Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 405 және 2001 жылғы 19 қарашадағы N 1491 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 87

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының үкіметтік емес

ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасын мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

министрлігі 2002 жылғы 1 қыркүйекке Қазақстан Республикасының үкіметтік

емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың бағдарламасын жасасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                          Қазақстан Республикасы

                                              Yкiметiнiң

                                        2002 жылғы 23 қаңтардағы

                                            N 85 қаулысымен

                                               мақұлданған


            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТТIК ЕМЕС

               ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУДЫҢ

                        ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ


                           Кiрiспе



 
       Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының негiз қалаушы қағидаттарына, ел Президентiнiң Қазақстан халқына "Еркiн де тиiмдi және қауiпсiз қоғамға" K002000_ Жолдауына, "Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Z010142_ Заңына сүйенедi.
      Президенттiң Қазақстан Республикасының халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң iс-шаралар жоспары қабылданған, онда "II. Қоғамды демократияландыру - уақыт талабы" бөлiмiнде қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi iс-шаралар көрсетiлген, солардың бiрi қоғамдық бiрлестiктердiң әлеуметтiк маңызы бар жобаларын мемлекеттiк қолдау тетiгiн әзiрлеу болып табылады. Қазақстан Республикасының қоғамдық өмiрiн демократияландырудың басым бағыттарының бiрi үкiметтiк емес секторды дамыту болып табылады. Бүгiнгi күнi елде азаматтық қоғамның қызмет етуi үшiн қажет үкiметтiк емес сектордың қалыптасу процесi белсендi жүруде.
      Алайда, үкiметтiк емес ұйымдардың басым көпшілiгi өз мiндеттерiн жүзеге асыруда қиындықтар көруде. Мұның себебi, көбiнесе үкiметтiк емес секторды кешендi және мақсатты мемлекеттiк қолдаудың болмауы, сонымен қатар, мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығының тетiктерi жеткiлiктi түрде пысықталмаған.
      Қазiргi уақытта, үкiметтiк емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыруды, негiзiнен шетелдiк грант берушiлер жүзеге асыруда. Шетел қорларының гранттық көмегi мемлекеттiк емес сектордың қалыптасу процесiне елеулi әсер еттi.
      Қазiргi уақытта, үкiметтiк емес ұйымдарды қолдаудың кешендi мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажеттiгi пiсiп жетiлдi.
      Тұжырымдаманы қабылдау құқықтық базаны жетiлдiрудi, жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейдi.
 
       1. Қазақстан Республикасындағы үкiметтiк емес сектордың
               дамуының қазiргi жай-күйiн талдау
 
      Қазақстанда тәуелсiздiктiң он жылы iшiнде қоғамдық бiрлестiктерден, қорлардан, мемлекеттiк емес коммерциялық емес мекемелерден және басқа да әлеуметтiк мәселелермен айналысатын ұйымдардан тұратын мемлекеттiк емес сектор қалыптасты.
      Қазақстандағы үкiметтiк емес сектордың жұмысын талдау республикада мемлекеттiк емес ұйымдардың қалыптасу процесiнiң бiрнеше кезеңнен өткенiн көрсетедi.
      Үкiметтiк емес сектордың қалыптасуының бiрiншi кезеңi 1980 жылдардың аяғынан 1994 жылға дейiнгi кезеңдi қамтиды. Осы уақыт iшiнде отандық және халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша 400-ден астам үкiметтiк емес ұйым ұйымдастырылған. Бұл ретте, олар, негiзiнен құқық қорғау бағытында болды, бұл Қазақстанның тәуелсiздiгi мен егемендiгiнiң қалыптасуы кезеңiмен және демократиялық қайта құру процесiнiң басталуынан туындаған едi.
      Осы кезеңнiң негiзгi сипаты үкiметтiк емес ұйымдарды құруда жүйелiлiктiң болмауы, бей-берекетсiздiгi. Сонымен қатар, қаралып отырған кезеңде мемлекет тарабынан үкiметтiк емес секторға қатысты жалпы көзқарас пен басымдықтарды әзiрлеу процесi жүрдi.
      Екiншi кезең - үкiметтiк емес ұйымдардың сапалық және сандық өсуi кезеңi.
      Бұл кезең 1994-1997 жылдар уақыт шегiн қамтиды. Осы кезеңде үкiметтiк емес ұйымдардың саны 400-ден 1600-ге дейiн өстi. Үкiметтiк емес сектор санының өсуiн ғана емес, сондай-ақ қызмет түрлерi бойынша сараланып жiктелгенiн де атап өту қажет. Үкiметтiк емес ұйымдар санының өсуiн, бiрiншi кезекте халықаралық қорлар мен ұйымдардың тарабынан гранттар жүйесi арқылы жаппай қаржылық қолдау көрсетiлуiмен түсiндiруге болады.
      Халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттық қолдауы, негiзiнен семинарлар, "дөңгелек үстелдер", тренингтер өткiзуге бағытталды, ұйымдық-техникалық, оқыту және әдiстемелiк сипатта болды.
      Сонымен қатар, бұл жылдары үкiметтiк емес секторға қатысты мемлекеттiң жалпы ұстанымы ғана белгiлендi, үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясат толық көлемде әзiрленген жоқ.
      Екiншi кезеңдi талдау үкiметтiк емес ұйымдардың, негiзiнен гранттар есебiнен пайда болғанын, үкiметтiк емес ұйымдардың дамуының негiзгi орталықтары iрi қалалар, әсiресе Алматы, ал бас қаланың көшiрiлуiмен Астанада үкiметтiк емес сектордың белсендi дами бастағанын көрсетедi.
      Екiншi кезеңнiң соңына қарай байқалған үкiметтiк емес ұйымдардың өсуi бiртiндеп жаңа сапалық күйге өтедi.
      Елдiң үкiметтiк емес секторы қоғамдық процесте өз орнын тапты.
      Үшiншi кезең 1998 жылдан басталып, қазiргi уақытқа дейiн жалғасуда. Бұл мемлекеттiң үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылын iске асыру тетiгi туралы мәселенi нақты қоюымен сипатталатын жаңа сапалық кезең.
      Үкiметтiк емес сектор санының өсуi, қазiргi уақытта 3500-ге жуық үкiметтiк емес ұйымның пайда болуына алып келдi. Бүгiнгi күнi үкiметтiк емес секторда 35 мыңға жуық адам - тұрақты негiзде, 50 мыңға дейiн - уақытша (консультанттар, сарапшылар) және 100 мыңнан астам ерiктiлер жұмыс iстейдi.
      Қазақстандағы үкiметтiк емес ұйымдардың дамуын талдау қазiргi уақытта әртүрлi бағыттағы үкiметтiк емес ұйымдардың едәуiр тұрақты топтары қалыптасқанын көрсетедi: экологиялық - 15%, балалар және жастар ұйымдары - 13,6%, әйелдер ұйымдары - 13,3%, медициналық ұйымдар - 13,1%, мәдениет, өнер, ғылым, бiлiм беру саласында - 12,5%, құқық қорғау - 7,6%, әлеуметтiк қорғау жөнiндегi ұйымдар - 6,8%, қоғамдық бастамаларды қолдау жөнiндегi ұйымдар - 6%, көпсалалы - 4,7%, мүгедектер қоғамдары - 4,4%, мүгедек балаларды сауықтыру жөнiндегi ұйымдар - 3%.
      Бiрiншi кезекте, қоғамдық секторды сапалы ұйымдық-практикалық қолдау проблемасы туындайды. Yкiметтiк емес ұйымдар үшiн халықаралық гранттарды жаппай бөлу 1998 жылға қарай шектелдi әрi төмендей бастады. Мұндай жағдайда үкiметтiк емес сектордың мемлекетпен тең құқықты әрiптестiк қағидатындағы нақты ынтымақтастығы маңызды мәнге ие болуда.
      Қазақстанда үкiметтiк емес сектор 10 жылғы дамуы кезiнде негiзiнен қалыптасып болды, нақты қоғамдық күшке және елiмiздi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды. Мемлекет үкiметтiк емес ұйымдарға пәрмендi қолдау көрсетуде.
      Оның бiр айғағы "Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы болып табылады.
      Сонымен қатар, қазiргi уақытта үкiметтiк емес ұйымдардың дамуының әлсiз тұсы коммерциялық емес сектордың аймақтардағы, әсiресе ауылдық жерлердегi, даму деңгейiнiң бiркелкi болмауы болып табылады. Талдау үкiметтiк емес сектордың, негiзiнен iрi облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында жандануын көрсетедi. Үкiметтiк емес ұйымдардың небәрi 8% ғана аудандық деңгейде, мұның өзi қоғамдық бастаманы дамытуға мүлде жеткiлiксiз.
      Тұжырымдаманың қабылдануы үкiметтiк емес ұйымдардың жергiлiктi деңгейде құрылуын жандандырады, халықты жұмысқа орналастыруға оң ықпал етедi, ауылда әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесетiн болады.
 
            2. Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың
                    мақсаты және негiзгi мiндеттерi
 
      Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында әлеуметтiк саясат жүргiзудегi қатынастардың жаңа моделiн қалыптастыру, әлеуметтiк бағдарланған үкiметтiк емес ұйымдарға олармен белсендi ынтымақтастық жасау арқылы тиiмдi көмек көрсету, оларды әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешуге тарту, үкiметтiк емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк, ұйымдық-техникалық қолдау, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы көмек көрсету болып табылады.
      Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай мiндеттер анықталады:
      1) мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылы әрi ынтымақтастығының жүйесiн жетiлдiру;
      2) азаматтық бастамалардың өсуi үшiн жағдай жасау;
      3) әлеуметтiк бағдарланған үкiметтiк емес ұйымдар бағдарламаларын мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстар арқылы қаржыландыру;
      4) мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылы жөнiндегi кеңестер құру;
      5) iс-шараларды (әлеуметтiк маңызы бар проблемалар бойынша конференциялар, "дөңгелек үстелдер", семинарлар, тренингтер, мәдени-бұқаралық акциялар және басқалар) бiрлесiп өткiзу;
      6) Қазақстанның мемлекеттiк емес ұйымдарының қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;
      7) үкiметтiк емес ұйымдарды тiркеу жағдайларын жеңiлдету.
 
             3. Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың
                    негiзгi қағидаттары мен нысандары
 
      Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдауды қалыптастыру және iске асыру мәселелерiне көзқарасты әзiрлеу мынадай қағидаттарға негiзделуi тиiс:
      1) заңдылық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларының сақталуы;
      2) әрiптестiк - үкіметтiк емес ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк проблемаларды шешуге, әлеуметтiк саясаттың басымдықтарын айқындауға бiрлесiп қатысуы;
      3) ашықтық - мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты ұсынуда барлық мүдделi үкiметтiк емес ұйымдар үшiн әлеуметтiк тапсырыстар беруде тараптардың ашықтығы мен ақпаратқа жалпыға бiрдей қол жеткiзушiлiгi;
      4) тең құқықтық - барлық үкiметтiк емес ұйымдардың тендерге қатысуға тең құқықтығын қамтамасыз ету;
      5) келiсiмдiлiк - қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және ортақ қызметтi ұйымдастыру тәсiлдерi жөнiнде келiсiлген шешiмдер қабылдау;
      6) жауапкершiлiк - тараптардың әлеуметтiк тапсырысты орындауға арналып бекiтiлген мемлекеттiк шартты қатаң сақтауы.
      Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау әртүрлi: ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк, ұйымдық-техникалық нысандарда, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы жәрдемдесiп, iске асырылуы мүмкiн.
      Үкiметтiк емес ұйымдарды ақпараттық қолдау үкiметтiк емес сектордың әлеуметтiк маңызды проблемаларды шешудегi қызметiн бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi, Қазақстандағы үкiметтiк емес сектордың дамуы туралы арнайы айдарлар, тақырыптық радио- және телехабарлар жасау, үкiметтiк емес ұйымдардың өз бұқаралық ақпарат құралдарын құруына көмек көрсетудi көздейдi.
      Үкiметтiк емес ұйымдарды консультативтiк қолдау заңдық және нормативтiк кесiмдердi түсiндiруден, оларға тiркеу жөнiнде шетелдiк және отандық грант берушiлер жұмысының әдiстерi мен бағыттары жөнiнде ақпарат беруден, мемлекеттiк қолдау көрсетiлуi туралы мүмкiндiгiнен, елдегi үкiметтiк емес ұйымдар туралы және өзге де ақпарат ұсынудан тұрады.
      Әдiстемелiк қолдау әдiстемелiк ұсынымдарды, материалдарды, анықтамалықтарды әзiрлеумен және басқа да жолдармен жүзеге асырылады.
      Ұйымдық-техникалық қолдаудың маңызды бағыттары: үкiметтiк емес ұйымдармен бiрге әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялар, тренингтер, өзге де акцияларды өткiзу.
      Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың неғұрлым тиiмдi және

 

елеулiсi - әлеуметтiк тапсырыс нысанындағы мемлекеттiк қолдау болуы тиiс.

     Әлеуметтiк тапсырыстың мәнi нақты әлеуметтiк маңызды проблемаларды

шешуге бағытталған мақсатты әлеуметтiк iс-шараларды (акцияларды,

бағдарламаларды) әзiрлеу және (немесе) iске асыру, сондай-ақ конкурстық

негiзде республикалық және жергiлiктi мақсатты бағдарламалардың

iс-шараларын орындауға қатысу болып табылады.


         4. Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға

                  бағытталған негiзгi шаралар


     Қойылған мақсат шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай

шаралар қабылдайды:

     үкiметтiк емес ұйымдарға мемлекеттiк қолдаудың заңнамалық негiзiн

әзiрлейдi;

     Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын қолдаудың

мемлекеттiк бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

жоспарын әзiрлейдi;

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының құрылымы

мен бюджеттiк құрылысына сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды

қалыптастыру мен орналастырудың республикалық және жергiлiктi деңгейлерiн

белгiлейдi.


          4.1. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс үкiметтiк емес

                       ұйымдарды мемлекеттiк

              қолдаудың неғұрлым тиiмдi нысаны ретiнде



 
       Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдауды iске асырудың маңызды кезеңi - заңнамалық негiзiн әзiрлеу болып табылады, онда мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылының құқықтық, ұйымдық және өзге де мәселелерiнiң бүкiл кешенiн анықтау маңызды.
      Заңда үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдауды iске асыру басымдықтарын, қағидаттарын, тетiктерiн, тараптардың мiндеттерiн, деңгейiн көрсету қажет. Заң мемлекеттiк емес ұйымдардың әлеуметтiк маңызы бар проблемаларды шешуге мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қатысуының құқықтық негiзiн қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесiн қалыптастыру үкiметтiк емес ұйымдарды қолдаудың неғұрлым тиiмдi нысаны болып табылады.
 
          4.2. Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың
                             бағдарламасы
 
      Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың бағдарламасында нақты әлеуметтiк маңызы бар бағдарламалар мен iс-шаралар, оларды iске асыру мерзiмдерi, аяқтау нысандарын, жауапты орындаушыларды көрсету қажет.
      Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау бағдарламасының басымдықтары мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiн жеткiлiктi түрде табысты жүзеге асырып отырған әлеуметтiк саладағы мемлекеттiк саясаттың бағыттарымен айқындалады.
      Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау бағдарламасының басым бағыттары: экологиялық, балалар, жастар, бiлiм беру, әлеуметтiк, гендерлiк, құқық қорғау, медициналық болып табылады.
      Осы тұжырымдамада белгiленген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторын дамыту проблемаларын тиiстi заңнамалық негiз құруды ескере отырып шешу мемлекеттiк органдар мен қоғамдық сектор арасындағы әрiптестiк қатынастардың тұрақты және тиiмдi жүйесiн құруға, сондай-ақ республиканың азаматтық қоғамын дамытуға негiз қалайды.