Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкіметi арасында азаматтардың өзара сапарлары тәртiбiн реттеу туралы келiсiм жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 қараша N 1550

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк

 

Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары тәртiбiн

реттеу туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi келiссөздер

жүргiзсiн және уағдаластыққа қол жеткiзгеннен кейiн Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында

азаматтардың өзара сапарлары тәртiбiн реттеу туралы келiсiм жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

      Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара

                    сапарлары тәртiбiн реттеу туралы

                                КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Түрiк Республикасының Үкіметi

     Тараптар мемлекеттерi арасындағы достық және туыстық

қарым-қатынастарды одан әрi дамыту мақсатында,

     екi мемлекеттің арасында азаматтардың өзара сапарлары тәртiбiн

реттеуге ұмтылысты басшылыққа ала отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:


                                 1-бап



 
       Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары осы Келiсiмнiң 1 және 2-қосымшаларында санамаланған жарамды құжаттар бойынша және осы Келiсiмде көзделген шарттармен екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына кiре алады, одан шыға алады, транзитпен өте алады және онда уақытша бола алады.
 

                                 2-бап



 
 
       Бiр Тарап мемлекетi азаматтарының екiншi Тарап мемлекетiнің аумағына кiруi, одан шығуы, транзитпен өтуi Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашық өткiзу бекеттерi арқылы жүзеге асырылады.
      Тараптар мемлекеттерiнің азаматтары мемлекеттiк шекарадан өткен кезде Тараптар мемлекеттерiнiң белгiленген ережелерiне және ұлттық заңнамаларына сәйкес қажеттi рәсiмдердi орындайды.
 

                                  3-бап



 
 
       Жарамды дипломаттық, арнайы және қызметтiк паспорттардың иеленушiлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына рұқсатнаманы ресiмдемей-ақ кiре алады, одан шыға алады және транзитпен өте алады. Бұл орайда олардың болу мерзiмi мемлекеттiк шекараны өту кезiнен бастап тоқсан күннен аспауы тиiс. Олардың болуы осы мерзiмнен асып кететiн жағдайда алдын ала тиiстi рұқсатнамалар алуы қажет.
 

                                 4-бап



 
 
       1. Дипломаттық арнайы және қызметтiк паспорттардың иеленушiлерi және өздерiнің дипломатиялық өкiлдiктерiнің, консулдық мекемелерiнiң, сондай-ақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тiркелген халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтарына бүкiл жұмыс кезеңiне арналған көп мәртелi рұқсатнамалар берiледi.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi онда аталған дипломаттық, арнайы және қызметтiк паспорттардың иеленушілерi болып табылатын адамдардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
      3. Тараптар тiркелген адамдар туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша жазбаша нысанда хабарлайды.
 

                                 5-бап



 
 
       Осы Келiсiмге 1 және 2-қосымшаларда санамаланған құжаттар бойынша кiрудiң рұқсатнамасыз тәртiбi мына адамдар үшiн сақталады:
      1) бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болған кезде ұлттық паспорттары бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтық авиациясының әуе кемелерi экипаждарының мүшелерi.
      Экипаж мүшелерiнің ауысуына, олардың сырқаттануына, кеменiң бұзылуына, сондай-ақ ауа райына байланысты себептермен болған кiдiрiстер рұқсатнамасыз режимде қаралады;
      2) паспорттарының санаттарына қарамастан, елде болу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнің ресми мемлекеттiк және үкiметтiк делегацияларының мүшелерi және олармен бiрге жүретiн адамдар. Мұндай адамдардың тiзiмi алдын ала дипломатиялық арналар арқылы жiберiледi;
      3) Қазақстан азаматтары - оларда теңiзшi паспорты және кеме журналында жазба болған кезде, Қазақстан жалауымен түрiк айлақтарына келетiн теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерi.
 

                                 6-бап



 
 
       Тараптар мемлекеттерiнiң компаниялар мен фирмалар өкiлдiктерінің және филиалдарының иеленушiлерi, басшылары, бастықтары болып табылатын азаматтарына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне қысқа мерзiмде Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңнамаларына сәйкес екi жылға дейiнгi мерзiмге қолданылатын көп мәртелi рұқсатнамалар берiледi.
 

                                 7-бап



 
 
       Сауда-өнеркәсіп палаталарының өтiнiшi бойынша екiншi Тарап мемлекетiнің аумағына алғашқы рет баратын бiр Тарап мемлекетiнің кәсiпкерлерiне 30 күнге дейiнгi мерзiмге кiрiп-шығу рұқсатнамалары берiледi.
 

                                 8-бап



 
 
       Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық (жалпы азаматтық*) паспорттарының иеленушiлерi болып табылатын ғылым, бiлiм, мәдениет, спорт және дiн iстерi жөнiндегi қайраткерлерiне Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес мемлекеттiк органдар олардың ресми мәртебесiн растаған кезде, бiр жылға дейiнгi мерзiмге қолданылатын көп мәртелi рұқсатнамалар берiледi.
 

                                 9-бап



 
 
       Екiншi Тарап мемлекетiне оқуға баратын Тараптар мемлекеттерiнің бiрiнің азаматтарына шетел азаматтарын оқуға шақыруға лицензиялары бар оқу орындарынан олар алған өтiнiштер негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге қолданылатын көп мәртелi рұқсатнамалар берiледi.
 

                                 10-бап



 
 
       1. Екiншi Тарап мемлекетiне жұмыс iстеуге жiберiлетiн Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтарына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берiлген бүкiл мерзiмге қолданылатын көп мәртелi рұқсатнамалар берiледi.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес уәкiлеттi органдар бередi.
      6 айдан кем емес мерзiмге екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болуға рұқсаты бар Тараптар мемлекеттерiнiң жоғарыда көрсетілген азаматтары аталған рұқсатты қолдану кезеңiне өздерiнің отбасы мүшелерiн шақыра алады, оларға кiріп-шығу рұқсатнамалары берiледi.
      2. Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына - халықаралық жүк және жолаушылар автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргiзушiлер мен олардың көмекшiлерiне Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес белгiленген тәртiппен бiр жылға дейiнгi мерзiмге қолданылатын көп мәртелi рұқсатнамалар берiледi.
 

                                 11-бап



 
 
       Тараптар мемлекеттерінің бiрiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiне туристiк мақсатпен (жеке немесе топ құрамында) келген кезiнде, оларға баратын мемлекеттің тиiстi рұқсаты бар туристiк фирмасы белгiленген тәртiппен ресiмделген отыз күнге дейiнгi мерзiмге туристiк кiрiп-шығу рұқсатнамалары берiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген адамдардың болуына және уақтылы шығуына жауапкершiлiк Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес шақыратын туристiк ұйымдарға жүктеледi.
 

                                 12-бап



 
 
       Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары, ұлттық (жалпы азаматтық)

 

паспорттардың иеленушiлерi екiншi Тарап мемлекетiнiң рұқсатнамасын алу

үшiн осы Келiсiмнiң басқа баптарында көрсетiлмеген жағдайларда,

белгiленген тәртiппен ресiмделген және баратын мемлекетiнiң тиiстi заңды

немесе жеке тұлғасынан алынған шақыру қағазын баратын мемлекетiнiң

дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне тапсырады.


                                 13-бап


     Тараптар мемлекеттерiнің азаматтарына берiлген рұқсатнамалар үшiн

консулдық алымдар алынбайды.


                                 14-бап


     1. Әрбiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң

аумағында өздерiнiң паспорттарын жоғалтқан жағдайда, бұл туралы болатын

мемлекетiнiң құзыреттi органдарына хабарлайтын болады, олар өз кезегiнде

мұндай азаматтарға паспорттарын жоғалтқандығын растайтын анықтаманы ақысыз

беретiн болады.


 
       2. Тараптардың әрқайсысының дипломатиялық өкілдiгi немесе консулдық мекемесi осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамға жоғалтқан құжаттың орнына паспорт немесе қайтып оралуға арналған куәлiк (жол жүру құжатын) бередi.
 

                                 15-бап



 
 
       1. Тараптардың әрқайсысы, шешiм қабылдау себептерiн көрсетпестен, өз аумағына екiншi Тарап мемлекетi азаматтарының кiруiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн шектеу құқығын өзiнде сақтайды.
      2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы, айрықша жағдайларда (жұқпалы ауру, iндет, табиғат апаты, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi және халықтың денсаулығын сақтау үшiн) осы Келiсiмнiң кейбiр ережелерiнiң қолданысын уақытша толық немесе iшiнара тоқтата алады.
      3. Тараптар осындай шараларды қабылдағандығы немесе олардың күшi жойылғандығы туралы шешiмдi қабылдаған кезден бастап алдын ала 72 сағаттан кешiктiрмей бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
 

                                 16-бап



 
 
       1. Тараптар осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн 30 күннiң iшiнде осы Келiсiмнiң 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген барлық жарамды құжаттың үлгiлерiмен дипломатиялық арналар бойынша алмасады.
      2. Егер Тараптардың бiрi осы баптың 1-тармағында аталған жарамды

 

құжаттарға өзгерiстер немесе жаңа құжаттар енгiзген жағдайда, олардың

күшiне енуiне дейiн 60 күннен кешiктiрмей құжаттардың үлгiлерiн екiншi

Тарапқа жолдайды.


                                 17-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар

туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер

жолымен шешетiн болады.


                                 18-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi.
 

                                 19-бап



 
 
       Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне ену үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келісiм күшiне енген кезден бастап 1992 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы мен Түрiк Республикасының арасындағы екi ел азаматтарын өзара кепiлдiк негiзiнде кiріп-шығу рұқсатнамаларынан босату туралы Келiсiм" және 1993 жылғы 2 қыркүйекте қол қойылған осы Келiсiмге "Қосымша Хаттама" күштерiн жояды.

 

     Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Тараптар осы Келiсiмнiң

қолданысын тоқтату құқығын өзiнде сақтайды. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi

оның қолданысын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша

хабарлама жiберген күннен бастап 6 ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.


     2001 жылғы "___" ________ _________ қаласында қазақ, түрiк, ағылшын

және орыс тiлдерiнде жасалды.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда, ағылшын тiлiндегi мәтiн негiзге алынатын болады.


     Қазақстан Республикасының               Түрік Республикасының

          Yкiметi үшін                           Үкiметi үшiн




                                  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен



                                        Түрiк Республикасының Yкiметi

                                   арасындағы азаматтардың өзара сапарлары

                                      тәртiбiн реттеу туралы келiсiмге

                                                  1-ҚОСЫМША




 

       Қазақстан Республикасы азаматтарының Түрiк Республикасының

    аумағына кiруiне, одан шығуына, транзитпен өтуiне және онда болуына

                            арналған құжаттар

                                 ТIЗБЕСI


     1. Дипломаттық паспорт;

     2. Қызметтiк паспорт;

     3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

     4. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (экипаж құрамында ұшу

кезiнде);

     5. Теңiзшінің паспорты (кеме журналында жазба болған кезде);

     6. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк (тек

Қазақстан Республикасына оралу үшiн).




                                   Қазақстан Республикасының Үкiметi мен



                                        Түрiк Республикасының Yкiметi

                                   арасындағы азаматтардың өзара сапарлары

                                      тәртiбiн реттеу туралы келiсiмге

                                                  2-ҚОСЫМША    




 

         Түрiк Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының

    аумағына кiруiне, одан шығуына, транзитпен өтуiне және онда болуына

                            арналған құжаттар

                                 ТIЗБЕСI


     1. Дипломаттық паспорт;

     2. Арнайы паспорт;

     3. Қызметтiк паспорт;

     4. Түрiк Республикасының жалпы азаматтық паспорты;

     5. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (экипаж құрамында ұшу

кезiнде);

     6. Түрiк Республикасына қайта оралуға арналған жол жүру құжаты (тек

Түрiк Республикасына оралу үшiн).    



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қобдалиева Н.М.