15.06.2001

Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурсын (спектрiн) пайдалану үшiн республикалық бюджетке ақы төлеу ережесiн және ставкаларын бекiту туралы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңының Z952235_ 3-бабына және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының Z990382_ 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурсын (спектрiн) пайдалану үшiн республикалық бюджетке ақы төлеу ережесi;
      2) Бекiтiлген және жылжымалы радиоқызметтерге арналған радиожиiлiк ресурсын (спектрiн) пайдалану үшiн ақы төлеу ставкалары;
      3) Телерадио хабарларын тарату қызметтерiне арналған радиожиiлiк ресурсын (спектрiн) пайдалану үшiн ақы төлеу ставкалары.
      2. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға қосуға байланысты төлемдердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурсын пайдалану үшiн ақы белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 қыркүйектегi N 1387 P991387_ қаулысына сәйкес телерадио хабарларын тарату бөлiгiнде есептелген және осы қаулының қабылдану кезiне төленбеген ақылар сомасы осы қаулымен бекiтілген ставкалар және тәртiп бойынша есептелуге және төлеуге жатады деп белгiленсiн.
      Көрсетiлген сомалар 2001 жылғы 1 шiлдеге дейін республикалық бюджетке енгiзiлуi тиiс.
      3. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектронды құралдар мен

жоғары жиілiктi құрылғыларды пайдалануға қосуға байланысты төлемдердi қоса 
алғанда, Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын пайдалану үшiн ақы 
белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 
қыркүйектегi N 1387 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., 
N 46, 426-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          2001 жылғы 15 маусымдағы
                                             N 825 қаулысымен
                                                бекiтiлген
         Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурсын (спектрiн)
          пайдалану үшiн республикалық бюджетке ақы төлеу ережесi
     
                          1. Негiзгi ережелер


      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының радиожиілiк ресурсын (спектрiн) (бұдан әрi - РЖС) пайдалану үшiн республикалық бюджетке ақы төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Заңнамада белгiленген тәртiппен РЖС пайдалану құқығын алған заңды және жеке тұлғалар РЖС пайдалану үшiн ақы төлеушiлер болып табылады.
      3. РЖС пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) берген рұқсаттармен куәландырылады. Рұқсаттарды беру тәртiбi мен олардың нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Рұқсаттар мiндетті түрде төлеушi пайдаланатын радиобайланыс түрi, РЖС пайдалану аумағы (әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк) туралы мәлiметтердi және РЖС пайдалану үшiн төлем ақыны есептеуге қажеттi бекiтiлген және жылжымалы радиоқызметтерге арналған радиожиілiк ресурсын (спектрiн) пайдалану үшiн ақы төлеу ставкаларында және Телерадио хабарларын тарату қызметiне арналған радиожиiлiк ресурсын (спектрiн) пайдалану үшiн ақы төлеу ставкаларында (бұдан әрi - Ставка) көрсетілген басқа да мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      4. РЖС пайдалануға рұқсатты конкурс (аукцион) өткiзу жолымен РЖС белдеулерiн (номиналдарын) бөлу кезiнде алынатын ақы сомасы (оның тиiстi бөлiгi) республикалық бюджетке енгiзілгенiн куәландыратын құжаттарды төлеушi ұсынғаннан кейiн уәкiлеттi орган бередi. Көрсетiлген ақыны енгiзу тәртiбi мен мерзiмiн уәкiлеттi орган конкурстық комиссия ұсынысының негiзiнде белгiлейдi. Бұл ақы РЖС пайдалану үшiн ақы сомасының есебiне жатпайды.

             2. Қазақстан Республикасының РЖС-ын пайдалану үшін
           республикалық бюджетке ақыны есептеу және төлеу тәртiбi

      5. РЖС пайдалану үшiн ақы республикалық бюджетке жыл сайын, төлеушiнiң аумақтық салық органында есепке тұрған жерi бойынша енгiзiледi.
      6. РЖС пайдалану үшiн жылдық ақыны енгiзу тоқсан сайын, тең бөлiкте, есептi тоқсанының бiрiншi айының 20-сынан кешiктiрмей жүзеге асырылады.
      7. РЖС пайдалану үшiн ақыны есептеудi төлеушiлер РЖС пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарда көрсетiлген техникалық өлшемдерге сәйкес жылдық ставкалар негiзiнде, радиобайланыс түрiне және РЖС пайдалану аумағына байланысты өздерi жүргiзедi.
      8. Егер РЖС пайдалану кезеңi бiр жылға жетпесе, РЖС пайдалану сомасы рұқсат алынған кезден бастап есептеледi және РЖС пайдалану үшiн бiр жылға есептелген ақы сомасын он екiге бөлiп, жыл ішінде РЖС пайдаланған айлар (оның iшiнде толық емес айлар) санына көбейтумен анықталады.
      9. РЖС пайдалану үшiн ақы қоса алғанда алты айға дейiн мерзiмге тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де осындай іс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиобайланыс түрiне және РЖС пайдалану аумағына байланысты оны іс жүзiнде пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ РЖС пайдалану үшiн ақы жылдық ставкасының кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.
      10. Енi Ставкаларда көрсетiлгеннен өзге дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, РЖС пайдалану үшiн ақы ставкалары төлеушi іс жүзiнде қолданылатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң Ставкаларда көрсетiлген дуплекстi арна белдеуінiң енiне ара салмағы негiзге алына отырып анықталады.
      11. Егер, төлеушi әлдебiр себептермен РЖС пайдалануға кiрiспеген не оны пайдалануды тоқтатқан жағдайда, РЖС пайдалану үшiн ақының төлеушi енгiзген сомасы қайтаруға немесе қайта есептеуге жатпайды.
      12. Есептi жыл үшiн бюджетке енгiзiлуге жататын РЖС пайдалану үшiн ақының жылдық сомасы бойынша төлеушілер есептi кезеңнен кейінгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органдарына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бекiтетiн нысанда есеп ұсынулары тиiс.

          3. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалану үшiн ақы төлеу
               тәртiбiн бақылау және оның бұзылуы үшiн жауаптылық

      13. РЖС пайдалану үшiн ақы сомасын республикалық бюджетке уақтылы

енгiзбеген ретте, төлеушi Қазақстан Республикасының заңнамалық 
кесiмдерiнде көзделген жауаптылықты көтередi.
     14. Төлеушi РЖС пайдалану үшiн ақыны енгiзудi осы Ереженiң 
6-тармағында белгiленген мерзiмнен бiр айдан артық кешiктiрсе, тиiстi 
аумақтық салық органдары бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi, ол 
алынған мәлiметтер негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысу лицензиясының 
қолданылуын тоқтата тұрады және/немесе Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
     15. РЖС пайдалану үшiн ақының республикалық бюджетке толық және 
уақтылы енгiзiлуiне бақылауды салық органдары жүзеге асырады.
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2001 жылғы 15 маусымдағы
                                                N 825 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
      Бекітілген және жылжымалы радиоқызметтерге арналған радиожиілік      
          ресурсын (спектрін) пайдалану үшін ақы төлеу ставкалары
---------------------------------------------------------------------------
Рет!     Радиобайланыс түрі      !   Әкімшілік-аумақтық бірлік  !  Жылдық
 N !                             !                              !   ақы  
   !                             !                              !ставкасы
   !                             !                              !----------
   !                             !                              !  Айлық 
   !                             !                              ! есептік
   !                             !                              !көрсеткіш
---------------------------------------------------------------------------
1.  Пейджинг - дербес радиошақыру 200 мың адамнан астам тұрғыны     139
    радиожүйелерi (таратқыштың    бар елді мекен (оның ішінде
    шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн     облыстық маңызы бар қалалар)
    болғанда енi 25 кГц жиiлiктi  50 мыңнан 200 мың адамға дейін     90
    иеленгенi үшiн)*              тұрғыны бар елді мекен 
                                  50 мыңға дейін тұрғыны бар         48
                                  аудандық маңызы бар қала
                                  Қалған әкімшілік-аумақтық           5
                                  бірліктер (кент, ауыл (село), 
                                  ауылдық (селолық) округ)
     
2.  Транкингтiк байланыс          200 мың адамнан астам тұрғыны      94
    (таратқыштың шығу қуаты 50    бар елді мекен (оның ішінде
    Вт-қа дейiн болғанда енi      облыстық маңызы бар қалалар)
    қабылдау үшiн 25 кГц/беру     50 мыңнан 200 мың адамға дейін     61
    үшiн 25 кГц дуплекстi арна    тұрғыны бар елді мекен 
    үшін)*                        50 мыңға дейін тұрғыны бар         33
                                  аудандық маңызы бар қала
                                  Қалған әкімшілік-аумақтық           4
                                  бірліктер (кент, ауыл (село), 
                                  ауылдық (селолық) округ)
3.  УҚТ-өрісті радиобайланыс      200 мың адамнан астам тұрғыны      47    
    (таратқыштың шығу қуаты 50    бар елді мекен (оның ішінде
    Вт-қа дейiн болғанда енi      облыстық маңызы бар қалалар)
    қабылдау үшiн 25 кГц/беру     50 мыңнан 200 мың адамға дейін     31
    үшiн 25 кГц дуплекстi арна    тұрғыны бар елді мекен 
    үшін)*                        50 мыңға дейін тұрғыны бар         14
                                  аудандық маңызы бар қала
                                  Қалған әкімшілік-аумақтық           3
                                  бірліктер (кент, ауыл (село), 
                                  ауылдық (селолық) округ)
4.   ОТ-өрiстi радиостанциялар          Қазақстан Республикасы        1
     (27 МГц) (бiр станцияға
     арналған барлық 
     пайдаланылатын жиiлiктер 
     үшiн)
     
5.   ҚТ - байланыс (таратқыштың                Облыс                 10
     шығу қуаты 50 Вт-қа дейiн
     болғанда бiр жиiлiктi
     иелену үшiн)*
     
6.   Радиоұзартқыштар 
     (таратқыштың шығу қуаты 
     25 кВт-қа дейiн болғанда 
     енi қабылдау үшiн/25 кГц 
     беру үшiн 25 кГц дуплекстi 
     арна үшін)**:
     Бiр арналы                                Облыс                  6
     Көп арналы                                Облыс                 0,6
     
7.   Қуаты 2 Вт-қа дейiн шағын 
     қуатты радиостанциялар
     (бiр абоненттiк станцияға                 Облыс                 0,5
     арналған барлық
     пайдаланылатын жиiлiктер
     үшiн)
     
8.   Әуесқойлық радиостанциялар
     (бiр станцияға арналған             Қазақстан Республикасы      0,2
     барлық пайдаланылатын
     жиiлiктер үшiн)
     
9.   Ұялы байланыс (енi қабылдау 
     үшiн 10 кГц/беру үшiн 10                  Облыс                  53
     кГц жиiлiк белдеуі үшiн)
     
10.  Ауқымды дербес жылжымалы    
     спутниктік байланыс жүйесi
     (енi қабылдау үшiн 100 кГц/         Қазақстан Республикасы       18
     беру үшiн 100 кГц жиiлiктердiң
     дуплекстi белдеуi үшiн)
     
11.  НUВ - технологиялы спутниктiк       Қазақстан Республикасы       30
     байланыс (NUВ-қа пайдаланылатын 
     енi қабылдау үшiн 100 кГц/беру 
     үшiн 100 кГц белдеу үшiн)
     НUВ-технологиясынсыз                Қазақстан Республикасы      100
     (бiр станция пайдаланатын 
     жиiлiктер үшiн)
     
12.  Радиорелелi желiлер (бiр 
     аралықтағы дуплексті арна 
     үшiн):
     жергiліктi                          (Аудан, қала, кент, ауыл 
                                         (село), ауылдық (селолық) 
                                         округ)                      40
     аймақтық                            Қазақстан Республикасы      10
     магистральды                        Қазақстан Республикасы       7
13. WLL (ені қабылдау үшін 25     200 мың адамнан астам тұрғыны      30    
    кГц/беру үшін 25 кГц/         бар елді мекен (оның ішінде
    дуплексті арна үшін)          облыстық маңызы бар қалалар)
                                  50 мыңнан 200 мың адамға дейін     15
                                  тұрғыны бар елді мекен 
                                  50 мыңға дейін тұрғыны бар          3
                                  аудандық маңызы бар қала
                                  Қалған әкімшілік-аумақтық           1
                                  бірліктер (кент, ауыл (село), 
                                  ауылдық (селолық) округ)     
14. БЕС-технологиясы қолданылған  200 мың адамнан астам тұрғыны     190    
    жағдайда WLL (ені қабылдау    бар елді мекен (оның ішінде
    үшін 2 МГц/беру үшін 2 МГц    облыстық маңызы бар қалалар)
    дуплексті арна үшін)          50 мыңнан 200 мың адамға дейін     90
                                  тұрғыны бар елді мекен 
                                  50 мыңға дейін тұрғыны бар         10
                                  аудандық маңызы бар қала
                                  Қалған әкімшілік-аумақтық           2
                                  бірліктер (кент, ауыл (село), 
                                  ауылдық (селолық) округ)     
     
15. Эфирлік-кабельдік теледидар   200 мың адамнан астам тұрғыны     300    
    (8 МГц жиілік белдеуі үшін)   бар елді мекен (оның ішінде
                                  облыстық маңызы бар қалалар)
                                  50 мыңнан 200 мың адамға дейін    134
                                  тұрғыны бар елді мекен 
                                  50 мыңға дейін тұрғыны бар         45
                                  аудандық маңызы бар қала
                                  Қалған әкімшілік-аумақтық           3
                                  бірліктер (кент, ауыл (село), 
                                  ауылдық (селолық) округ)     
     
16.  Бекітілген байланыс***       
     (радиомодем, жағалаулық 
     байланыс, телеметрия және 
     т.б.) жоғарыда 
     көрсетілгендерден басқа               Облыс                     10
     (таратқыштың шығу қуаты 
     50 Вт-қа дейін болғанда 
     ені қабылдау үшін 25 кГц/
     беру үшін 25 кГц дуплексті 
     арна үшін)
17.  Жылжымалы байланыс****,
     жоғарыда көрсетілгендерден 
     басқа (таратқыштың шығу               Облыс                     20
     қуаты 50 Вт-қа дейін болғанда 
     ені қабылдау үшін 25 кГц/
     беру үшін 25 кГц дуплексті 
     арна үшін)
---------------------------------------------------------------------------
* 1) таратқыштың шығу қуаты 50 Вт-тан астам болғанда 2 коэффициент 
қолданылады;
  2)  сол аумақта бекітілген, сол жиіліктерде репитерді пайдалану кезінде 
0,5 коэффициент қолданылады.
** 1) таратқыштың шығу қуаты 25 Вт-тан астам болғанда 2 коэффициент 
қолданылады.
*** бекітілген қызмет - белгілі бір бекітілген пункттер арасындағы 
радиобайланыс қызметі.
**** жылжымалы байланыс - жылжымалы және базалық (стационарлық) 
станциялардың арасындағы немесе жылжымалы станциялардың арасындағы 
радиобайланыс қызметі. 
БЕС-технологиясын қолданған жағдайда ақы ені қабылдау үшін 2 МГц/беру үшін 
2 МГц/белдеу үшін алынады.
---------------------------------------------------------------------------
     
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2001 жылғы 15 маусымдағы
                                                N 825 қаулысымен
                                                   бекітілген
           Телерадио хабарларын тарату қызметтеріне арналған 
       радиожиілік ресурсын (спектрін) пайдалану үшін ақы төлеу 
                               ставкалары
---------------------------------------------------------------------------
Рет!Қолдану/жиілік!  Тұрғындар, мың адам  ! Беретін құралдың !  Бір арна  
 N !     өрісі    !                       !     қуаты, Вт    !    үшін
   !              !                       !                  !  жылдық ақы
   !              !                       !                  !-------------
   !              !                       !                  !Айлық есептік
   !              !                       !                  !  көрсеткіш
---------------------------------------------------------------------------
1     Теледидар    10-ға дейін қоса алғанда 100-ге дейін қоса       20
      (метрлік)                                   алғанда
     
                   10-нан 50-ге дейін қоса  500-ге дейін қоса       41
                           алғанда                алғанда 
                                            500-ден жоғары          83
     
                   50-ден 100-ге дейін     1000-ға дейін қоса      124
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           1000-нан жоғары         249   
     
                   100-ден 200-ге дейін    1000-ға дейін қоса      290
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           1000-нан жоғары         435     
     
                   200-ден 500-ге дейін    2000-ға дейін қоса      828
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           2000-нан жоғары        1243     
     
                   500-ден жоғары*         5000-ға дейін қоса     2367
                                                  алғанда 
                                           5000-нан жоғары        3550     
---------------------------------------------------------------------------
2     Теледидар    10-ға дейін қоса алғанда 100-ге дейін қоса       13
  (дециметрлік)                                   алғанда
     
                   10-нан 50-ге дейін қоса  500-ге дейін қоса       26
                           алғанда                алғанда 
                                            500-ден жоғары          52
     
                   50-ден 100-ге дейін     1000-ға дейін қоса       78
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           1000-нан жоғары          155   
     
                   100-ден 200-ге дейін    1000-ға дейін қоса      181
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           1000-нан жоғары         272     
     
                   200-ден 500-ге дейін    2000-ға дейін қоса      518
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           2000-нан жоғары         777     
     
                   500-ден жоғары*         5000-ға дейін қоса     1479
                                                  алғанда 
                                           5000-нан жоғары        2219     
---------------------------------------------------------------------------
3   Радиохабарлар  10-ға дейін қоса алғанда 100-ге дейін қоса        5
    тарату/УҚТ                                    алғанда
    ЧМ (РМ)
                   10-нан 50-ге дейін қоса  500-ге дейін қоса        9
                           алғанда                алғанда 
                                            500-ден жоғары          18
     
                   50-ден 100-ге дейін     1000-ға дейін қоса       27
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           1000-нан жоғары           53   
     
                   100-ден 200-ге дейін    1000-ға дейін қоса       62
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           1000-нан жоғары          93     
     
                   200-ден 500-ге дейін    2000-ға дейін қоса      178
                       қоса алғанда               алғанда 
                                           2000-нан жоғары         266     
     
                   500-ден жоғары*         5000-ға дейін қоса      488
                                                  алғанда 
                                           5000-нан жоғары         732     
---------------------------------------------------------------------------
4   Радиохабарлар            -              100-ге дейін қоса        5
    тарату/ҚТ. ОТ                                 алғанда
     
         ҰТ                  -              100-ден 1000-ға         15
                                            дейін қоса алғанда
     
                             -             1000-нан 10 000-ға       30
                                           дейін қоса алғанда
     
                             -             10 000-нан 100 000-ға    45
                                           дейін қоса алғанда 
     
                             -             100 000-нан бастап       89
---------------------------------------------------------------------------
     * Астана қаласын қоса алғанда
---------------------------------------------------------------------------
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
     
     
      
      



Дата вступления в силу:  01.01.2001
Дата изменения акта:  21.08.2002
Дата принятия акта:  15.06.2001
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 285-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 29 маусым N 134-135
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  9268
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  825
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006002000000 / 008002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz