісу нәтижелері болған жағдайда қол қояды.

      "ҚБП" белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің қағаз даналарына Премьер-Министр БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлерінің, жауапты бөлім және бірлесіп орындаушы бөлімдер, Заң бөлімі меңгерушілерінің, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгілері болған жағдайда қол қояды.

      Премьер-Министр болмаған кезде Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын адам немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам қол қоя алады.

      Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы – 10 (он) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.

      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.03.2020 № 136 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      70-1. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      70-2. алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.

4.8-бөлім. Үкімет қаулыларын (Премьер-Министр өкімдерін) тіркеу және есепке алу

      Ескерту. 4.8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      72-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.

      Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:

      1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;

      2) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және "қпү" кіші әріптерінен;

      3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес "аса м" - "аса маңызды", "өқ" - "өте құпия", "қ" - "құпия" кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;

      4) бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделетін қаулылар үшін - әліпбилік тәртіппен берілетін әріптік литері (литерлері) бар бастапқы қаулының реттік нөмірінен тұратын тіркеу нөмірлерін береді.

      Ерекше жағдайларда Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысының нұсқауымен қаулыларға (өкімдерге) тиісті құрылымдық бөлімшенің жазбаша өтініші негізінде құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен берілуі мүмкін.

      Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 31.12.2015 № 1155 қаулыларымен.

      72-1. Премьер-Министр қол қойған Үкімет қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрмен куәландырылады.

      Ескерту. Регламент 72-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.30 № 885, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулыларымен.

      73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің

      түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және

      Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.

      74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің расталған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) не ПМК құрылымдық бөлімшесінің жазбаша өтініші негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің расталған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.

      Техникалық қателер анықталған кезде құпия емес Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын

      ауыстыру тиісті мемлекеттік органның (әзірлеушінің) жазбаша өтініші (сұрау салуы) және/немесе ПМК жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметтік жазбахаты негізінде Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте бастапқы жіберілген даналарды қағаз жеткізгіштерде алғандарға "Бұрынғы жіберілгеннің орнына" ("Взамен ранее разосланного") мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары қайта жіберіледі. Түзетілген, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, осы Регламентте белгіленген тәртіппен жасалатын және қайта қол қойылатын электрондық құжат нысанындағы қаулылар (өкімдер) мемлекеттік органдарға таратуға сәйкес жіберіледі. Адресаттар жоғарыда көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқаны алғаннан кейін қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген қағаз даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс, ал электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық ресурстарды қорғау саясатының талаптарына сәйкес жойылуға тиіс.

      Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.

      Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін тарату кезінде Әділет министрлігіне жіберген, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде мәліметтердің деректерін орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 31.12.2015 № 1155 қаулыларымен.

      75. Үкіметтің нормативтік қаулысы қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.

      Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2014 № 910 қаулысымен.

      75-1. Мемлекеттік органдардың ведомстволық актілерін және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын қабылдауға байланысты, тиісті заңнамалық актіні іске асыру үшін әзірленген тапсырмаларды бақылаудан алу Кеңсеге Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелгені туралы ақпарат түскеннен кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.

      77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

5-бөлім. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі

      Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.

      Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.

      Президент актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен енгізіледі, сондай-ақ бір мезгілде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжаттар форматында (нысанында) беріледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес өз бастамалары бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министр Кеңсесіне бірінші басшының ілеспе хатымен енгізіледі.

      Кеңсеге енгізілетін Президент актілерінің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы міндетті түрде қағаз және электрондық түрде келіседі, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары электрондық түрде келіседі.

      Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы мен оның қосымшасының әр парағына, егер актінің жобасы екі және одан көп парақтан тұратын болса, акті жобасының бірінші парағын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

      Егер тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Кейіннен қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап ететін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына құзыреттері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген тиісті қосымша нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қою белгіленген күнге дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын берілуге тиіс.

      Ескерту. 78-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 126; 27.03.2014 N 270; 11.08.2014 № 910; 31.12.2015 № 1155; 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобаларында мыналар қамтылуға тиіс:

      1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі;

      2) Премьер-Министр бұрыштама қойған тиісті бланкідегі қағаз және электрондық түрдегі Президент актісінің жобасы.

      Егер жоба екі және одан да көп парақтан тұратын болса, жобаның бірінші парағын қоспағанда, Президент актісінің жобасы мен оған қосымшалардың әр парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектейді.

      Кеңседе пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген, әзірлеуші органның бірінші басшысының бұрыштамасы бар Президент актісінің жобасын қоса беруге рұқсат беріледі.

      Кеңседе пысықталған Президент актісінің жобасына Премьер-Министр қолбелгі қояды;

      3) егер Президент актісінің жобасы жобада салалық мүдделері тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;

      4) көлемі үш парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болса, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтілетін салдарының болжамы, осы мәселе бойынша Президенттің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат жазылады.

      Үкімет енгізетін Президент актісінің жобасына түсіндірме жазбаға Премьер-Министр қол қояды;

      5) егер актінің жобасы Президенттің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздесе, әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы әр парағын дәйектеген және қол қойған, № 14 қаріп өлшемімен бір жоларалық интервалмен ресімделген, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Президент актісінің қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі;

      6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген электрондық келісу парағы;

      7) Президент актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тікелей құзыреті болған жағдайда, олар дәйектеген, қабылдануы Президент актісінің енгізілетін жобасын іске асыру үшін қажет нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;

      8) қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ресімделген актінің жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның бұрыштамасы болған жағдайда оған міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;

      9) өзге де қажетті материалдар.

      Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын Президент актілерінің жобалары қағаз түрінде келісіледі.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      79-1. Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік органдар Президент Әкімшілігіне мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат және қажет болған жағдайда, тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныс жібереді.

      Ескерту. Регламент 79-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулыларымен.

6-тарау. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1-бөлім. Заң шығару қызметін жоспарлау

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      80. Үкіметтің заң шығару қызметі Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарына және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      80-1. Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламенттің кезекті сайланымы кезеңіне қабылданады және олардың шеңберінде Парламент сессиялары бойынша заңнамалық актілердің жобаларын (Парламенттің және оның палаталарының қаулыларын қоспағанда) дайындау болжанатын заңнама салаларын (аясын) көрсетеді.

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары Парламент палаталары мен Үкіметтің топтастырылған ұсыныстарының негізінде жасалады.

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын Әділет министрлігі әзірлейді, оны Үкімет Парламент палаталарының төрағаларымен келісу үшін енгізеді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Үкімет бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) бекітеді.

      Ескерту. Регламент 80-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      81. Алдағы жылға арналған жоспарды қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы Жолдауы, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Заң шығармашылығы жұмысының тұжырымдамалық жоспары, Үкімет бекітетін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі графиктердің жоспарлары, Премьер-Министр мен Үкіметтің шешімдері, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің нәтижелері ескеріліп жүзеге асырылады.

      Жыл сайын мамырда Үкімет Президент Жолдауы жобасының тақырыбы мен мазмұны бойынша ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне жібереді.

      Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жөніндегі жиынтық ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Үкіметке ағымдағы жылдың сәуір айында ұсынады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      82. Aлдағы жылға арналған Жоспардың жобасын жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар Әділет министрлігіне ұсынатын заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде Әділет министрлігі қалыптастырады. Бұл ретте заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын Ведомствоаралық комиссия жыл сайын 1 тамызға дейін мақұлдауға тиіс.

      Жоспар жобасында:

      1) алдағы жылы әзірлеу болжанатын, оның деңгейін, реттеу нысаны мен нысанасын көрсететін заң жобасының атауы;

      2) заң жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну мерзімдері;

      3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар көрсетілуге тиіс.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, заң жобасын Парламентке енгізу мерзімі оны Үкіметке енгізудің белгіленген мерзімінен екі айдан кем болмауға тиіс.

      Қалыптастырылған Жоспардың жобасы жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынылады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса береді.

      Жоспар жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін Мемлекет басшысына ұсынылады және 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Мемлекеттік органдар Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін уақтылы бермеген жағдайда Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органның басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға заң қызметінің басшысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.

      Жоспар жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқ екені туралы хат жібереді.

      Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      83. Жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      84-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 (жариялануға жатпайды) Қаулысымен.

      84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын қосу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі.

      Қабылданған Жоспарға заң жобаларын қосуға және Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімдерін ауыстыруға:

      1) Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;

      2) Үкімет басшылығының тапсырмалары негіз болып табылады.

      Қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастауға:

      1) Президенттің не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар;

      2) Үкіметі басшылығының тапсырмалары;

      3) алып тастау ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;

      4) реттеудің бір нысаны бойынша бірнеше заң жобасын біріктіру негіз болып табылады.

      Бұл ретте қабылданған Жоспарға заң жобалары енгізілген жағдайда осы заң жобасы тұжырымдамасының жобасын Ведомствоаралық комиссия мақұлдауға тиіс.

      Мұндай қаулылардың жобалары заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның қолдаухаты бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Бұл ретте өтінішхатқа міндетті түрде Регламенттің осы тармағының бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген құжат қоса беріледі.

      Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.

      Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.

      Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын жағдайда, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ заң жобасының тиісті тұжырымдамасын ұсынады.

      Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.

      Мемлекеттік органның бастамасы бойынша жоспарда көзделген заң жобаларын алып тастаған не мерзімдерін ауыстырған жағдайда, бірінші басшысының заң жобасын әзірлеуге тікелей жауапты орынбасарынан төмен емес лауазымды адамның жауапкершілігі мәселесі қаралады.

      Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Кеңсе Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба, сондай-ақ тиісті хаттамалардың, Президенттің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығы тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.

      Ескерту. 84-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206, 2011.09.16 N 1067, 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2014 N 270; 29.12.2016 N 904; 19.08.2017 № 491; 26.09.2019 № 707; 16.10.2020 № 668; 13.05.2021 № 318; 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      84-1. Премьер-Министрдің немесе Кеңсенің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген кезде, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын, сондай-ақ заң жобасының алдын ала мәтінін жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуге тиіс және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда, Кеңсе жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қарамай қайтаруы мүмкін.

      Ескерту. Регламент 84-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 Қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904; 16.10.2020 № 668; 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      85. Ағымдағы жоспардың және заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарының орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпаратты, сондай-ақ Жоспардың орындалу барысы туралы есепті әр айдың 20-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әділет министрлігіне береді.

      Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай Кеңсеге ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары мен Президент тапсырмасы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырма бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі, жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдарда және Парламентте өтуі, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мерзімінің ықтимал бұзылуы туралы ақпарат береді және заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.

      Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.

      Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке және (немесе) Парламентке заң жобасын енгізу мерзімі басталардан бір ай бұрын заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке енгізудің Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстыру себептерін баяндап, Премьер-Министрдің атына негіздеме-хат жолдайды.

      Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдерін ауыстыру туралы қаулы Үкімет басшылығы шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қабылдануы тиіс.

      Бұл ретте, егер заң жобасын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың Жоспарда көзделген мерзімдері заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның кінәсінан ауыстырылса, Премьер-Министрдің атына жолданатын негіздеме-хатқа уәкілетті мемлекеттік органдағы заң жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың және Жоспарда көрсетілген заң жобаларын әзірлеуге және енгізуге жауапты лауазымды адамға жаза қолдану туралы ұсыныстың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.

      Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделген заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсыну мерзімдерін ауыстыру туралы мәселеге қайтадан бастама жасалған кезде әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігі туралы мәселе қаралады.

      Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулыларының жобаларын Кеңсенің жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі өкілдігімен келіседі.

      Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 668 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      86. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.

      87. Заң жобаларының сапасын, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жүзеге асырады.

      Заң жобаларының сапасы, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды адамдар және заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дербес жауапты болады.

      Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 668 қаулысымен.

6.2-бөлім. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі

      Ескерту. 6.2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі тұрғысынан заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне жауапты Ұлттық экономика министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Ұлттық экономика және/немесе Қаржы министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Кеңсеге енгізілмейді.

      Бұл ретте Ұлттық экономика, Әділет және Қаржы министрліктері заң жобалары барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.

      Ескерту. Регламент 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 N 359; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2014 № 910 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      89-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу "Халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық және басқа да) сараптаманың жүргізілуі міндетті. Қабылдаудың болжамды салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.

      Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.

      Ескерту. 89-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.12 № 1198, 2011.05.27 № 590; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2016 N 904; 08.06.2021 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      90-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      90. Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).

      Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге енгізеді. Ғылыми сараптаманың қорытындысы теріс болғанда (нәтижелері бойынша ескертулері заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайталама сараптама жүргізу туралы шешімді дербес қабылдайды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қоспағанда, заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыда қамтылған ұсынымдар қабылданбаған жағдайда әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге заң жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүзеге асыратын адамның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді.

      Ескерту. 90-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.04 N 822, 2011.05.27 № 590; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2016 N 904; 16.07.2020 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      91. Әзірлеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары ұсынымдық сипатта болады және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.

      Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.

      Ескерту. 91-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, 2009.06.04. N 822; 31.12.2013 N 1524; 24.04.2015 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2018 № 804; 26.09.2019 № 707; 16.10.2020 № 668; 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.

      Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.

      Заң жобаларының уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген кезде олардан өздері реттейтін қоғамдық құқықтық қатынастар саласында заңға тәуелді жаңа нормативтік құқықтық актіні әзірлеудің не заңға тәуелді қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы туралы мәліметтерді (ақпаратты) міндетті түрде сұратуға тиіс.

      Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу құзыретіне жататын мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын тиісті сұрау салуды алған күннен бастап бір ай ішінде беруге тиіс.

      Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу талап етілмесе, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің осындай жобаларын әзірлеу құзыретіне жататын мемлекеттік органдар әзірлеуші органнан келіп түскен сұрау салуға 5 жұмыс күні ішінде тиісті жауап жіберуге тиіс.

      Ескерту. Регламент 91-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822 Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптамалық кеңестерден сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал олармен келіспеген жағдайда, қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган әлеуметтік мәні бар заң жобасын әзірлеген күннен бастап өзінің интернет-ресурсында (веб-сайтында) мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда, өзге тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

      Әлеуметтік мәні бар заң жобасы деп адам мен тұтастай алғанда, қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама қозғайтын заң жобасын түсіну керек.

      Ескерту. Регламент 91-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213; 31.12.2013 N 1524; 27.03.2014 N 270; 04.12.2018 № 804 қаулыларымен.

6.3-бөлім. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі

      Ескерту. 6.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      92-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.

      93. Заң жобаларын Кеңсеге енгізу тәртібі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.

      95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:

      1) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хат. Бұл ретте тиісті заң жобасы туралы Үкімет қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;

      2) әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағын дәйектеген Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімінде белгіленген тәртіппен келісілген (қолбелгі қойылған) заң жобасы (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы;

      3) Үкімет қаулысының жобасына осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған түсіндірме жазба;

      4) заң жобасының мақсаттары, міндеттері және негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, жобаны қабылдау қажеттігі негізделген заң жобасына түсіндірме жазбаның жобасы;

      5) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен қоса баптардың қолданыстағы және ұсынылатын редакцияларының салыстырма кестесі.

      Бұл ретте негіздемелерде Комиссия отырысында мақұлданған тұжырымдаманың нақты тармағына немесе ережесіне сілтеме міндетті түрде келтіріледі;

      6) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы (парақтары);

      7) келісуші мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары, осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес келіспеушіліктер хаттамалары;

      8) консультативтік құжат және заң жобасының мақұлданған тұжырымдамасы;

      9) заң жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет желісінде талқылау және қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы әр парағын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дәйектеген анықтама.

      Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген жағдайда анықтамаға консультативтік құжатты және заң жобасын жария талқылаудың қорытындылары бойынша ақпараттық сүйемелдеу, түсіндіру бағдарламасы мен есептер қоса беріледі;

      10) егер заң жобасын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерінің қысқаруына немесе шығыстарының ұлғаюына, халықаралық көздерден гранттарды, қарыздарды тартуға немесе демеушілікке әкеп соқса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар;

      11) қабылданатын заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдары.

      Қабылданатын заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;

      12) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, экономикалық, лингвистикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа) сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылар.

      Ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда, заң жобасын әзірлеуші тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің сараптама ұйымына жіберілген жазбаша дәлелді негіздемелерін қоса беруге тиіс;

      13) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары;

      14) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, заң жобасы азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, заң жобасын қоғамдық кеңестермен талқылау ұсынымдары;

      15) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама парақ.

      Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындылардағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс;

      16) республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына қатысты Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесі;

      17) тиісті заңнамалық актінің қабылдануына байланысты өзгертілуге немесе күші жойылды деп танылуға жататын заңнамалық актілердің тізбесі;

      18) Үкіметтің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса (егер мұндай қажеттілік болмаса, онда бұл заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі), оны іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары;

      19) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау;

      20) осы Регламентке 5-3-қосымшаға сәйкес заң жобасын Парламентте сүйемелдеуге жауапты адамдардың дербес құрамының тізбесі қамтылуға тиіс.

      Бұл ретте осы тармақтың 8) және 12) тармақшаларында белгіленген талаптар оңайлатылған тәртіппен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      95-1. Осы Регламенттің 95-тармағында санамаланған құжаттардан басқа республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы заң жобасына мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:

      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      даму жоспарларының жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары;

      даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары;

      соңғы есеп беру күніне мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың жай-күйі туралы деректер;

      бюджеттік бағдарламалардың кіші бюджеттік бағдарламаларының бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат және республикалық бюджет жобасында қарастырылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.

      Ескерту. Регламент 95-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен

      белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      97. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      97-1. Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде жыл сайын 1 тамызға басым деп айқындау көзделетін заң жобаларының тізбесі бойынша ұсыныстарды Кеңсеге енгізеді.

      Ескерту. Регламент 97-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      98. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе әзірлеуші мемлекеттік органға заң жобасын пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.

6.3-1-бөлім. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамаларын таныстыруды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 6.3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. Регламент 6.3-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535 Қаулысымен.

      98-1. Заң жобаларын таныстыру, әдетте, Үкімет мәжілісінен кемінде 1 (бір) күн бұрын өткізіледі және заң жобасының негізгі ережелерін таныстыру, қарау және талқылау, олардың заң жобасымен реттелетін салаларда жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына одан әрі енгізу үшін жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларын, Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның, Үкімет басшылығының шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау үшін әзірленген заң жобалары таныстырылуға тиіс.

      Сондай-ақ:

      1) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Үкімет қорытындысының жобалары;

      2) Парламент палаталарының қарауындағы заң жобалары бойынша Парламент палаталары депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобалары;

      3) Парламент палаталарының қарауындағы заң жобаларына мемлекеттік органдардың бастамашылық жасаған салыстырма кестелер түріндегі түзетулері міндетті таныстырылуға жатады.

      Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстырылым өткізілмейді.

      Ескерту. 98-1-жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      98-2. Таныстырылымға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды адамдары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігінің өкілі, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары заң жобаларының таныстырылымына міндетті түрде қатысады.

      Қажет болған жағдайда таныстырылымда мүдделі мемлекеттік органдардың, оның ішінде ақпарат және коммуникациялар (бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін дамытуды және қамтамасыз етуді қалыптастыруға ықтимал әсер ету бөлігінде) және қоғамдық даму (ішкі саяси тұрақтылыққа, жастар саясатына және діни қызметке ықтимал әсер ету бөлігінде) саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тыңдалады.

      Ескерту. 98-2-жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491; өзгеріс енгізілді - 21.07.2018 № 444 қаулысымен.

      98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді:

      1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты;

      2) заң жобасы бойынша слайдтарды;

      3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді;

      4) қаржы-экономикалық есептерді;

      5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін;

      6) қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарының болжамдарын, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін.

      Ескерту. 98-3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      98-4. Кеңсенің Заң бөлімі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде аталған тізбені, сондай-ақ Премьер-Министрмен не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адаммен таныстыруды өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсе Басшысының (не оның міндеттерін атқаратын адамның) алдын ала қарауына таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.

      Ескерту. 98-4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; 27.03.2014 N 270 қаулыларымен.

      98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.

      Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.

      98-6. Таныстырылымға Премьер-Министр не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді, ол:

      1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын, оның ішінде қаралатын заң жобасы қолданысының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдары тұрғысынан, сондай-ақ жария талқылау нәтижелерін тыңдайды;

      3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;

      4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды

      Ескерту. 98-6-жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

      1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;

      2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;

      3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.

      98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.

      98-9. Таныстыру қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі алдын ала бұрыштама қойған және Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      Ескерту. 98-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 N 45 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      98-10-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      98-10. 98-10. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларының тұжырымдамалары таныстырылуы тиіс.

      Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары) таныстырылуы тиіс.

      Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.

      Ескерту. 98-10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 28.12.2015 № 1088 қаулыларымен.

6.4-бөлім. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу, сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау тәртібі

      Ескерту. 6.4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті атынан Парламентте қаралуын басым деп жариялау жоспарланатын заң жобалары;

      2) Президенттің тапсырмасы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырма бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;

      3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;

      4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;

      5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.

      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары.

      Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Премьер-Министрдің Кеңсесіне хабарлайды, соңғысы бұл туралы Президент Әкімшілігін хабардар етеді.

      Ағымдағы жоспарда көзделген заңдардың жобалары Парламент Мәжілісіне енгізілетін мерзімге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей олар Президент Әкімшілігіне енгізілуі тиіс.

      Ескерту. 99-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535; 27.03.2014 N 270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2020 № 668; 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде бір мезгілде нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазбада оны басым деп айқындау қажеттілігінің негіздемесі де қамтылуға тиіс.

      Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Президентіне нақты заң жобасын қарауды басым деп айқындау туралы ұсыныс енгізеді.

      Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын басым деп қарауды Парламенттің айқындауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын және ол шешетін міндеттерді қамтитын түсіндірме жазба қоса берілуге тиіс.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6.5-бөлім. Заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізу тәртібі

      Ескерту. 6.5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының төлнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) бұрыштама қоюға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) қол қояды. Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.

      Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізер алдында Парламентте заң жобасын сүйемелдеуге жауапты адамдардың дербес құрамы айқындалады, бұл ретте тізбеге әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы, оның заң жобасын әзірлеуге жауапты орынбасары, заң жобасына ғылыми сараптама жүргізген сарапшылар (келісу бойынша) және басқа да мүдделі адамдар (келісу бойынша) міндетті түрде қосылады.

      Осы Регламенттің 109-2 тармағының 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес лауазымды адамдар заң жобасын сүйемелдеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2014 № 910; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491; 16.07.2020 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 4), 5), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.

      Ескерту. Регламент 101-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.

      103. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасын Парламент Мәжілісінің Аппараты тіркемей Кеңсеге қайтарған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, жоба Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

      Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасына материалдарды толық жиынтықта ұсынбағаны үшін (заңнамалық актілерге сәйкес қажетті бір немесе бірнеше қосымшалар болмағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган, сондай-ақ заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуге дайындаған Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жауапты болады.

      Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізген заң жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінінің теңтүпнұсқалы болмағаны үшін жауапкершілік заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысына жүктеледі.

      Парламент Сенаты Үкімет енгізген заң жобасын ресімдеуде кемшіліктерді анықтаған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды осы Парламент палатасының конституциялық тұрғыдан айқындалған заң жобаларын қарау мерзімдерін ескере отырып жою жөніндегі жұмыс жүргізеді.

      Заң жобасын ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган түпнұсқаларын Кеңсе Басшысының қолын қойғызып бір уақытта қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) Парламент Мәжілісінің Аппаратына, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі түпнұсқаларының көшірмелерін (электрондық құжаттар форматында) Парламент Сенатаның Аппаратына жіберу үшін аталған заң жобасы бойынша тиісті, тиісінше ресімделген материалдарды Кеңсеге енгізеді.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491; 16.10.2020 № 668 қаулыларымен.

6.6-бөлім. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын қарау тәртібі

      Ескерту. 6.6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заң жобалары Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) отырысында қаралуға тиіс.

      Қорытынды дайындауға жауапты деп айқындалған мемлекеттік орган Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы бойынша алдын ала қорытындыны Ведомствоаралық комиссияның отырысына дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын Әділет министрлігіне ұсынады, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, Ведомствоаралық комиссияның қарауына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.

      Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің, оның орынбасарының не Кеңсе Басшысының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

      Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне кіретін мемлекеттік орган әзірлейді, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны бірінші басшылардың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды ұсыну не бірінші басшылардың бұрыштама қоюы арқылы міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен келіседі. Қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.

      Қорытынды жобасында республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, заң жобасында ұсынылатын нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі, оларды қабылдаудың орындылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормалар, ықтимал теріс әлеуметтік-экономикалық салдар туралы мәліметтер қамтылады.

      Осы Регламентке сәйкес дайындалған Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсеге енгізген кезде әзірлеуші оларға Ведомствоаралық комиссияның электрондық құжат нысанындағы хаттамалық шешімінің көшірмесін, қорытынды жобасында олардың бұрыштамалары болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған, Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін қоса береді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытынды жобасына республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін ықтимал қысқарту немесе шығыстарын ықтимал ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса береді.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобаларына, сондай-ақ заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауындағы заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабында белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасында өзге анағұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Кеңседе тіркелген күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Кеңсеге енгізіледі.

      Егер Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген болса, онда осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытынды дайындауға жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      106-1. Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі Үкімет қорытындысының жобасын Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесіне түскен кезінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, қорытынды жобасын Президент Әкімшілігіне келісуге жібергенге дейін қарайды.

      Ескерту. 106-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қорытынды жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет мәжілісіне не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылғанға дейін осы Регламентте көзделген тәртіппен алдын ала таныстырылады, содан соң оған жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері, Заң бөлімінің меңгерушісі, Кеңсе Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі және Кеңсе Басшысы бір күн мерзімде бұрыштама қояды.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша материалдар жолданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Кеңсеге өздерінің пікірін білдіретін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы жауаптар жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Үкімет мүшесі қорытынды жобасының қабылдануына дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Егер қорытынды жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      Үкіметтің дауыс берілген қорытындысының жобасы бір жұмыс күні ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына енгізіледі.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

6.7-бөлім. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі

      Ескерту. 6.7-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      108. Президент, Парламент депутаттары, Үкімет бастама жасаған заң жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті адамдарға Үкімет басшылығының алдын ала келісімінсіз заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуге, реттеуді қатаңдатуға байланысты (заң техникасына қатысты түзетулерді қоспағанда), сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін ұсыныстарды ауызша немесе жазбаша нысанда енгізуге немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісім білдіруге тыйым салынады.

      Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығына көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды келісу және олар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын әзірлеу туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

      Үкімет әзірлеген бірыңғай ұстанымды Парламенттің заң жобаларын қарауы барысында қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар бұлжытпай сақтауға тиіс.

      Үкімет басшылығымен келіспей көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге келіскені үшін Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, сондай-ақ бірінші басшылардың аталған заң жобасы үшін тікелей жауапты орынбасарлары жауапты болады.

      Көрсетілген тәртіпті бұза отырып білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табыла алмайды.

      Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайларда, заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.

      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және Үкімет басшылығының рұқсатынсыз заң жобаларына жоғарыда аталған түзетулерді енгізуге уәкілетті тұлғалардың келісім білдіру фактілерін болдырмауға бағытталған шараларды қабылдайды.

      Регламенттің осы тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 ; өзгерістер енгізілді - 28.12.2015 № 1088; 07.11.2016 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.08.2017 № 491; 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      108-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларын Парламентте қарау кезінде қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар олардың нормаларын қатаң сақтауы тиіс.

      Парламент палаталарындағы мәжілістерге қатысу барысында уәкілетті мемлекеттік органдарға кейіннен депутаттардың Үкімет бастама жасаған заң жобаларына түзетулер түрінде (заңдық техникаға қатысты түзетулерді қоспағанда) бастама жасауы үшін олардың қарауына жазбаша немесе ауызша нысанда:

      1) бұрын қаралған және жобаларды әзірлеу сатысында Үкіметте қолдау таппаған;

      2) Үкімет басшылығымен алдын ала келісілмеген және депутаттар қарайтын нақты заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келмейтін түзетулер енгізуге рұқсат берілмеген;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің ұстанымдары жоқ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын ұсыныстар енгізуге тыйым салынады.

      Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларының нормалары мен оларды қарау тәртібіне қатысты Парламент палаталары мен парламенттік комитеттер басшылығының атына өз бастамасы бойынша хаттар жіберуге тыйым салынады.

      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, бұл туралы Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді, сондай-ақ осындай фактілер туралы ақпаратты мерзімді түрде жинақтайды және мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. Регламент 108-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904; 19.08.2017 № 491; 16.10.2020 № 668 қаулыларымен.

      109. Осы Регламенттің 108 және 108-1-тармақтарының талаптарын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар алдын ала осы түзетулер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын алып, Үкімет басшылығының атына заң жобаларына енгізілетін түзетулерді келісу туралы ұсыныстар жібереді.

      Егер заң жобасына енгізілетін түзетулер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса, уәкілетті органдар заң жобаларына енгізілетін түзетулерді Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне ұстанымдар алу үшін алдын ала жібереді.

      Бұл ретте заң жобасын әзірлеушіге немесе мүдделі мемлекеттік органдарға Үкімет басшылығының атына заң жобасын реттеу нысанасына жатпайтын заң жобаларына түзетулерді келісу туралы ұсыныстар енгізуге тыйым салынады.

      Заң жобасын әзірлеуші немесе мүдделі мемлекеттік орган заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйіндемемен бірге салыстырма кесте түрінде Кеңсеге енгізеді, оны Үкімет басшылығы Үкіметтің алдын ала ұстанымын әзірлеу үшін Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      Бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері заң жобасына енгізілетін түзетулерге өз ұсыныстарын немесе қарсылықтарын, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.

      Егер заң жобасына түзетулер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамаса, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің ұстанымы талап етілмейді.

      Қажет болған кезде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган немесе мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын қалыптастыру үшін тиісті өзгерістер мен толықтыруларды Республикалық бюджет комиссиясының не Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына жібереді.

      Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган немесе мүдделі мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде заң жобасына енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын қалыптастырады және Кеңсеге енгізеді.

      Кеңсеге енгізілген мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымын Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс кеңесіне шығарады.

      Жұмыс кеңесі мүдделі мемлекеттік органдардың, жауапты құрылымдық бөлімше, Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қатысуымен өткізіледі.

      Жауапты құрылымдық бөлімше жұмыс кеңесін өткізуді, ұйымдастыруды және тиісті материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда жұмыс кеңесіне ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және тиісті реттеу салаларындағы сарапшылар (келісу бойынша) шақырылуы мүмкін.

      Жұмыс кеңесінде қаралғаннан кейін мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымы Кеңсенің хатымен осы Регламентке 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Үкіметтің құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкіметтің құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік органдар арасында келіспеушіліктер болған жағдайларды қоспағанда, Президент Әкімшілігіне мемлекеттік органдармен келісілмеген ұстанымдарды енгізуге тыйым салынады.

      Егер заң жобаларына енгізілетін түзетулер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаған жағдайда, мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің ұстанымдары қоса беріледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін қалыптастырылған мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымы осы Регламенттің ережелерінде көзделген тәртіппен таныстырылуға жатады.

      Мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымы таныстырылғаннан кейін кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Үкімет отырысында қаралғаннан кейін қалыптастырылған бірыңғай ұстаным Үкімет басшылығының тиісті тапсырмасымен оларды Парламентте заң жобасымен жұмыс істеу кезінде одан әрі есепке алу үшін әзірлеуші мемлекеттік органның, мүдделі мемлекеттік органның және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың назарына жеткізіледі.

      Үкімет басшылығының тапсырмасын уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарында мүлтіксіз орындауға тиіс.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 668 қаулысымен.

      109-1. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары түзетулер (оның ішінде оның тұжырымдамасын өзгертуге байланысты, республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін) енгізген жағдайда, Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкімет қорытындысының жобасын әзірлейді.

      Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындысы осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар (міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері) тапсырма түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органға мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тиісті хаттарды жолдау арқылы Үкімет қорытындысының жобасын келіседі.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім көрсетілмесе, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге Үкімет қорытындысының жобасын енгізеді, онда республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы, Парламент депутаттары енгізген түзетулердің Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі, оларды қабылдаудың орындылығы туралы мәліметтер, олардың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне ықпалы туралы, түзетулер қандай нысаналы топқа бағытталғанын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізуді, реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормалар туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

      Қажет болған кезде қорытынды жобасына: республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептеулер; Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалары қоса беріледі.

      Кеңсеге енгізілген қорытынды жобасын Кеңсенің қорытынды жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс кеңесіне шығарады, онда қорытынды жобасының толықтығы және Үкіметтің заң жобасына түзетулер бойынша ұстанымына сәйкестігі қаралады.

      Жұмыс кеңесі мүдделі мемлекеттік органдардың, қорытынды жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше, Заң бөлімі және БҚҚБ меңгерушілерінің қатысуымен өткізіледі.

      Қорытынды жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше жұмыс кеңесін өткізуді, ұйымдастыруды және тиісті материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда жұмыс кеңесіне ғалымдар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және тиісті реттеу салаларындағы сарапшылар (келісім бойынша) шақырылуы мүмкін.

      Жұмыс кеңесінде қаралғаннан кейін Үкімет қорытындысының жобасы Кеңсенің хатымен Президент Әкімшілігіне келісуге жіберіледі.

      Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет қорытындысының жобасы осы Регламенттің ережелерінде көзделген тәртіппен міндетті түрде таныстырылуға тиіс.

      Үкімет қорытындысының жобасы таныстырылымнан кейіннен дауыс беру үшін Үкімет мәжілісіне не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.

      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша материалдар жолданған күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісу бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.

      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Кеңсеге өздерінің пікірін білдіретін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы жазбаша жауаптар жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар ұсынылмаған жағдайда, Үкімет мүшесі қорытынды жобасының қабылдануына дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.

      Егер қорытынды жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі жобаның қабылдануына дауыс берсе, сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.

      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Үкіметтің мақұлданған қорытындысының жобасы бір күн мерзімде Премьер-Министрдің қол қоюына енгізіледі.

      Ескерту. Регламент 109-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      109-2. Әзірлеушісі өздері болып табылатын заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы отырыстарға орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жұмыс топтарына – департаменттердің директорлары немесе комитеттердің төрағалары;

      2) бас комитеттердің отырыстарына – бірінші басшылардың орынбасарлары;

      3) Палаталардың жалпы отырыстарына – орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.

      Үкімет бастамашы болған заң жобасы бойынша Мәжілістің немесе Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасауға уәкілеттік берілген орталық атқарушы органның бірінші басшысын ауыстыру Палатаның берілген заң жобасын қараудың шұғыл жағдайында ғана және объективті негіздер болған кезде ғана Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін.

      Жоғарыда көрсетілген адамдардың осы тәртіпті сақтауын, сондай-ақ Үкімет уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының Парламентке келуін, оның ішінде Парламентте өткізілетін үкіметтік сағаттарға, парламенттік тыңдауларға және басқа да іс-шараларға қатысуын бақылауды Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі жүзеге асырады. Аталған тәртіп бұзылған не келмеген жағдайда Өкілдік Премьер-Министрдің қарауына кінәлі лауазымды адамдарды жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.

      Заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарының отырыстарына қатысатын орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары депутаттар қойған сұрақтарға толық және негізделген жауаптар беру мақсатында аталған отырыстарда қаралатын мәселелер бойынша кәсіби түрде дайын болуға міндетті.

      Лауазымды адамдар дайындығының сапасы және олардың Парламент палаталарындағы отырыстарға келуі үшін жауапкершілік орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

      Ескерту. Регламент 109-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.03.2014 N 270; 19.08.2017 № 491 қаулыларымен.

      109-3. Уәкілетті мемлекеттік органдар Парламент палаталарының отырыстарына қатысу барысында Үкімет және басқа да заңнамалық бастама субъектілері бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындысында көрсетілген оның бірыңғай ұстанымын қатаң сақтауға міндетті.

      Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және ол бұзылған жағдайда бұл туралы Премьер-Министрге және Кеңсе Басшысына хабарлайды.

      Ескерту. Регламент 109-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламент Мәжілісінің немесе Сенатының жалпы отырысында таныстыратын уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.

      Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте таныстыратын уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) өзге мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы болып табылатын басқа уәкілетті тұлғаға ауыстырған кезде Кеңсе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған баяндамашыны ауыстыру туралы хаттарды бір мезгілде Парламент палаталарының әрқайсысына қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) жібереді.

      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады.

      Заң жобаларын және Үкіметтің қызметіне қатысты басқа да мәселелерді Парламент палаталарында қарау кезінде Үкімет ұстанымын іске асыру мақсатында Өкілдік заң жобалау және өзге де жұмыс мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың Парламент депутаттарымен консультациялар, жұмыс кеңестерін өткізуге бастамашылық жасауға, қажет болған кезде олардан Парламент палаталарына жұмыс топтарының, палаталар комитеттерінің отырыстарына қатысу үшін лауазымды адамдардың кандидатураларын, тиісті құжаттарды ұсынуды сұратуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де жұмысты жүргізуге құқылы.

      Өкілдіктің Парламентпен өзара іс-қимылының тиімділігі үшін Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарын кез келген түзетулерді Кеңсенің жауапты құрылымдық бөлімшесі Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігімен келісуге тиіс.

      Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Парламент депутаттары бастамашылық еткен және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі, Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен келіспей тұрақты хабардар етіп отырады және мемлекеттік органдарға жібереді.

      Ескерту. 111-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535; 29.12.2016 N 904; 19.08.2017 № 491; 26.09.2019 № 707 қаулыларымен.

      111-1. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкіметте Парламентпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша, оның ішінде депутаттардың қатысуымен өткізілетін іс-шаралар туралы Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігін міндетті түрде хабардар етіп отыруға тиіс.

      Ескерту. 111-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді және Президент Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қорытындыны осы Регламентке 5-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және Кеңсеге жібереді.

      Қорытындыдан басқа Кеңсеге міндетті түрде Әділет, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңда мәселелері қозғалатын өзге де мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері, Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына енгізген заң жобасының нұсқасы мен депутаттардың әр түзетуі бойынша негіздемемен Парламент қабылдаған заңның салыстырма кестесі, депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындылары енгізіледі. Мұндай салыстырма кестені әзірлеуді заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

      Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.

      Қорытындының мазмұны мен оны Үкіметке ұсыну мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және олардың қорытындының мазмұны мен оны ұсыну мерзімдеріне жауапты орынбасарлары жауапты болады.

      Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.08.2014 № 910; 02.02.2016 N 45; 19.08.2017 № 491 қаулыларымен.

      113-1. Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатында Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе өзінің құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент, Үкімет актілерінің, сондай-ақ "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің) жобаларын қарау үшін жолдайды.

      Ескерту. Регламент 113-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе өзінің құзыретіне орай) мүдделі мемлекеттік органдарға Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын келісуге жібереді, онда мыналар көзделеді:

      1) мемлекеттік органның (мемлекеттік органдардың) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгіленуі;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді әзірлеудің және Кеңсеге енгізудің немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберудің заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауға тиіс немесе әділет органдарында мемлекеттік тіркеудің үш айдан аспауға тиіс, сондай-ақ өкім жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындаудың нақты мерзімдері.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілерін әзірлеу мерзімі олардың қабылданған кезі болып саналады.

      Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімімен бекітілген ведомстволық құқықтық актілердің тізбесінде көрсетілген тапсырманың орындалуы туралы ақпаратты ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Премьер-Министр өкімін әзірлеуші мемлекеттік органға енгізеді.

      Әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынылған ақпаратты жинақтайды және тоқсан қорытындысы бойынша келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.

      Бұл ретте, егер заңға тәуелді актінің жобасы Кеңсеге Премьер-Министрдің өкімімен белгіленген мерзімде уақтылы енгізілмесе, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберілмесе не мемлекеттік орган негізделген себептерді ұсынбай қабылданса, уәкілетті мемлекеттік органдағы құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.

      Премьер-Министрдің өкімінде көзделген мерзімнен 1 (бір) айдан астам уақтылы Кеңсеге енгізілмеген, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберілмеген не құқықтық актінің жобасы негізделмеген себептермен қабылданған жағдайларда, Кеңсеге Премьер-Министрдің өкімінде көрсетілген заңға тәуелді актінің тиісті жобасын әзірлеуге және қабылдауға жауапты лауазымды адамға жаза қолдану туралы ұсыныс жіберіледі.

      Әзірлеуші мемлекеттік органдар шаралар қолданбаған жағдайларда Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі құқықтық актіні уақтылы қабылдамағаны үшін мемлекеттік органның кінәлі жауапты лауазымды адамын жазалау туралы ұсыныс енгізеді;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырма;

      4) осы актілердің реттеу саласына жетекшілік ететін, құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары, аппарат басшыларын көрсету.

      Қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген құқықтық актінің жобасын әзірлеу және/немесе әділет органдарында мемлекеттік тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты, жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын лауазымды адам бойынша ақпарат енгізеді.

      Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасы енгізілген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесін қоса беру қажет.

      Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Премьер-Министр өкімінің белгіленген тәртіппен келісілген жобасын Кеңсеге енгізеді.

      Кеңсеге енгізілген Премьер-Министр өкімінің жобасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарымен немесе Кеңсе Басшысымен келісу бойынша әзірленетін өкімнің орындалуын үйлестіру жүктелетін лауазымды адам айқындалады.

      Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.

      Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажет болмаған жағдайда мемлекеттік органдар заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.

      Мемлекеттік органдар тоқсан сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат береді.

      Премьер-Министрдің өкімдерін уақтылы іске асырмағаны үшін мемлекеттік органдар ақпаратты осы тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктеріне сәйкес береді.

      Әділет министрлігі жылдың қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, жинақтайды және айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.

      Заңға тәуелді актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері өздерінің құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 114-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2021 № 511 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      114-1. Халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акті қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Регламенттің 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолы қойылған тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.

      Ескерту. 114-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.

      Ескерту. Регламент 114-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 № 1575 Қаулысымен.

      115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.

6.8-бөлім. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарында директорлар кеңесінің, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстарын өткізу тәртібі

      Ескерту. 6.8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. Регламент 6-8-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.27 № 1685 Қаулысымен.

      115-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі), "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырысына Директорлар кеңесінің мүшелері, Кеңсе Басшысы, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері, сондай-ақ Кеңсе Басшысымен келісу бойынша өзге де адамдар шақырылады.

      Ескерту. 115-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      115-2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы", акционерлік қоғамдары, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының басқарушы комитеті (бұдан әрі – қоғамдар) мыналарды:

      1) баяндамашыларды көрсетіп, отырыстың күн тәртібін;

      2) Директорлар кеңесі мүшелерінің атына түсіндірме жазбаны;

      3) қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын;

      4) Директорлар кеңесі шешімдерінің жобаларын;

      5) қоғамның атқарушы органының белгіленген тәртіппен ресімделген шешімдерінің үзінділерін;

      6) қажет болған кезде өзге де қосымша құжаттарды (мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың таныстырылымдарын, шешімдерінің көшірмелерін, көрсетілген мәселелерді күн тәртібіне енгізуді негіздейтін анықтамалық материалдарды және басқаларды) қамтитын Директорлар кеңесінің/басқарушы комитеттің отырысына материалдарды отырыс күніне дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.

      Директорлар кеңесінің түсіндірме жазбасы мен шешімдерінің жобаларына қоғамның атқарушы органының басшысы (немесе оның міндетін атқарушы тұлға) қол қоюға тиіс.

      Егер, құжат қоғамның тобына кіретін заңды тұлғалардың қызметіне қатысты болған жағдайда, онда Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілетін материалдарға тиісті заңды тұлғаның (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бірінші басшысы да қол қоюға тиіс.

      Ескерту. 115-2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270; 19.08.2017 № 491 қаулыларымен.

      115-3. Қоғамның қызметіне әсер ететін қандай да бір мәселелерді шұғыл түрде шешудің қажеттілігі туындаған жағдайда, қажетті материалдарымен бірге хабарламаны жіберу мерзімі Директорлар кеңесі төрағасының шешімімен қысқартылуы мүмкін.

      115-4. Отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама, сондай-ақ оған қоса берілетін қажетті материалдар Кеңсеге ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

      Ескерту. 115-4 тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      115-5. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын Кеңсе Басшысы жүргізеді.

      115-6. Директорлар кеңесі отырысының хаттамасы ол өткеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады.

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдары директорлар кеңесінің, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры басқарушы комитетінің отырыстары хаттамаларының жобаларын дайындау және Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін жауапкершілік корпоративтік хатшының тиісті орынбасарына жүктеледі.

      Ескерту. 115-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      115-7. Директорлар кеңесі жүзбе-жүз отырысының хаттамасына келісу парағына Кеңсе Басшысы хаттама жобасын жібергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Директорлар кеңесінің отырысына қатысушы Директорлар кеңесінің мүшелері қол қояды.

      Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды, сондай-ақ Заң бөлімінің меңгерушісі бұрыштама қояды. Хаттамаға Директорлар кеңесінің келісу парақтары мен отырыста болмаған мүшелерінің жазбаша пікірлері (олар болған жағдайда) қоса беріледі.

      Ескерту. 115-7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 N 45 қаулысымен.

      115-8. Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесі отырыстарының стенограммасын жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.

      115-9. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша оның қарауына енгізілген мәселелер жөнінде Директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауы сырттай дауыс беру арқылы болуы мүмкін. Сырттай дауыс беру Директорлар кеңесінің отырысын өткізбей-ақ қолданылады.

      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін, егер Директорлар кеңесінің төрағасы өзге мерзімді белгілемесе, оның өткізілуі туралы хабарлай отырып, дауыстарды санау күніне дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Құжаттарды алдын ала зерделеу талап етілмейтін мәселелер бойынша бюллетень дауыстарды санау күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуі мүмкін.

      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень және өзге де ақпарат (материалдар) Директорлар кеңесінің мүшелеріне почта, электрондық немесе өзге де байланыс арқылы жіберілуі тиіс немесе жеке өзіне тапсырылады.

      115-10. Бюллетеньдер дауыс берудің соңғы күні 16 сағат 30 минуттан кешіктірілмей қоғамның орналасқан орны бойынша берілуі тиіс.

      115-11. Сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешім жазбаша түрде ресімделеді және оған Директорлар кеңесінің төрағасы, Кеңсе Басшысы қол қояды және:

      1) қоғамның атауын және орналасқан орнын;

      2) сырттай отырыстың шешімін жазбаша ресімдеу күні мен орнын;

      3) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметті;

      4) отырысты шақыруды жүзеге асырушы тұлғаны (органды) көрсетуді;

      5) отырыстың күн тәртібін;

      6) шешім қабылдау үшін кворумның болуы немесе болмауы туралы жазбаны;

      7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс берудің қорытындылары мен қабылданған шешімді;

      8) өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс.

      Ескерту. 115-11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 N 45 қаулысымен.

      115-12. Директорлар кеңесі сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған шешімді және сырттай дауыс беру қорытындыларын Кеңсе Басшысы Директорлар кеңесінің мүшелеріне шешімдерге қол қойылған сәттен бастап 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

7-тарау. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      116-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.25 № 641 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

      117. Прокурорлық қадағалау актілері тіркеледі және кейіннен Премьер-Министрді хабардар ету үшін Премьер-Министр Хатшылығына беріледі.

      Прокурорлық қадағалау актісін қарау бойынша тиісті тапсырма Премьер-Министр қолымен ресімделеді.

      Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі – Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Кеңсеге енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган, егер тапсырмада өзге мерзім белгіленбесе, күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.

      Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде, сондай-ақ заңдылықтың тиісті бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тартудың қабылданған шаралары туралы ақпаратты білдіруге тиіс.

      Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.

      Үкімет жауабының жобасын келісу тиісті мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      Құзыретіне мәселелерді қарау кіретін құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі, сондай-ақ Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі мен Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысының мәселеге жетекшілік ететін орынбасары алдын ала виза қоятын Үкімет жауабы жобасының түпкілікті нұсқасын Кеңсе Премьер-Министр (оның міндетін атқаратын адам) қол қоятын Үкімет бланкісінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша Үкімет пен Кеңсенің ресми бланкілеріне сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблондарын пайдалана отырып ресімдейді.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 N 45; 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

8-тарау. Үкімет актілерін жариялау тәртібі

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.

      119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.

      120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің жинағында жарияланады.

      Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде де жүзеге асырылады.

      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулысымен.

      120-1. Мемлекеттік орган тарату барысында Кеңсе өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде электрондық құжат түріндегі осы баспасөз релизін автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.

      Ескерту. 120-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      121. Нормативтік құқықтық актілерді алғашқы ресми жариялау олар күшіне енген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылуға тиіс.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулысымен.
      122. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулысымен.

9-тарау. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларын іссапарға жіберу тәртібі

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің тапсырмасына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерге де, Қазақстанның басқа қаласына да (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген, өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге тиіс.

      Орталық атқарушы органның бірінші басшысының өтінішхатында іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуге тиіс.

      Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша өтінішхат талап етілмейді – Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.

      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның өтінішхатынсыз жіберуге құқығы бар.

      Ескерту. 124-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.

      Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

10-тарау. Орындалуын бақылау тәртібі

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. 10-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      126. Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің актілерін, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшылығының тапсырмалары, Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне, Қағидаларға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 126-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      127. Бақылау:

      1) қажетті ақпаратты талап ету;

      2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

      3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің өкілдерімен бірге жергілікті жерге барып, бақылаудағы тапсырмалардың орындалу уақтылығы мен сапасына мониторинг жүргізу;

      5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 127-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерін, Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

      3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.

      Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды қоспағанда, Президенттің өңірлік сапарлары, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар қорытындылары бойынша Үкіметке орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілген тапсырмалары тармақтарының уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауды Үкімет жүзеге асырады.

      Ескерту. 128-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904; 26.09.2019 № 707; 13.05.2021 № 318 қаулыларымен.

      129. Бақылаудағы тапсырмалар күрделілігі дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) жүйелі тапсырмалар – қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;

      2) жедел тапсырмалар – орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсенің сұрау салуларына есептерді қалыптастыруға, ақпарат дайындауға, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерге (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты қысқа мерзімді тапсырмалар;

      3) жылдамдату тапсырмалары – тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы белгіленген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмалар туралы ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.

      130. Президенттің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлері қойылады:

      1) шұғыл – мынадай белгілері бар: "өте шұғыл" – үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" – он жұмыс күніне дейін;

      2) қысқа мерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;

      3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;

      4) ұзақ мерзімді – алты айдан астам.

      Үкімет актілері мен Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:

      1) шұғыл – мынадай белгілері бар: "өте шұғыл" – үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" – он жұмыс күніне дейін;

      2) қысқа мерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;

      3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;

      4) ұзақ мерзімді – алты айдан астам.

      Ескерту. 130-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      131. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар):

      1) Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілері не актілерінің тармақтары;

      2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

      3) Президенттің жеке тапсырмалары, сондай-ақ оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;

      4) қағаз жеткізгіштерде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе құжаттың электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде, Президенттің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

      5) Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

      6) Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы, Кеңсе Басшысындағы отырыстардың хаттамалары;

      7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берілетін Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;

      8) "өте шұғыл", "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсеге, Кеңсе Басшысына (оның міндетін орындаушы адамға) берген тапсырмалары;

      9) Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары;

      10) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының өтініштері;

      11) прокурорлық қадағалау актілері;

      12) Конституциялық Кеңестің сұрау салулары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;

      13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салулары, қаулылары.

      Ескерту. 131-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      131-1. Президент Әкімшілігінде бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітудің негізінде Премьер-Министр Кеңсесі бақылауды бекітуді дайындайды және оны орындаушыларға: өңірлік сапарлардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша – Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және ұйымдарға, халықаралық іс-шаралар бойынша – барлық мемлекеттік органдарға және орындаушы ұйымдарға жібереді.

      Ескерту. Регламент 131-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулысымен.

      132. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:

      1) халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша актілер мен тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді;

      2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      133. Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

      Егер орындау мерзімі жұмыс емес күніне түсетін болса, одан кейінгі таяудағы жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.

      Айлармен есептелетін мерзімдер айдың соңғы жұмыс күнінің тиісті күнінде аяқталады.

      Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.

      Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.

      Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жылдың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.

      Ескерту. 133-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      134. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, қажет болған кезде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.

      135. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      136. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түріндегі ұсыныстарын ЭҚАБЖ арқылы:

      1) "өте шұғыл" деген белгісі бар шұғыл бақылауға – тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілері бар – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне дейін қысқа мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен астам қысқа мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) орта мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      4) ұзақ мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 136-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      137. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.

      Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған Президенттің актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.

      Ескерту. 137-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      138. Егер Үкімет тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын бермеген және ол бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты бермегені туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, орындау мерзімінің бұзылғанына бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ғана жауапты болады.

      Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

      139. Президенттің жеке тапсырмаларын, егер Президент өзгеше белгілемесе, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.

      Президенттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Президент Әкімшілігі дайындайтын тапсырмалардың орындалуын бекітуге сәйкес орындауға тиіс.

      Президенттің жеке тапсырмаларын және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Президент қана жүзеге асырады.

      Президенттің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының, сондай-ақ Ассамблея шешімдерінде қамтылған тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары қол қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысымен оның келісімі негізінде Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық ақпарат беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.

      Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша бастапқы белгіленген мерзім ішінде тапсырманы орындауды аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған кезде қабылданады.

      Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жартыжылдық аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім тапсырманы орындауды объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған кезде қабылданады.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      140. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарлары бар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.

      140-1. Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.

      Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды және бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ғана жүзеге асырады.

      Ескерту. Регламент 140-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2014 № 647 қаулысымен.

      141. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Президентінде, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырма мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысып отырған лауазымды адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар мен ескертпелер туралы баяндайды) өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

      Егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал "өте шұғыл" деген белгі болған кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, "шұғыл" немесе "жеделдетілсін" деген белгі болғанда - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.

      Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Кеңсе Басшысының тапсырмаларында (оның ішінде хаттамалық), сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған тапсырмаларда, сондай-ақ іс-шаралар жоспарында нақты орындау мерзімі көрсетілмесе және олардың мазмұнынан оларды орындау ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.б.) қажет ететіні туындаған жағдайда не олардың мазмұнынан орындау мерзімі туралы біржақты тұжырым жасау мүмкін болмаса, сондай-ақ даулы жағдайларда, мұндай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттілігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және олар орындауға жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізіледі.

      Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында "(жинақтау)" немесе "жинақ" деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Оның бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар. "(Жинақтау)" немесе "жинақ" деген белгілер болмаған жағдайда, тапсырмада көрсетілген мемлекеттік органдар Кеңсеге ақпаратты өздігінен енгізеді.

      Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы белгілеген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсе мемлекеттік органдардың ақпаратын жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын нақты лауазымды адамдар бойынша ақпарат енгізілген кезде ғана қабылдайды.

      Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.06.2014 № 647 қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904; 19.08.2017 № 491 қаулыларымен.

      141-1. Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсетіп, тапсырманы орындау мерзімін ұзарту не нақты орындау мерзімін, жауапты мемлекеттік саяси қызметшіні – орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарын, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды міндеті түрде көрсетіп, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлелді түрде негіздей отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі хат енгізеді.

      Бұл жағдайда жауапты бөлімнің басшысы жауапты орындаушы мемлекеттік органның ақпараты келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келісім бойынша Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті қарарын дайындайды.

      Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігі туралы себептер мен негіздер, жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және нақты орындау мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.

      Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастама жасаған заң жобасына Парламент депутаттарының түзетулері бойынша аралық жауаптар мәселе бойынша жетекшілік ететін Премьер-Министр орынбасарының қолы қойылып, Парламент палаталарына жіберіледі.

      Егер мәселе Премьер-Министрдің құзыретіне кіретін болса, онда оның қолы қойылған аралық жауаптар Парламент палаталарына жіберіледі.

      Ескерту. Регламент 141-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2014 № 647; өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491; 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.10.2020 № 668 қаулыларымен.

      141-2. Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті ұсынысы негізінде жауапты мемлекеттік саяси қызметшіге – орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

      Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тиісті ұсынысын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі дайындайды және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келіседі.

      Ескерту. Регламент 141-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2014 № 647 қаулысымен.

      141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдерді бұзуға жол берген саяси мемлекеттік қызметшілерді және жауапты лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.

      Ескерту. Регламент 141-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2014 № 647 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      141-4. Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақтылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген мемлекеттік органның басшысы, сол сияқты аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді жүзеге асыратын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі жауапты болады.

      Ескерту. Регламент 141-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2014 № 647 қаулысымен.

      141-5. Тапсырма уақтылы, сапалы орындалмаған немесе мерзімін ұзарта отырып орындалған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімше тапсырма жобасының мәтінінде кемшілік түрін көрсете отырып, тиісті тапсырма жобасында кінәсінен кемшілікке жол берілген жауапты мемлекеттік органдарды көрсетеді.

      Ескерту. 141-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

      142. Бақылаудан алу не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:

      1) Президенттің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Президенттің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (отырыстардың) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – тиісінше Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарының қарары бойынша.

      Президент Әкімшілігінің бақылауындағы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.

      Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      Президенттің жеке тапсырмаларының және оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды Президент қана жүзеге асырады.

      Президент актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблея шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе ол уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.

      Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы жүзеге асырады.

      Президент тапсырмасының тармағы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптары бұзыла отырып бақылаудан алынғаны анықталған кезде, Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бақылауды қайта бастау және тапсырманың осындай тармағының орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      1-1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмалары, оның ішінде оның қатысуымен өткен кеңестердің (отырыстардың) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – тиісінше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қарары бойынша;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Президент Әкімшілігі Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;

      3) Премьер-Министрдің тапсырмалары, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет отырыстарының және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Премьер-Министрдің не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;

      4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр орынбасарының не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;

      5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылған тапсырмалар бойынша – Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.

      6) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен (оның міндетін атқаратын адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген келісімі негізінде;

      7) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен құжаттамалық тексерудің өзге нысандарының қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.

      Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген негіздердің біреуін жан-жақты баяндай отырып, Президент Әкімшілігіне хат енгізеді.

      Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша – тапсырманың, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Мұндай тәртіп қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде қамтамасыз етіледі – егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.

      Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      144. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) егер объективті себептер бойынша тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып, не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

      2) ақпаратты ұсыну кезеңділігі мен нақты орындау мерзімін көрсете отырып, не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініш;

      3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;

      4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.

      Президент актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпаратта Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтер қамтылады.

      Ескерту. 144-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707; 13.05.2021 № 318; 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      145. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының, оның ішінде хаттамалық іс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) толық және сапалы орындау, оның ішінде қол қойылған заң, Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің қабылданған актісі немесе өзге де нормативтік құқықтық акт;

      2) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Ассамблея басшылығының, Кеңсе Басшысының жаңа тапсырмасы;

      3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептерді) енгізуі;

      4) туындаған объективті мән-жайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;

      5) орындалуын одан әрі бақылауды Үкіметке немесе басқа мемлекеттік органға беруі негіз болып табылады.

      Бұл ретте Үкіметтің немесе басқа да мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін;

      6) актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындаудың Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында және өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері тұрғысынан талдау нәтижелері.

      Кеңсенің құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді және Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тиісті қарарын, сондай-ақ қажет болған жағдайда қызметтік жазбахат дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Ескерту. 145-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      146. Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Премьер-Министрге ұсыныстар енгізе алады.

      147. Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.

      Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      148. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңседе бақылауға алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

      149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Президент Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.

      Ескерту. 149-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      Баяндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.

      151. Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының жеке тапсырмаларын, және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.

      Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      152. Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкіметтің ақпараты Президент Әкімшілігіне Президент, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қолы қойылып енгізіледі.

      Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      153. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Парламент депутаттарының, Бас Прокурордың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына Премьер-Министр жіберетін жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы бір тәуліктен асырмай қарайды.

      Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.09.2019 № 707 қаулысымен.

      154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Президент Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған кезде тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.

      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент – Елбасының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған Үкіметтің атына берілген тапсырмалардың, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуы тұрғысынан тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.

      Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      156. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

11-тарау. Меморандумдарды дайындау және бекіту

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 943 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. 11-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.03.2014 N 270 қаулысымен.

      157. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, Жалпыұлттық басымдықтар, Елдің аумақтық даму жоспары негізінде Үкімет құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Премьер-Министр бекітеді.

      Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық/жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде түйінді нысаналы индикаторларға басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.

      Меморандумды әзірлеу ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін өткен жылғы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1088 қаулысымен.

      159. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумдарын әзірлеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1088 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.07.2018 № 455 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша

      Ескерту. Регламент 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 N 535, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2021 № 318 қаулысымен.

      ___________ (жобаның МОИП-тағы нөмірі)

  Қазақстан Республикасының
  Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202__ жылғы " " отырысына

"______________________________________________" (жобаның атауы) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша анықтама

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе),

      "____________________________________" (бұдан әрі – жоба) (жобаның атауы)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      Әзірлеуші орган _____________________________________________________

      (жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      ____________________________________________________________________

      (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі, қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі мен күні, бастама жасалуы көрсетіледі)

      Жобада мыналар көзделеді (жобаны қабылдау немен байланысты)

      ____________________________________________________________________

      Жобаны қабылдау

      _______________________________________________________мүмкіндік береді.

      Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етеді/талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).

      Жоба Қаржы (министр – тегі және аты-жөні), Әділет (министр – тегі және аты-жөні), Ұлттық экономика (министр – тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.

      Жоба Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша пысықталған. Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.

      Баяндалғанның негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда "пысықталған редакциясында" деп көрсетіледі).

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша

      Ескерту. Регламент 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.04 № 535; алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 185 қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

      бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін

      ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 540 Қаулысымен.

      1.__________________________________________________

      жобаның атауы

      2. Дауыс беру нәтижелері:

Р/с N

Үкімет мүшесінің лауазымы

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

жақтағандар

қарсы болғандар

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.
















Дауыс берген
Үкімет мүшелерінің барлығы




      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.

      (қолы)

      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше"+" немесе"-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Регламентiне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
  Премьер-Министрi
  __________________________
  Аты-жөнi

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiндегi

      сараптама нәтижелерi бойынша

      ___________________________________________________________

      жобаның атауы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасына

      ҚОРЫТЫНДЫ

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi (бұдан әрi

      - Кеңсе) ___________________________________________________________

      Президент немесе Үкiмет кесiмiнiң атауы,

      ____________________________________________________________________

      тармағының нөмiрi, оның қабылданған күнi не тапсырманы кiм

      ________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірi мен күнi көрсетiледi

      жасау тәртiбiмен ___________________________________________________

      жобаны әзiрлеуші мемлекеттік органның атауы

      енгiзген ___________________________________________________________

      жобаның атауы

      қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      Осы қаулы жобасын (бұдан әрi - жоба) қабылдау қажеттiгi

      _____________________________ негiзделген.

      негiздемесi көрсетiледi

      Жобаны дайындау кезiнде Үкiмет Регламентiнiң талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бiр бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттiң нақты тармақтарына сiлтеме көрсетiле отырып жазылады).

      Жобаны қабылдау үшiн_____, қарсы _____Үкiмет мүшесi дауыс бердi, ____ Үкiмет мүшесi дауыс берген жоқ.

      Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық

      және/немесе құқықтық салдар________________________________________.

      ықтимал салдарлар көрсетіледi

      Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

      республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет

      қаражатын талап етедi және/немесе республикалық бюджеттен

      және/немесе басқа қаржыландыру көздерiнен қосымша қаржы бөлудi

      талап етедi (талап етпейдi).

      Жобаны Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптау нәтижелерi

      бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның iшiнде заңдық

      техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлi жазылады)

      болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзiрлеушi

      жобаны пысықтау кезiнде жойды (жойған жоқ).

      Бұдан басқа,__________________________________________________

      қажет болған кезде басқа қосымша мәлiметтер

      келтiрiледi

      Жобаны қабылдау_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиiмдiлiгі

      ______________ мүмкiндiк бередi.

      көрсетiледi

      Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (керi қайтаруға не

      оны пысықтауға немесе қосымша келiсуге жiберуге) болады деп

      пайымдаймыз.

      Премьер-Министр

      Кеңсесiнiң Басшысы _________/________________________

      қолы қолдың толық жазылуы

      _____________

      күні

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ

      Ескерту. Регламент 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.04. N 822; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2015 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2018 № 804 қаулыларымен.

1

Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы)


2

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы


3

Заң жобасы бойынша бас комитет


4

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні


5

*Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары


6

*Заң жобасының ғылыми сараптамасы


*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


7

*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары


*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері


*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі


7-1.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)


8

*Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды


10

Балама жобалардың бар-жоғы


11

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


12

Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган


13

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі


14

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)


15

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері


16

Заңның күшіне енетін уақыты


17

Өзге де белгілер


      *Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiне
5-1-қосымша

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкімет бастамашы болған заң жобасына Парламент депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есептеу парағы

      Ескерту. Регламент 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Заң жобасының атауы

Р/с

Үкімет мүшесі

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

Жақтағандар

Қарсы болғандар


































































Дауыс берген
Үкімет мүшелерінің барлығы



      2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім

      меңгерушісі _________________.

      (қолы)

      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің

      барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және

      "Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше "+" немесе "-" белгілері қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiне
5-2-қосымша

Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды нысаны

      Ескерту. Регламент 5-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1088 қаулыларымен.

      1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.

      2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.

      3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.

      4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.

      5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.

      6. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы мәліметтер.

      7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.

      8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қолын қойып бекіту мүмкіндігі туралы қорытынды.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-3-қосымша

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамдардың дербес құрамы

      Ескерту. 5-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулысымен.

Р\с №

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамның Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамның лауазымы

Жұмыс топтары

1.


- департамент директоры немесе комитет төрағасы

2.


- департамент директоры немесе комитет төрағасы

...



Бас комитеттердің отырыстары

1.


- бірінші басшының орынбасары

2.


- бірінші басшының орынбасары

...



Жалпы отырыстар

1.


- орталық атқарушы органның бірінші басшысы

2.


- орталық атқарушы органның бірінші басшысы

...



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша

Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша
ақпарат

      Ескерту. Регламент 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2013 № 213 Қаулысымен.

      _________________________

      (Заңның атауы, күні, №)

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімінің атауы, күні, №)

Р/с

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат)






  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
7-қосымша

Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілерінің жобасына
"Нормативтік құқықтық (құқықтық) актісінің атауы"
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

      Ескерту. Регламент 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 № 450 Қаулысымен (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.
Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:
1) түзетудің мәнін;
2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
8-қосымша
 

      Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі/Сенаты

      Ескерту. Регламент 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық
жасаған "___________________________________" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған "_____________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.

      1. Заң жобасын сипаттау бөлігі

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      Осы бөлікте заң жобасын әзірлеудің негізділігіне, уақтылығына, орындылығы мен қажеттілігіне баға беріледі.

      Заң жобасын бағалау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) заң жобасында қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастар регламенттелмеуге тиіс;

      2) заң жобасы құқықтық негіз қалаушы қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс;

      3) заң жобасының реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көрсетілген қоғамдық қатынастарға сәйкес келуге тиіс.

      2. Бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы көзделетін нормалар туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Қорытынды жобасында бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы көзделетін нормалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Егер мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы себебінен заң жобасына тұтастай немесе оның жекелеген бөлігіне қолдау көрсетілмесе, Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Әзірлеуші қорытынды жобасына мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы мүмкіндігі бөлігінде қаржы-экономикалық есептер бар болған кезде оларды қоса береді.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған "_____________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі туралы мәліметтер: ________________________________.

      * Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісі хаттамасының күні мен нөмірі және заң жобасы бойынша қабылданған шешім

      4. Заң жобасы бойынша Үкіметтің ұстанымы:

      1) мемлекеттік органдардың пікірі және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері ескеріле отырып, Үкіметтің заң жобасы бойынша жалпы ұстанымы көрсетіледі (қолдау табады/қолдау таппайды)

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________;

      2) заң жобасының жекелеген құрылымдық элементтері немесе өзара байланысты ережелерінің тобы бойынша ескертулер мен ұсыныстар дәйекті түрде және ұсынымдық сипатта жазылады. Бұл ретте:

      құрылымдық элементтің қолдау таппаған бөлігі нақты көрсетіледі;

      Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, заң жобасын тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін қабылдамаудың объективті себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;

      заң жобасын тұтастай немесе оның бөлігін қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына сәйкес келмеуі және басқа);

      қажет болған жағдайда Үкімет құрылымдық элементтің редакциясын ұсынуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
9-қосымша

      Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі/Сенаты

Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған "________________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының түзетулеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Ескерту. Регламент 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 N 904; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2017 № 491 қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған "__________________________________" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Парламент Мәжілісі/Сенаты депутаттарының түзетулерін қарап, мынаны хабарлайды.

      1. Парламент депутаттары ұсынған, Үкімет қолдайтын түзетулердің жеке немесе өзара байланысқан топтар бойынша қысқаша мазмұны.*

      * Егер қолдау тапқан түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюына немесе кіріс бөлігінің қысқаруына әкеп соғатын болса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар мақұлданған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      2. Ескертулер мен ұсыныстар бар түзетулер:

      Түзетудің мазмұны оның мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін, түзетулердің қандай нысаналы топтарға бағытталғанын (түзетулер қозғайтын нысаналы топтарды сипаттау: азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет) сипаттай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне әсері туралы мәліметтерді сипаттай және мына нұсқалардың бірін: (ішінара қолдау табады/қолдау таппайды) көрсете отырып қысқаша жазылады.

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілген ескертулер мен ұсыныстар әрбір түзету бойынша жеке немесе өзара байланысқан түзетулер тобы бойынша дәйекті түрде жазылады және ұсынымдық сипатта көрсетілуге тиіс, бұл ретте:

      1) егер түзету ішінара қолдау тапса, түзетудің бұл бөлігі айқын көрсетіледі;

      2) Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, түзетуді тұтастай немесе оның бір бөлігін қабылдамаудың себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;

      3) түзетуді қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына, оның ішінде мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын немесе мемлекеттік кірістің қысқаруын көздейтін тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты мақсаттарына сәйкес келмеуі);

      4) егер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен түзетулерден бас тартылса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі;

      5) қажет болған жағдайда, Үкімет түзетудің редакциясын ұсынуы мүмкін**

      **Түзетудің редакциясы депутаттардың түзетулері қозғайтын немесе мазмұны бойынша олармен тікелей байланысқан заң жобасының құрылымдық элементтері бойынша ғана берілуі мүмкін.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
10-қосымша

"________________________________________________________" Заң жобасын қарау барысында бастама жасалған түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген ұстанымы

      Ескерту. Регламент 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 668 қаулысымен.

      1. Түзетулердің сипаттамалық бөлігі _____________________________________

      _____________________________________________________________________.

      Бұл бөлікте түзетулердің негізділігіне, орындылығына және қажеттігіне баға беріледі.

      Түзетулерді бағалау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) түзетулер қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастарды реттемеуге тиіс;

      2) түзетулер құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс;

      3) түзетулер заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келуге тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің түзетулеріне ұсыныстар мен ескертулер туралы мәліметтер:________________________________________________.

      3. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер:

      _______________________________________________________________.

      Түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген позициясында мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Егер түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен қолдау таппаған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының мұндай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржылық-экономикалық есептер бар болса, әзірлеуші оны түзетулер бойынша келісілген позицияға қоса береді.

      4. Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер (бар болған жағдайда):_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған

      кейбiр шешiмдерінiң

      ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 40-құжат).

      2. "Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысының 7-тармағы.

      3. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 435-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысының 5-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы N 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 3, 42-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 149-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 20, 224-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 361-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 маусымдағы N 856 қаулысы .

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 74-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 343-құжат).


Дата вступления в силу:  01.01.2003
Дата изменения акта:  02.06.2022
Дата принятия акта:  10.12.2002
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  13764
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1300
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001005000000
Форма акта:  ПОСТ / РЕГЛ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz