Радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 сәуір N 464


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 30 қарашада Минск қаласында жасалған Радиоэкология, 
радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша 
мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                                 (Ресми емес аударма)
     
           Радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология
         және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау саласындағы
                          ынтымақтастық туралы
                                КЕЛIСIМ
     Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер үкiметтерi, бұдан әрi - Тараптар,


      ұлтаралық достық қарым-қатынастарды нығайтуға, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегi өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын бiлдiре отырып,
      радиациялық факторлардың қазiргi өркениет тұрағы ортасының ажырамас бөлiгi болғанын ескере отырып,
      Чернобыль және басқа да радиациялық ақпараттардан зардап шеккен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгi үшiн ортақ радиоэкологиялық проблемалардың маңыздылығы мен айрықша өткiрлiгiн назарға ала отырып,
      iрi экологиялық апаттар мен радиоактивтi қалдықтардың шоғырлануы сөзсiз үлкен аумақтарды қамтитынын және оларды мемлекеттердiң келiсiмдi түрдегi тығыз ынтымақтастығынсыз барынша азайту мүмкiн емес екенiн ұғына отырып,
      ядролық бағдарламаларды ғылыми iлестiру Достастыққа қатысушы мемлекеттерде бiркелкi жүзеге асырылмағанын және Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң бәрiнде бiрдей радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау желiсi құрылмағанын ескере келiп,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                          1-бап

      Тараптар радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау, радиациялық әсермен байланысты әлеуметтiк және экономикалық проблемалар, сондай-ақ ақпарат және осы проблемалар бойынша жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтасатын болады.

                          2-бап

      Тараптардың радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастығы Беларусь Республикасында, Ресей Федерациясында, Украинада және басқа да Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, осы мемлекеттердiң оқу орындарының (орталықтарының), сондай-ақ Тараптардың басқа оқу орындарының (орталықтарының) базасында жүзеге асырылатын болады.

                          3-бап

      Тараптар осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн үш ай ішiнде Радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау саласындағы келiсiлген бағдарламаны әзiрлейдi.
      Жоғарыда көрсетiлген Бағдарламаны әзiрлеудi үйлестiру Беларусь Республикасына жүктеледi.

                          4-бап

      Тараптар радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және

шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау саласындағы келiсiлген 
бағдарламалар бойынша сатылық бiлiм беру желiсiн дамытуға жәрдем 
көрсететiн болады.
                         5-бап
     Тараптар радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және 
шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлаудың келiсiлген бағдарламаларын 
iске асыруға Тараптар аумақтарында жұмыс iстейтiн құзыреттi ведомстволар 
мен олардың институттарының мамандарын белсендi түрде тартуға 
жәрдемдесетiн болады.
                         6-бап
     Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында халықаралық қаржы 
институттарының қаражаттарын тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
                         7-бап
     Тараптар радиоэкология, радиациялық қауiпсiздiк, радиобиология және 
шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау сапасын жақсартуға бағытталған 
қызметтi жетiлдiру жөнiндегi өзара консультацияларды жүзеге асыратын 
болады.
                         8-бап
     Осы Келiсiмдi қолдану мен түсiндiруге байланысты даулы мәселелер 
мүдделi Тараптардың өзара консультациялары мен келiссөздерi жолымен 
шешiледi.
                         9-бап
     Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмiмен өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып 
табылады да, жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 13-бабында 
көзделген тәртiпте күшiне енедi.
                         10-бап
     Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың басқа халықаралық келiсiмдер 
бойынша мiндеттемелерiн қозғамайды.
                         11-бап
     Тараптардың әрқайсысы бұл туралы депозитарийге кеш дегенде 12 ай 
бұрын жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады.
                         12-бап
     Осы Келiсiм оның ережелерiн мойындайтын кез келген мемлекеттiң 
қосылуы үшiн ашық.
                         13-бап


      Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап, ал заңнамасы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетiшiлiк рәсімдерді орындауды талап ететiн мемлекеттер үшiн, - депозитарийге тиiстi құжаттарды тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

                          14-бап

     Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап алты жыл бойы қолданыста 
болады. Қолданыс мерзiмi бiтiсiмен Келiсiм, егер Тараптар өзгеше шешiм 
қабылдамаса, өздігiнен сол кезеңге ұзартылады.
     Минск қаласында 2000 жылғы 30 қарашада орыс тiлiнде бiр түпнұсқа 
данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару 
комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойылған мемлекеттердiң 
әрқайсысына оның көшiрмесiн жiбередi.
     Әзербайжан Республикасының Үкiметi үшiн
     Армения Республикасының Үкiметi үшін
     Беларусь Республикасының Yкiметi үшiн
     Грузия Республикасының Yкiметi үшiн
     Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн
     Қырғыз Республикасының Үкiметi үшiн
     Молдова Республикасының Yкiметi үшiн
     Ресей Республикасының Yкiметi үшiн
     Тәжiкстан Республикасының Yкiметi үшiн
     Түркiменстан Республикасының Yкiметi үшiн
     Өзбекстан Республикасының Yкіметi үшiн
     Украина Республикасының Үкiметi үшiн
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.