Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 25 қараша N 1250

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. Мынадай мемлекеттiк мекемелер:
      1) "Целинный аудандық қазынашылық бөлiмi" "Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның қазынашылық бөлiмi" болып;
      2) "Лениногор аудандық қазынашылық бөлiмi" "Риддер қалалық қазынашылық бөлiмi" болып қайта аталсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695   қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі