Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтердi (ауылшарқызметі) қолдау" жобасын дайындауға Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнің грантын беру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 шілде N 822

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтердi (ауылшарқызметі) қолдау" жобасын дайындауға Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің грантын беру туралы 2001 жылғы 18 мамырдағы P011157_ келiсімге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң хаты мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан

 

Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке

Қазақстан Республикасына "Агросервистiк қызметтердi (ауылшарқызметi)

қолдау" жобасын дайындауға Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң

грантын беру туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң хатына қол қоюға өкiлеттiк

берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Дүниежүзiлiк Банк          1818 H Street N.W.      (202) 477-1234

Халықаралық Қайта жаңарту  Wаshingtоn, D.С.20433   Кабельдiк мекен-жайы:

және Даму Банкi            USA                     INTBAFRAD

Халықаралық Даму                                   Кабельдiк мекен-жайы:

Қауымдастығы                                       INDEVAS

                                                   2002 жылғы 25 қаңтар

Жақсыбек Құлекеев мырзаға

Экономика және сауда министрi

Астана, Қазақстан Республикасы

        Агросервистiк қызметтердi қолдау жобасы - N ТҒ026444 Грантқа

      қатысты Жапон Yкіметiнiң гранты туралы келiсiмге өзгерiстер мен

                               толықтырулар

Құрметтi Құлекеев мырза:


 
       Бұл хат 2001 жылғы 18 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң (Банк) арасындағы Агросервистiк қызметтердi қолдау жобасын дайындауға арналған Жапон Үкiметiнiң гранты туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы келiсiмге (Жапондық

 

грант туралы келiсiм) қатысты. Жапон Үкiметi мақұлдаған Келiсiм шеңберiнде

құрауыштарды, iс-шараларды және қаражаттарды қайта бөлу туралы өтiнiшке

сәйкес көрсетiлген Келiсiмге мынадай өзгерiстер енгiзуге Банктiң

келiскендiгін Сiзге хабарлауға қуаныштымыз:

     1. Қосымшада 1-параграф 1.1 (а) тармақшасының бiрiншi жолы былай

өзгертілді:

               Ауыл шаруашылығы маркетингінiң стратегиясы

                          (187 600 АҚШ доллары)

     2. Қосымшада 1-параграф 1.1 (б) тармақшасының бiрiншi жолы былай

өзгертілді:

                    Техникалық қызмет көрсету жоспары

                           (249 200 АҚШ доллары)

     3. Қосымшада 1-параграф 1.1 (б) тармақшасында "Конкурстық гранттар

бағдарламаларының негізгi қатысушылары үшiн семинар ұйымдастыру көзделедi,

оның құны шамамен 6 000 АҚШ долларында бағаланып отыр." деген сөйлем

алынып тасталды.

     4. Қосымшада 1-параграф 1.1 (в) тармақшасының бiрiншi жолын былай оқу

керек:

              Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң әлеуетiн еселеу

                          (1 86 800 АҚШ доллары)


 
       5. Қосымшада 1-параграф 1.1 (в) тармақшасында "жүргiзiлетiн болады" деген сөзден кейiнгi "." белгiсi ":" белгiсiне өзгертiлiп мынадай мазмұндағы "v" жаңа тармақшасы енгiзiлдi:
      "және (v) грант қаржысын аудиттен өткiзу."
      6. Қосымшада 3-параграф былай өзгертiлдi:
      "3. Сатып алу
      3.1. Банкпен келiсiлген жағдайларды қоспағанда, iс-шараларды орындау үшiн қажеттi әрi Грант қаражатынан қаржыландырылатын консультанттар қызметтерiн және тауарларды сатып алу осы Қосымшаға 1-Толықтыру ережелерiмен реттеледi.
      3.2. Алушы Грант қаражатынан қаржыландырылатын импортталатын тауарлардың барлығы сатып алу, тасымалдау және пайдаланылатын жерiне жеткiзу немесе орнату процесiнде туындауы мүмкiн зияндардан сақтандырылғанына және сақтандырылған тауарларға кез келген өтемақы мұндай тауарларды ауыстыру немесе жөндеу үшiн еркiн айырбасталатын валютамен төленетiнiне көз жеткiзуi тиiс. Алушы іс-шараларды жүзеге асыруға арналған барлық жабдық әрқашан да пайдаланылатынына және тиiстi күйде ұсталатынына әрi мұндай жабдықты кез келген жөндеу немесе ауыстыру қажет болғанда немесе тез арада жүргiзiлетiнiне көз жеткiзуi тиiс.
      7. Қосымшада 4-параграфтың 4.1, 4.2, 4.3, 4.4 және 4.5-тармақшалары

 

былай өзгертілді:

     "4. Грант қаражатын шоттан алу

     4.1. Грант сомасы Банк өз бухгалтерлiк есептерiнде Алушының атына

ашқан шотқа (бұдан әрi - Грант Шоты) есептелетiн болады әрi одан Алушы

қаражатты iс-шараларды орындау үшiн қажеттi және Грант қаражатынан

қаржыландыру үшiн көзделген орынды құны бойынша сатып алынған қызметтер

мен тауарларға арналған шығыстар үшiн осы 4-тараудың ережелерiне сәйкес

ала алады.

     4.2. Мына санаттарға арналған шығыстар Грант қаражатынан

қаржыландырыла алады және тек iс-шараларды орындауға ғана пайдаланылуы

тиiс:


Санаттары             Гранттың              Шығыстар сомасының

                      бөлiнетiн             қаржыландырылатын %

                      сомасы (АҚШ

                      долларымен)

(1) Консультанттардың 591 500               100%

қызметтерi

(2) Семинарлар        6 000                 100%

(3) Тауарлар          16 000                Сыртқы шығыстар - 100%,

                                            жергiлiктi шығыстар

                                            (дайындаушы зауыттың

                                            бағасы) - 100% және

                                            жергiлiктi рыноктан сатып

                                            алынатын басқа тауарларға

                                            жергiлiктi шығыстар - 85%

(4) Операциялық       6 000                 100%

шығыстар

(5) Грант шоттарының  4 100                 100%

аудитi

ЖИЫНЫ                 623 600


Терминдердiң мағыналары:


 
       (а) "сыртқы шығыстар" Алушының елiнен басқа кез келген елдің аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтер үшiн Алушының елiнен басқа кез келген елдiң валютасындағы шығыстарды бiлдiредi;
      (б) "жергiлiктi шығыстар" сыртқы шығыстар болып табылмайтын кез келген шығыстарды бiлдiредi, алайда егер аумағынан тауарлар мен қызметтер жеткiзiлетiн елдiң валютасына Алушының валютасы сәйкес келсе, мұндай тауарлар мен қызметтерге осындай валютадағы шығыстар сыртқы шығыстар болып есептеледi.
      (в) "семинар" iссапар, тәулiктiк, үй-жайды жалға алу, аудармашылық қызметiне және жабдықтарға арналған шығыстар сияқты семинар бойынша шығыстарды бiлдiредi; және
      (г) "операциялық шығыстар" кеңселiк үй-жайға арналған шығыстарды бiлдiредi.
      4.3. Жоғарыда 4.2-параграфтағы ережелерге қарамастан:
      (а) Қаражат мыналарға арналып алынбауы тиіс: (i) осы Келiсiм-хатқа Банк қол қойған күнге дейiн жасалған шығыстарды төлеуге; (іі) Алушының аумағында салынатын кез келген салықты төлеу есебiне; (ііі) Банктiң мүшесi емес кез келген елдiң аумағындағы шығыстарға немесе осындай елдерде өндiрiлген тауарлар немесе осындай аумақтардан көрсетiлген қызметтерге; (iv) жеке адамдарға немесе ұйымдарға немесе тауарлар импортына төлеу мақсатымен, егер мұндай төлем Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII бөлiмiне сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынғаны Банкiге белгiлi болса;
      (б) Қаражат 2002 жылғы 31 қазаннан немесе Банктiң Алушыға жазбаша хабарлап белгілеген анағұрлым кешiрек күнiнен (жабылу күнi) кейiн, жабылу күнi Банк Жобаны қаржыландыру үшiн белгiлегеннен өзгеше бола алмайтын жағдайларды қоспағанда, шоттан алынбайды. Алайда, жабылу күнiнен кейiн төрт айдың iшiнде Банк тиiстi өтiнiштi алған жағдайда, жабылу күнiнен кейiн қаражатты шоттан алуға болады, бұл мерзiм өткеннен кейiн шоттағы Гранттың пайдаланылмаған қаражатының кез келген сомасы жойылады; және
      (в) Егер, Банктiң пiкiрi бойынша, 4.2-параграф кестесiнде көрсетiлген баптардың кез келгенiне тағайындалған Грант сомасы осы баптар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жеткiлiксiз болса, Банк Алушыға жазбаша хабарлап, Банктiң пiкiрi бойынша шығыстары емес басқа бап бойынша шығыстарға тағайындалған Грант қаражатынан осындай баптарға соманы қайта бөле алады.
      4.4. Алушы Грант шотынан әлде бiр соманы алуды қалағанда, ол Банкi белгiлеген нысанда Банкiге осы соманы алуға жазбаша өтiнiш беруге тиiс. Шоттан қаражатты алуға өтiнiш: (а) Алушы атынан Қаржы министрi немесе жазбаша түрде ол өкiлеттi еткен басқа адам қол қойған; (б) Банк негiздi сұрап отырған өтiнiштердi қолдаған негiздемелердi тапсыруы тиiс. Шоттан алуға берiлетiн өтiнiшке қол қоюға өкiлеттi адам қолының куәландырылған үлгiсi оның қолы бар бiрiншi өтiнiште берiлуге тиiс. Шоттан сома алуға берiлген әрбiр өтiнiш пен оның iлеспе негiздемелерi Алушы осы соманы алуға құқылы екендiгiне және осы сома iс-шараларды орындауға Грант шотынан пайдаланатындығына Банкiнi сендiру үшiн нысаны мен мазмұны бойынша уәждi болуы тиiс. Алушы Грант шотынан алатын соманы Банк шоттан тек Алушыға немесе оның билiгiне сәйкес төлейдi.
      4.5. Банк Алушыны хабардар ететiн шарттарға сәйкес барлық жағдайда:
      (а) консалтингтiк фирмалардың 35 000 АҚШ доллары баламасынан аспайтын қызметтерiне; (б) жеке консультанттардың 25 000 АҚШ доллары баламасынан аспайтын қызметтерiне; (в) семинарларға; (г) операциялық шығыстарға Грант шотынан қаражат алуды шығыстар туралы есеп негiзiнде жүргiзiлуiн Банк талап ете алады.
      8. 1-Толықтырудың 1-тарауында В бөлiгiне жаңа 3-тармақша қосылды:
 
         "3. Консультанттарды кәсiби бiлiктiлiкке негiзделген iріктеу
 
      Қосымшаның 1.1 (в), (v) параграфына сәйкес грант шеңберiндегi аудиторлық қызметтер консультанттарды iрiктеу және жалдау жөнiндегi басшылықтың 3.1 - 3.7-параграфтарының ережелерiне сәйкес жасалатын келiсiм-шарттар бойынша сатып алынады.".
      9. 1-Толықтыруға мынадай мазмұндағы жаңа II тарау енгiзiлдi:
 
      "II тарау. Тауарлар сатып алу
      (а) Тауарлар: (а) Банк 1995 жылғы қаңтарда жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда, тамызда, 1997 жылғы қыркүйекте және 1999 жылғы қаңтарда қайта қараған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттерi шеңберiнде сатып алу жөнiндегi басшылықтың" (бұдан әрi - Басшылық) I тарауының шарттарына; (б) Басшылықтың 3.5 және 3.6-параграфтарының шарттарына сәйкес сатып алу рәсiмдерi негiзiнде жасалатын келiсiм-шарттарға сәйкес сатып алынуға тиiс. Басшылыққа I Қосымшаның 4-параграфында мазмұндалған қарау рәсiмдерi 4-параграфтағы "тендерлiк ұсыныстар" деген сөз тiркесi "бағалау" деген

 

сөзбен ауыстырылған сондай келiсiм-шарттарға қолданылуы тиiс.

     Жоғарыда келтiрiлген түзетулермен Өзiңiздiң келiсуiңіздi, қолыңызды

қою, күнiн көрсету және осы хаттың көшiрмесiн қосып бiзге қайтару жолымен

растауыңызды сұраймыз. Қол қойылған хатты бiз алғаннан кейiн бұл

өзгерiстер бiрден күшiне енедi.

                                Құрметпен,

                Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi

                             _______________

                                Ненси Кук

                    Еуропа және Орталық Азия аймағының

                       Орталық Азия Департаментiнiң

                             атқарушы директоры

Келiсiлдi:

Қазақстан Республикасы

______________________

Уәкiлеттi өкiл

А.Ә.Т.:

Лауазымы:

Күні: _________________


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.